Экономика және бизнес факультеті

♦ Басшылық

♦ Мамандықтар

♦ Студенттер тәжірибесі

♦ Жетістіктер

 Факультет жаңалықтары

♦ Кафедралар

♦ Байланыс

«Экономика және бизнес» факультеті М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 50 жылдан аса тарихы бар ірі құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Факультетте мемлекеттік және жергілікті органдарды басқару, ұлттық компанияларға, өндірістік кәсіпорындарға, фискалды мекемелерге, банктік жүйелерге, оқу орындарына, ғылыми-зерттеу орталықтарына қажетті кадрлар 8 бакалавриат мамандықтары және 5 магистратура мамандықтары бойынша дайындалады.
Қазіргі уақытта факультеттегі барлық мамандықтар бойынша мыңға жуық студент және жүзден аса магистрант білім алуда.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі айтарлықтай жоғары: 6 ғылым докторлары, 35 ғылым кандидаттары және 25 магистр нәтижелі еңбек етуде. Оқытушылар құрамының 50%-дан астамының ғылыми дәрежесі бар. Білім мен ғылым саласындағы жетістіктері үшін факультеттің оқытушылары әртүрлі мемлекеттік наградалардың, сыйақылардың, гранттардың және төсбелгілердің иегерлері атанған:
Мемлекеттік наградалар:
Әбілдаев С.Т. – «Қазақстан тәуелсіздігіне 20-жыл» медалі» – 2011
Төсбелгілер:
Ауелбаев С.Ш. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2008, ҚР үздік оқытушысы – 2012
Тажибаев С.Д. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері –2008, ҚР ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін – 2003
Ертаев К.Е. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2011
Стамбеков Е.Е. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2010
Молдабекова А.Ш. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2011, ҚР үздік оқытушысы – 2012
Исакова С.А. - ҚР үздік оқытушысы – 2013
Сыйақылар мен гранттар:
Амалбекова Г.Е. – Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2009
Әбілдаев С.Т.- Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2010
Молдабекова А.Ш. – Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2011
Искакова Г.К., Әбілдаев С.Т. – ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2012
Муратова Д.Б. – «Ұлттық теңге – тәуелсіздік діңгегі» номинациясы бойынша Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Жамбыл облысы әкімінің сыйақысы – 2011
Молдашева А. Б. – «Қазақстанда жасалған» ҚР Жастар комитетінің сыйақысының иегері – 2010
Құттыбаева Г.Е. – ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Назикова Ж.А. – ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Молдашева А.Б. - ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Тлеубаева С.А. - ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Насибуллина А.В. – ҚР Ұлттық бизнес рейтингінің «Ерен еңбегі үшін» медалі – 2014
Назикова Ж.А. - ҚР Ұлттық бизнес рейтингінің «Үздік маман» Ұлттық сертификаты – 2014
Сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде факультеттегі экономикалық пәндерден дәріс беруге алдыңғы қатарлы жақын және шалғай шетелдік университеттердің ғалымдары шақырылып тұрады. Факультет В Корфантого атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетімен (Катовице қ., Польша), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен (Ресей, Мәскеу), «Балыкесер» университетімен (Түркия), Вильнюс университеті (Литва), Қырғыз экономикалық университетімен (Қырғызстан) және т.б. білім беру және ғылыми орталықтармен белсенді қарым-қатынаста. 2008-2013 жылдар аралығында оқу-ғылыми жұмыстарға 14 шетелдік ғалымдар тартылған: С.М.Сидек – Стокгольм университеті (Швеция), Джемаль Окиян – Балыкесир университеті (Түркия), Суйц В.П – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Вацловас Лацис – Вильнюс университеті (Литва), Арзыбаев А.А – Қырғыз мемлекеттік университеті және т.б.
Факультеттің магистранттары, докторанттары және оқытушылары жыл сайын АҚШ, Германия, Ресей, Қытай, Польша және т.б. жақын және шалғайдағы шетелдердің жоғарғы оқу орындарында біліктілігін арттырады. Экономикалық мамандықтардың студенттері екі жақты келісім-шарт негізінде Түркия, Германия, Ресей және Польшада өндірістік тәжірибеден өтеді.
Факультет құрамында екі ғылыми өндірістік орталық (ҒӨО) жұмыс істейді. Олар: «Аймақтық экономика» ҒӨО және «Креатив» ҒӨО.
