ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА ТАЛАПТАР

 

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры М. Сарыбеков әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен онлайн форматта кездесті.   

 

Іс-шара барысында 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру туралы айтылды. Махметғали Сарыбеков қашықтықтан оқыту форматы студенттерге таныс екенін, бірінші курс студенттері үшін онлайн режимде бағдарлау апталығы өтетінін, оның барысында олар М. Х. Дулатидың өмірбаяны мен мәдени мұрасын біледі, офис-тіркеушінің жұмысымен танысады, эдвайзерлермен кездесулер, виртуалды экскурсиялар және т. б. болатынын атап өтті. Сонымен қатар,  арнайы бірінші курс студенттері үшін анықтамалық-нұсқаулық дайындалғанын айтты. Университет басшысыеың айтуы бойынша университет қашықтықтан сабақ өткізуге дайын. Жаңа оқу жылы бойынша  осы күнге дейін Білім және ғылым министрі үш сценарийді, үш форматта талқылап келді. Бірінші ол біздің дәстүрлі оқуымызға қайтіп келу, бірақ дәстүрлі форматқа келу әлі ерте. Екінші мәселе ол қашықтан оқыту, үшінші мәселе  дәстүрлі оқыту мен қашықтан оқытуды аралас оқыту. Жақында ғана білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов ресми түрле  мектептер, колледждер, университеттер қай бағытта оқитын болатындығы жөнінде айтып өтті. 1 қыркүйектен бастап педагогикалық бағытта, IT  технологиялық, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттағы университеттер мен факультеттер олар 100 пайыз қашықтан оқитын болады. Жаратылыстану, техникалық, инжинерлік, аграрлық, медициналық және өнер бағыты бойынша мамандар олардың  70 пайызы лекциялар мен практикалық сабақтарды қашықтан оқитын болады. Ал зертханалық, лабораториялық бағыттағы сабақтарды дәстүрлі форматта өткізуге рұқсат беріп отыр. Бырақ  санитарлық-эпидемиялық норма қатаң түрде сақталуы қажет.

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 1593 раз
Top