
Super User
Жылдың ең ұтымды жобасы
2022 жылды – Балалар жылы деп жариялағанда, 12 айдың ішінде ұсынылатын жобалар мен бастамалардың бәрі өзара сабақтасып тұратынына күмән болған жоқ. Жалпы жас жеткіншектердің игілігі үшін атқарылатын жұмыстар әр жылы толас таппайтыны белгілі. Елдің ертеңі солар болған соң, барлық іс балалардың болашағын қамдаудан басталуы заңдылық.
Балалар жылына орай, ел көлемінде елеулі іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Солардың ішінде балғындар тәрбиесіндегі тұтас жүйені қамтыған ең ұтымды жобаны М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ұсынды. Ерекшелігі – білім беру жүйесінің барлық сатысын қамтылуында. Ал оқыту мен тәрбиелеу процесі – балаларға деген қамқорлықтың ең тиімді үлгісі екені сөзсіз.
«Балабақша – мектеп – жоғары оқу орындары» байланысындағы І фестиваль аясында Дулати университетінде бірнеше маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Соның бірі – оқу орнының бас ғимаратында өткен университет ғалымдарының «KIDS UNIVERSITY» жобасы мен Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің «KASCUNET балалар университеттері желісін құру» ғылыми-зерттеу жобасы аясында ғылыми ынтымақтастықты нығайту бойынша кездесу.
Жалпы білім беру ісінде кездесетін түйткілді проблемалардың себебіне үңілсек, «KIDS UNIVERSITY» жобасы мен Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің «KASCUNET балалар университеттері желісін құру» ғылыми-зерттеу жобасының маңызы ашыла түседі. Осы тұрғыдан алғанда, бұл бастама үлкен мәнге ие.
Өзара әріптестік байланысты нығайтуға жол ашқан кездесуде білім беру процесіндегі өзекті мәселелер сөз болды. Оқытудың үш сатысындағы білім мекемелерінің қарым-қатынасы жайлы айтылды.Кездесуден кейін Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті ғалымдарының Дулати университетінің музейімен танысты.
Фестиваль шеңберіндегі іс-шаралар Дулати университетінің студенттері мен магистранттары және Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушыларына өткізген «Шебер сыныптарда» жалғасын тапты.
Балалар жылына орай ұйымдастырылған фестиваль екі күнге созылды. «Ақүрпек» бөбекжай бақшасында «Ғылым және мен» атты мектепалды даярлық тобындағы балалармен студенттердің танымдық сабақтар өтті. Бұдан кейін Тараз қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында «Мен ғалым боламын» атты студенттердің мектеп оқушылары арасындағы зияткерлік шығармашылық жұмыстары сараланды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институты, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының бастамасымен өткен фестивальге Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдары, «Ақүрпек» бөбекжай бақшасы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының педагогтары, «Үздіксіз және мектепке дейінгі білім беру Қазақстан ассоциясының филиалының» ғалым-профессорлары қатысты.
Үздік білім – жақсы жұмыс, жоғары табыс табудың ең негізгі кілті.
Шекара асып біліктілікті арттыру, көкжиекті кеңейту заман талабы. Ол үшін ағылшын тілін меңгеру, бірнеше сынақтардан өту қажет. Ең бастысы мамандығыңды шыңдап, ізденісті тоқтатпасаң болғаны.
Қазіргі таңда барлық ЖОО-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттер үшін жақсы мүмкіндік сыйлауда. Апта, ай немесе бірнеше жыл тәжірбиеден өту студент үшін үлкен жетістік.
Дулати университетінің студенттері жаңа оқу жылын Малайзия, Испания, Германия, Түркия елдерінде бастады. Академиялық ұтқырлық бойынша конкурстық гранттардың иегері атанған білімгерлер жақсы нәтижемен көзге түсуде. Бүгінде жаңашылдыққа құштар Шет тілі мұғалімдерін даярлау және Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау мамандығының 3-курс студенттері Польша мемлекеті, Познан қаласы, Адам Мицкевич университетінде оқуға мүмкіндік алды. Студенттерді Дулати университетінің ректоры міндетін атқарушы Гульвира Мусабекова қабылдап сәттілік тіледі. Білімге ұмтылған әр жасты қолдау – университеттің басты миссиясы екенін атап өтті. Жиын соңында студенттерге университеттің имидждік өнімдері тарту етілді.
Дулати университетінің медиа-қызметі.
Ұстаз – адамның рухани сәулеткері, қоғамның басты тұлғасы.
Жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап бағдар берушісі. Ол үшін мұғалімнің заманға сай білімі, біліктілігі қажет.
Дулати университетінің профессор-оқытушы құрамы ізденісін тоқтатқан емес. Бір-бірімен тәжірбие алмасу, түрлі тренигтер ұйымдастыру дәстүрлі түрде жалғасын табуда. Тек университет, республика көлемінде шектелмей шетелдік ғалымдар магистранттар мен доктаранттарға дәріс өтуде. Профессор-ғалымдар Литва, Түркия, АҚШ, Германия елдерінен келген. Күнделікті тәжірбие барысында жаңа сабақ өту техникасы мен методиканы үйренетін біздің магистранттар алдағы уақытта жұмыс барысында пайдаланатындарын жеткізді.
Кезекті дәріс «Ұстаз» институтының физика лабораториясында Литва қаласынан келген профессордың тәжірбиесімен жалғасты. Айта кету керек, шетелдік ғалымдар Дулати университетінде 1 ай дәріс оқиды.
Дулати университетінің медиа-қызметі.
Қоғамдық мәселелер назарда болады
Қоғамдық мәселелерді шешудің тиімді жолы – оған дер кезінде назар аудару. Халықпен кері байланыс қашанда қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындаған осындай міндеттерді орындау мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде қоғамдық қабылдау кабинеті ашылды.
Жоғары оқу орындарының контингентінің басым бөлігін студенттер құрайтыны түсінікті. Ал жастардың проблемасы – әлеуметтік көңіл күйге әсер ететін қоғамдағы түйткілдердің бірі. Әсіресе, студенттердің жайы алаңдатады. Өйткені, білім алып, маман иесі атанам деген жасқа сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Ал туындаған мәселелерге дер кезінде назар аударып отыру қажет.
Университет жанынан іске қосылған қоғамдық қабылдауларда профессор-оқытушылар мен қызметкерлер, білім алушылардың өтініш-сұрақтары тыңдалады. Туындаған сауалдарына немесе ұсыныстарының шешімін табуға көмектесу, ғылым және жоғары білім саласындағы жобаларды іске асыруды үйлестіру т.б. мәселелер қаралады. Сонымен қатар, студенттермен, ұжыммен, қоғаммен тұрақты жұмыс істейтін байланыс арналары құрылады.
Қоғамдық қабылдауды университет ректоры басқарады. Ол өз жұмысын Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Ахуалдық орталықтың басшысымен бірлесе үйлестіреді.
Бұл ретте бір нәрсені ескерген жөн, қоғамдық қабылдауда тек шағымдар ғана қабылданбайды. Өз идеяларын айтқан, ойлары мен ұсыныстарын ортаға салған студенттер мен профессор-оқытушылардың да бастамалары тыңдалып, қолдау табатын болады. Қоғамдық қабылдаудың негізінде ақпараттық қолдау орталығы, контент-фабрикасы, әлеуметтік зерттеу орталығы ашу көзделуде.
Тіл - татулық тірегі
Ұстаз институтында 5 мен 22 қыркүйек күндер аралығында Қазақстан халықтар тілдер күні мерекесіне орай "Тіл - татулық тірегі" тақырыбында тілдер апталығы өтті.
1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданды. Биыл мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған. 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ тіл білімімен және әдебиеттануымен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Ол қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған.
Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған.
Literary challenge: Poems of Language
«Білім берудегі шетел тілдері» кафедрасының аға оытушылары Байбосынова А.С., Тулебаева С.К., Отарова Т.Н. 1-курс студенттері арасында студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында 19-24 қыркүйек аралығында Қазақстан халықтар тілдер күні мерекесіне орай «Literary challenge: Poems of Language» тақырыбында ағылшын тілінде тіл туралы өлең оқудан жарыс ұйымдастырды.
Тіл туралы өлең оқудан челленджге 1-курс студенттері белсене ат салысты. Студенттер өздері видео үндеу жасап, бір-біріне жолдау жасады. Көрсетілген уақыт аралығында бірнеше жұмыстар келіп түсті. Кафедра шешімімен өте үздік деген 7 видео таңдалып, институттың инстаграм парақшасына жүктеліп, онлайн дауыс беруге ортаға салынды. Дауыс беру 24-26-қыркүйек аралығында жүргізілді. Дауыс беру шарты ең көп лүпіл және пікір жинаған студент байқау жеңімпазы болып анықталды. Аталған уақыт аралығында студенттер белсенділік танытты.
