
Super User
17 қараша – Халықаралық студенттер күні
Студенттік күндер – ең қымбат шақтар! Білім мен ғылым айдынына құлаш ұрған қымбат уақыт! Қиындығы мен қызығы қатар жүретін аяулы кезең. Мән мен мағынаны ұқтырған арайлы жылдар! Естен кетпес естеліктер!
Мереке құтты болсын, құрметті Дулати университетінің студенттері! Студенттік жылдарды осындай сәні мен мәні астасқан салтанатпен өткізулеріңізге тілектеспіз!
Беседа со студентами на тему: «Пьянство и наркомания источники происшествий и преступлений»
С 14 по18 ноября 2022 года со студентами военной кафедры была проведена беседа на тему: «Пьянство и наркомания источники происшествий и преступлений».
Полковник запаса Сагимбаев К.Ш. рассказал студентам о последствиях употребления наркотиков, значительно расширил их знания о вредном влиянии алкоголя и наркотических веществ.
Цель беседы: показать актуальность проблемы в современном мире, пробудить у студентов интерес к здоровому образу жизни через познание себя.
«Маскүнемдік пен нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі» тақырыбында студенттермен әңгіме
2022 жылғы 14 мен 18 қараша аралығында әскери кафедра студенттерімен «Маскүнемдік пен нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Запастағы полковник Қ.Ш. Сағымбаев студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып, алкоголь мен есірткі заттарының зиянды әсері туралы білімдерін едәуір кеңейтті..
Әңгіме мақсаты: Қазіргі әлемдегі проблеманың өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.
Біздің студенттер – FinIQ ойынының жеңімпаздары
Достық үйінде өткен іс-шара 15 қараша – теңге күніне, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналды. Фойеде Ұлттық банк монеталары, сондай-ақ филиал мұражайының басқа да жәдігерлері арнайы көрмеге қойылды. Сондай-ақ банк жүйесінің ардагерлерімен және басқа да қонақтармен кездесу өтті.
Мерекелік іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының директоры Е.Шарыгин сала қызметкерлерін, жамбылдықтарды атаулы мерекемен құттықтап, еңбекте үздік шыққан облыстың қаржы жүйесінің еңбек сіңірген қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етті.
Мерекеге орай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы екінші деңгейлі банктердің Тараз қаласындағы филиалдарымен бірлесіп, Тараз қаласындағы оқу орындарының студенттері арасында «FinIQ» интеллектуалдық ойынын өткізді. Қатысушының стратегиялық қадамдарын бағалап, ұпай жинау, логикалық ойлау элементтері, сондай-ақ қаржы-экономика, ұлттық валюта – теңге және т.б. саладағы танымдық деңгейін анықтайтын интелектуалдық жарысқа М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты, Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің командалары қатысып, бақ сынады.
Ойыншылар интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, екі турдың қорытындысы бойынша жетекші ойындар әр команданың жалпы ұпайларын жарияланды. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «TARFIN» командасы ең көп ұпай жинап, «FinIQ» зияткерлік ойынының чемпионы деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және дипломдар мен марапатталды.
Дулати университетінің командасына «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, доцент Совет Қожабеков және кафедра ұжымы мен студенттерарнайы барып, қолдау көрсетті. Интеллектуалдық қабілеттерін барынша айқын көрсеткен ойыншылар Тараз қаласындағы банктердің біріне жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін сертификаттарға ие болды.
Ойынның фавориті «TARFIN» командасының капитаны, «Қаржы» мамандығының 4 курс студенті Сухих Даниэльге Ұлттық және Jusan банктерден, HomeСreditBank-тен бір-бір сертификатын тапсырды. Ал 3 курс студенті Әділ Қалматов Нұрбанктің сертификатына қол жеткізсе, Жанайым Досмұханбет пен Шолпан Бекмұратова, Рамазан Иманов HomeСreditBank сертификаттарын алды.
Интеллектуалдық ойында жеңіске жеткен жеңімпаздарға енді аталған банктерде жұмысқа орналасам десе, жол ашық.
Жарыс соңында Дулати университеті ректорының міндетін атқарушы Г. Мұсабековаға, студенттердің жетекшілері, «Қаржы және есеп» кафедрасының доценттері Д. Мұратова, А. Молдабекова, А.Таңатоваға Ұлттық банк директорының Алғыс хаттары табыс етілді.
«ЖАСТАРДЫ ҚОҒАМДАҒЫ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНАН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ»
11.11.2022ж. күні «Ұстаз» институтына қарасты «Физика және ІТ», «Әлем тілдері» кафедралары Дінтану орталығымен өзара бірлесе отырып, «Физика» және «Шет тілдері» мамандықтарының 1 курс студенттеріне діни экстремизм көріністерін алдын-алу мақсатында кездесу ұйымдастырды. Кездесуде Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде қатысып, жастарға ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды таныстырып өтті. Сонымен қатар зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан-жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс екендігі туралы айтылды. Студенттер діни сауаттылыққа байланысты өз сұрақтарын қойып, ғылыми бағытта жауаптар берілді.
«Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновке - 100 жыл!»
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқа даласында, Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген.Өзінің әскери өмірінде жауынгерлік барлау, немістің шабуылдаушы ұшақтарына шабуыл жасау секілді жүздеген оқиғалар болады.Талғат Жақыпбекұлы өзінің алғашқы «Алтын жұлдыз» медалі мен Кеңес Одағының Батыры атағын 1944 жылы алды. Оның басшылығындағы ұшақтар Кировоград пен Знаменка қалаларын батылдықпен қорғады. Бір жыл өткен соң Бигелдинов сол атаққа екінші рет ие болды.Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов соғыста екі жыл ғана күрес жүргізсе де, бірақ осы уақыт ішінде 305 әскери шабуылға шығып, көптеген ұшақтарды құлатып, жүздеген командалық тапсырмаларды орындады.
«25 қазан - Республика күні»
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.Елбасы Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.Отан, Отан!!!Сен болмасаң нетер ем?Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем! Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде таниды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ол жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлыңы айқын сезінеді. Біз туған мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.
Текстиль және сапа» студенттік ғылыми үйірмесімен Дүниежүзілік Сапа күніне «Сапа және қауіпсіздік – заман талабы» тақырыбында өткізілген шағын конференциясы
«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының «Текстиль және сапа» студенттік ғылыми үйірмесімен Дүниежүзілік Сапа күніне орай «Сапа және қауіпсіздік – заман талабы» тақырыбында 11.11.2022 ж. Жамбыл облысы және Тараз қаласының колледждері мен мектептерінің білім алушыларының арасында шағын конференцияның ашық отырысы өткізілді.
Өнім сапасының мәселесі кез келген елдің экономикасындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Бүкіл қоғамның назарын өмірдегі сапаның маңыздылығына аудару үшін «Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы 1989 жылдан бастап Дүниежүзілік сапа күнін атап өтуді ұсынды.