
Super User
Вступление в военно-патриотический клуб «Болашақ сардар»
На военной кафедре Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати, 14 октября 2022 года, полковник запаса Сагимбаев К.Ш. провел очередное заседание в вступление в военно-патриотический клуб «Болашақ сардар»
В торжественной обстановке были приняты вновь избранные студенты второго курса в ряды военно-патриотического клуба «Болашақ сардар».
Избранные студенты ознакомлены с положением, уставом и с планом проведения мероприятий на 2022-2023 учебный год работу.
Облыс әкімі Дулати университетінде дәріс оқыды
Қазір білім алып, өнер үйренемін деген жастарға көрсетілетін қолдау көп. Жас буынның жаңаны игеруге деген мүмкіндігі де шектеусіз. Содан да болар, бүгінгі буынды ешнәрсемен таңғалдыра алмайтын болдық. Ғалымдар ашқан жаңалықтар да, жаңа жасалған технологияның ерекшеліктері туралы ақпарат та ұзақ күттірмейді, бәрін көріп-біліп отыр. Олар мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерден де құлағдар. Десе де, оны іске асыру механизмін жетік біле бермейді. Жалпы саяси реформалардан кейінгі алдағы бағыт-бағдарды айқындаған Президент Жолдауында жүктелген міндеттер қалай жүзеге асырылатындығынан ғана бейхабар.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерімен кездесуге осы тақырыпты таңдауы да бекер емес. Өңір басшысы лекцияда Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған тапсырмалардың қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.
Жарты сағаттық дәріс студенттерді жалықтырған жоқ. Себебі, өңір басшысы дайын мәтінді оқып бермей, бір аймақтағы басқару және атқару жүйесіндегі талаптар мен міндеттерді бір отбасының мысалымен байланыстырып айтып берді. Осы тартымды шықты. Бір адамға керектінің, тұтас облыс тұрғындарына да қажет екенін, ал сол материалдық және моральдық, рухани сұраныстарды өтеу үшін жергілікті атқарушы органдар қандай қызмет атқаратынын әңгімелеп берді.
Нұржан Молдиярұлы Жамбыл жерінің табиғи және географиялық артықшылықтарын атап өтті. Сан жылдық еңбек тәжірибесі қалыптасқан химия өндірісі мен ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Әсіресе, Жолдауда айқындалған білім саласына қатысты бағдарламаларға кеңірек тоқталғанын айта кеткен жөн. Орта білім сатысындағы оң өзгерістер, жоғары білім беру жүйесіндегі жаңалықтар да назардан тыс қалған жоқ.
– Біз де бала болдық, студент болдық. Мектепте сабақтан кейін спортпен шұғылданатынмын. Кейін Ленинград ауыл шаруашылығы институтында оқып жүргенімде сабақ арасында жұмыс істедім. Стипендиямыз 40 сом, 30-35 сом жалақы алатынмын. Әскерге барып келген соң, оқуымды жалғастырып жүріп, бір оқу корпусының коменданты болдым. Жастардың бойында күш-қуаты көп, оны елге, ата-анаңа пайдалы іске жұмсау керек. Күні ертең осы елдің егесі сіздер боласыздар. Елге қызмет етесіздер.Студенттер арасында өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға қатысты жаңа жобалары, тың идеялары бар жастар болса, тыңдауға дайынмын, - деді Нұржан Молдиярұлы.
Өңір басшысы Нұржан Нұржігітов лектор және тыңдаушы форматына өзгерісті өзі енгізді. Тұтас жүйе жұмысын оқиғаға негіздей отырып, қысқаша айтып өткен соң, студенттерге сұрақ-жауапқа көшуді ұсынды. Жастар облыс әкімінен мамандық таңдауда берер кеңесін, қазіргі қоғамдық формация, әлеуметтік желінің өмір сүру дағдысына әсері туралы көзқарасын сұрады. Білім алушылар арасында экономиканы тұрақтандыруда шетелдік инвесторларды тарту үшін қандай қадамдар жасалып жатқандығын білгісі келетіндер де бар екен.
Дулати университетінің медиа-қызметі
Доведение до студентов: Закона Республики Казахстан «О воинской службе и статусе военнослужащих»
С 10 по 14 октября 2022 года на военной кафедре до студентов первого года обучения были доведены основные положения Закона Республики Казахстан «О воинской службе и статусе военнослужащих».
Начальник цикла подполковник запаса Наурызбаев Ж.П. ознакомил слушателей с основными положениями воинской службы и статуса военнослужащих.
Целью данной лекции было доведение до студентов прав, обязанностей и социального обеспечения военнослужащих.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын студенттерге жеткізу
2022 жылдың 10 мен 14 қазан аралығында әскери кафедрада бірінші оқу жылының студенттеріне «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.
Цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерді әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.
Бұл дәрістің мақсаты студенттерге әскери қызметшілердің құқықтарын, міндеттерін және әлеуметтік қамтамасыз етілуін жеткізу болды.
КОНКУРС ЭССЕ В ЧЕСТЬ ДНЯ РЕСПУБЛИКИ
МИНИСТЕРСТВО НАУКИ И ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ РК ЗАПУСТИЛО КОНКУРС ЭССЕ В ЧЕСТЬ ДНЯ РЕСПУБЛИКИ
Министерство науки и высшего образования РК запустило Конкурс эссе на тему: «Казахстан моей мечты» в честь Дня Республики.
Конкурс продлится до 15 октября 2022 года и пройдет в два этапа и направлен на развитие гражданского самосознания молодежи, воспитания у нее чувства сопричастности к судьбе страны и ответственности за ее будущее.
К участию в Конкурсе приглашаются студенты, магистранты и молодежные общественные организации.
На конкурс эссе присылаются самостоятельно выполненные творческие работы, отражающие видение и ожидания автора относительно будущего Казахстана и своего участия в формировании этого будущего.
Эссе направляются на электронную почту Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. до 15 октября 2022 года. Подробная информация по Конкурсу размещена на сайте высшего учебного заведения.
Конкурсная работа может быть выполнена на казахском, русском или английском языках.
Награждение участников первого этапа конкурса состоится на базе высших учебных заведений 19 октября 2022 года. Награждение участников второго этапа конкурса состоится в городе Астана.
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЭССЕ ЖАЗУДАН БАЙҚАУ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЭССЕ ЖАЗУДАН БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ
Ұлттық мереке - 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланды.
Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.
Байқауға студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады.
Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.
Жұмыс 2022 жылғы 15 қазанға дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Конкурс бойынша толық ақпаратты dulaty.kz сайтынан қарауға болады.
Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады.
Конкурстың бірінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 19 қазанда жоғары оқу орындарының базасында өтеді. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.
Тарихи қаланың төл мерекесі
Тарихы тағылымға бай Тараз шаһарының жұрты қазан айының сегізінші жұлдызында «Қала күнін» атап өтті.
Тарихи қаланың төл мерекесінің қорытынды концерті Көне Тараз этно-мәдени кешенінде облыстық өнер майталмандары мен елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, Қала күнінің көркін қыздыра түсті. Концерттік бағдарламаның шымылдығын облыс әкімі Н.Нұржігітов өзінің құттықтау сөзімен ашты. Өз кезегінде облыс әкімі алдағы жоспарларымен бөлісіп, Тараз қаласының демографиясының айтарлықтай өскенін, қала тұрғындарының саны 420000-нан асқанын баяндады. Сонымен қатар бес бірдей көп балалы анаға "Алтын алқа" медалін табыстап, өз саласында үздік болғандарды марапаттады. Облыс және қала әкімдері қарапайым халықпен тілдесіп, естелік үшін суретке түсіп те үлгерді.
Жастар-startta!
Жастардың болашағына жағдай жасау дамитын елдің мақсат-мүдделерімен тығыз байланысты. Бүгінде елімізде жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуына қатысты туындған мәселелер шешімін табуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жастарға жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несие алуы сияқты міндет-ұсыныстар айтылып, қазіргі таңда нақты шаралар қолданылуда. Студенттер біліммен қоса, қоғамдық жұмыстарға да атсалысу қажет. Бұл арқылы өзінің жан-жақтылығын аттырттырып, дұрыс бағатта жүре алады.
Республика бойынша үздік ондықтың қатарына енген, 60 жылдан астам тарихы бар іргелі оқу орны – Дулати университетіне биылғы жылы 4581 студент қабылданған. Жастардың таңдаған бағыттары әртүрлі болғанымен, мақсаты бір. Белсенді студент болып, жақсы маман атану. Ізденіске, білімге құштар жастар үшін университтің әр институты мен факультеттерінде студенттік деканаттар жұмыс жасайды. Жайдарлы, қызықты күндер мен жақын достар табу үшін көптеген жетістіктерге жеткен ұйымдар да бар.
1-курс студенттері үшін арнайы Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «JASTART» атты жастар ұйымдарының презентациясы өтті. 11 команда өздерін таныстырып, студенттік кезеңнің белсенді болуына шақырды. Әрбір сәтті бағалау керек екендігін көрсеткен жастардың бойынан жігер мен қайраттылықты байқауға болады. Ұйым төрағалары мен төрайымдары жетістері мен марапатарын жиналған көпшілікке көрсетіп, барлық жастың қолынан келетінін айтты. Сондай-ақ, университет түлектері арнайы қонақ ретінде шақыртылып, командаларға сәттілік тіледі.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысы көрсетілген бұл кеш нағыз студенттердің мейрамы болды. Әуелетіп ән салынды, қағытпа әзілмен қалжыңдар айтылды, жырлар мен күйлер ойналды. Ең бастысы жастар өздерінің таланттарын еркін әрі жоғары деңгейде көрсетті.
Дулати университетінің медиа-қызметі.
Өткеннің өнегесі - бүгінгінің баға жетпес байлығы
4 курс студенттері «Инновациялық текстиль», «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдар технологиясы», «Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» мамандықтарының бастамасымен қазан айының алғашқы мерекелері қарттар және ұстаздар мерекесімен бірге тоғысқан «Өткеннің өнегесі - бүгінгінің баға жетпес байлығы» атты «Тұлға» жобасы аясында ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды.
Тағылымды ұстаздар тәлім-тәрбиесі мен ұлағат тұнығынан сусындаған сан буын шәкірттер, студенттер бас қосып, қадірлі ұстаздарға сый-құрмет көрсетілді.