
Super User
Ғылыми дәрежеге ие болды
Табанды еңбектің жемісі – табыс екенін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің зерттеушілері тағы бір дәлелдеді. Оқу орнының 2 оқытушысы философия докторы ғылыми дәрежесін иеленді.
Атап айтсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті диссертациялық кеңесінің №7 хаттамасы шешімімен Асланбек Мырзахметовке – 6D070300 Ақпараттық жүйелер БББ бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті диссертациялық кеңесінің шешіміне сай Әсем Садықоваға 6D011400 – Тарих БББ бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
Сондай-ақ Дулати университетінің 4 оқытушысына қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. Еңбектің жемісін көріп отырған ғалымдар – Сейітжан Орынбаев, Мира Ержанова, Лаура Сүгірова, Сағат Мұқышев.
Табысқа қол жеткізген ғалымдарды университеттің зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет арнайы қабылдап, марапаттады.
Сондай-ақ университеттің 315 профессор-оқытушылар құрамы Аманат партиясының қатарына қабылданып, партиялық билеттерін алды.
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
2022 жылдың 30-қыркүйекте «Экономика және құқық» факультетіне қарасты «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қаржы», «Бухгалтерлік есеп» мамандықтарының 1-курс студенттеріне «Студент жастардың діни сауаттылығын қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбында кездесу өтілді. Аталған кездесуге университет құрамындағы Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев шақырылып, ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі 2021-2023 кешенді жоспарға сәйкес, деструктивті діни ағымдардың қауіп-қатерінен сақтану үшін жастардың бойында діни сауаттылық жоғары деңгейде болу қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, іс-шараның соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасын тапты.
ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНЕ ШАҚЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҮГІТ-НАСИХАТ ІС-ШАРАСЫ
2022 жылғы 30 қыркүйекте әскери кафедраның акт залында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне шақыру бойынша әскери кафедра студенттерімен үгіт-насихат іс-шарасы өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі департаменті бастығының тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары полковник С.С. Шубаев қатысты.
ҚР ҰҚК шекара қызметінің өкілі шекара қызметі туралы баяндама жасап, онда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның негізгі ережелерін, армияның имиджі мен шекара қызметін өткерудің қабылдауы туралы айтып, шекара қызметіне шақыру үшін құжаттарды ресімдеу бойынша практикалық ұсыныстар берді және әскери кафедра студенттерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында лайықты орын алуға шақырды.
Іс-шара соңында ҚР ҰҚК шекара қызметінің өкілі шақыру бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.
АГИТАЦИОННОЕ МЕРОПРИЯТИЕ ПО ПРИЗЫВУ НА ПОГРАНИЧНУЮ СЛУЖБУ
30 сентября 2022 года в актовом зале военной кафедры прошло агитационное мероприятие со студентами военной кафедры по призыву на пограничную службу Комитета национальной безопасности. В мероприятии приняли участие заместитель начальника Департамента пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по воспитательной, идеологической и кадровой работе Жамбылской области полковник Шубаев С.С.
Представитель пограничной службы КНБ РК выступил с докладам о пограничной службе в котором рассказал основные положения Закона «О воинской службе и статусе военнослужащих», об имидже армии и приемуществах прохождения пограничной службы, дал практические рекомендации по оформлению документов для призыва на пограничную службу и призвал студентов военной кафедры занять достойное место в рядах Вооруженных Сил Республики Казахстан.
В заключение мероприятия представитель пограничной службы КНБ РК ответил на все интересующие вопросы по призыву.
Ұстаздар күні құтты болсын!
Ұстазға берілген баға - ұрпаққа баға. Ұстаздың беделі - қоғамның беделі! Кемел келешегін ойлаған ел мұғалім мәртебесіне бей-жай қарамайды. Үздіксіз білім беру процесінде педагогтердің алар орны ерекше. Ұстаздар күні - балалар жанының бағбандарының қоғамдағы беделін айқындайды. Құрметті, ұстаздар, төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметті, Дулати университетінің студент жастары!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттік жатақханаларында
Тараз қаласындағы Төле би көшесі 60 мекен жайындағы №1 студенттер үйінде – 189, Қ. Сәтпаев көшесі 25 мекен жайындағы №2 студенттер үйінде -53, Жамбыл даңғылы 16 А. мекен жайындағы №3 студенттер үйінде - 83 бос орын, жалпы 325 бос орынның бар екенін хабарлаймыз!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттік жатақханасына орналасу үшін университеттің «Platonus» деректер базасында https://platonus.dulaty.kz/ жеке логин/пароліңіз арқылы онлайн өтініш бере аласыздар.
Университеттің студенттік жатақханаларына орналасу үшін келесі құжаттар талап етіледі:
- белгіленген үлгідегі өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат.
- отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;
- ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
- отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;
Шетел азаматтары үшін:
- белгіленген үлгідегі өтініш;
- студенттің төлқұжат көшірмесі.
Студенттерге қажетті күнделікті тұрмыста пайдаланатын жиһаздар қамтамасыз етілген.
Жатақханаларда студенттерге арналған түнгі оқу залдары, кинозалдар, үстел теннисі, акт залдары, хореграфия залы, компьютерлік класстар, «Жан сыры» психологиялық орталық, қызығушылығы бойынша клубтар бар.
