
Super User
Academic mobility of students
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2021 жылда шет елдерде біліп алған студенттер
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2022 жылда шет елдерде біліп алған студенттер
Студенттердің ішкі академиялық ұтқырлығы 2023-2024 жж.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2023-2024 жылда шет елдерде біліп алған студенттер
«ФИЛОСОФТАН СҰРА»! АШЫҚ СҰХБАТ АЛАҢЫ
Қараша айының үшінші аптасының бейсенбісі әр жыл сайын ЮНЕСКО бекіткін «Дүниежүзілік философия күні». Биыл бұл күн 17-қараша халықаралық студенттер күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін университетіміздегі «Философия және саясаттану» кафедрасы өз кәсіби мерекелеріне орай «Философтан сұра!» атты 2.1. оқу корпусының фойесінде ашық сұхбат алаңын өткізді. Еуропада мұндай ашық форматтағы сұхбат үлкен қала арбаттарында жүргізіледі. «Ask a Philosopher» деген жазуды іліп қойып кәсіби философтар халықты өмір туралы әңгімелесуге шақырады. Біздің философтарда осы форматты қолдай отырып өз кәсіби мерекелерінде студенттерді өмір туралы әңгімелесуге үстел басына шақырды. Әдепкіде тосырқаған студенттер фойеде іркіліп бірден ашылып кете алмады, бірақ кәсіби философтар топтық әңгіме-дүкен құрып олардан «Өмірің мәнге ие ме?», «Өміріңнің мәні неде?» деген сияқты қызықты сұрақтар қойып, әңгімеге тартып, оларды елітіп жіберді. Белгілі бір уақыттан соң студенттер филосфтар үстеліне кезекке тұра бастады, әрбірі 15-20 минуттай философтармен сөйлесіп, кәсіби тұрғыдан ақыл-кеңестер алып, ортақ талқылаулар жасады. Мұндай формат тек студенттерді ғана емес, сонымен қатар, фойеде ары-бері жүрген қызметкерлерді де қызықтырып, оларда үстел басынан орын сұрады. Философтармен кәсіби тұрғыдан сөйлесу университетімізге Астанадан қызмет бабымен келген мамандар үшін де қызық болды. Олар да кәсіби философтарға өз сұрақтарын қойып пікірлесу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай форматтар біздің қоғамға қажет екендігін үстел басына отыруға сұраныс білдірген адамдар қатарынан байқауға болады. Үш сағатқа созылған сұхбатта әр философ оншақты әртүрлі адамдармен пікірлесе алды.
Әр адамның ішкі энергиясы сыртқы энергиямен алмасуды қалайды, олай болмаған жағдайда ол адамға өзінің кері ықпалын тигізеді. Барлығымыз өмір сүріп жүрміз, алайда ол не?
Қоғамдық сұранысты қанағаттандыру мақсатында философтар жыл сайынғы болатын «Дүниежүзілік философия күні» осы форматтағы сұхбат алаңын жалғастыруға уағдаласты. Бұқаралық сананың жаңаруы, бүтін бір елдің жаңа сапаға көтерілуі екені ақиқат. Олай болса «Жаңа Қазақстанның» жаңа болмысын жасауға бірге ат салысайық!
Философия және саясаттану кафедрасы
Футзалда Дулати кубогы сарапқа салынды
Командалық ойындар нағыз бұқаралық сипатқа ие спорт түрлері екені белгілі. Салауатты өмір салтын насихаттаудың тиімді жолы да – осы.
Жанкүйерлері де, қатысушылары да көп кіші футболдан жарыс «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтті. Футзалда командалар «Гидро – 60. Дулати Кубогын» сарапқа салғанын атап өткен жөн.
