ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Марапаттау туралы 

12-сәуір -ҚР Ғылым саласы қызметкерлерінің күніқарсаңында  және 2019 жылы қол жеткізген ғылыми қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшінтөменде аты аталған оқытушылар мен қызметкерлер Құрмет Грамотасымен марапатталсын деп БҰЙЫРАМЫН:

1. «Факультеттер арасында ғылымды дамыту үшін қаржы қаражатын тартудағы нәтижелілігі үшін» номинациясы бойынша:
Су шаруашылылы, экология және құрылыс факультеті;

2. «Ғылымды дамыту үшін шаруашылық келісім-шарт қаражаттарын тартудағы нәтижелілігі үшін» номинациясы бойынша:

Орынбаев Сейітжан Әуесжанұлы

-қашықтықтан және сырттай білім беру факультеті деканының орынбасары;

3. «Республикалық конкурстарда жүлделі орын алған СҒЗЖ 

басшылығы үшін»номинациясы бойынша:

Байтелиева Анар 

Мұратқызы 

-«Биология» кафедрасының доценті;

4. «Патенттік-өнертапқыштық қызмет» номинациясы бойынша:

    Бекбасаров Исабай 

       Исақұлы 

-«Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының профессоры;

5. «Монография» номинациясы бойынша:

    Бақторазов Сейдахан 

       Уәлиұлы 

Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті;

6. «Шетелдік басылымдардағы жарияланым белсенділігі» номинациясы бойынша:

    Садиева Халипа 

        Рысқұлқызы  

-«Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті;

7. «Студент-зерттеушілерді дайындау» номинациясы бойынша:

    Нұрлыбаева Айша 

       Нұрлыбайқызы  

-«Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті;

8. «Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі белсенді орынбасары» номинациясы бойынша:

    Таңатова Салтанат 

        Орынбасарқызы   

-экономика және бизнес факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары;

9. «ҒЗЖ және СҒЗЖ белсенді ұйымдастырушысы» номинациясы бойынша:

    Қапалбекова Тюльпан 

       Рахымқызы   

-ҒЗЖ ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің инженері.

Негіздеме: ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың м.а. С.Қойбақовтың қызметтік хаты. 

РЕКТОР ​​​​​​​М.САРЫБЕКОВ

Прочитано 2200 раз
Top