
Факультеттер (10)
♦ Әскери кафедраға оқуға түсу ережесі
♦ Басшылық
Әскери кафедра 1963 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының негізінде құрылған. 1998 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты мен Жамбыл педагогикалық институты біріктірілгеннен кейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы болып өзгертілді.
2012 жылдан бастап әскери даярлықтың негізгі бейіні ЖОО-ның азаматтық техникалық мамандықтары бойынша алған білімдеріне негізделген инженерлік-техникалық мамандықтар болып табылады. Әскери даярлыққа тартылатын студенттердің саны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарымен айқындалады.
Әскери даярлыққа 24 жастан аспаған студенттер - Қазақстан Республикасының азаматтары тартылады.
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу конкурсы төрт кезеңде жүзеге асырылады:
- медициналық куәландырудан өту;
- кәсіби-психологиялық тестілеу өткізу;
- дене дайындығын тексеру;
- рейтингтік балл есебіне сәйкес конкурстық іріктеу.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын бітірген және бітіру емтихандарын тапсырған студенттер жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «ЗАПАСТАҒЫ ЛЕЙТЕНАНТ» әскери атағын беруге ұсынылады.
♦ Басшылық
♦ Байланыс
Сырттай оқыту факультеті Тараз мемлекеттік университетінің сырттай оқытатын екі факультеті: сырттай инженерлі – экономикалық және сырттай гуманитарлық факультеттерінің негізінде 2008 – 2009 оқу жылында құрылды.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі сырттай және қашықтан оқыту институтының тарихы, Мемлекеттік университетке біріктірілген ЖОО-ғы (Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты, Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институты және Жамбыл педагогикалық университеті) сырттай оқыту факультеттерінің тарихымен тығыз байланысты.
Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының өндірістен үздіксіз мамандар даярлау, кешкі және сырттай оқыту түрімен байланысты және бұл алғашқы есеп бойынша 1958 жылы құрылған. 1958 жылы Қазақ химия технологиялық институтының Жамбыл филиалы алғашқы білімгерлерін қабылдады, филиал басшысы болып Х.С. Сеитов тағайындалды. 1961 – 1962 оқу жылында филиал аясында кешкі сырттай оқыту факультеті ашылды, факультеттің алғашқы декандары: С. Айтжанов, Б.Г. Инкаров, К.А. Альманбетов, А.А. Адилов. Ары қарай Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтындағы сырттай оқытуды ҚР ҰҒА қазіргі академигі У.К. Мадиев, доцент Д.Д. Нурпеисов, Х.Л. Кешаниди, С.С. Қожабеков,т.ғ.д., профессор М.С. Сахиев және басқалар басқарды.
Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты, 1962 жылдың мамыр айында Қаз ССР үкіметінің шешімімен Алматы қаласының Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультетін Жамбыл қаласына ауыстыру нәтижесінде құрылған. 1962 – 1965 жылдар аралығында тек «Гидромелиорация» мамандығына өндіріспен ұштастырылатын мамандар дайындалды. Кейінгі жылдары (1965 – 1985 ж.ж.) ЖГМҚИ-нің лабораториялық базасын құрал – жабдықтарының қамтамасыз етілуі мен дамуына байланысты: «Мелиоративті жұмыстың механизмі», «Гидротехникалық құрылыс», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Сумен қамтамасыз ету және канализация», «Су және ауыл шаруашылығының экономикасы», «Гидромелиоративті жүйенің құрылысы», «Гидромелиоративті жүйенің эксплуатациясы», «Ауыл шаруашылығын сумен қамту және жер астын суландыру», «Ауыл шаруашылық құрылысы» және т.б. жаңа мамандықтар ашылды.
80 – 90 жылдары халық шаруашылығына ауыл, су шаруашылықтарының және құрылыстың жоғары білікті мамандары қажеттілігінен бірқатар жаңа мамандықтар ашылды: «АПК-ғы экономика мен ұйымдастыру», «Автомобильдер мен автомобиль шаруашылығы», «Автомобиль жолдар құрылысы», «Электр механикасы», «Электрмен қамту» және т.б.
Факультетте жоғары білікті оқытушылар қызмет атқарғанын айта кеткен жөн. Олар: академиктер – Жулаев Р.М., Сүлейменов Ж.Т., профессорлар – Горюнов С.Н., Серікбаев Б.С., Абдураманов А.А., доценттер Ким С.С., Даримбетов У.Д., Долженко Б.Ф., Қалдаров М.К., Ибраев Д.М., Ақжанов А.А., Өтегалиев Т.Т. және басқалар. ЖГМҚИ-ның сырттай оқу бөлімінің бірінші деканы т.ғ.к., доцент Баймұхамбетов М.В. болды, кейінгі жылдары факультетті П.У. Ундашев, т.ғ.к., доцент К.Е. Ермұханов, қазіргі ҚР ҰҒА академигі Ж.Т. Сүлейменов, т.ғ.д., профессор М.Н. Сенников, т.ғ.д., профессор Ш.Ж. Сұранқұлов басқарды.
