Super User
«ДУЛАТИТАНУ ЖӘНЕ ӨҢІР ТАРИХЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
«ДУЛАТИТАНУ ЖӘНЕ ӨҢІР ТАРИХЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Телефон: 87072708671
Мекен-жайы: Төле би № 62а 305 каб.

«Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығы 1999 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуіне орай, универсиетте 1999 жылғы 18 қаңтарда шыққан «О создании центра по изучению творчества М.Х.Дулати» атты №10 бұйрығына байланысты құрылды.
«Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесі тарихын зерттеу орталығының» алғашқы құрылтайшысы – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты. (Хаттама №1, 1 қыркүйек 2014 жыл).
2023 жылы екі орталық бірігіп «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы болып аталды.
Орталықтың негізгі мақсаты – ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері және тарихшы, ақын, әрі дипломат Мұхаммед Хайдар Дулати мұраларын жан-жақты зерттеу, насихаттау болып табылады. Тараз өңірі мен Әулиеата уезінің тарихы бойынша бұрын жарық көрмеген архив құжаттарын жинастыру, қордаланған материалдардың негізінде көптомдық құжаттар жинағы мен монографиялық еңбектер даярлау.
Ғылыми-зерттеу орталығының басты бағыттары:
- Ғалымның өмірі мен атқарған қызметтері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Ғалымның шығармашылығына арналған тарихи жазба түпдеректер мен ғылыми зерттеу еңбектерін саралау жұмыстарын ұйымдастыру;
- Атақты «Тарихи Рашиди» еңбегінің тарихи маңызын зерттеуде әлем және отандық ғалымдардың ғылыми ізденістерін үйлестіру және ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізу;
- Әлемдік және отандық дулатитанушы ғалымдармен ғылыми байланыс жасау және бірігіп зерттеу жұмыстарын атқару;
- М.Х.Дулатиға арналған « Дулати оқулары» конференциясын тұрақты өткізу және насихаттық- танымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу;
- көне және орта ғасырлардағы Тараз өңірінің тарихы; өңірдегі саяси процестер, көне сақтар пен үйсіндер, көшпелілер өркениеті, түркі этногенезі, түркi мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуы мен дамуы, қарлұқтар мен түргештер, орта ғасырлардағы дәстүрлi дүниетаным, түркі тайпаларының исламды қабылдауы, орта ғасырлық қала мәдениетін және т.б. қарастыру;
- «Әулиеата уезінің тарихы» атты серия бойынша көптомдық құжаттар жинағын жарыққа шығару; уездің саяси-әкімшілік құрылымы, экономикасы, мәдени өзгерістер, монархиялық биліктің қоныс аудару саясаты, жаңа елді мекендердің пайда болуы, жер мәселесінің шиеленісуі, ұлт-азаттық қозғалыстың өрістеуі, уездің тарихи тұлғалары, болыстар мен билер, революция мен азамат соғысы жылдарындағы уезд халқының әлеуметтік жағдайы, голощекиндік күшпен модернизациялаудың зардаптары, ашаршылық, сталиндік саяси репрессия және т.б. мәселелерді қамту;
- «Жамбыл облысының тарихы» атты серия бойынша көптомдық құжаттар жинағын жарыққа шығару; Жамбыл облысының құрылуы, екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы облыстың әлеуметтік- экономикалық жағдайы, соғыстан кейінгі жылдар, облыс кеңестік бесжылдықтар дәуірінде, облыс тәуелсіздік жылдарында, облысты басқарған қайраткерлер және т.б. мәселелер бойынша зерттеулер жүргізіледі;
- «Түркістан тұлғалары» атты серия бойынша тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеу; Аты айтып тұрғандай, бұл серия Түркістан өлкесінің тарихында өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеу;
- «Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы» сериясы бойынша монографиялық еңбектер мен құжаттар жинағын жарыққа шығару;
Ғылыми орталықтың бастамасымен 1999 жылдан бері ғылыми-зерттеу жинақтары және дәстүрлі «Дулати оқулары» конференция материалдары тұрақты шығып келеді.
