Super User

Super User

Среда, 21 сентября 2022 10:06

Еліміздің ендігі даму бағдары

Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Ал саяси жаңғырулар экономикалық оң өзгерістерге әкелері сөзсіз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Әділетті Қазақстанда біркелкі қоғамның бейнесі қалай болуы тиісті екенін айқындап берді. Мемлекет басшысы атап көрсеткен еліміздің алдағы даму бағдары, нақты стратегиялық жоспарлар қандай? Текстиль, материалтану және стандартизация кафедрасында өткен «Отанымыз бар, ол Қазақстан» атты дөңгелек үстел отырысында осы мәселелер талқыланды.

Жиында кафедраның  аға кураторы Г. Қасымова ашып, Жолдауда көрініс тапқан бірқатар ауыз толтырып айтатындай, оң өзгерістерді атап өтті. Кафедраның доценті т.ғ.к. Ж. Рахманова баяндама (презентация) жасады. Кафедра оқытушылары арасында өзара пікір-таластар айтылды.  Іс-шара соңында  кафедра меңгерушісі т.ғ.к. доцент М.Шардарбек  қорытынды сөз сөйледі.

2022 жылдың 20-қыркүйек күні «Өнер және спорт» факультетінің ұйымдастырумен 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның «Қоғамда радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті және радикалдық идеологияға қарсы рухани иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы шараларын жетілдіру» бағытына сәйкес дінтанушы мамандарды тарта отырып, жастардың жат ағымдарға қарсы рухани иммунитеттерін қалыптастыру өзекті мәслеленің бірі.  Осыған байланысты Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментіне қарасты Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Алпысбаев Б.Қ. қатысып, студент жастарға университеттің ішкі тәртіп Ережесі, студенттерге арналған Ар-намыс кодексін сақтау және қоғамдағы деструктивті діни идеологияның қауіп қатерін алдын-алу бағыттары бойынша көптеген мәліметтерді жеткізді. Іс-шара барысында студенттер тарапынан діни мазмұнда көптеген сұрақтар қойылып, оларға құқықтық және дінтанулық бағытта жауаптар берілді.  Барлығы қатысқан студенттер саны – 80.

Пятница, 16 сентября 2022 11:00

Әскери саланың ғалымы

Әскери ғылымның қыр-сырын екінің бірі біле бермейді. Қорғаныс саласының мықты мамандарын даярлау үшін де ғылыми негіз керек. Сондықтан әскери ғылымдар мамандығы бойынша білім беру ісіне баса мән беріледі. Бұл бағытта нақты жоспарлар шеңберінде жұмыс жүргізіледі. Жақында әскери ғылымдар мамандығы бойынша осы салада көп жылғы ізденісте жүрген ғалымдарға профессор ғылыми атағы берілгені – соның бір көрінісі.

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 378 бұйрығы негізінде 20.00.00 – әскери ғылымдар мамандығы бойынша Сағат Амангелдіұлы Мұқышевқа

қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Әріптесімізді ғылым жолында қол жеткізген жетістігімен құттықтаймыз!

Болашағын бағамдайтын мемлекет жастар санасының ояу, білімінің жоғары болуына басты мән береді. Білім мен ғылымның салтанат құруы Қазақстанның еңсесін ешкімге бастырмауға сеп болатын кезеңде атқарар жұмыстар нәтижелі болатынына сенім мол.
Біліммен қатар, қоғамдық белсенділікті және құқықтық сауаттылықты арттырғанымыз жөн. Заңдар жүйесі мемлекеттегі жағдайларға байланысты өзгертіп отырады. Қоғам хабардар болуы керек. Осы бағытты ұстанған Дулати университеті Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директоры – Төлендиев Қасымхан Естемесұлымен кездесу өткізілді.

WhatsApp Image 2022 09 16 at 16.29.45

– Қасым-Жомарт Кемелұлының Президент лауазымына кіріскеннен бергі 5-ші Жолдауы. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталғандығын айтып, студенттер арасында болатын заң бұзушылықтарға тоқталды. Бастысы студент өз құқығын білсе, сауатты болса келеңсіз оқиғалар кезінде айтарлықтай қиындық туындамайтынын айтты.

Кездесу барысында студенттер сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

WhatsApp Image 2022 09 16 at 16.29.46

Пятница, 16 сентября 2022 10:03

Ғалымнан қалған тағылым

Үш бірдей жоғары оқу орнын басқарған, жоғары білім және ғылым саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған жамбылдық ғалым, техника ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Әшімжан Ахметовтың есімін әріптестері әрқашан құрметпен атайды. Оның өмір және еңбек жолын осы салаға жаңа қадам басқан жас мамандарға үлгі етіп келеді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бас ғимаратының мәжіліс залында тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА академигі Әшімжан Сүлейменұлы Ахметовті еске алуға арналған «Табиғатты ұтымды пайдалану және экологиялық қауіпсіздік контекстіндегі өңірлердің орнықты даму проблемалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

2

Пленарлық мәжілісті М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма мүшесі – ректор міндетін атқарушы  Гүлвира Мусабекова ашып, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау жеделхатын оқып берді. Академиктің өмір және еңбек жолына тоқталды.