Қазіргі уақытта университет түлектері Г. Абдихаликова – ҚР премьер министрінің орынбасары, М.Ж. Жаманбаев – Манғыстау облысы ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарса, С.Абдрахманов, Ш.Исабеков, А.Савченко, Б.Артаевтар елімізге белгілі зиялы азаматтар
Соңғы он жылдықта М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің құрамында, сырттай оқу түрі бойынша нормативті және регламентті құжаттардың жасау әдісі мен формалары, міндеттері, мақсаттары алдыңғы тәжірибелі оқу үрдісін ұйымдастырудың сырттай оқыту түрін дамытудағы болашағының бағыттарын анықтады.
Сырттай оқыту факультеті 59 мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар дайындайды. Оның ішінде экономикалық мамандықтар – 7, технологиялық мамандықтар – 24, техникалық мамандықтар – 10 және гуманитарлық мамандықтар – 18. Қазіргі кезде факультетте 2897 білімгер дәріс алады.
Оқу үрдісін қамтамасыз етуге факультетте университеттің барлық кафедралары мен бөлімдері жұмыс атқарады. 2011 жылдың қараша айынан факультетті т.ғ.к., профессор Мұрат Мұсабекұлы Бекмұратов басқарады, ал оның орынбасары магистр, аға оқытушы Кабдушев Арман Арстанғалиұлы.
♦ Басшылық
♦ Байланыс
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың негізгі факультеттерінің бірі – гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті. Факультет 2003 жылы филология факультетінің құрамынан бөлініп, әлем тілдері мен әдебиеті факультеті деп аталды. Алғаш факультетте филология, қазақ тілі мен әдебиеті, аударма ісі, шетел филологиясы, журналистика мамандықтары бойынша мамандар дайындалды. Алғашқы деканы ф.ғ.д., проф. С.Ж.Тәжібаева болды. 2006 жылы факультет құрамына психология, тарих, әлеуметтану мамандықтары қосылды. Соған орай, факультет атауы гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті деп өзгертіліп, тарих ғ.д., проф. Д.П.Қожамжарова декан болып бекітілді. 2008 жылы факультет құрамына дене шынықтыру және спорт, 2009 жылы мәдени-тынығу жұмыстары мамандықтары енді. 2009-2011 жылдары факультетті ф.ғ.к., доцент Л.Г.Мұқажанова басқарса, 2011 жылдан бері ф.ғ.к., доцент Ә.О.Ыбырайым басқарады. Бұл кафедраларда 3 ғылым докторы, 31 ғылым кандидаты мен 60-тан астам магистрлер және бірнеше КСРО, Қазақстан Республикасы спорт шеберлері, еңбек сіңірген жаттықтырушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері жұмыс істейді.
♦ Басшылық
♦ Байланыс
1965 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының «Гидро-техникалық құрылымдар» факультетінде 1514 – «Гидромелиротивтік жұмыс-тарды механикаландыру» мамандығына 50 студент қабылданды. Сол кездегі Орта Азия және Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға, әсіресе су- мелиорация саласындағы мекемелердегі құрылыс және мелиорация машиналарын жөндеп тиімді пайдаланатын инженер-механиктердің жетіспеулеріне байланысты КСРО-ның ауылшаруашылық министрлігінің бұйрығына сәйкес 1969 жылы қаңтар айында «Гидромелиративтік жұмыстарды механикаландыру» факультеті ашылып, студенттерді қабылдау саны 100 адамға дейін көбейтілді.
1998 жылы Тараз қаласының үш жоғары оқу орындары қосылып М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті пайда болуына байланысты факультет жаңадан ұйымдастырылып, 1998 жылы «Механикаландыру және энергетика», 2002 жылдан бастап факультет кұрамында мұнай-газ мамандықтарының ашылуына байланысты «Мұнай-газ ісі, энергетика және технологиялық машиналар», 2008 жылы структуралық өзгерістерге байланысты «Мұнай-газ ісі, энергетика және транспорт» факультеті болып, ал 2013 жылдан структуралық өзгерістерге байланысты «Мұнай-газ және механика» факультеті болып аталды.
♦ Басшылық
♦ Байланыс
«Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультеті университеттегі алғашқы құрылған факультеттардың бірі. «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультеті Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс факультетінің құрамында бұрынғы гидромелиоративтік және инженерлік-құрылыс факультеттерінің негізінде құрылып, Қазақстанның барлық аймақтарына, шетелдік және отандық фирмаларға су және ауыл шаруашылығы, экология, құрылыс, сәулет және т.б. салалар бойынша мамандар дайындайды.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылғанда факультет «Табиғатқа үйлестіру» және «Құрылыс» факультеттері болып аталды. 2002 жылдан факультет «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультеті болып аталды. Сол жылдары факультетті профессор Әнуарбек Талқаұлы Әймен басқарды. 2008 жылы факультеттің деканы болып профессор Михаил Николаевич Сенников тағайындалды. 2009 жылы факультет «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультеті болып өзгертілді. 2011 жылдан бастап факультетті профессор Нұрлан Омаралыұлы Іңкәрбеков басқаруда.