Ауқымы жағынан республикалық додадан кем түспеген жарыс М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының 60 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Жарыста10 ауданнан және Тараз қаласынан, жалпы 20 команда бақ сынады. Ауыл мен қала спортшылары арасындағы байланысты нығайтуды көздеген бастама өз үдесінен шықты. Екі күнге созылған тартысты бәсекеде 1-орынды Дулати командасы жеңіп алды. Ал екінші орын Талас ауданынан келген футзалшылардың еншісіне тиді. Үздік үштікті жуалылықтар түйіндеді.
Төрешілердің шешімі бойынша жарыстың «Ең үздік ойыншысы» Дулати университетінің оқытушысы Ізбасар Өксікбаев, «Қазфосфат» командасының қақпашысы Владимир Иваненко «Үздік қақпашы» атанды. Таластық Айбек Байқұлов – «Үздік қорғаушы», дулатилық Бауыржан Керімқұлов «Үздік шабуылшы» атағын жеңіп алды.
Жарты ғасырдан астам уақытта еңбек нарығына ең қажетті су шаруашылығы саласы мамандарын даярлап келе жатқан институттың 60 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыс Дулати университетінің облыста оң иммиджін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.
Дулати университетінің
медиа-қызметі
Гидро – 60. ДУЛАТИ КУБОГЫ
Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде «Гидро – 60. ДУЛАТИ КУБОГЫ» сарапқа салынатын кіші футболдан облыстық жарыс басталды.
Жарыс М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының 60 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
DULATY КУБОГЫН 10 ауданнан өтінім берген және Тараз қаласынан арнайы шақырылған командалар сарапқа салады.
Жарысты ұйымдастырудағы мақсат – ауыл мен қала спортшылары арасындағы байланысты нығайту, кіл мықтыдан құрылған команданы анықтау.
Жарыстың жүлде қоры:
1 - орын: 500.000 теңге
2 - орын: 200.000 теңге
3 - орын: 100.000 теңге
Индонезиялық профессормен тәжірибе алмасу
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне бір айлық іс-сапармен келген ИНДОНЕЗИЯЛЫҚ UNIVERSITAS ISLAM NEGERL SULTAN KASIM RIA-дан Генетика және Агробиология саласындағы Азияның жетекші профессорларының бірі доктор ЗУЛЬФАХМИ M.SI. келді, осыған орай профессор Зульфахми М. SI Қолданбалы биология" кафедрасындағы Профессор оқытушы құрамы мен магистранттар және студенттерге “Өсімдіктер генетикасы" бойынша "Бұрыштың мутантты түрлерін алу жолдары" тақырыбында дәрістер оқып, бірге жоба жасап, мақалалар жазып сертификаттар берді.
Тараз өңірлік университетінің студенттері дін өкілдерімен кездесті
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Технология факультетінде экстремизм мен терроризм алдын алу және жастарға рухани адамгершілік тәрбие беру мақсатында “һибатулла атындағы Тараз орталық мешіт, медресесінің найб имамы Бақытұлы Нұралы және Әліұлы Сәкен Биология мамандығының студенттерімен кездесу өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты студент жастардың тура жолдан таймай, түрлі бүлікшіл ұйымдардың жетегінде кетіп адасуынан сақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Кездесу барысында орталық маманы теріс діни ағымдардың қоғамға тигізер зауалын айтып берді. Сондай-ақ кездесуде “Қолданбалы биология” кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Керімбекқызы, аға тәлімгер Гулшат Бөленқызы және кафедраның аға оқытушылары Гүлнар Қуанышбекқызы, Гүлчехра Тұңғышқызы, Сәуле Достайқызы өз ойларын ортаға салып, пікіралмасу өткізді. Кездесу соңында студент жастар дін ғалымдарына сұрақтар қойып пікір алмасты.
С ДНЕМ СТУДЕНТА!
Студенческие годы – время, которое греет приятными воспоминаниями всю жизнь. Дорогие студенты DULATY UNIVERSITY! Поздравляем с праздником Днем студента!
Желаем правильно распределять время, чтобы и на подготовку к экзаменам хватало, и на отдых. Пусть студенческая дружба сохранится на долгие годы!