Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориясы мен практикасы

Монографияның атауы

Қазақстан  Республикасында коллаборативті  цифрлы  білім беру  ортасында  болашақ  педагогтердің   цифрлық  құзыреттіліктерін қалыптастыру: теория және әдістеме

Авторлары

К.Д.Бузаубакова, А.Е.Беделбаева

Баспа атауы

«ИП «Бейсенбекова А.Ж.»

Шыққан жылы

2024 жыл

ISBN

978-9965-37-525-5

Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориясы мен практикасы

Бузаубакова  К.Д., Беделбаева А.Е. Қазақстан Республикасында  коллаборативті  цифрлы  білім беру  ортасында  болашақ  педагогтердің   цифрлық  құзыреттіліктерін  қалыптастыру: теория және әдістеме. Монография/ К.Д.Бузаубакова, А.Е.Беделбаева (К.Д.Бузаубакова – 1,2-тараулар, кіріспе, глоссарий, қосымшалар;     А.Е. Беделбаева –   3 тарау, қорытынды).  – Тараз: «ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2024. – 314 б.

«Қазақстан Республикасында коллаборативті  цифрлы  білім беру  ортасында  болашақ  педагогтердің   цифрлық  құзыреттіктерін  қалыптастыру: теория және әдістеме» монографиясы  кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланған  әдебиеттер, глоссарий  және  қосымшадан тұрады.

«Қазақстан Республикасында коллаборативті  цифрлы  білім беру  ортасында  болашақ  педагогтердің   цифрлық  құзыреттіктерін  қалыптастырудың ғылыми-теориялық  негіздері» атты  бірінші тарауда педагогтердің  Еуропалық цифрлық құзыреттілік шеңбері, цифрлық  құзыреттіліктердің  даму  профилі  мен  деңгейлері бойынша  әлемдік тәжірибе зерделенеді; Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының  коллаборативті  цифрлы  білім беру ортасын  құру ерекшеліктері және коллаборативті   зерттеу ортасында  болашақ  педагогтердің  цифрлық  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері ашылады.

«Қазақстан  Республикасында  коллаборативті  білім  беру кеңістігінде  болашақ  педагогтердің   цифрлық  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың  әдістемесі» атты екінші тарауда  https://edu-collaboration.kz/ педагогикалық білім беру порталы, болашақ педагогтерге  арналған   «Цифрлы  оқыту технологиялары»  онлайн  курсының мазмұны, «Ең тиімді цифрлы білім беру платформасы» атты Халықаралық онлайн-байқауы, «Білім  берудегі  цифрлық  коллаборация: өзекті проблемалары   және перспективалары» Халықаралық  педагогикалық оқулары, «ЖОО-МЕКТЕП кооллаборациясы: инновация, технология  және  әдістеме» атты  Халықаралық Форумы, «ЖОО-МЕКТЕП коллаборативті цифрлы білім беру ортасында педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін  қалыптастыру: теория  және  әдістеме» атты  республикалық вебинар,  «Заманауи  жас  ғалымның            ғылыми-зерттеу  жұмысы:  цифрлы коллаборация»  атты  педагогикалық  коворкинг  және   «Цифрлы   білім  беру   ортасындағы   педагогтің  қызметі» оқулығының мазмұны мен  мәні ашылады.

 «Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының   коллаборациясы негізінде болашақ  педагогтердің  цифрлық құзыреттіліктерінің  деңгейлерін  анықтау және  бағалау»  атты  үшінші тарауда Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының коллаборациясы  негізінде  болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерінің  деңгейлері анықталып, Қазақстан Республикасында болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерін  қалыптастыру бойынша SWOT-талдау жасалынды.

  «Қазақстан Республикасында коллаборативті  цифрлы  білім беру  ортасында  болашақ  педагогтердің   цифрлық  құзыреттіктерін  қалыптастыру: теория және әдістеме»  монографиясы  терең  мазмұнымен, ғылыми жоба аясында жасалған   іс-шаралардың  инновациялық  формаларымен  ерекшеленеді және педагогикалық  жоғары  оқу орнының  болашақ педагогтеріне,  докторанттарына арналады.

  «Қазақстан Республикасында коллаборативті  цифрлы  білім беру  ортасында  болашақ  педагогтердің   цифрлық  құзыреттіктерін  қалыптастыру: теория және әдістеме» монографиясы  AP19680242 «Қазақстан Республикасында  педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында  жоғары  оқу  орындарының  коллаборативті  цифрлы білім беру ортасын  құру»  атты   гранттық  жобасы аясында жарық көрді   және   ҚР Ғылым  және жоғары білім министрлігі Ғылым Комитеті тарапынан қаржыландырылды.

Top