Super User

Super User

Согласно Договору о международном сотрудничестве между Таразским региональном университетом им.М.Х.Дулати и Варненским свободным университетом им. Черноризец Храбра в рамках академической мобильности доцент кафедры « Иностранные языки» Ольга  Васильевна Ким провела курс лекции в период с  2.09.-17.09.2022г. в вышеназванном университете.

 В ходе встреч с деканом факультета «Международная экономика и администрация» д-р Елеонорой Танковой и начальником департамента по иностранным языкам д-р Велиславой Николаевой и группой студентов была проведена презентация Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати, как достойного партнера,  были обсуждены формы, виды , возможности сотрудничества между нашими университетами. Со стороны Варненского свободного университета были предложены  такие формы как:

  1. Программа двух дипломов по следующим специальностям: Международный бизнес, Компьютерные науки, Финансы
  2. Организация стажировок преподавателей и студентов;
  3. Академическая мобильность преподавателей и студентов.

Реализация всех форм сотрудничества возможна в результате предварительного обсуждения и договоренности.

С 23 сентября 2022 года Университет Дулати обьявляет набор на образовательную программу магистратуры педагогического профиля для лиц, окончивших профильную магистратуру.

Документы принимаются по следующему адресу:

Адрес: Город Тараз, ул. Желтоксана 71 (напротив мед. клиники Жүрек), технологический корпус (2.5.301)

Тел: 8(7262) 45-66-60
8 (775)-801-30-03

Дулати университетінде 2022 жылдың 23 қыркүйегінен бастап, бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін магистратураның педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау басталды.

Құжаттар төменде көрсетілген мекен-жай бойынша қабылданады:

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 71 (Жүрек мед. клиникасына қарама-қарсы), технологиялық кешен (2.5.301)

Тел: 8(7262) 45-66-60
8 (775)-801-30-03

Пятница, 23 сентября 2022 05:26

День языков народов Казахстана.

В рамках Дня языков народов Казахстана с 19 по 23 сентября 2022 года в актовом зале военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати со студентами были проведены мероприятия, рассказывающие о культуре, истории, бытие всех народностей проживающих на территории Республики Казахстан.

Лекторы ознакомили учащихся с развитием и распространение казахского языка, воспитанием детей в духе уважения культуры и традиций не только своего народа, но и всех, кто населяет большие просторы страны.

Пятница, 23 сентября 2022 05:23

Қазақстан халқының тілдер күні.

2022 жылдың 19-23 қыркүйек аралығында Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының акт залында студенттермен Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық халықтардың мәдениеті, тарихы, болмысы туралы әңгімелейтін іс-шаралар өткізілді.

Жетекшілер мен кураторлар студенттерді қазақ тілінің дамуы және оның таралуымен, өз халқының мәдениеті мен дәстүрлерін ғана құрметтеп қоймай, сондай-ақ кең байтақ елімізді мекендеген басқа да ұлттарды құрметтеу керек екендігімізді жеткізді.

Пятница, 23 сентября 2022 05:17

ТІЛ ТҰҒЫРЫ – ҰЛТ ҒҰМЫРЫ

Ағымдағы жылдың 22 – ші қыркүйегінде «Ұстаз» институтына қарасты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен 22 қыркүйек – Қазақстан Халықтарының Тілдер күніне орай «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» атты зияткерлік сайысы өтті.

Студенттерді тұғырлы тілдің мәртебесін көтеріп, құрметтеуге баулуды мақсат еткен шараға аталмыш кафедраның меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы мұрындық болды.

Тіл табиғатының қыр – сырын ұғына білуге негізделген зияткерлік сайысқа Кя – 22 – 1, 3, 5, 7 тобының топ басшылары мен студенттері қатысты. Ана тілін білмеуің, ананың арын төккендей, тілді бұзып сөйлеуің, өзіңді өзің сөккендей, - деген тіркестерді ұран еткен командалар екі кезеңнен тұратын сайыста өз бақтарын сынады. Әуелі өз топтарын таныстырып, «Ой – көкпар» деп аталатын екінші кезеңде «Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора», «Мақал – сөздің мәйегі», «Жаңылтпаштан жаңылма», «Шешендік сөз өнері», «Мен – студентпін!» бағыттары бойынша деңгейлік ұяшықтарды таңдау арқылы қоржындарын толтырды.

Нәтижесінде Кя – 22 – 5 тобы бас жүлде, Кя – 22 – 7 тобы І орын, Кя – 22 – 1 тобы ІІ орын, Кя – 22 – 3 тобы ІІІ орын иеленді.

