
Super User
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

ШУЛЕНБАЕВ ЖАНБОЛАТ ЖЫЛКЫБАЕВИЧ
Дулати Университеті Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысы
заң ғылымдарының магистрі
Телефон: 8-7262-457978, 8-777-507-87-00
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Қызмет бағыты
Корпоративтік хатшы лауазымы Қоғамның Жалғыз акционерінің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға кепілдік беретін корпоративтік басқару қағидалары мен рәсімдерін Қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының сақтауын қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Корпоративтік хатшы - Директорлар кеңесінің немесе Қоғам Басқармасының мүшесі емес, Қоғам жұмыскері болып табылады, Қоғамның Директорлар кеңесімен тағайындалады. Корпоративтік хатшы өз қызметінде Директорлар кеңесіне есеп береді және бағынады.
Корпоративтік хатшы Қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік басқару саласындағы ережелерін, Жарғысын және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз етеді.
Корпоративтік хатшыға Қоғамның Директорлар кеңесінің жиналысын дайындауды және өткізуді, Директорлар кеңесінің және Жалғыз акционердің қарауына ұсынылатын мәселелер бойынша материалдарды қалыптасуына қамтамасыз етуіне, осы материалдарға қолдалуын қамтамасыз ету үшін бақылау жүргізуге міндеті жүктелген.
Корпоративтік хатшының қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, Қоғамның Жарғысына, қоғамның өзге де ішкі құжаттарына және Директорлар кеңесінің, сондай-ақ Жалғыз акционердің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
КОРПОРАТИВНОЕ УПРАВЛЕНИЕ

ШУЛЕНБАЕВ ЖАНБОЛАТ ЖЫЛКЫБАЕВИЧ
Корпоративный секретарь Совета директоров Унверситет Дулати
магистр юридических наук
Телефон: 8-7262-457978, 8-777-507-87-00
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Направление деятельности
Должность Корпоративного секретаря вводится в целях обеспечения соблюдения органами и должностными лицами Общества правил и процедур корпоративного управления, гарантирующих реализацию прав и интересов Единственного акционера Общества.
Корпоративный секретарь – работник Общества, не являющийся членом Совета директоров, либо Правления Общества, назначается Советом директоров Общества. В своей деятельности Корпоративный секретарь подотчетен и подчинен Совету директоров.
Корпоративный секретарь обеспечивает соблюдение органами и должностными лицами Общества процедур, направленных на обеспечение прав и интересов Единственного акционера, а также следования Общества положениям в сфере корпоративного управления, Устава и другим внутренним документам Общества.
На Корпоративного секретаря возложена обязанность по подготовке и проведению заседаний Совета в Общества, обеспечению формирования материалов по вопросам, которые выносятся на рассмотрение Совета директоров и Единственного акционера, ведению контроля за обеспечением доступа к данным материалам.
Деятельность Корпоративного секретаря осуществляется в соответствии с нормами законодательства Республики Казахстан, Уставом Общества, иными внутренними документами Общества и решениями Совета директоров, а также Единственного акционера.
ОЙ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ
Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан Дулати университетінің 1-курс студенттері арасында жекелей онлайн жарыс өтті. Жарысқа 14 студент қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, нәтижесінде 1-орынды Гулдерай Кенгесбаева (ТФ), 2-орынды Мұрат Орман (ФИТАТ), 3-орынды Әсет Тәкен (ГӘҒФ) иеленді.
Жарыс нәтижесінде жастарымыздың ұлттық ойындарға деген қызығушылығы барын байқадық. Бұл өте қуантарлық жағдай. Студенттер тарапынан алдағы уақыттарда осындай жарыстарды көбірек ұйымдастыру керектігі айтылды.
Жанар Қамысбаева, «Дене тәрбиесі»
кафедрасы аға оқытушысы
ОЙ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ
Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан Дулати университетінің 1-курс студенттері арасында жекелей онлайн жарыс өтті. Жарысқа 14 студент қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, нәтижесінде 1-орынды Гулдерай Кенгесбаева (ТФ), 2-орынды Мұрат Орман (ФИТАТ), 3-орынды Әсет Тәкен (ГӘҒФ) иеленді.
ERASMUS DAYS – 2020
16 октября 2020 года в Таразском региональном университете имени М.Х. Дулати в традиционно ежегодном формате был проведен Международный День #ErasmusDays2020.
Целями и задачами мероприятия было обмен опытом между командами проектов LMPI, SUSDEV и REILEAP. А также информирование заинтересованных лиц и популяризация результатов проекта Эрасмус+.
В ходе мероприятия были показаны достигнутые цели и результаты проектов в виде презентации и видео.
РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА В СТУДЕНЧЕСКИХ ОБЩЕЖИТИЯХ
В соответствии с постановлением Главного государственного санитарного врача РК от 5 сентября 2020 года №51 «О проведении санитарно-профилактических, санитарно-противоэпидемических мероприятий по гриппу и острой респираторной вирусной инфекции (ОРВИ) в эпидсезоне 2020-2021 года» 16 октября 2020 года была проведена вакцинация против гриппа студентам проживающих в студенческих общежитиях Таразского регионального университета им. М.Х. Дулати.
Студенты были проинструктированы об эффективности вакцины и мерах по предотвращению коронавирусной инфекции.
А также проведена разъяснительная работа по оказанию первой медицинской помощи.
ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫ АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДЕРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2020-2021 жылғы эпидмаусымда тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» 2020 жылғы 5 қыркүйектегі №51 қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 16 қазан күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Студенттік жатақханаларына орналасқан студенттерге тұмауға қарсы вакцина салынды.
Студенттерге вакцинаның тиімділігі және Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жайлы әдістемелік нұсқаулықтар беріліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Сондай-ақ, адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін қолданылатын алғашқы көмек көрсетудің жолдары түсіндірілді.
ERASMUS DAYS – 2020
2020 жылдың 16 қазанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жыл сайынғы дәстүрлі форматта #ErasmusDays2020 Халықаралық күні өтті.
Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері - LMPI, SUSDEV және REILEAP жобалары арасындағы тәжірибемен алмасу, сонымен қатар мүдделі тараптарды ақпараттандыру және Эразмус+ жобасының нәтижелерімен таныстыру болды.
Іс-шара барысында жобалардың қол жеткізген мақсаттары мен нәтижелері презентация мен бейнероликтер түрінде көрсетілді.
«БЕСАСЫҚ» СПОРТ ТҮРІНЕН ОНЛАЙН ЖАРЫС ӨТТІ
Қазан айының 16 күні қала күніне арналған «Асығың алшысынан түссін» атты 1-курс студенттері арасындағы «Шекемтас» асық ойыны түрінен онлайн жарыс өтті.
Жарыс университетіміздегі Спорт клуб басшысы Бекболат Шилібаев пен «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары: бас төреші Жанар Бекбергенова және төрешілер Расылхан Айымкулов, Жақсылық Тоқбергеновтің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Онлайн жарысқа барлығы 27 студент қатысты. Нәтижесінде, I орынға Диана Жанасбек (ФГСН) ие болса, II орынды Ақбота Сембек (ТФ) өз қанжығасына байлады. Ал, Аяжан Саябай (ТФ) үштікті түйіндеді.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар, белсенділік танытқандар арнайы Мақтау қағаздары және дипломдармен онлайн арқылы марапатталды.
Жарысты ұйымдастырушылар барша жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтап еңбектеріне жеміс, күш-қуат пен зор денсаулық тіледі.
Жанар Бекбергенова, «Дене тәрбиесі»
кафедрасының аға оқытушысы
ЖАТАҚХАНА ЖАСТАРЫ ЖАРЫСҚА ТҮСТІ
Дулати университетінде №1, № 2 жатақханасында тұратын студенттер арасында «дойбы» және «шекемтас» спорт түрлерінен жарыс өтті.
Қазан айының 15-17 күндері, қала күніне арналған «Тараз - менің сүйікті қалам» атты «Дойбы» спорт түрінен және қыздар арасында «Шекемтас» асық ойынынан студенттер сайысқа түсті.
COVID-19 пандемиясын ескере отырып, барлық тәртіп сақталынды.
Жарыс университетіміздегі Спорт клуб басшысы Шилібаев Бекболат Аманжолұлы мен «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары: бас төреші Жанар Бекбергенова және төрешілер Жақсылық Тоқбергенов, Расылхан Айымкулов, Бейбіт Аязбеков, Гульчехра Рожко, Наталья Сиротина және «Дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті Қалдыбек Умирбаевтың ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жарыстың ашылу салтанатында Бекболат Аманжолұлы Қала күні мерекесімен құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі. Төрешілерді таныстырып, жарыстың әділетті өтеріне сенім білдірді. Жарысқа арнайы келген қонағымыз таеквондодан спорт шеберлері Фатима Сұлтанбекова мен Жадыра Серікбай өнерлерін ортаға салып, жекпе-жек көрінісін тарту етті.
Дойбы спорт түрінен 7 жігіт қатысып: 1 орын – Қазбек Нұрбол (ФМНГД), 2 орын – Дауренұлы Оразалы (СШжЭ), 3 орын – Алферов Владислав (СШжЭ) иеленді. «Шекемтас» асық ойыны түрінен 12 қыз қатысып: 1 орын – Докаева Айнұр (СШжЭ), 2 орын – Гулнепесова Огулшат (СШжЭ), 3 орынды – Мухадова Сахра (СШжЭ) жеңді. Жарыс жеңімпаздарын «Дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Жұмахан Нұғманов марапаттады.
Жарыстың екінші күні № 2 жатақханада тұратын студенттер арасында «Дойбы» спорт түрінен 8 жігіт қатысып: 1 орын – Нурадил Мадияр (ГӘҒ), 2 орын – Исмайлов Абдукохар (ФИТАТ), 3 орын – Кұрманалы Талғар (ФГСН) иеленді. «Шекемтас» асық ойыны түрінен 21 қыз қатысып: 1 орын – Бабаева Майя - (ФИТАТ), 2 орын – Алимбаева Шодия (ФГСН), 3 орын – Куанышева Әсел (ТПП) жеңіске жетті.
Жатақханада орналасқан шет мемлекеттің, яғни Қытай, Өзбекстан, Түркменстан азаматтары жарысқа атсалысып, өз елдерінде де осындай спорттық ойындары бар екендігін қызыға айтты.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Ал өзге қатысушыларға жарысқа деген белсенділігі үшін «Мақтау қағаздары» табысталды.
Бекбергенова Жанар, «Дене тәрбиесі»
кафедрасының аға оқытушысы