3-қараша – Университетімізге М.Х. Дулати бабамыздың есімі берілген күн. Осыған орай Гуманитарлық- әлеуметтік ғылымдар факультеті, Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен 3-қараша күні «М.Х.Дулати: мұрасы және тағылымы» тақырыбында ашық куратор сағаты өтті.
2,3,4-курс студенттері мен «Дулатитану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, профессор Сәмен Оразғалиұлының қатысуымен өткен дәстүрлі іс-шара Zoоm платформасы арқылы ұйымдастырылды. Студенттер М.Х.Дулатидің шығармашылығына ерекше тоқталып, еңбектері туралы сөз қозғады. Сәмен Оразғалиұлы М.Х.Дулатидің өмірі мен еңбектері жөнінде тың мәліметтермен бөлісті.
Іс-шара бейнероликпен, студенттердің арнауларымен өз жалғасын тапты. Сөз соңында Дулатитанушы Ғалия Абдыханова мен Әлия Түймебекова қараша айының 3-і күні университетімізге Дулати баба есімі берілгендігі туралы айтып, студенттерді ғалым шығармашылығымен толық танысуға шақырды.
Айгерім Абылай,
Филология мамандығының 2-курс студенті