Ақпарат және телекоммункация факультеті

♦ Басшылық

♦ Мамандықтар

♦ Студенттер тәжірибесі

♦ Жетістіктер

♦ Факультет жаңалықтары

♦ Кафедралар

♦ Байланыс

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті  Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұрақты, табысты және динамикалық түрде дамып келе жатқан жоғарғы оқу орны болып табылады және бірыңғай оқу-ғылыми-өндірістік кешенді түрде жұмыс істеп, кешенді ғылыми-зерттеу мен көп сатылы мамандар дайындауды жүргізеді: бакалавриат-магистратура-PHD доктарантура.
Компьютерлік техника  мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік универститетінің жанында «Ақпараттық технологиялар» факультеті ашылған болатын. 2003 жылы факультет таратылып, мамандықтары басқа факультеттердің құрамына кірді.
2013 жылы ректор бұйрығымен «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультеті болып қайта құрылды. Бірінші таңда факультет М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ең ірі факультеттерінің бірі болып саналады.
Факультеттегі біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар құрамы мен заманауи материалдық-техникалық базасы білікті мамандар дайындаудың кепілдігі болып аталады. Бүгінгі таңда факультетте 120-дан астам оқытушылар, оқыту-көмекші персоналдары мен қызметкерлер жұмыс істейді. Факультетте біліктілігі жоғары мамандар жеткілікті, солардың ішінде 7 ғылым докторы професорлар және 30 -дан аса ғылым кандидат пен 50-ден аса магистрант бар. Факультетте есептеу техникасы, бағдарламалық жабдықтау, компьютерлік жүйелер, радиотехника және телекоммуникация, автоматика және процестерді басқару, физика мен математика салаларына мамандар дайындау жүзеге асырылады. Факультет түлектері алған білімдерін  зерттеулер мен өңдеулерге қатысуға табысты қолдана отырып өндірісте, заманауи құралдарды жүргізуде және әр түрлі жүйелерде кеңінен пайдалануда.
Факультет түлектері тек Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтарында да табысты қызмет атқаруда. Факультет ғылым мен өндірістің ұйымдастырушылары мен ірі мамандары жоғары оқу орындары, колледж және мектеп оқытушылары болып жүрген түлектерін мақтаныш етеді. Солардың арасында ірі мекеме басшылары, фирма президенттері, Қазақстан Республикасы және басқа елдердегі басшылар мен жетекші мамандар бар.

Прочитано 838 раз Последнее изменение Воскресенье, 07 июня 2020 19:34
Super User

TAG_NAME_AUTHOR_POST

Top