Ғылыми орталықтың соңғы уақыттағы ғылыми-ізденіс жұмыстары: Университетте дәстүрлі түрде «Дулати оқулары» өткізіледі. Осы уақытқа дейін М.Х. Дулатидің өмірі мен шығармашылығына арналған 11 рет Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.
Конференцияға Отандық және шетелдік дулатитанушы ғалымдар үнемі ғылыми-зерттеу мақалаларын талқылап, жариялап отырады. М.Х.Дулати мұраларын ұлықтау ісі жан-жақты насихатталып, өзінің ылайықты жалғасын таба бермек.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының дайындаумен 3 кітап жарыққа шықты.
1.Әбсаттар Дербісалі «Мұхаммед Хайдар Дулати: өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық» («Өнер» баспасы, Алматы-2018. – 320 бет.)
- Мұхтар Қазбек «Ғалам таныған тұлға «М.Х. Дулати: қайраткер, ғұлама ғалым, жазушы» («Сенім» баспасы, Тараз-2018. – 240 бет.)
- «Дулатитану белестері».Ғылыми жинақ.Құрастырушы Сәмен Құлбарақ («Сенім» баспасы, Тараз- 2018– 320 бет.)
4.«М.Х.Дулатитану мұралары және әлем руханияты» атты Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы.(«Тараз университеті» баспасы, Тараз 2019.- 318 бет.)
5.«Ұлы Дала мәдениеті: Жастардың азаматтық қалыптасуындағы М.Х.Дулати мұрасының маңызы» атты әдістемелік құрал «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығында дайындалды. Авторлары: тарих ғылымы магистрі Г.М.Иманбекова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ш. Баешова. Бұл әдістемелік көмекші құралда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы және М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасындағы ұлттық құндылықтар байланыстырыла қарастырылды. Әдістемелік көмекші құрал профессор-оқытушылар құрамы мен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған.
2019 жылы 5 сәуір күні орталықтың қызметкерлері ф.ғ.д., профессор Ә.Дербісәлі, белгілі дулатитанушы М.Қазыбек, Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры т.ғ.д., профессор А.Абдуалы, ф.ғ.д., профессор С.Құлбарақ «Қазақстан» телеарнасы түсірген «Талқы» атты Мұхаммед Хайдар Дулати туралы «Қарекет» бағдарламасына қатысты. Ұлы қайраткердің ата-бабаларының шығу тегі жөнінде шығыстанушы ғалым Ә.Дербісәлі көп мағұлматтар берді. Тарихшы ғалым А.Абдуалы «Тарих-и Рашиди» еңбегі жөнінде қазақ хандарының саяси билігі мен хандық кезеңі туралы жан-жақты жазылған тарихи мәліметтерді пайдалануға мүмкіндік барын айтты.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті және Үндістан Республикасындағы Кашмир университетімен білім беру, ғылым және технология саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық өзара Меморандум келісім шартына 2018 жылы 25 қаңтар күні қол қойылды.
Өзбекстан Республикасындағы «Бабур» ғылыми – зерттеу орталығымен байланыс орнатылған. Өзбекстандық ғалым Вахаб Рахмановтың «О первом русском переводе «Тарих-и Рашиди (1996 г.)» еңбегін орталыққа сыйға тартылды.
«Дулатитану» ҒЗО сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ел мұрасы – ғибрат бастауы» жобасымен Жамбыл облысы халық шығармашылығының 10 томдығын дайындау бағытында жұмыстар жүргізу. Жоба жоспарына сәйкес қазіргі уақытта 3 том баспаға әзірленіп берілді.
- Халық ақыны Майкөт Сандыбайұлы шығармашылығы;
- Халық шығармашылығы: тарихи аңыздар;
- Сауытбек, Қылышбай, Бармақ , Өзбек ақындардың шығармалары;
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға арналған «Әулиеата – киелі мекен ІІІ» экспедициясы аясында «Шу-Талас өңірінің поэтикалық дәстүрлері» атты ғылыми-фольклорлық экспедиция материалдары баспаға ұсынылды.
«Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесі тарихын зерттеу орталығында» мынадай еңбектер баспалардан жарық көрді:
- С.У.Бақторазов «Қазақстанның оңтүстік өңірінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін (1917- 1939 ж.ж.)». Монография – Алматы: Дарын баспасы, 2022 – 307 бет.
- С.У.Бақторазов «Әулиеата өңіріндегі кәмпескелеу және ұжымдастыру науқандары кезіндегі дүрбелең», Монография – Тараз: «Алтын Баспа», 2022 – 258 бет.
- С.У.Бақторазов «Жазықсыз жапа шеккендер». Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның өңірлік жұмыс тобының зерделеуі. «Маңғыстау» 26 мамыр 2022 жыл.
- С.У.Бақторазов « С чего начинается террор»» (Что стало предпосылкой для долгих лет страха) «Знамя труда» 31 мая 2022 г.
- С.У.Бақторазов «Қаздырып берді Ызбанов «Ақжар» атты жарманы» «Егемен Қазақстан» 1 тамыз 2022 ж.
- С.У.Бақторазов «Время правды (архивы открывают трагические страницы истории)» «Знамя труда» 4 августа 2022 г.
- С.У.Бақторазов «Так начиналась Республика» (Что стало фундаментом государственности) «Знамя труда» 22 октября 2022 г.
- С.У.Бақторазов «Тәуелсіздік туын тұғырына қондырған». «Ақ жол» 25 қазан 2022 жыл.
- С.У.Бақторазов « Алаш қозғалысы тарихының түрлі қырлары». «Ақ жол» 6 желтоқсан 2022 жыл.
- С.У.Бақторазов «Тұғыры биік тұлға». Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның өңірлік жұмыс тобының зерделеуі. «Ақ жол» 24 желтоқсан 2022 жыл.
- С.У.Бақторазов «Первая «оттепель»» (Как коммунисты боялись оправдать товарищей) «Знамя труда» 29 декабря 2022 г.

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.
Мекен жайы: Төле би № 62а 305 каб.
Байланыс телефоны: 87014702054
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Мекен жайы: Төле би № 62а 305 каб.
Байланыс телефоны: 87072708671
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

ғылыми зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі
Мекен жайы: Төле би № 62а 305 каб.
Байланыс телефоны: 8 (702)3273399
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі
Мекен жайы: Төле би № 62а 305 каб.
Байланыс телефоны: 87017683957
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сенің болашағыңның мақсаты - дұрыс мамандықты таңдау!
Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Танымал жандар
Жуырда Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Аналар алқасы » ұйымындағы танымал тұлғалар , халық арасында жоғары беделге ие ел аналары кезекті жиынын М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының студенттерімен өткізді
«Қыздар тәрбиесінде қазақ халық қағидаларын қолдану» атты ашық тәрбие сағағатында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сарыбекова Жанат Төленқызы бастаған және жоғарғы санаттағы заңгер Абдрахманова Кулзипа Бекбауқызы, денсаулық саласының үздігі «Алтын дәрігер» Абылғазина Жұмакүл Даулетқызы өмірлік ұстанымдар мен мәні тереңде жатқан ұлттық рухани құндылықтар жайлы әңгімелеп берді.
ПОДЪЕМ ЛЕГКОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ – ДЕЛО РУК МОЛОДЕЖИ
Согласно плана работы студенческого научного кружка (далее СНК) «Технолог», 23.12.2022г. было проведено открытое заседание в формате круглого стола на тему: «Подъем легкой промышленности – дело рук молодежи» для выпускных классов школ Тараза и Жамбылской области.
Цель круглого стола - развитие исследовательских умений и навыков учащихся школ к исследовательской деятельности в сфере легкой промышленности Казахстана. На круглом столе обучающимися были обсуждены проблемы легкой промышленности Республики Казахстан.
Круглый стол открыл с приветственной речью заведующий кафедрой «Текстиль, материаловедение и стандартизация» к.т.н., доцент Шардарбек М.Ш. Заведующий кафедрой рассказал о нехватке кадров по переработке шкури шерсти, производства текстильных и нетканных материалов.