Факультетте төрт жыл оқу кезінде студенттер экономикалық ғылымның барлық салалары туралы теориялық біліммен қатар, басқарудың қазіргі заманғы әдісінің, жүйелік талдаудың және экономикалық-математикалық моделдеудің тәжірибелерін меңгереді. Оқу процесі кезінде аудиторияларда және нақты өндірісте қалыптасқан ахуалды талдау терең, әрі жан-жақты жүргізіледі. Нақты өндірістік жағдайлар «іскерлік ойындар» арқылы да жүргізіліп, сол арқылы болашақ мамандар басқару шешімдерін қабылдау әдістерін үйренеді, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға негізделген оқытудың инновациялық тәсілдері кеңінен қолданылады.
Факультетте қолданылатын оқытудың тиімді тәсілі – бұл дәстүрлі теориялық фундаменталді білім беру мен болашақ мамандықтарға бағытталған арнайы қолданбалы дайындықтың үйлесуі.
Студенттердің сараптау, талдау жұмыстары мен шығармашылық ой-өрісін қалыптастыруына үлкен көңіл бөлінеді. Осының барлығы бітірушілерге кәсіби қызметтің өзгермелі жағдайына тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
Соңғы бес жыл бойы факультетте ағылшын тілін еркін меңгерген студенттер үшін 6 профильдік және базалық пәндер бойынша сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі. Сабақты арнайы дайындықтан өтіп, сертификат алған оқытушылар жүргізеді. Сонымен бірге АҚШ, Германия, Қытай, Польша, Ресей және Түркия елдерінде тағылымдамадан өтіп келген оқытушылар тартылады.
Студенттерге қаланың, облыстың, республиканың, жақын және шалғайдағы шетелдердің кәсіпорындарында, ұйымдарында, компанияларында, мемлекеттік мекемелерінде, әртүрлі деңгейдегі банктерінде, фискалды мекемелерінде өндірістік тәжірибеден өту барысында экономикалық және ұйымдастырушылық жұмыстардың әдіс-тәсілдерін меңгеруге мүмкіндіктер берілген.
Әр жыл сайын 10 студент бір семестр бойы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде ішкі академиялық ұтқырлық бойынша білім алады. Академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің білім алуы факультеттің білім беру кеңістігін кеңейтіп, бітіруші түлектердің аймақтағы, тіпті елдегі еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Факультеттің студенттері мен магистранттары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Әр жыл сайын 300-ден аса студенттер мен магистранттар ғылыми-тәжірибелік конференцияларға баяндамаларымен қатысады. Өздерінің ғылыми жобаларымен республикалық және шетелдік конкурстарға да қатысып отырады. (Оңтүстік Корея, Польша, Турция). Өз жобаларын табысты жүзеге асырып жатқан студенттер де бар. Үшінші курс студенті Бижан Жанерке «Сорос Қазақстан» Қорының халықаралық бағдарламасы бойынша конкурсының грантын жеңіп алған. «Туризм» мамандығының студенттері Оңтүстік Кореяда өткен «Орталық Азия мен Африканың әйелдері мен қыздары» форумы конкурсының грантын жеңіп алып, осы форумға қатысып қайтты. Осы мамандықтың студенттері халықаралық DAAD бағдарламасы бойынша 2 апталық оқу-танысу тәжірибесінен өту мүмкіндігіне ие болып, Германияның 4 қаласында білімдерін жетілдіріп, халықаралық көрмелерге қатысты.
«Экономика и бизнес» факультеті Қазақстан бойынша біліктілігі жоғары экономист мамандарды дайындаумен қатар, әр түрлі деңгейдегі халықаралық спорттық жарыстарда ел мүддесін қорғап жүрген студенттер мен магистранттарды даярлап шығаруда. Бұл Еуропа, Азия және әлемдік деңгейдегі олимпиада чемпиондары, халықаралық турнирлер жеңімпаздары, республика чемпиондары боксшылар Бахтияр Артаев, Болат Ниязымбетов, Олжас Саттібаев; шахмат бойынша Қазақстанның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мадина Даулетбаева, садақ атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Татьяна Алексеева, таеквондодан халықаралық турнирлердің жеңімпазы, спорт шебері Есмырзаева Альмира, күрес ойыны бойынша спорттық шеберлікке кандидаттар Асылжан Ерманов, Ерназар Токсанбаев және тағы басқа студенттер.
Факультет студенттері облыстық, қала деңгейінде ұйымдастырылатын әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, университеттегі жастардың қоғамдық ұйымдарының жұмысына белсенді түрде қатысып отырады: жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттауға бағытталған «Enactus-Sife» командасы, «Студенттер Альянсы», «Студенттік парламент», «Жасыл ел» отряды, студенттер құрылыс отряды, т.б. Бүгінгі таңда факультеттің мыңдаған түлектері республиканың түкпір-түкпірінде, жақын және шалғай шет елдерде жемісті қызмет атқаруда. Олардың ішінде университеттің ғана емес, еліміздің мақтаныштарына айналған азаматтар да жеткілікті. Жыл сайын факультеттің 90%-дан астам түлектері сол жылы еңбекпен қамтылады.

Прочитано 501 раз Последнее изменение Четверг, 11 февраля 2021 05:54
Super User

TAG_NAME_AUTHOR_POST

Другие материалы в этой категории: « Заң факультеті Технологиялық факультет »
Top