Факультетта 4 салалық академиялардың академиктері, 14 ғылым докторлары мен профессорлар, 43 техника ғылымдарының кандидаттары, PhD докторлары мен доценттер оқу-тәрбие жұмыстарын баянды жүргізіп отыр.
Факультет құрамына “Сәулет және өндірістік дизайн”, “Жерге орналастыру және кадастр”, “Су ресурстары”, “Өмір тіршілік қауіпсіздігі”, «Мелиорация және агрономия», «Экология», «Биология» және «Құрылыс материалдары және конструкциялары» кафедралары кіреді. Олар арнайы мамандар дайындаушы кафедра болып табылады.
Факультетте 13 бакалавриат, 10 магистратура және 2 PhD докторантура мамандықтары бойынша дайындық жүргізіледі.
Өзінің 50 жылдық тарихында факультет 10 мыңға жуық мамандар дайындады. Факультеттің мамандар дайындау бағыты уақыт талабына, қазіргі заманғы техника мен технологияға сай келетіндей, көпжылдық тәжірибе нәтижесінде жинақталған ең алдыңғы және болашағы бар тәжірибесін оқыту мен енгізуге бейімделген. Факультет қоғамның әл-ауқатының негізін құрайтын ең маңызды табиғи ресурстары - Су мен жер байлықтарын зерделі және тиімді пайдалана алатын, сондай-ақ күрделілігі әртүрлі гидротехникалық, өнеркәсіптік және азаматтық құрылымдарды жобалайтын, пайдаланатын және бағалайтын, су және құрылыс нысандарының мониторингін жүргізе алатын, су пайдалану, су және жер қорларын қорғау жүйесін басқара алатын мамандарды дайындап шығарады.
Мамандарды сапалы дайындау үшін қазіргі заманның инженерлік және ақпараттық технологияларының сұраныстарына сай оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған гидравлика, гидротехникалық құрылымдар, сумен қамту және су бөлу, гидромелиорация, сорғы станциялары, гидромелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру, мелиоративтік жүйелерді пайдалану, қолданбалы экология, биология, тіршілік қауіпсіздігі, құрылыс және сәулеттік жақсы жабдықталған зертханалары мен оқу кабинеттерімен қамтылған. Сонымен қатар, мелиорация, топырақтану, ботаника және суғармалы егіншілік пәндерінен оқу зерттеу мақсаты үшін жазғы кезеңде пайдаланылатын суғару техникасы полигоны жұмыс атқарады.
Бұрынғы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс факультеті негізі болып табылатын Гидрокешені күрделі жөндеуден өтіп, корпус ішіндегі барлық жиһаздар жаңартылды. Студенттер мен оқытушыларға жағдай жасалынып, барлық тәлім беруге қажетті құрал-жабдықтар жаңартылды, интерактивті тақталар орнатылып, лингафонды кабинеттер мен мультимедиа сыныптары ашылды. Бүкіл ғылыми-технологиялық жүйенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін – мамандар дайындаудан ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге дейін көптеген жұмыстар атқарылды. Қазіргі кезде университет оқытушылары АҚШ, Англия, Германия, Италия, Түркия, Латвия, Эстония, Литва, Белорус, Ресей, Қытай, Үндістан алыс және жақын шетелдерден тағылымдамадан өтіп жатыр.
Тұңғыш рет «Қант қызылшасын тамшылатып суғару және пластикті мульчирлеу арқылы өсіру технологиясын зерттеу» халықаралық жобасы бойынша Қытай Халық Республикасының Шехизи университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің арасында ынтымақтастық туралы келісім шарт жасалынып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Факультетте Ұлттық ғылым Академиясының Оңтүстік Қазақстан бөлімшесіне қарасты, химиялық технологиялар орталығы және де тротуарлық тақтайшалар өндірісі бойынша эксперименталдық цех жұмыс істейді.
«Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінде қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорларын тиімді пайдалану, ғимараттар мен құрылымдардың техникалық және сейсматикалық жағдайын әр түрлі агроклиматтық зоналардағы өзгерісін жан-жақты талдау жасау және техникалық ұсыныстар беру ғылыми зерттеу бағыттарында негізгі 10 гранттық және шаруашылық келісімшарт бойынша жұмыстар 20 млн. теңге көлемінде жыл сайын орындалуда.
