Ұстаз институтында «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұны – тұтас педагогикалық үдерістің компоненті: білім мазмұнына қойылатын жаңаша талаптар» атты Республикалық онлайн- интеграцияланған сабақ өтті.
Аталмыш жиынға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтері, танымал ғалымдары және Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейдің жаңашыл ұстаздары қатысты.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің дуалды оқыту базасы Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейдің жаңашыл ұстаздары инновациялық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Физика пәнінің мұғалімі, жоғары санатты педагог Ақмарал Жумушова болашақ педагогтерді жаңартылған білім беру мазмұнын айқындайтын оқытудың жаңаша әдіс -тәсілдерімен таныстырса, Информатика пәнінің мұғалімі, Нурлан Бекшеев болашақ педагогтерді OnlineTestPad цифрлық платформасында қашықтықтан оқытудың ұйымдастыру жолдары мен ерекшеліктерін ашып көрсетті.
Сонымен қатар болашақ педагогтерге бейнекөріністер көрсетіліп, « Егер Мен - ... болсам, онда ...» болашаққа бағдар айдарында инновациялық жобаларының тұсаукесерін жасады.
Жиын соныңда «Айтарым бар» ашық микрофон бөлімінде болашақ педагогтар жаңашыл мұғалімдерге сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.
Клара БУЗАУБАКОВА
«Білім берудегі менеджмент» кафедрасының меңгерушісі,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор