Super User

Super User

"Автоматтандыру және басқару" бөлімі бойынша 2019-2020 оқу жылының СҒЗЖ конкурсына 17 ғылыми студенттік жұмыс келіп түсті. Оның ішінде  М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен 4 жұмыс, Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінен 3 жұмыс, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 2 жұмыс, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен 2 жұмыс,  Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясысынан 2 жұмыс, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінен 1 жұмыс, Алматы технологиялық университетінен 1 жұмыс, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінен 1 жұмыс, Satbayev UNIVERSITET 1 жұмыс келіп түсті.

Талапшыл болса, дұрыс бағдар беріп, қолдап-қанаттандырған жастардың алмайтын асуы жоқ. Мұны талай өнер-білім бәсекесіне түскен Дулати университетінің студенттері дәлелдеп келеді.

Жақында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты республикалық конкурс өткізген болатын. Осы бәсекеде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3- курс студенті Жұлдызай Жанатбекқызы 1-орынды жеңіп алды.  

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынай Әбдіқадырованың жетекшілігімен конкурсқа өз ғылыми жобасын ұсынған Жұлдызай 18 қатысушының ішінде үздік деп танылды.

2022-жылдың 02-қараша күні «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының ұйымдастурымен №2 Студенттер үйінде жастармен кездесу өтілді. Кездесуге қатысқан қонақтар «Сауран» медициналық орталығы, Тәрбие бөлімі және Дінтану орталығы. Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Алпысбаев дін саласына байланысты өзінің ой-пікірімен бөлісіп, студенттерді қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақ болуға шақырды. Деструктивті діни ағымдардың идеологиясы мемлекеттің демократиялық, зайырылылық принциптеріне сай келмейтін құбылыс. Мемлекетшілдік пен ұлттық құндылықтарды мойындамай, өзіндік діни идеологияларын қоғамға сіңіруге әрекет жасайтын топ бүкіл әлемге тән проблемаға айналды. Сондықтан, діннің атын жамылып, қоғамдағы аз қорғалған, ойлау жүйесі толық қалыптаспаған жастардың арасында мемлекеттің болашағына күдікпен әрі сенімсіздікпен қарайтын идеяның таралмау үшін жастарға ұлттық тәрбие беру құндылықтарының қажеттілігі айтылды.

Четверг, 03 ноября 2022 14:03

Діни экстремизм және терроризм

2022 жылдың 29 қазанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Е. Қонақбаев атындағы педагогикалық-психологиялық қолдау орталығының жетекшісі, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушы, психология магистрі Абдрахманова Айгуль Турсынбаевна, экстремизм және терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық іс-шараларының 2022 жылдарға арналған жоспарларының тармақтарын орындау мақсатында, Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында профилактикалық іс-шара мақсатында қызметкерлермен жылдамдық пен ойлауды дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар, сенімділікпен жауапкершілікке байланысты психологиялық тренингтер мен ойындар жүргізілді. Қызметкерлер белсене қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.

Вторник, 01 ноября 2022 12:03

Аттестат тапсыру

Әскери кафедра бастығы, полковник Мұқышев Сағат Аманкелдіұлына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 378 «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығымен «Әскери ғылымдар» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

Вторник, 01 ноября 2022 12:02

Вручение аттестата

Начальнику военной кафедры, полковнику Мукушеву Сагату Амангельдиевичу приказом председателя Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан № 378 от 24 августа 2022 года «О присуждении ученого звания».

Присуждено ученое звание ассоциированного профессора по специальности «Военные науки».

2022 жылдың 28-қазан күні «Тарих және география» кафедрасы және Дінтану орталығы өзара жұмыс жасай отырып, «6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының (Ист-22-1, 3 топтары) 1-курс студенттеріне «Жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығы» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Дінтану орталықтың бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде студенттерге қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, кереғар діни ағымдардың ықпалының алдын алу, ғаламтор желісін дұрыс пайдаланудың маңыздылығы туралы слайд арқылы түсіндіріп өтті.