Тіл тұғырын – ұлт ғұмырына балаған зияткерлік сайысқа «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессор – оқытушылар құрамы және «Ұстаз» институтының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары Еркебұлан Бақытжанұлы қатысты. Сонымен қатар, кафедра оқытушысы Нұржамал Мыңбайқызы мен докторант Көркемжан Бақытжанқызы шараға модераторлық етсе, Фарида Қонарбайқызы мен Марал Сәрсенбекқызы тәуелсіз сарапшы ретінде жеңімпаздарды анықтады.

2

3

4

Жоғары білім беру ісінде сапаға қол жеткізудің жолы – шетелдік ғалымдармен байланысты арттыру. Әріптестік қарым-қатынас, өзара тәжірибе алмасудың оқыту процесіне оң әсері көп.

Министрліктің № 155 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдар санын бөлу жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне шетелдік ғалымдарды шақыруға 6 орын орын бөлінді.

Соның негізінде Түркияның Кастамону университетінің ғалымы Kutay Oktay «Экономика және құқық» және «Технологиялық» факультеттерінде 21 қыркүйектен 20 қазанға дейін дәріскер ретінде университетке қабылданды.

Кутай Октай 1 ай бойы Дулати университетінде семинарлар, лекциялар және мастер-класстар өткізеді. Магистранттар мен докторанттарға ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша кеңес береді. Сондай-ақ білім бағдарламалары мен оқытушылардың жазған еңбектеріне рецензиялар жазып, университетіміздің оқытушыларымен бірлескен мақалалар жариялайды деп жоспарлануда.

308190977 974282730640414 7059089178111887840 n

308206532 974282760640411 1160428832394330385 n

Четверг, 22 сентября 2022 09:48

ЭКСКУРСИЯ В МУЗЕЙ УНИВЕРСИТЕТА

Для студентов 1 курса ОП 6В05314-«Химия» Технологического факультета, кафедры «Химия и химическая технология» проведена экскурсия по музею Таразского регионального университета им.М. Х. Дулати с целью систематизации ежегодных плановых работ на 2022-2023 учебный год.

Объяснить студентам, что музей-это неисчерпаемое сокровище, продолжение истории прошлого, старой истории, достоинства старых природных объектов, прошлого и будущего.

Четверг, 22 сентября 2022 09:44

УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мұражайына 2022-2023 оқу жылының әр жыл сайынғы жоспарлы жұмыстарының жүйелі жүргізу есебінде Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен мұражайға экскурсия жургізілді.

Экскурсияның мақсаты студенттерге мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру.

Таныстыру жұмыстарын музей қызметкері Қалабаева Ақсауле Тортаевна жүргізді. Университтің бас ғимаратындағы музей 6 залдан тұрады. М.Х. Дулатидың өмірбаяны мен университеттің тарихын, университетті басқарған ректорлардың жасаған жұмыстарын, музейге ескерткіш ретінде тапсырған сыйларын, жазған еңбектерін және музей жәдігерлерімен таныстырып, олардың қолданылу уақытын, тарихын баяндады. Университетімізде оқып жатқан және бітіріп кеткен түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен ғылым және спорт жеңімпаздары туралы ақпараттар да көп екен. Қолданыстағы болған түрлі заттармен, әшекей бұйымдар, түрлі ыдыстар, дәрі сақтайтын және иіс су немесе әтір құятын ыдыстар, т.б. бұйымдар жетерлік.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика және құқық» факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, салық  жүйесінің  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын таныстыру мақсатында «Брейн-ринг» ойынын өткізді. Аталған  іс-шара «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Әлия Жылкелдіқызының тәжірбиелік сабағының  «Салық және салық салу» пәні бойынша ұйымдастырылды.

Интелектуалдық ойынға  облыс бойынша мемлекеттік кірістер депертаментінің   ардагерлер ұйымының  төрағасы Алишев Әділбек Әлішев депертаменттің адам ресурстары басқармасының басшысы Мәлік Абдуллаев Ұұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Мейірхан Бекпенбетов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша депертаментінің превенция басқармасының бас маманы Айбек Әжібаев, мемлекеттік қызметі  істері жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша депертаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Шарипов Руслан Шәріпов, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі  Совет Қожабеков әділ төрелік жасады.

«Брейн-ринг» ойынында студенттер «Іскер» және «Даму» топтарына бөлініп, қатысушылар Қазақстан Республикасының салық  жүйесінің  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын білуге қатысты сұрақ-жауап арқылы интелектуалды деңгейлерін көрсетті. Жарыстың нәтижесі бойынша  «Іскер» тобы I орынға ие болды және топтар Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы К.Кармантаевтың атынан  сәйкес Алғыс хаттармен марапатталды.

Страница 134 из 452
Top