Әскери кафедра

♦ Байланыс ақпараты

♦ Әскери кафедраға оқуға түсу ережесі

♦ Басшылық

♦ Тарихи анықтама

♦ Оқу үрдісі

♦ Кафедра құрамы

♦ Кафедра жаңалықтары

♦ Жетістіктер

Әскери кафедра 1963 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының негізінде құрылған. 1998 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты мен Жамбыл педагогикалық институты біріктірілгеннен кейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы болып өзгертілді.
2012 жылдан бастап әскери даярлықтың негізгі бейіні ЖОО-ның азаматтық техникалық мамандықтары бойынша алған білімдеріне негізделген инженерлік-техникалық мамандықтар болып табылады. Әскери даярлыққа тартылатын студенттердің саны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарымен айқындалады.
Әскери даярлыққа 24 жастан аспаған студенттер - Қазақстан Республикасының азаматтары тартылады.
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу конкурсы төрт кезеңде жүзеге асырылады: 
- медициналық куәландырудан өту;
- кәсіби-психологиялық тестілеу өткізу;
- дене дайындығын тексеру; 
- рейтингтік балл есебіне сәйкес конкурстық іріктеу.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын бітірген және бітіру емтихандарын тапсырған студенттер жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «ЗАПАСТАҒЫ ЛЕЙТЕНАНТ» әскери атағын беруге ұсынылады.

Прочитано 2484 раз Последнее изменение Пятница, 12 февраля 2021 06:10
Super User

TAG_NAME_AUTHOR_POST

Другие материалы в этой категории: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті »
Top