КАСКАД ЖОБАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ОҚЫТУ

Дулати университетінің студенттері жаңа жобаға қатысып, білім алуда.

Халықаралық Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін дамытуға арналған ауылшаруашылық университеттерінің консорциумы (КАСКАД) мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті арасында жасалған Меморандумға сәйкес, ұйымға енген 15 жоғары оқу орындары арасында «Экономика» саласы бойынша онлайн режимде білім алу жобасы іске асты.

Тұңғыш рет жүзеге асқан бұл жоба бойынша университетіміздің 30 студенті  18 апта бойы 15 жоғары оқу орнының білікті ұстаздарынан дәріс алады. Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша 400-ге тарта студент аталмыш жоба аясында оқып жатыр.

Осы апта Дулати университетінің апталығы. КАСКАД жобасы аясында Экономика және бизнес факультетінің оқытушылары «Инновациялық экономика» пәні бойынша дәріс өтуде. Экономика кафедрасының меңгерушісі Марина Кенжебаева, доцент Лейла Жакишева және аға оқытушылар Гүлзат Искакова, Әмина Насибулина, Қарлығаш Шалдарбекова мен Вильнара Әлибекова 5-10 қазан аралығында «Инновациялық экономика» пәні бойынша дәріс өткізіп, апта соңында студенттер білімін бағалайтын болады.

Аталмыш жоба бойынша студенттер цифрлы экономика, жасыл экономика, циркулярлы экономика, экологиялық экономика, аграрлық сектордың экономикасы, аграрлық коорперация, Еуроодақтың агробизнес тәжірибесі, стратегиялық менеджмент, антикризистік менеджмент, аграрлық менеджмент, қаржылық менеджмент, экономика мен менеджменттегі ақпараттық технологиялар, азық-түлік қауіпсіздігінің экономикасы, практикалық маркетинг пәндерін игеретін болады.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Армения мен Қарақалпақ елдерінің ең үздік сала мамандары өткізген дәрісте студенттер білімдерін жетілдіріп, сертификат иеленеді.

Медиа-қызмет

Прочитано 1454 раз
Top