Факультет ғалымдары ТМД елдерінің аумағындағы ауылшаруашылық жерлерін мелиорациялаудың концепцияларын жасауға, сондай-ақ «Арал теңізі алабындағы су және жер қорларын тиімді пайдалану және қорғау стратегиясы» бағдарламасына және Арал қорының алғашқы бағдарламаларын бағалауға Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Түркменстанның және Тәжікстанның көрнекті ғалымдарымен бірге атсалысты.
Көпжылдық жемісті еңбектерінің нәтижелері бойынша әр жылдары профессор Әбдіраманов Ә.Ә., Сағындықов А.А., Сенников М.Н., Жұмабеков Ә.Ә., Сейтқазиев Ә.С. «Жоғарғы оқу орнының ең үздіқ оқытушысы» атты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің грант иегерлері атанды.
Факультет ұжымы мемлекеттің саяси бағдарламасы аясында өсіп келе жатқан жас буынның патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлкен назар аударуда. Оның негізгі мақсаты студенттердің өзін-өзі басқару, жастардың мәдениеттілігін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі оқытуға ынталандыру. «Салауатты өмір салты» бағдарламасы аясында факультет ұжымы жастармен түрлі сипатта жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, аталған тақырыпқа байланысты жыл бойы кең көлемді акциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, пікір алмасулар, салауатты өмір салты және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулер өткізіліп тұрады. Аталмыш іс-шаралар тәрбиелік мәні және жастардың оң қөзқарасына, жастарды дұрыс тәрбиелеп, оларға дұрыс білім алуына әсер етеді.
Кеңес заманында республикамызда және Одақ көлемінде су шаруашылығы мен құрылыс салаларына қажетті білікті мамандар дайындауда Жамбыл гидромелиоративтік және құрылыс факультетінің мәртебесінің жоғары болғандығы баршамызға белгілі. Бүгінде аталған факультет мақтанышына айналған түлектер қоғам және мемлекет қайраткерлері, бизнес өкілдері, олимпиада және әлем чемпиондары еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті қызмет етуде. Атап айтсақ, Серик Абдрахманұлы Абдрахманов, Серик Керимбекұлы Қонақбаев, Алдиярбек Алиасқарұлы Тусупов, Сағымбек Әділбекұлы Ақшалов, Бахтияр Карипуллаұлы Артаев, Ильяс Әлімұлы Тортаев, Бахтияр Әбілхайырұлы Алдашов, Рахманқұл Тұрсынқұлұлы Байтелиев, Өмірбек Асықбекұлы Жампозов, Сансызбай Жорабеков, Бауыржан Мелдебекұлы Қойбақов, Алексей Григорьұлы Рау, Сағит Рахматуллаұлы Ибатуллин, Асылтастанбек Әмірұлы Тайпақов, Алимкұл Маметалиұлы Тұрысов, Бахыт Сағынбекұлы Шалбаев, Жамбылбек Әшірұлы Шахабаев.
♦ Басшылық
♦ Байланыс
М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұрақты, табысты және динамикалық түрде дамып келе жатқан жоғарғы оқу орны болып табылады және бірыңғай оқу-ғылыми-өндірістік кешенді түрде жұмыс істеп, кешенді ғылыми-зерттеу мен көп сатылы мамандар дайындауды жүргізеді: бакалавриат-магистратура-PHD доктарантура.
Компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік универститетінің жанында «Ақпараттық технологиялар» факультеті ашылған болатын. 2003 жылы факультет таратылып, мамандықтары басқа факультеттердің құрамына кірді.
2013 жылы ректор бұйрығымен «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультеті болып қайта құрылды. Бірінші таңда факультет М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ең ірі факультеттерінің бірі болып саналады.
Факультеттегі біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар құрамы мен заманауи материалдық-техникалық базасы білікті мамандар дайындаудың кепілдігі болып аталады. Бүгінгі таңда факультетте 120-дан астам оқытушылар, оқыту-көмекші персоналдары мен қызметкерлер жұмыс істейді. Факультетте біліктілігі жоғары мамандар жеткілікті, солардың ішінде 7 ғылым докторы професорлар және 30 -дан аса ғылым кандидат пен 50-ден аса магистрант бар. Факультетте есептеу техникасы, бағдарламалық жабдықтау, компьютерлік жүйелер, радиотехника және телекоммуникация, автоматика және процестерді басқару, физика мен математика салаларына мамандар дайындау жүзеге асырылады. Факультет түлектері алған білімдерін зерттеулер мен өңдеулерге қатысуға табысты қолдана отырып өндірісте, заманауи құралдарды жүргізуде және әр түрлі жүйелерде кеңінен пайдалануда.
Факультет түлектері тек Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтарында да табысты қызмет атқаруда. Факультет ғылым мен өндірістің ұйымдастырушылары мен ірі мамандары жоғары оқу орындары, колледж және мектеп оқытушылары болып жүрген түлектерін мақтаныш етеді. Солардың арасында ірі мекеме басшылары, фирма президенттері, Қазақстан Республикасы және басқа елдердегі басшылар мен жетекші мамандар бар.