Соңғы кездері ел ішін жайлаған, жаңашылдық әкелмек болған деструктивті ағымдар кең таралуда. Діни сауатсыздығының кесірінен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін жатқа жалтаңдап, халқымыздың салты мен дәстүріне керағар дүние жасап жатқандар аз емес. Жат ағымды жақтаушылар арасында жастарда жиі кездеседі. Жастарымыздың осындай қателіктерге ұрынуына басты себеп – дұрыс пен бұрыстың аражігін ажырата алмай ғаламтор беттеріндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіруі. Діни сауаттылығы әлсіз адамдарды бұл үлкен қатерге алып баруда. Ұлттық құндылықтарымызға, ұстанып отырған салт-дәстүрімізге қайшы келетін жат ағымдар қоғамға да адамға да кері әсерін тигізбей қоймайды.  

2022 жылы 28 қазанда сағат 16.00-де әскери кафедраның акт залында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша түлектерімен және студенттерімен үгіт-насихат         іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шараға: ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы басқармасының бастығы полковник Д. Ш. Ахметов, ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің тәрбие идеологиялық және кадр жұмысы бөлімінің аға офицері майор Г.М. Челенбаев, «Оңтүстік» өңірлік қолбасышылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының аға офицері полковник А.И. Жүсіпов қатысты., «Оңтүстік» ерік әскерлері қолбасшысы басқармасының аға офицері подполковник А.К. Жақсылық және «Оңтүстік» ерік әскерлері қолбасшысы басқармасының кадр жұмысы басқармасының аға офицері капитан Б.П. Байкеев қатысты.

28 октября 2022 года в 16.00 часов в актовом зале военной кафедры прошло агитационное мероприятие с выпускниками и студентами по призыву на воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан.

В мероприятии приняли участие: Начальник Управления по воспитательной, идеологической и кадровой работе департамента ПС КНБ РК по Жамбылской области полковник Ахметов Д.Ш., старший офицер отдела кадров воспитательной идеологической и кадровой работе департамента ПС КНБ РК по Жамбылской области  майор Челенбаев Г.М., старший офицер Управления командующего войсками  РгК «Юг»  полковник Жусупов А.И., старший офицер Управления командующего войсками  РгК «Юг» подполковник Жаксылык А.К. и  старший офицер Управления кадровой работы Управления командующего войсками  РгК «Юг» капитан  Байкеев Б. П.

Пятница, 28 октября 2022 04:03

САУАЛНАМА

2022-2023 оқу жылында 1-курс студенттер арасында жүргізілген «Сіздің дінге деген көзқарасыңыз» атты онлайн сауалнаманың қорытындысы туралы ақпараты

11.10.-14.10.2022ж. күндер аралығында Дінтану орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, google.forms бағдарламасы арқылы барлық институт пен факультеттердің 1-курс студенттеріне «Сіздің дінге деген көзқарасыңыз» атты онлайн сауалнамасы жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыруына байланысты студенттер арасында діни экстремизм көріністерін алдын-алуына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары болып табылады. Сауалнамада 10 сұрақ қамтылған. Қазақ және орыс тілінде жүргізілді. Барлығы қатысқан респондент саны – 1419.

Сауалнамаға қатысқан институт пен факультеттердің көрсеткіші:

«Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті – 364 (25,7%);

«Ақпараттық технологиялар» факультеті – 279 (19,7%);

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты – 217 (15,3%);

«Экономика және құқық» факультеті – 189 (13,4%);

«Технологиялық» факультеті – 188 (13,3%);

«Ұстаз» институты – 105 (7,4%);

«Спорт және өнер» факультеті – 72 (5,1%).

Сауалнамада қамтылған сұрақтардың көрсеткіші:

1. Университетте Сізді діни ұйымдарға тарту немесе үгіт-насихат әрекеттері кездесті ме / Встречались ли в университете попытки привлечь вас в религиозные организации или агитационные действия:

Ия, мұндай әрекеттер кездесті / да, такие действия встречались - 48 (3,4%);

Жоқ, бірақ олар туралы мәліметтер бар / нет, но есть сведения о них – 133 (9,4%);

Мүлдем кездеспеді / вообще не встречал – 1231 (86.8%).

басқа пікірі / другое мнение

2. ҚР аумағындағы мұсылмандар ислам дінінің қай мазхабын ұстанады / Какой мазхаб исламской религии придерживаются мусульмане на территории РК:

Ханбали – 61 (4,3%);

Малики – 85 (6%);

Шафиги – 32 (2,3%);

Ханафи – 1241(87,5).

