ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

 

Тараз мемлекеттік университетінің бітіруші түлектері үшін "Жас маман-2020" атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн форматта  өтті. Шараға 20 -ға  жуық жұмыс беруші мекемелер, факультет декандары мен профессор оқытушылар құрамы қатысты.   

Онлайн форматта ұйымдастырылған жиынды  университет ректоры Махметғали Сарыбеков ашып, жүргізіп отырды. Өз сөзінде, Махметғали Нұрғалиұлы ТарМУ-дың өңірдегі еңбек нарығына қажетті мамандықтардың сұранысы артып келе жатқан оқу орны екендігін атап өтті. Сонымен қатар, биылғы жылы 1387 студент оқу орнын тәмамдаса, оның 147 студенті оқу грантында оқыған бітірушілер екенін айтты.

Жиын барысында ТОО "Фабрика-ПОШ-Тараз" мекемесінің директоры Бауыржан Найзақұлов, ТОО "ЕвроХим-Қаратау" мекемесінің жұмыспен қамту орталығының басшысы Индира Расылхан, ТОО "Жамбыл" қонақ үйінің ұйымдастырушысы Жамилә Ахметжанова, ТОО "Бұрыл" мекемесінің бас есепшісі Гүлшат Тышқанбаева, ТФ АҚ "Jusan bank" директоры Ғалымжан Доланбеков және т.б. көптеген мекемелердің басшылары қатысып,  олар өз тараптарынан бітіруші студенттерге қолдау көрсететіндігін жеткізіп, әр мекеме бос жұмыс орындарын ұсынды.

Бұл жәрмеңке жастарға бүгінде білім беру ошақтарында қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықтауға септігін тигізді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру жас мамандарға ғана емес, жұмыс берушілер үшін де маңызды. Жастар өздерін қызықтыратын бос орындар туралы мәлімет алуға, ал біздер үшін түлектердің іскерлік қасиетін бағалауға мүмкіндік тудырады. Осы тақылеттес шаралар арқылы түлектерге ақпарат бере аламыз. Биылғы жылы бітіруші студенттер Enbek.kz сайтына тіркеліп, түйіндемелерін жібере алады. 

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 2107 раз
Top