♦ Басшылық
♦ Байланыс
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің заң факультеті – оңтүстік аймақтағы іргелі білім ордасының ірі құрылымдық бөлімі.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ заң факультетінің ең басты мақсаты жоғарғы заң біліктілігі бар бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру. Университеттің түлектері заң саласындағы қызметі арқылы қоғамның дамуына үлесін қосуға және Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде құқықтық, демократиялық мемлекетті құру бағытындағы маңызды мәселелерді шешуге дайындалған.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 1998 жылы құрылған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің заң факультеті 1998 жылдың наурыз айында құрылған. Әр түрлі уақыттарды декан қызметін з.ғ.к., доцент С.Т. Есімқұлов, с.ғ.д., профессор Б.А. Алдашов, з.ғ.к., доцент С.Р. Ушурова, з.ғ.к., доцент Е.Ш. Дусипов атқарған. Қазіргі уақытта факультетінің деканы з.ғ.к., доцент З.Т. Абдукаримова.
Факультетте 5 кафедра қызмет етеді.
4 маман дайындаушы кафедралар және 1 қызмет етуші кафедра.
Маман дайындаушы кафедралар:
«Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқықығы»
«Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы»
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы»
«Конституциялық және халықаралық құқық»
Қызмет етуші кафедра: «Философия және саясаттану»
Кадрларды дайындауды және материалдық-техникалық құралмен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында факультетте:
студенттер клиникасы, онда жоғарғы курс студенттері мұқтаж азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді.
Жамбыл облысы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы болып табылатын криминалистикалық палигоны жұмыс істейді.
жетілдірілген криминалистік лаборатория: барлық баллистикалық, трасологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
студенттерге тәжірибиелік сабақтар өткізуі үшін дайындалған сот отырысы залы ашылды.
Заң ғылымы мен құқық саласындағы зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Юриспруденция» мамандығы бойынша магистратура ашылды.
Алдыңғы Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Туркия және Индиана (АҚШ) университеттерімен ынтымақтастық қатынас орнаған.
Заң факультеті М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімі ретінде оқу барысын қамтамасыз ету үшін, студенттердің дене тәрбиесі үшін, тамақтануы үшін, медициналық көмек алуы үшін қажетті аудиториялары, оқу-арнайы кабинеттері және басқада аулалары бар.
Шет аймақтан келетін студенттер үшін жатақханада орындар бар.
Заң факультетінің оқу барысының маңызды бөлімі болып студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (БҒЗЖ) табылады. Студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (БҒЗЖ) заң факультетінің ауқымындағы, студенттер басқаратын ғылыми-үйірмелер негізінде жүргізіледі. Факультетте осындай 5 үйірме: «Цивилист», «Логос», «Жеті жарғы», «Әділет» және «Фемида» деп аталады. Оларға 70 студент мүшелікте жұмыс істейді. Үйірме мүшелері ғылыми конференцияларға белсенді түрде қатысуда.
Сонымен қатар жыл сайын факультетте студенттердің ғылыми конференциялары өтеді, онда баяндамалар екі секциясы «Юриспруденция», «Философия және саясаттану» жұмыс істейді. Студенттердің ең жақсы жұмыстары университеттік жас ғалымдар еңбектерінің жинағына жазылады. Студенттердің ғылыми конференциялары жоғарғы деңгейде өтуде, бұл жастардың ғылыми-зерттеуге қызығушылығының артып келуінің көрсеткіші..
Факультеттің оқытушылары жыл сайынғы халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибиелік конференциялар мен семинарларға белсенді қатысуда.
Факультетте жүйелі түрде ғылыми семинарлар өтуде, онда факультеттің оқытушылық-профессорлық құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланады. Семинар бекітілген кестеге сай өтеді.
Студенттерді таныстыру және өндірістік тәжірибиеден өту туралы келесі мекемелермен ұзақ мерзімдік шарттар жасасқан:
Жамбыл облысы Әділет басқармасы.
Жамбыл облысы прокуратурасы.
ІІБ №1, 2 полиция бөлімі.
Тараз қалалық соты.
Жамбыл облысы соты.
Тараз қалалық прокуратурасы.
Жамбыл облысы бойынша ІІБ.
Жамбыл облысы сот әкімшілігі.
Жамбыл облысы бойынша сыбайластық және экономикалық қылмыстармен күрес департаменті.
♦ Басшылық
♦ Байланыс
«Экономика және бизнес» факультеті М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 50 жылдан аса тарихы бар ірі құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Факультетте мемлекеттік және жергілікті органдарды басқару, ұлттық компанияларға, өндірістік кәсіпорындарға, фискалды мекемелерге, банктік жүйелерге, оқу орындарына, ғылыми-зерттеу орталықтарына қажетті кадрлар 8 бакалавриат мамандықтары және 5 магистратура мамандықтары бойынша дайындалады.