3. Азаматтардың жат діни ағымдар қатарына кірудің басты себебі / Главная причина, по которой граждане вступают ряды деструктивных религиозных течений:

Діни қызығушылығының әралуандығы / Разнообразие религиозных интересов - 361 (25,4%);

Діни білімінің төмендігі / Низкое религиозное образование – 666 (46,9%);

Еліктеушілік / Имитация – 244 (17,2%);

Өмірлік мақсатының болмауы / Отсутсвие цели в жизни – 77 (5,4%);

Тұрмыс жағдайының төмендігі / Низкий уровень жизни – 71(5%).

4. Қоғамдағы діни экстремизмдік идеяларды алдын-алу үшін қандай ой қосасыз / Как Вы думаете, как предотвратить религиозный экстремизм в обществе:

Әрбір жоғары оқу орындарда дінтану орталығы болу керек / В каждом вузе должен быть центр религиоведения – 394 (27,8%);

Жастарға рухани сабақтастығы туралы көптеп ақпарат беру керек / Молодежи нужно больше информировать о духовном преемственности - 494 (34,8%);

Оқу орында «Зайырлылық және дінтану негіздері» сабағы жүргізілу қажет / В учебном заведении должен быть проведен урок «Светскость и основы религиоведения» - 294 (20,7%);

ЖОО сайтына ғылыми-рухани танымдық мәліметтермен қамтамасыз ету қажет / Необходимо обеспечить сайт вуза научно-духовно позновательными данными – 192 (13,5%).

басқа пікірі / другое мнение

5. Сіз қай дінді ұстанасыз / К какой религи вы относитесь:

Христиан - 58 (4,1%);

Ислам - 1350 (95,1%);

Иудалық – 7 (0,5%);

Иеһова куәгерлері – 4 (0,3%).

6. Сіздің дінге деген көзқарасыңыз қандай / Каково Ваше отношение к религии:

Дінді берік ұстанамын (мешіт, шіркеу, ғибадатхана), жиі барып тұрамын / Твердо придерживаюсь религии (мечеть, церковь, храм) – 285 (20,1%);

Дінді тану үшін діни сауаттылық жоғары болу керек / Чтобы исповедовать религию, религиозная грамотность должна быть высокой - 244 (17,2%);

Дінге сенбеймін, діни топтардан алыс жүруге тырысамын / Не верю в религию, стараюсь держаться подальше от религиозных групп - 46 (3,2%);

Дінді ұстанамын, бірақ діни орындарға бармаймын / Исповедую религию, но не посещаю религиозные места – 726 (51,2%);

Жауап бере алмаймын / Не могу ответит - 118 (831%).

7. Студенттік группаларда діни-саяси мазмұнда үгіт-насихат және діни рәсімдерді орындауға болмайтындығын білесіз бе / Знаете ли вы, что в студенческих группах нельзя проводить пропаганду религиозно-политического содержания и религиозные обряды:

Ия /Да – 1142 (80,5%);

Жоқ / Нет – 266 (18,7%).

басқа пікір / свое мнение

8. Сіз еліміздегі дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайсыз ба / Поддерживаете ли вы государственную политику в религиозной сфере в нашей стране:

Толық қолдаймын / Полностью поддерживаю – 1100 (77,5%);

Қолдамаймын / Не поддерживаю – 235 (16,6%).

басқа пікір / свое мнение

9. Сіздің ойыңызша, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрғындардың білімдерін көтеруге мына іс-шаралардың қайсысы тиімді / Какие из перечисленных ниже мероприятий эффективны для повышения осведомленности населения о религиозном экстремизме и терроризме? Ақпараттық-түсіндіру топтың қызметі / Деятельность информационно-разъяснительной группы – 430 (30,3%); Кездесулер, семинарлар өткізу / Проведение встреч, семинаров - 325 (22,9%); Діни қызметкерлердің уағызы / Проповедь священников - 332 (23,4%); Оқу орындарында дінтану пәнін міндетті түрде оқытылуы / Обязательное изучение религиоведения в учебных заведениях - 283 (19,9%);

басқа пікір / свое мнение

10. Дулати университетінде Дінтану орталығының жұмыс жасайтынын білесіз бе / Знаете ли вы, что в составе университета Дулати работает Центр религиоведения:

Ия / Да - 519 (36,6%);

Жоқ / Нет - 887 (62,5%).

2021-2022 оқу жылында студенттер арасында жүргізілген «Сіздің дінге деген көзқарасыңыз» атты онлайн сауалнаманың қорытындысы туралы ақпараты

Loading...

image001

image003

image005

image007

image009

image011

image013

image015

image017

image019

image021

Страница 127 из 452
Top