Жоғары білім және ғылым саласында Әшімжан Ахметовтың қалдырған қолтаңбасы өзгеше көрініп тұрады. Оның осы салаға сіңірген еңбегі туралы сөз қозғағанда, көз көрген замандастары алдымен, жастарға ғылыми зерттеулермен алаңсыз айналысуы үшін жасаған қолдауын айтады.

Халықаралық конференцияда Израильден техника ғылымдарының докторы, профессоры Валерий Кац және Өзбекстан  Республикасы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Ирригация және мелиорация», «ТИАШМИИ» ҒЗУ кафедрасының профессоры Бахтияр Матякубов онлайн байланыс арқылы қатысып, ғалым Ә.Ахметовтың техника ғылымдарының дамуына қосқан үлестері айтып, баяндама оқыды.

3

Әшімжан Ахметовтің шәкірті, қазіргі таңда тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ҚПН академигі, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова «Қоғам қайраткері: ұлы тұлға, ұлт жанды ұстаз, көрнекті ректор - Ә.С.Ахметов» атты баяндамасында ғалымның қызмет жолына тоқталып, ғылымға сіңірген еңбегінің қандай марапаттарға жеткізгенін айтып өтті.

 – Әшімжан Ахметовтың өмір және еңбек жолын толық қамтыған конференцияны халықаралық деңгейде ұйымдастырғаны үшін шәкірті ретінде үлкен алғыс айтамын. Қатардағы оқытушыдан, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің вице-министрлігі лауазымына көтерілген, еңбек жолы кейінгі буынға үлгі боларлық тұлға тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңде алдыңғы қатарлы ЖОО-ның үздік тәжірбиесін зерттеп, оны университетті басқару ісіне батыл енгізе білді. Соның ішінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде атқарған жұмыстарын атап өту менің парызым деп білемін. Студенттердің контигенттін көбейту мәселесі, сапа менеджментін енгізу, студенттердің білімін бақылауда ашық әрі қолжетімді жүйені іске қосты. Техникалық бағыттағы магистратура мен докторантура бойынша жаңа білім бағдарламалары ашылды. «Жас өркен» сауықтыру лагерін іске қосып, студенттердің практика базасын нығайтты. Жаңа АКТ залдарын ашты. Оқытушыларға арналған GPA жүйесі енгізілді. Мектептермен тығыз байланыс орнатылды. Студенттерге «Его величество – студент» деген атау берді. Қазіргі жатақханалардың барлығы сол кезде іске қосылған. Студенттік билет арқылы жаңа бассейндер ашылды.  Шахмат клубы, түнгі кітапхана жаңадан ашылып, базасы нығайтылды. Ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлді. Инновациялық НАНО инженерлік ғылыми зертхана күні бүгінге дейін жұмыс жасап жатыр. Сол тұста университет республикада үздік бестікке енгені – табанды еңбектің жемісі. Бір сөзбен айтқанда,сол кездегі университет қызметкерлерінің корпоративтік рухы белсенді болды.

4

 Әшімжан ағамыз университеттегі ең басты тұлға ол – студент деп санады. Заманауи оқу үдерісінің негізгі қозғаушы күші деп таныды. Жиындарда мінбеге бірінші студент шығатын еді. Әрбір студентке қолайлы жағдай жасалып, жатақханаға орналасуына дейін кең көңіл бөліп отырды. Оның Отынына, халқына, ғылымына сіңірген жасампаз қызметі елеусіз қалған жоқ, -дейді Дария Қожамжарова.

Халқымыз «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» дегенді жиі айтады. Рас сөз. Таразда ғалымның еңбек және өмір жолына арналған халықаралық конференция өткелі жатқанда,  Шымкент қалалық білім басқармасының бастамасымен, ел азаматтарының қолдауымен ғалымның өзі оқыған №61 жалпы орта білім беретін мектепке Әшімжан Сүлейменұлы Ахметовтың есімі беріліпті. Жамбыл жұртышылығының ғана емес есімі республикаға белгілі тұлғаның есімі ұмытылмайды.

5

6

Медиа-қызмет.

Пятница, 16 сентября 2022 03:43

ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ҚҰРМЕТ

Ұлт бар да, тілдік проблемалар қашанда өзекті. Тілсіз қоғам өмір сүре алмайды, тіл қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс – тіл жоқ. Тіл – қоғамның айнасы.

Ұлттық құндылығымыз ретінде көрсетілетін құрмет кеше немесе бүгін басталған жоқ. Жаңғырту, дамыту, жастар арасында насихаттау жалғаса бермек. Осы мақсатта «Ұстаз» институты «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры» атты әдеби сазды кеш өтті.