Қазіргі уақытта факультеттегі барлық мамандықтар бойынша мыңға жуық студент және жүзден аса магистрант білім алуда.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі айтарлықтай жоғары: 6 ғылым докторлары, 35 ғылым кандидаттары және 25 магистр нәтижелі еңбек етуде. Оқытушылар құрамының 50%-дан астамының ғылыми дәрежесі бар. Білім мен ғылым саласындағы жетістіктері үшін факультеттің оқытушылары әртүрлі мемлекеттік наградалардың, сыйақылардың, гранттардың және төсбелгілердің иегерлері атанған:
Мемлекеттік наградалар:
Әбілдаев С.Т. – «Қазақстан тәуелсіздігіне 20-жыл» медалі» – 2011
Төсбелгілер:
Ауелбаев С.Ш. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2008, ҚР үздік оқытушысы – 2012
Тажибаев С.Д. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері –2008, ҚР ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін – 2003
Ертаев К.Е. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2011
Стамбеков Е.Е. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2010
Молдабекова А.Ш. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2011, ҚР үздік оқытушысы – 2012
Исакова С.А. - ҚР үздік оқытушысы – 2013
Сыйақылар мен гранттар:
Амалбекова Г.Е. – Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2009
Әбілдаев С.Т.- Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2010
Молдабекова А.Ш. – Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2011
Искакова Г.К., Әбілдаев С.Т. – ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2012
Муратова Д.Б. – «Ұлттық теңге – тәуелсіздік діңгегі» номинациясы бойынша Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Жамбыл облысы әкімінің сыйақысы – 2011
Молдашева А. Б. – «Қазақстанда жасалған» ҚР Жастар комитетінің сыйақысының иегері – 2010
Құттыбаева Г.Е. – ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Назикова Ж.А. – ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Молдашева А.Б. - ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Тлеубаева С.А. - ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Насибуллина А.В. – ҚР Ұлттық бизнес рейтингінің «Ерен еңбегі үшін» медалі – 2014
Назикова Ж.А. - ҚР Ұлттық бизнес рейтингінің «Үздік маман» Ұлттық сертификаты – 2014
Сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде факультеттегі экономикалық пәндерден дәріс беруге алдыңғы қатарлы жақын және шалғай шетелдік университеттердің ғалымдары шақырылып тұрады. Факультет В Корфантого атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетімен (Катовице қ., Польша), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен (Ресей, Мәскеу), «Балыкесер» университетімен (Түркия), Вильнюс университеті (Литва), Қырғыз экономикалық университетімен (Қырғызстан) және т.б. білім беру және ғылыми орталықтармен белсенді қарым-қатынаста. 2008-2013 жылдар аралығында оқу-ғылыми жұмыстарға 14 шетелдік ғалымдар тартылған: С.М.Сидек – Стокгольм университеті (Швеция), Джемаль Окиян – Балыкесир университеті (Түркия), Суйц В.П – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Вацловас Лацис – Вильнюс университеті (Литва), Арзыбаев А.А – Қырғыз мемлекеттік университеті және т.б.
Факультеттің магистранттары, докторанттары және оқытушылары жыл сайын АҚШ, Германия, Ресей, Қытай, Польша және т.б. жақын және шалғайдағы шетелдердің жоғарғы оқу орындарында біліктілігін арттырады. Экономикалық мамандықтардың студенттері екі жақты келісім-шарт негізінде Түркия, Германия, Ресей және Польшада өндірістік тәжірибеден өтеді.
Факультет құрамында екі ғылыми өндірістік орталық (ҒӨО) жұмыс істейді. Олар: «Аймақтық экономика» ҒӨО және «Креатив» ҒӨО.
Факультетте төрт жыл оқу кезінде студенттер экономикалық ғылымның барлық салалары туралы теориялық біліммен қатар, басқарудың қазіргі заманғы әдісінің, жүйелік талдаудың және экономикалық-математикалық моделдеудің тәжірибелерін меңгереді. Оқу процесі кезінде аудиторияларда және нақты өндірісте қалыптасқан ахуалды талдау терең, әрі жан-жақты жүргізіледі. Нақты өндірістік жағдайлар «іскерлік ойындар» арқылы да жүргізіліп, сол арқылы болашақ мамандар басқару шешімдерін қабылдау әдістерін үйренеді, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға негізделген оқытудың инновациялық тәсілдері кеңінен қолданылады.
Факультетте қолданылатын оқытудың тиімді тәсілі – бұл дәстүрлі теориялық фундаменталді білім беру мен болашақ мамандықтарға бағытталған арнайы қолданбалы дайындықтың үйлесуі.