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ӨРКЕНДЕУІ – ЖАСТАР ҚОЛЫНДА
«Технолог» студенттік–ғылыми үйірмесінің (СҒҮ) жұмыс жоспарына сәйкес 23.12.2022 жылы Тараз қаласының мектеп бітіруші оқушыларымен «Жеңіл өнеркәсіптің өркендеуі – жастар қолында» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ашық отырыс өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласындағы ғылыми-зерттеу іс-әрекеті үшін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту. Дөңгелек үстелде мектеп оқушылары мен үйірме мүшелері Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібінің мәселелерін талқылады.
ТӨРТ БІРДЕЙ СТУДЕНТІМІЗ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Шымкент қаласында ересектер арасында Каратэ-до Шотоканнан өткен Қазақстан Кубогында Дулати университетінің төрт бірдей студенті чемпион атанып қайтты.
Университетіміздің қабырғасында жаттығып жүрген, қарсыластарына мүмкіндік бермей жеңіспен, абыроймен оралған студенттеріміз:
1. ДЖУМАМУРАТОВ НУРЛАН — І ОРЫН - 2 курс студенті.
2. МАМАНОВ АХАТ — І ОРЫН - 2 курс студенті
3. СМЕТОВ СУЛТАН — І ОРЫН - 1 курс студенті
4. САГЫНДЫКОВА МЕЙІРІМ — І ОРЫН - 2 курс студенті
Осы чемпиондарымызды даярлаған ҚР спорт шебері, «Дене шынықтыру мен спорт теориясы» кафедрасының аға оқытушысы МАХАМБЕТОВ ЕРІК ОРАЛБЕКҰЛЫНА алғыс айтамыз. Жеңіске бірге жетейік!
"Сыбайлас жемқорлық - қоғам мәселесі"




2022 жылы желтоқсан айында студенттердің діни көзқарастарын зерделеу бойынша жүргізілген сауалнаманың ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
Қазіргі таңда жастар арасында діни экстремизм мен терроризм көріністерін алдын-алу мақсатында жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Өйткені, жастардың бойында деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы рухани иммунитет және діни сауаттылықты қалыптастыру өзекті мәселенің бірі. Осыған орай, Дулати университетінде Дінтану орталығы 2013 жылдан бастап жүйелі түрде жұмыс жасауда. Дінтану оратылығының бас маманы ретінде дінтанушы-магистр Б.Қ.Алпысбаев қызмет жасайды. Дінтану орталығы тарапынан жыл сайын барлық институт және факультет студенттеріне дін саласындағы профилактикалық жұмыстарын және сауалнамалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Студенттерге оқу ақысын төлеу үшін 2-3 пайыздық кредит беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда студенттерге оқу ақысын өтеу үшін мөлшерлемесі төмен несие беру жолдарын қарастыруды міндеттегені баршаға мәлім.
Жолдаудан туындаған міндеттерді орындау мақсатында студенттерге төмен мөлшерлемемен кредит беру жүйесі жасалды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, 2023-2024 оқу жылынан бастап оқу ақысын төлеу үшін студенттер банктен 2-3 пайыздық кредит ала алады.
Министрлік Қазақстанда бұрын қолданыста болған қаржыландыру және несие беру модельдерін тиянақтап жасау үстінде.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, студенттер несиені өз атына рәсімдей алады екен. Ал несиені екінші деңгейлі банктер береді.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
2022 жылғы 23 желтоқсанда әскери кафедра оқытушысы отставкадағы майор Қ.А. Оңалбеков Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде онлайн форматта өткен «Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының ұлы, даңқты қолбасшы» атты халықаралық ғылыми–теориялық конференцияға қатысты.
Конференция аясында келесі бағыттар бойынша сұрақтар талқыланды: «Бауыржан Момышұлы қазақ халқының тарихында. Өмірбаян беттері. Бауыржан Момышұлының әскери өнер мен тактиканы дамытуға қосқан үлесі. Қазіргі әскери істегі аты аңызға айналған қолбасшының мұрасы. Бауыржан Момышұлының еңбектеріндегі әскери тарих, әскери оқыту және тәрбиелеу».