Жиынға қонақ ретінде Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының төрайымы, «Анаға тағзым» орталығының басшысы Эльмира Мырза Ғали қатысты.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін асқақтату, қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу әрбір азаматтың борышы, міндеті демекпіз. Осыған орай кеш барысында студенттер толғандырып
жүрген бүгінгі тіл мәселесіне қатысты өзекті сұрақтар мен келелі ой-пікірлерін айтты. Ақиық ақындардың өлең жолдарынан жыр шумақтары оқылып, афоризмдер монтажы келтірілді.

Жастар арасында ана тілі мен ел тағдырын жырлайтын термелер мен өлеңдер айтылып, қонақтарға рухани кеш сыйлады.

2

3

4

5

2022 жылдың 14-қыркүйекте 2.5-205 оқу ғимаратында «Ақпараттық технология» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы және «Ақпараттық технология» факультетінің деканы Мұратова Гауһар Имашқызы қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты - студент жастардың қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау және алдын-алу жұмыстары болып табылады. Сонымен қатар, Дінтану орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Алпысбаев Б.Қ. дінтанушы маман ретінде қоғамдағы діни жағдайды ескере отырып, студенттерге университеттің ішкі тәртіп Ережесін сақтауға, деструктивті діни идеологияны насихаттайтын діни уағыздарды тыңдамауға және интернет желісінде күмәнді діни парақшаларға тіркелмеуге шақырды. Қоғамдағы деструктивті діни ағымдарға қарсы рухани иммунитет қалыптастыру үшін студенттердің діни сауаттылығы жоғары болу қажеттілігін атап өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға құқықтық және дінтанулық бағытта жауаптар берілді.

Среда, 14 сентября 2022 11:47

ДІН ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ НЕГІЗІ

Әлемдік өркениетке өз үлесін қосқан ата-бабаларымыздың болмысы, мінез-құлқы, ұлттық ұстанымы терең мағынаға ие болды. Қазақ халқының бай мәдениетінің шеңберінде ғасырлар бойы мән-мағынасы мол дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жеткізілді. Әрбір ұлтты ұлт ретінде сақтап қалатын нәрсе ол тілі мен мәдениеті және осылардың негізі болып табылатын діні. Қазақ халқының мәдени құндылықтары, сан ғасырлардан бері сақталып келе жатқан этнографиялық мұрасының негізі Ислам дінінде болған десек, еш қателеспейміз. Этнограф-ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбек мәдениетіміздегі ислам дінінің орны туралы: «Ислам діні тек қана наным-сенім аясымен шектелмей, сол діндегі елдердің өмір салтына, моральдық-этикалық нормаларына, мәдени-рухани үрдістеріне, дәстүріне айналып отыр» деп айтқан болатын.

Как избежать публикации в хищных журналах?

Тест для определения журнала хищника

НАЧАТЬ ПРОВЕРКУ

МК хищник тест позволяет определить вероятность попадания научного журнала в список "хищнических" изданий на основе оценки веб-сайта журнала и данных из открытых источников.
Надо отметить, что индексирование в научных базах и высокий процентиль не гарантия того, что журнал следует этике научных публикаций. Поэтому лучше провести предварительную оценку используя этот инструмент. Имейте в виду, что результат будет зависит от достоверности ваших ответов на вопросы теста.

Тест анонимный и мы не собираем данных о лицах использующих данный инструмент.
Желаем удачи и продуктивной исследовательской деятельности.

©Авторы: Молдашев Кайрат, Кенесов Булат

 

Вторник, 13 сентября 2022 04:08

Жыртқыш журналдар туралы

Жыртқыш журналдарда жарияланудан қалай сақтануға болады?

Ықтимал жыртқыш басылымдарда жарияланбау үшін ғылыми журналдың сапасын бағалауға арналған тест.

ТЕСТКЕ ӨТУ

MK Жыртқыш тесті журналдың веб-сайты мен ашық дереккөздерден алынған мәліметтерді бағалау негізінде ғылыми журналдың «жыртқыш» жарияланымдар тізіміне ену ықтималдығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ғылыми деректер қорындағы индекстелу және жоғары процентиль көрсеткіші журналдың ғылыми жарияланымдар этикасын сақтайтынына кепілдік бермейтінін айта кету керек. Сондықтан бұл құралды пайдаланып журналға алдын ала бағалау жүргізген дұрыс. Есте сақтаңыз: нәтиже тест сұрақтарына берген жауаптарыңыздың дұрыстығына байланысты болады.

Сынақ анонимді болып табылады және біз бұл құралды пайдаланушылар туралы деректерді жинамаймыз.
Сізге сәттілік пен нәтижелі ғылыми жұмыстар тілейміз.

©Авторлары: Молдашев Кайрат, Кенесов Булат

Страница 135 из 452
Top