ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

10.11-22.11.2020ж. аралығында Алтын Орданың 750  жылдығынаорай сол кезеңдегі тарих, өнер, әдебиетті дәріптеу және насихаттау мақсатында «Алтын Орда әдебиеті: елдік пен ерліктің дастаны» атты облыстық ЖОО және колледж студенттері арасында поэзия мен эссе жазуға шығармашылық байқау ұйымдастырылуда.

Негізгі мақсаты:

  1. Алтын Орда дәуірінің тарихи тағылымын дәріптеу, насихаттау.
  2. Алтын Орда дәуіріндегі әдеби мұралар арқылы жастардың бойында елжандылық қасиетті қалыптастыру.
  3. Дарынды жастардың шығармашылық өнерін қолдау, ынталандыру.

Байқауды өткізу ережелері мен шарттары:

Поэзияға қойылатын талап:

Қатысушылар Алтын Орда дәуірінің тарихына, көрнекті тұлғаларына, әдебиетіне арналған бұрын жарияланбаған өлеңдерін жолдауы қажет:

а) Алтын Орда тарихына арнау өлең;

ә) Алтын Орда дәуірінің тарихи тұлғаларына арнау өлең;

б) Алтын Орда әдебиетіне арнау өлең;

Өлеңдер 6 шумақтан кем болмауы керек.

Байқауға 18-25 жас аралығындағы  студенттер қатыстырылады.

Рәсімдеу шарттары:

  1. Өтінім парағын толтыру (Қосымша 2), қатысушының жеке куәлігінің көшірмесін, 9х12 фотосуретін қоса жіберу.
  2. Өлеңдерін А4 форматты қағазда компьютерде теріп, электрондық нұсқасын 2 дана етіп Word, Times New Roman, кегль 14, аралық интервал 1 нұсқада ұйымдастырушыларға жіберу.
  3. Ұсынылған өлеңнің жалпы көлемі 3 беттен аспауы тиіс.
  4. Бұдан бұрын конкурсқа қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған өлеңдер қабылданбайды.
  5. Байқау шарттарына сай келмейтін өлеңдер қатыстырылмайды, жарияланбайды.
  6. Қатысушылардың өлеңдері 2020 жылдың 22 қарашасына дейін қабылданады, 24 қарашада жеңімпаздар жаяриланады.
  7. Қабылданған өлеңдер қазылар алқасының сараптауынан өтеді.
  8. Қолжазба авторға қайтарылмайды.
  9. Мерзімінен кешіктірілген өлеңдер сараптауға жіберілмейді.
  10. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар беріледі.

Әділқазы алқасының бағалау талаптары:

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың ақындық өнеріне, тақырыпты ашуына, сөз қолданысына, өлең ұйқасына, ой тереңдігі мен жүйелілігіне, сөз көркемдігіне, астарлы мағынасына назар аударады.

Байқаудың қорытындысы ретінде жеңімпаздардың өлеңдері университет сайтында жарияланады.

Жеңімпаздарды марапаттау көлемі:

І – орын (біреу)

ІІ – орын (біреу)

ІІІ – орын (біреу)

Ұйымдастыру алқасы:

Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Филология және журналистика кафедрасы. Байланыс телефондары: 8778 4520972 – ф.ғ.д.,профессор Көпбаева Меруерт Рахымбайқызы; 87473200817 – ф.ғ.к., доцент Баешова Балзия Шегетайқызы; 87475211945– аға оқытушы Ануарбекова Айгүл Саметқызы. Эл. пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қосымша 1

Өтінім парағы

- Қатысушының аты-жөні
- Лақап аты
- Тұрғылықты мекен-жайы
- Оқу орны
- Өлеңнің атауы
- Электрондық поштасы
- Байланыс телефоны
- Конкурс сырттай өткізіледі, қатысу ерікті.

ЭССЕ ЖАЗУ ТАЛАБЫ:

Қатысушылар Алтын Орда дәуірінің тарихына, көрнекті тұлғаларына, әдебиетіне арналған бұрын жарияланбаған эссе жолдауы қажет.

Эссе тақырыбы: «Ұлы ұлыс-айбынды Алтын Орда»

Эссені бағалау критерийлері - тақырыптың ашылуы,автордың өзіндік пікірінің болуы және оны негіздей алуы,эссенің айқындылығы мен логикалық бірізділігі, тіл байлығы, мәнері, сөз қолдануы, сауаттылығы және дұрыс рәсімделуі.

Байқауға 18-25 жас аралығындағы студенттер қатыстырылады.

Эссені жазу және рәсімдеу шарттары:

  1. Өтінім парағын толтыру (Қосымша 2), қатысушының жеке куәлігінің көшірмесін, 9х12 фотосуретін қоса жіберу.
  2. Эссе қазақ тілінде жазылады. Көлемі 200-1000 сөз. Қағаз форматы А-4. Қаріп түрі - «Times New Roman», 12,5 кегль; жоларалық интервал – 1; азат жол – 1 см; жиектері: төрт жағы да – 2 см. Мәтін тексерілген және редакцияланған болуы тиіс. Материал мазмұнына жауапкершілікті толықтай автор алады.Эссені А4 форматты қағазда компьютерде теріп, электрондық нұсқасын 2 дана етіп Word, Times New Roman, кегль 14, аралық интервал 1 нұсқада ұйымдастырушыларға жіберу.
  3. Бұдан бұрын конкурсқа қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған эссе қабылданбайды.
  4. Байқау шарттарына сай келмейтін эсселер қатыстырылмайды, жарияланбайды;
  5. Қатысушылардың эсселері 2020 жылдың 19 қарашасына дейін қабылданады;
  6. Қабылданған эсселер қазылар алқасының сараптауынан өтеді.
  7. Қолжазба авторға қайтарылмайды.
  8. Мерзімінен кешіктірілген эсселер сараптауға жіберілмейді;
  9. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар беріледі.

Байқау қорытындысы ретінде жүлде алған эссе  университет сайтында жарияланады.

Жеңімпаздарды марапаттау көлемі:

І – орын (біреу)

ІІ – орын (біреу)

ІІІ – орын (біреу)

Ұйымдастыру алқасы: Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті, филология және журналистика кафедрасы. Байланыс  телефондары: 8 778 4520972 – ф.ғ.д.,профессор Көпбаева Меруерт Рахымбайқызы; 87473200817 – ф.ғ.к., доцент Баешова Балзия Шегетайқызы; 87475211945– аға оқытушы Ануарбекова Айгүл Саметқызы. Эл. пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қосымша 1

- Өтінім парағы
- Қатысушының аты-жөні
- Лақап аты
- Тұрғылықты мекен-жайы
- Оқу орны
- Жұмыс орны
- Эссе атауы
- Электрондық поштасы
- Байланыс телефоны
- Конкурс сырттай өткізіледі, қатысу ерікті.

Прочитано 1791 раз
Top