
Super User
ПРАКТИЧЕСКИЕ ЗАНЯТИЯ В ПОЛЕВЫХ УСЛОВИЯХ
На военной кафедре Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати со студентами первого года обучения с 10 по 21 октября 2022 года проведены практические занятия по «общей тактике» и «военной топографии» на учебном полигоне.
На данных практических занятиях студенты получили навыки по «общей тактике» и расширили знания по «военной топографии».
ДАЛАЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
2022 жылғы қазан айының 10 мен 21 аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының бірінші оқу жылының студенттерімен «Жалпы тактика» және «Әскери топография» пәндері бойынша оқу полигонында практикалық сабақтар өткізілді.
Аталған практикалық сабақтар студенттердің «Жалпы тактика» және «Әскери топографиядан» алған әскери білімдерін кеңейтті.
Республика күні
2022 жылғы 17 мен 21 қазан аралығында әскери кафедра студенттерімен Республика күніне арналған әңгіме өткізілді. Әскери кафедра оқытушысы отставкадағы майор Оңалбеков Қ.Ә. мерекенің тарихы мен жаңғыруын тыңдаушыларға жеткізді.
25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігіне алғашқы қадам болды.
Мұндай іс-шаралар студенттерге патриотизм сезімін оятуға, өз елінің тарихы туралы көбірек білуге көмектеседі.
День Республики
С 17 по 21 октября 2022 года cо студентами военной кафедры была проведена беседа-рассказ посвященная Дню Республики. Преподаватель военной кафедры майор в отставке Оналбеков К.А. довел до слушателей историю и возрождение праздника.
25 октября для нашей страны — одна из важнейших дат. Именно в этот день в 1990 году была принята декларация о суверенитете Казахстана. Это был первый шаг к независимости страны.
Такие мероприятия помогают привить студентам чувство патриотизма, побольше узнать об истории своей страны.
Офицеры и студенты военной кафедры приняли участие в торжественном мероприятии, посвященное Дню Республики.
Әскери кафедра офицерлері мен студенттері Республика күніне арналған салтанатты іс -шараға қатысты.
Республика күні құтты болсын!
Әр мерекенің тарихи сипаты мен рухани қуаты болатыны мәлім. Тарихы мен тағлымы терең, рухани қуаты мығым мерекелердің қатарына Республика күні жататыны айдан анық. Он үш жыл бұрын тойланып, қазіргі таңда жұрттың жадынан өшіп, есімізден шыға бастаған мәртебелі мерекеміздің ортамызға қайта оралуы кім-кімді де қуантқаны сөзсіз.
Республика күнінің Ұлы Тәуелсіздік мерекемізбен бірдей аталатыны оның тарихи салмағын танытса керек. Өйткені 1990 жылы 25 қазан күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, тарих сахнасына Қазақстан атты егемен елдің шаңырағы көтеріліп, өзге елдермен терезесі тең өмір сүре бастады. Осы күннен бастап кез-келген қазақстандық өз жерінде, өз елінде еркін өмір сүруге, елінің болашағы үшін қажыр-қайратын аямастан адал қызмет етуге мүмкіндік алды.
Бүгінгі таңда тәуелсіздіктің отыз бір жылы артта қалды. Қандай биікті бағындырдық, қандай жетістікке қол жеткіздік деген келелі мәселеге келешек ұрпақ өз бағасын бере жатар. Ең бастысы тәуелсіздіктің туын мығым ұстап, келешектің көкжиегіне батыл қадам жасап келеміз.
Еліміздегі білім мен ғылым кеңістігінде қазақстандықтар әлемдік биік деңгейдегі оқу орындарымен иық тіресе жұмыс істеп, небір озық технологияларды меңгеруде. Жыл сайын еңбек нарығына қосылып жатқан жас мамандар білім ордасында алған білімдерін нақты тәжірибеде қолданып, ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Демек, құрметті әріптестер, біздің маман даярлаудағы қажырлы еңбегіміз республикамыздың ірге тасының бекуіне және оның тәуелсіз ғұмырының баянды болуына ықпал ететін бірден-бір көрсеткіш деп білемін.
Мемлекет жетістігі мұнымен шектелмесі анық. Қаншама ілкімді істер атқарылғанымен, алда одан он есе көп бастамалар күтіп тұрары сөзсіз. Өйткені қоғамдық даму бір орнында тұрмайды. Ол үнемі даму үстінде болуы тиіс. Сондықтан елдігіміз еңселі, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын дейтін болсақ, онда кез-келген Қазақстан азаматы ұрпақ алдындағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, білімде де, ғылымда да, еңбек орынында да аянбай тер төгуі тиіс.
Құрметті әріптестер, студент жастар, жалпы қазақстандықтар! Сіздерді осындай айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақыт пен береке, шаттық пен қуаныш тілеймін. Әр үйдің табалдырығын аттаған тәуелсіздік шуағы кемел келешектік жаршысы болсын деп тілеймін. Барлықтарыңыз бақытты болыңыздар!
Құрметпен, Дулати университетінің академиялық қызметі
бойынша проректоры, ректордың міндетін атқарушы
Гүлвира Мұсабекова
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СТАНДАРТ «ПЕДАГОГ»
«Педагог» кәсіптік стандарты
«Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубына кіру
2022 жылы 14 қазанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасында запастағы полковник К.Ш. Сағымбаев «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубына кірудің кезекті мәжілісін өткізді.
«Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының қатарына жаңадан сайланған екінші курс студенттері салтанатты түрде қабылданды.
Жаңадан сайланған студенттер 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шараларды өткізу жоспарымен.