Super User

Super User

2020 жылғы 5 және 6 қазанда әскери кафедра студенттерімен «Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» тақырыбында қашықтықтан таныстыру дәрісі өткізілді.

Цикл бастығы, запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерге экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізгі талаптарын жеткізді.

Понедельник, 12 октября 2020 05:10

BI GROUP ХОЛДИНГІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Акмола облысы, Бурабай емдеу-сауықтыру орталығында  мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған IT-білім берудің  ITeachMe3.0 инклюзивті лагері жеңімпаздарының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды  жан-жақты бейімдеу, білім беру және жұмыспен қамту ерекше рөл атқарады. Білім жеке тұлғаның дамуына ықпал етіп, қиындықтарды жеңуге көмектеседі және қоғамда теңдікті сезінуге мүмкіндік береді, ал жұмыспен қамту қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізеді. ITeachMe жобасы мүгедектердің қаржылық тұрақтылығы мен қоғамға сіңуі үшін кәсіби IT-білім беруге бағытталған. Лагерьге қатысу әрбір адамды алдына мақсат қою және оған жетуге ынталандырады.

Жана идеяларды жүзеге асырушылар, инноваторлар, тәлімгерлер, мүгедектігі бар белсенді жастар жаңа белестерге жету, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу және қоғамға сіңу үшін бірігеді. Осы ITeachMe3.0 жобасы бойынша үш айлық қарқынды дайындықтан өткен  үздік 10 студент финалға шықты.

Марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі  Оспанов Ербол Дүйсебайұлы, сондай-ақ Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық технологияларды дамыту Департаментінің директоры Ахмедиев Дархан Мейрамұлы құттықтап, сөз сөйледі.

Жүлде қорын үздік студенттерге тапсыру құрметі  ITeachMe жобасының амбассадоры Мұқышев Нариманға  жүктелді. Нариман Нұрланұлы  қатарынан төртінші өтіп жатқан жобаға  қатысушыларды құттықтады.

1

IteachMe 3.0 жобасында UI/UX  дизайн курсының жеңімпазы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  3-курс студенті Олжас Махан болды. Креативті, ойы жылдам Олжасты  ITeachMe жобасының елшісі  Мұқышев Нариман BI Group  компаниясына  тәжірибеден өтуге шақырды.

 

Зәуре  Қойгелдиева

ЕҰУ докторанты

Четверг, 08 октября 2020 12:12

ПРИГЛАШАЕМ ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ!

Приглашаем принять участие в работе
Международной научно-практической конференции
«ХI Дулатовские чтения» на тему:
«М. Х. Дулати и независимый Казахстан»

Loading...

Четверг, 08 октября 2020 12:04

ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

16.10.2020 сағат 9:30-да өтетін
«М.Х. Дулати және тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы
«ХI ДУЛАТИ ОҚУЛАРЫ»
Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз!

Loading...

Четверг, 08 октября 2020 05:23

СТУДЕНТТЕРГЕ ХАБАРЛАНДЫРУ

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ

әскери кафедрасына түсуге конкурстық іріктеуге қатысатын

студенттерге  

ХАБАРЛАНДЫРУ

Әскери кафедраға түсу үшін студенттерді конкурстық іріктеу 2020 жылғы   12-21 қазан аралығында өткізіледі

Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу 2020 жылдың 12-19 қазан аралығында өткізіледі

Тестілеудің екі түрі ұсынылады:

- Тараз қаласы мен жақын аудандарда тұратын студенттер үшін тестілеу компьютерлік сыныпта;

- шалғай өңірлерде тұратын және келу мүмкіндігі жоқ студенттер үшін онлайн-тестілеу қашықтықтан өткізу форматында өткізіледі.

Онлайн-тестілеуге қатысатын студентке қойылатын талаптар - міндетті түрде веб-камерасы бар компьютердің (ноутбуктің), интернет желісіне шығатын ұялы телефонның болуы

Тестілеу өткізілетін мекен-жай: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62

Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырмайды.

Студенттердің дене дайындығы «Дене шынықтыру» пәнінің қорытынды бағалары бойынша бағаланатын болады.

Кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу кестесі мен онлайн-тестілеу тәртібі бойынша нұсқаулық университет сайтында және Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылады.

Онлайн-тестілеуге қатысу үшін өтінімді университеттің, факультеттің және мамандықтың атауын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.   электрондық поштасына 2020 жылғы 9 қазанға  дейін жіберуі керек.

Кәсіби-психологиялық тестілеуді тапсыруға студент бір рет жіберіледі.

Әскери кафедра басшылығы

Четверг, 08 октября 2020 05:21

ОБЪЯВЛЕНИЕ ДЛЯ СТУДЕНТОВ

ОБЪЯВЛЕНИЕ

студентам, участвующим в конкурсном отборе

для поступления на военную кафедру

НАО «Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати»

Конкурсный отбор студентов для поступления на военную кафедру будет проводиться с 12 по 21 октября 2020 года

Профессионально-психологическое тестирование студентов с 12 по 19 октября 2020 года

Предлагается два вида тестирования:

- очное тестирование (в компьютерном классе) для студентов, проживающих в городе Тараз и ближайших районах;

- онлайн-тестирование (в дистанционном формате) для студентов, проживающих в отдаленных регионах и не имеющих возможности прибытия.

Требования для студента, участвующего в онлайн-тестировании – обязательное наличие компьютера (ноутбука) с веб-камерой, сотового телефона с выходом в сеть интернет.