Студенттердің сараптау, талдау жұмыстары мен шығармашылық ой-өрісін қалыптастыруына үлкен көңіл бөлінеді. Осының барлығы бітірушілерге кәсіби қызметтің өзгермелі жағдайына тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
Соңғы бес жыл бойы факультетте ағылшын тілін еркін меңгерген студенттер үшін 6 профильдік және базалық пәндер бойынша сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі. Сабақты арнайы дайындықтан өтіп, сертификат алған оқытушылар жүргізеді. Сонымен бірге АҚШ, Германия, Қытай, Польша, Ресей және Түркия елдерінде тағылымдамадан өтіп келген оқытушылар тартылады.
Студенттерге қаланың, облыстың, республиканың, жақын және шалғайдағы шетелдердің кәсіпорындарында, ұйымдарында, компанияларында, мемлекеттік мекемелерінде, әртүрлі деңгейдегі банктерінде, фискалды мекемелерінде өндірістік тәжірибеден өту барысында экономикалық және ұйымдастырушылық жұмыстардың әдіс-тәсілдерін меңгеруге мүмкіндіктер берілген.
Әр жыл сайын 10 студент бір семестр бойы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде ішкі академиялық ұтқырлық бойынша білім алады. Академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің білім алуы факультеттің білім беру кеңістігін кеңейтіп, бітіруші түлектердің аймақтағы, тіпті елдегі еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Факультеттің студенттері мен магистранттары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Әр жыл сайын 300-ден аса студенттер мен магистранттар ғылыми-тәжірибелік конференцияларға баяндамаларымен қатысады. Өздерінің ғылыми жобаларымен республикалық және шетелдік конкурстарға да қатысып отырады. (Оңтүстік Корея, Польша, Турция). Өз жобаларын табысты жүзеге асырып жатқан студенттер де бар. Үшінші курс студенті Бижан Жанерке «Сорос Қазақстан» Қорының халықаралық бағдарламасы бойынша конкурсының грантын жеңіп алған. «Туризм» мамандығының студенттері Оңтүстік Кореяда өткен «Орталық Азия мен Африканың әйелдері мен қыздары» форумы конкурсының грантын жеңіп алып, осы форумға қатысып қайтты. Осы мамандықтың студенттері халықаралық DAAD бағдарламасы бойынша 2 апталық оқу-танысу тәжірибесінен өту мүмкіндігіне ие болып, Германияның 4 қаласында білімдерін жетілдіріп, халықаралық көрмелерге қатысты.
«Экономика и бизнес» факультеті Қазақстан бойынша біліктілігі жоғары экономист мамандарды дайындаумен қатар, әр түрлі деңгейдегі халықаралық спорттық жарыстарда ел мүддесін қорғап жүрген студенттер мен магистранттарды даярлап шығаруда. Бұл Еуропа, Азия және әлемдік деңгейдегі олимпиада чемпиондары, халықаралық турнирлер жеңімпаздары, республика чемпиондары боксшылар Бахтияр Артаев, Болат Ниязымбетов, Олжас Саттібаев; шахмат бойынша Қазақстанның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мадина Даулетбаева, садақ атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Татьяна Алексеева, таеквондодан халықаралық турнирлердің жеңімпазы, спорт шебері Есмырзаева Альмира, күрес ойыны бойынша спорттық шеберлікке кандидаттар Асылжан Ерманов, Ерназар Токсанбаев және тағы басқа студенттер.
Факультет студенттері облыстық, қала деңгейінде ұйымдастырылатын әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, университеттегі жастардың қоғамдық ұйымдарының жұмысына белсенді түрде қатысып отырады: жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттауға бағытталған «Enactus-Sife» командасы, «Студенттер Альянсы», «Студенттік парламент», «Жасыл ел» отряды, студенттер құрылыс отряды, т.б. Бүгінгі таңда факультеттің мыңдаған түлектері республиканың түкпір-түкпірінде, жақын және шалғай шет елдерде жемісті қызмет атқаруда. Олардың ішінде университеттің ғана емес, еліміздің мақтаныштарына айналған азаматтар да жеткілікті. Жыл сайын факультеттің 90%-дан астам түлектері сол жылы еңбекпен қамтылады.
♦ Басшылық
♦ Байланыс
Технологиялық факультет университеттегі алдыңғы қатардағы факультеттердің бірі болып табылады, онда жеңіл, тағам, тоқыма және химиялық өндірістерге, стандарттау, сертификаттау және метрология, мейрамхана және қонақ үй бизнесі саласына да кадрлар дайындайды. Факультеттің жоғары квалификациялы профессорлық-оқытушылық құрамы және заманауи материалды-техникалық базасы квалификацияланған маманды дайындауға кепіл бола алады.
Факультеттің базасында Қазақстанда жалғыз (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесіне үміткерлерді дайындайтын ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС бар. Төмендегі мамандықтар бойынша: 6D072600 – Жеңіл өндірісінің бұйындарын құрастыру және технология (қолдану саласы бойынша), 6D073500- Тамақ қауіпсіздігі, төрағасы ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Мадиев У.К.
