♦ Басшылық
♦ Байланыс
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың негізгі факультеттерінің бірі – гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті. Факультет 2003 жылы филология факультетінің құрамынан бөлініп, әлем тілдері мен әдебиеті факультеті деп аталды. Алғаш факультетте филология, қазақ тілі мен әдебиеті, аударма ісі, шетел филологиясы, журналистика мамандықтары бойынша мамандар дайындалды. Алғашқы деканы ф.ғ.д., проф. С.Ж.Тәжібаева болды. 2006 жылы факультет құрамына психология, тарих, әлеуметтану мамандықтары қосылды. Соған орай, факультет атауы гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті деп өзгертіліп, тарих ғ.д., проф. Д.П.Қожамжарова декан болып бекітілді. 2008 жылы факультет құрамына дене шынықтыру және спорт, 2009 жылы мәдени-тынығу жұмыстары мамандықтары енді. 2009-2011 жылдары факультетті ф.ғ.к., доцент Л.Г.Мұқажанова басқарса, 2011 жылдан бері ф.ғ.к., доцент Ә.О.Ыбырайым басқарады. Бұл кафедраларда 3 ғылым докторы, 31 ғылым кандидаты мен 60-тан астам магистрлер және бірнеше КСРО, Қазақстан Республикасы спорт шеберлері, еңбек сіңірген жаттықтырушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері жұмыс істейді.