Ұрпақтар сабақтастығы үзілмейді
Су ресурстарын қорғау – ғаламдық проблема. Ал біздің елімізде бұл мәселенің геосаяси мәні бар. Сондықтан, су шаруашылығын дамытуға тың серпін беретін ғалымдарға, сала мамандарына мейлінше қолдау көрсетілуі керек. Сондай-ақ осы бағытта кадр даярлап отырған оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту қажет.
М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында өткен бұрынғы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының 1980 жылғы түлектерінің кездесуінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма мүшесі – ректордың міндетін атқарушы Гүлвира Мұсабекова осындай мәселелерге тоқталды. Түлектердің әр 5 жыл сайынғы дәстүрлі басқосуларының форматын өзгертіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғаудағы бастамашылдығына ризашылығын жеткізді.
Президент Жолдауда су шаруашылығына қажетті білікті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтауды тапсырғаны белгілі. Су ресурстарын қорғау және үнемдеу мәселесінің қай кезде де өзекті екені мәлім. Ал ол үшін білікті кадр, ғалымдардың зерттеулер жүргізуіне, тың жобаларын қолданысқа енгізуіне жол ашу қажет. 1980 жылғы түлектер дәстүрлі кездесулерін осы өзекті тақырыппен тиімді ұштастырғанын айта кету керек. Сондай-ақ студенттермен жүздесіп, пікір алмасу форматын таңдағаны да үйлесімді болды.
Негізі түлектер тарапынан дәстүрлі кездесуді басқа қалада өткізу туралы ұсыныстар да көтерілген екен. Алайда кеңесе келе күні кеше студенттік шақта өздері іргесін қалап, құрылысына атсалысқан Гидрокешенде басқосуға бел буыпты. Кездесуде институттың 60 жылдық тарихында қол жеткізген табыстары туралы айтып, маман даярлау ісінде материалдық-техникалық базаның маңыздылығы туралы сөз қозғады.
Келелі кездесуде терең әңгіме қозғағандардың бірі – академик Сағат Сұлтанұлы болды. Жалпы кездесуде мінберге көтерілген түлектер болашақ кадрларға қоғамда нарықтық қатынастардың талабы жиі өзгеріске ұшырап отырғанымен, техник мамандар даярлаудың маңызы жоғалмайтынын айтып, ой бөлісті. Ұлттың қамын ойлаған ел осыны естен шығармау керегін еске салды.
Түлектер кездесуіне арналған салтанатты жиыннан кейін «Қарахан» кафесінде Құран оқытылып, соңынан Тараз қаласындағы тарихи ескерткіштерге саяхат жасалады. Университеттің оқу корпустарымен танысу да осы күнге жоспарланған.
«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының 60 жылдан бері (1962 жылдан бастап) «Су шаруашылығы» мамандарын даярлауды жүзеге асырып келеді. Институт директоры Кенжеғали Шилібектің айтуынша, кадрлық әлеуеті мықты ұжымда 19 ғылым докторы, профессорлар, 50-ден астам ғылым кандидаты, доценттер, 13 PhD докторы еңбек етеді. Ғалымдардың су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдаланудың негізгі оқу-ғылыми мәселелерін шешуге қосқан үлестері көп.
Сондай-ақ институттың су шаруашылығы саласында көптеген табыстарға қол жеткізген түлектері бар. Солардың қатарында институттың 1980 жылғы түлектерін атап өтуге болады. 1980 жылғы түлектердің ішінде 20 шақты ғылым докторы шыққан.
Встреча выпусниками
Старший преподаватель кафедры «Химия и химическая технология» 27.09.2022 г. А.С. Кулажанова провела встречу с учащимися выпускных классов средней школы №38 г.Тараз, Жамбылской области
На встрече Кулажанова А.С. ознакомила выпускников с новыми правилами проведения Единого национального тестирования (ЕНТ) и образовательными программами Таразского регионального университета им. М.Х. Дулати, подробно ответила на вопросы выпускников, обьяснила важность и значение образовательной программы 6В05314-«Химия» в нашем регионе. Учащимся школы были представлены видеоролики об образовательных программах кафедры «Химия и химическая технология».
ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ
2022 жылдың 27 қыркүйегінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы А.С. Кулажанова Тараз қаласының №38 орта мектебінде мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларымен «Кәсіптік бағдар беру» жұмысы бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Кулажанова А.С. мектеп бітіруші түлектерді М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі білім беру бағдарламалары және өткізілетін Ұлттық біріңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа ережелерімен таныстырып, түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының өңірімізде алатын орынын, маңыздылығын айқындап, жан-жақты мағлұматтар берді. Сонымен қатар, «Химия және химиялық технология» кафедрасында дайындалатын білім беру бағдарламалары бойынша көптеген керекті мәліметтерді бітіруші сынып оқушыларына жеткізді.
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ БОЛУ
2022 жылдың 28-қыркүйек күні университетінің 5.1-111 оқу ғимаратында «Ұстаз» институтының 1-курс студенттерімен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына байланысты кездесу өтілді. Аталған кездесуге Дінтану орталығының бас маманы Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев дінтанушы маман ретінде қатысып, діни экстремизм мен терроризм қаупі туралы хабардар болу, дін саласындағы мәселелерді неғұрлым терең түсіну, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру туралы ойларымен бөлісті. Себебі діни экстремизм – діни артықшылық, діни алауыздық, жеккөрушілік, дінді саясаттандыру сияқты ең шеткі қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс болып табылады.
Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырыла атқарылуы тиіс. Себебі бүгінгі жас буын ертеңгі елдің келешегін құратын, тізгініне ие болатын аға буынға айналмақ.