Университет кітапханасымен таныстыру
Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінен бастап «Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» мамандығының бірінші курс студенттеріне, 1-курс кураторы Л. Юсупова басқаруымен, университет кітапханасының оқу залдары мен абонементтеріне экскурсиялар жүргізілді.
Кітапхана білім тарату, рухани және интеллектуалды қарым-қатынас, мәдениет орталығы болып табылады. Кітапхананың жұмысы студенттердің жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру, еңбек нарығында білікті мамандар мен ғылыми кадрларды даярлауға көмектесу мәселелерін шешуге бағытталған.
Кітапхананың негізгі мақсаты – жоғары білім беруді пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру – оқу және ғылыми қызметпен айналысатын оқытушылар мен қызметкерлерге білім алу.
Университет кітапханашылар экскурсия кезінде кітапхананың ресурстары мен қызметтерін пайдалану ережелерімен таныстырды. Электронды каталогпен жұмыс істеу, қашықтан қолдануға болатын деректер базасында ақпарат іздеу бойынша кеңестер берілді. Бірінші курс студенттеріне А.Абдировқа, М.Абезовқа, Р.Арапбекқе, Ж.Әбзелбекке, А.Наурызбай, А.Сағымбекке, сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры үлкен қызығушылық тудырды.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АПТАЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА
Дулати Университетіне шетелдік профессорларының визиті жалғасуда. Малтепе Университетінің (Түркия) профессоры Сефа Четин 10-қыркүйектен бастап 1 ай бойы "Туризм", "Экономика", "Менеджмент", "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарының студенттері мен магистранттарына дәріс оқуда.
Шақыртылған шетелдік профессор "Экономика", "Туризм және сервис", "Менеджмент" кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамына және білім алушыларға "Персоналды басқару", "Экономиканы мемлекеттік реттеудің бағыттары",
"Заманауи басқару бағыттары", Жоғары білім және ғылым жүйесіндегі әлемдік трендтер" аясында семинар өткізеді.
Шетелдік профессор оқытушаларға ғылыми жобаларды әзірлеу, сондай-ақ, импакт факторлы журналдарға ғылыми мақала жариялау бойынша кеңестер жүргізеді.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АПТАЛЫҚ ӨТУДЕ.
Дулати Университетіне Heilbronn Университетінің (Германия) профессорлары Яворски Ежи, Александр Джессер және Дитмар Хегель 18-23 қыркүйек аралығында зерттеулер мен білім беру аясында тәжірибе алмасу мақсатында келді.
Шетелдік профессорлар "Туризм", сондай-ақ экономикалық мамандықтардың студенттеріне дәріс оқумен қатар, халықаралық студенттік айырбас бағдарламаларын қаржыландырудың бірнеше нұсқаларын түсіндіре өтті.
Апта барысында шетелдік әріптестер "Экономика" кафедрасының негізгі серіктестерінің бірі - "Қазфосфат" ЖШС-не визит жасап, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері жөнінде сөз етті. Сондай-ақ, ЖШС қызметкерлеріне оқыту семинарын жүргізді.
Университет қонақтары өлкеміздегі тарихи орындарға гидпен бірге экскурсияға шықты.
Дуалды оқыту элементтерін оқу процесіне енгізу керек
Оқу процесіне практикалық дағдыларды енгізу қажет екендігі туралы мәселе көтеріліп жүргеніне көп болды. Алайда, оның тетіктері дуалды жүйеде кеңінен қарастырылған соң, тақырып көп талқыланса да, тәжірибеге енгізілмеген еді.
Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университеті (Германия) мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің арасында жасалған Ынтымақтастық туралы келісім-шартқа сәйкес, Таразға арнайы шақырылған шетелдік оқытушылар осы жүйені оқу процесінде қолдану мәселесін қолға алды.
Дулати университетінің «Әлем тілдері» кафедрасы ұйымдастырған семинарда дуалды оқыту элементтерімен танысу және оқу процесіне енгізу мәселелері кеңінен талқыланды. Әрине, бұл ретте бастамашы болған біздің оқу орнынының оқытушылары екенін айта кеткен жөн. Семинарда дуалды білім беру жүйесінің теориялық және практикалық негізі жайлы әңгіме қозғалып, оқытушылар дуалды оқытуды жоғарғы оқу орнына енгізу тәжірибесімен танысты.
Семинар спикерлері Германиядағы дуалды оқыту тәжірибесіне тоқталып, Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университетіне дуалды оқыту тәжірибесін енгізгендегі тәжірибелерімен бөлісті. «Әлем тілдері» кафедрасының дуалды оқыту элементтеріне қатысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.