Адрес проведения тестирования: г.Тараз, улица Төле би, 62

Сдачи нормативов по физической подготовке не будет.

Физическая подготовленность студентов будет оцениваться по итоговым оценкам дисциплины «Физическая культура».

График проведения профессионально-психологического тестирования и инструкция по порядку онлайн-тестирования будут размещены на сайте университета и в социальной сети Instagram.

Заявку для участия в онлайн-тестировании необходимо направить на электронную почту Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. до 17.00 часов 9 октября 2020 года с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии), университета, факультета и специальности.

К сдаче профессионально-психологического тестирования студент допускается только один раз.

Руководство военной кафедры

Среда, 07 октября 2020 11:24

ДВОРЕЦ МОЛОДЕЖИ

medBakit.jpg

Медсестра: Дүйсебаева Бақыткүл

Дворец молодежи, Сатпаева 25а
 
 
 1.jpg   2.jpg  3.jpg  
  
6.jpg   7.jpg
Среда, 07 октября 2020 09:40

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КАБИНЕТІ №2

ASANOVA AIDA

 

АСАНОВА АИДА КҰРАЛБЕКҚЫЗЫ

Дулати Университетінің №2 медициналық бөлменің медбикесі

Медициналық бөлме Сатпаева көшесі, 28,
Гидрокопмлекс, Жастар Сарайында орналасқан
Байланыс тел.: 8(705) 8302752, 8(707) 1733600

MEDPUNKT 1

 

Вторник, 06 октября 2020 10:08

КАСКАД ЖОБАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ОҚЫТУ

Дулати университетінің студенттері жаңа жобаға қатысып, білім алуда.

Халықаралық Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін дамытуға арналған ауылшаруашылық университеттерінің консорциумы (КАСКАД) мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті арасында жасалған Меморандумға сәйкес, ұйымға енген 15 жоғары оқу орындары арасында «Экономика» саласы бойынша онлайн режимде білім алу жобасы іске асты.

Тұңғыш рет жүзеге асқан бұл жоба бойынша университетіміздің 30 студенті  18 апта бойы 15 жоғары оқу орнының білікті ұстаздарынан дәріс алады. Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша 400-ге тарта студент аталмыш жоба аясында оқып жатыр.

Осы апта Дулати университетінің апталығы. КАСКАД жобасы аясында Экономика және бизнес факультетінің оқытушылары «Инновациялық экономика» пәні бойынша дәріс өтуде. Экономика кафедрасының меңгерушісі Марина Кенжебаева, доцент Лейла Жакишева және аға оқытушылар Гүлзат Искакова, Әмина Насибулина, Қарлығаш Шалдарбекова мен Вильнара Әлибекова 5-10 қазан аралығында «Инновациялық экономика» пәні бойынша дәріс өткізіп, апта соңында студенттер білімін бағалайтын болады.

Аталмыш жоба бойынша студенттер цифрлы экономика, жасыл экономика, циркулярлы экономика, экологиялық экономика, аграрлық сектордың экономикасы, аграрлық коорперация, Еуроодақтың агробизнес тәжірибесі, стратегиялық менеджмент, антикризистік менеджмент, аграрлық менеджмент, қаржылық менеджмент, экономика мен менеджменттегі ақпараттық технологиялар, азық-түлік қауіпсіздігінің экономикасы, практикалық маркетинг пәндерін игеретін болады.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Армения мен Қарақалпақ елдерінің ең үздік сала мамандары өткізген дәрісте студенттер білімдерін жетілдіріп, сертификат иеленеді.

Медиа-қызмет

Четверг, 01 октября 2020 08:41

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ҚҰРМЕТКЕ КЕНЕЛДІ

Қарт – қазына. Даналықтың алтын кілті. Ақылшымыз бен ардақтыларымыз.

1-қазан – Қарттар күні. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті оқу ордамызға еңбегі сіңген, зейнеттегі ардагер ұстаздарды ұлықтап, құттықтауды жыл сайынғы дәстүрге айналдырған.  Әдетте бұл күні білім ордасына еңбегі сіңген, зейнет демалысындағы қазыналы қарттарымызды арнайы шақырып, дастархан жайып, мерекелік концерт ұйымдастырылатын.

Бұл жылы елдегі жағдайға байланысты, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өткізілді. Университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы өз сөзінде  ұлағатты ұстаздарды құттықтап, білім саласындағы еңбектерінің елеулі екенін тілге тиек етті. «Ұлағатты ұстаздарымыз талай буынды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатты. Шәкіртіне бар білгенін үйретіп, ғұмырын арнады. Біз қазыналы қарттарымыздың алдында бас иеміз»,- деді университет басшысы.  Зейнет демалысындағы ұстаздар қауымы да өз кезегінде алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Ұстаздар мереке күні сый-құрметке кенелді. Университетіміздің 30 ардагер-ұстазына «Білімді ел – Образованная страна » республикалық газетінің бір жылдық жазылымын растайтын сертификат табысталса, 63 ардагер-ұстазға  қаржылай сыйақы ұсынылды.

Университет кәсіподақ комитетінің төрағасы Берік Хұсайынов келген қонақтарды мерекемен құттықтап, «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен» акциясы  аясындағы газетке жазылым сертификатын табыстады.

Құрметке кенелген қарттарымыз өз алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.

Медиа-қызмет

01 02
DSC 2971 DSC 2967
 DSC 2979  DSC 2983
 DSC 2987  DSC 2976
Страница 356 из 452
Top