Біздің түлектердің арасында көптеген ғұлама ғалымдар, ғылым және мәдениет саласының көрнекті тұлғалары, ірі өндірістердің жетекшілері, мәдениет, саясат және экономикалық басқарудың мәселелерін оң шешіп жүрген министрлік пен министрлер кабинетінің жауапты қызметкерлері бар.
Біздің факультетте 6 мемлекеттік грант иегерлері жұмыс істейді «Үздік ЖОО оқытушысы»: Сахы М.С., Аймен А.Т., Шардарбек М.Ш., Мунасипов С.Е., Боданов К.И., Джанахметов У.К
Астық өнімдерін тереңдеп өңдеу сұрақтары бойынша 50 жыл бойы т.ғ.д., профессор Е.С.Спандияровтың басшылығымен «Тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасы мен ТӨҒЗИ ғалымдары айналысады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары астық өнімдерін дайындау мен өңдеу технологиясы және техникасын жетілдіру болып табылады. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуда астық өңдеу және тамақ өнеркәсіп саласының ресурс сақтағыш технологиясы мен техникасын жетілдіру маңызды рөл атқарады.
Қазақстандағы нанотехнологияның дамуына біздің факультет өз үлесін қосуда. Факультетте нанотехнологиялар облысындағы зерттеулер фундаментальді және қолданбалы зерттеулер бағдарламаларының приоритетті бағыттары болып табылады. Университетте осындай зерттеулерді жүргізетін және берілген салада ауқымды жетістіктерге жеткен ғылыми ұжымдар бар, бұл өз кезегінде Қазақстанға инновациялық өнімдерді өндіру бойынша индустриальді дамыған елдер арасында беделді орын алуға мүмкіндік береді.
Нанозертхана қызметінің маңызды бағыттарының бірі профессор Н.А.Горбатовская жетекшілігімен, өсімдік тектес наноқұрылымды материалдарды пайдалану негізінде тағамдық құндылығы жоғары жаңа заманғы тамақ өнімдерін құру болып табылады. Зерттеулер «Нанотехнология сверхизмельчения Башкирцева» ЖШС-мен (Өскемен қ.) бірге жүргізіледі.
Қазақстанның жұмсақ жаздық және күздік бидайының перспективті іріктемелері дәндерінің анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымы алғаш рет меңгерілген және келтірілген. Осы бойынша дән сапасының көрсеткіштерімен байланыста олардың технологиялық қасиеттеріне баға берілген.
Жыл сайын факультет білімгерлерінің зерттеу нәтижелері ғылыми конференцияларға ұсынылады, олардың шамамен 10 ҚР Білім және ғылым Министрлігінің және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Фондының» ең жақсы ғылыми жұмысы байқауларына қатысады.
Жүргізілетін зерттеулерді кеңейту және жоғары білікті мамандарды дайындау (PhD докторларын, магистрлерді) үшін университет келесі шет елдердің ЖОО-мен және ғылыми орталықтарымен келісімдер бекітті: Калининград мемлекеттік техникалық университеті, Познаньдегі Жаратылыстану ғылымдарының университеті (Польша); «Манас» Қырғыз-Түрік университеті (Қырғызстан Республикасы); тамақ өндірістерінің Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей); төмен температуралы және тамақ технологияларының Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей); «азық-түліктер бойынша Белорусияның НҒА ғылыми-тәжірибелік орталығы»; К.Разумовский атындағы Мәскеу технология мен басқару мемлекеттік университеті, Б.Н.Ельцин атындағы Орал мемлекеттік техникалық университеті, Ташкент жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің институты, Бишкек мемлекеттік университеті, Ельцы қ. И.А.Бунин ат. Мемлекеттік университет, Каунасс технологиялық университеті, сонымен қатар Қазақстанның да: Алматы технологиялық университеті, «Сымбат» сән және бизнес Академиясы, Рудненск Индустриялы институты.
2011-2013 оқу жылында Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» және «Тоқыма материалдарының технологиясы мен жобалануы» мамандықтарының студенттері республикалық пәндік олимпиадада кез келген өндірістік жағдайдайларды шеше алатындықтарын және өздерінің білімдерін жоғары дәрежеде көрсете біліп, республиканың 13 ЖОО-ның ішінде 2,3-орындарды иеленді.
2010 жылы факультет туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған «Мейрамхана ісі және мейрамхана бизнесі» мамандығы бойынша мамандар дайындай бастады. 2013 жылдың 22 ақпанынан 27 сәуірге дейін Халықаралық бизнес академиясы ұйымдастырған «Қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі инновациялар» атты бірінші халықаралық конкурста «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы студенттерінің ұтқыр ойлары және жоғары дәрежедегі білімдері қолдау тапты.