Акмола облысы, Бурабай емдеу-сауықтыру орталығында мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған IT-білім берудің ITeachMe3.0 инклюзивті лагері жеңімпаздарының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды жан-жақты бейімдеу, білім беру және жұмыспен қамту ерекше рөл атқарады. Білім жеке тұлғаның дамуына ықпал етіп, қиындықтарды жеңуге көмектеседі және қоғамда теңдікті сезінуге мүмкіндік береді, ал жұмыспен қамту қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізеді. ITeachMe жобасы мүгедектердің қаржылық тұрақтылығы мен қоғамға сіңуі үшін кәсіби IT-білім беруге бағытталған. Лагерьге қатысу әрбір адамды алдына мақсат қою және оған жетуге ынталандырады.
Жана идеяларды жүзеге асырушылар, инноваторлар, тәлімгерлер, мүгедектігі бар белсенді жастар жаңа белестерге жету, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу және қоғамға сіңу үшін бірігеді. Осы ITeachMe3.0 жобасы бойынша үш айлық қарқынды дайындықтан өткен үздік 10 студент финалға шықты.
Марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Оспанов Ербол Дүйсебайұлы, сондай-ақ Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық технологияларды дамыту Департаментінің директоры Ахмедиев Дархан Мейрамұлы құттықтап, сөз сөйледі.
Жүлде қорын үздік студенттерге тапсыру құрметі ITeachMe жобасының амбассадоры Мұқышев Нариманға жүктелді. Нариман Нұрланұлы қатарынан төртінші өтіп жатқан жобаға қатысушыларды құттықтады.
IteachMe 3.0 жобасында UI/UX дизайн курсының жеңімпазы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті Олжас Махан болды. Креативті, ойы жылдам Олжасты ITeachMe жобасының елшісі Мұқышев Нариман BI Group компаниясына тәжірибеден өтуге шақырды.
Зәуре Қойгелдиева
ЕҰУ докторанты