
Super User
ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ ХАҚЫНДА ОЙ ҚОЗҒАЛДЫ
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қабырғасында «М.Х. Дулати және тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында «XI Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
ZOOM интернет платформасы арқылы ұйымдастырылған шарада Үндістан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің ғалымдары баяндама жасады. Университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Нұрғалиұлы кіріспе сөзімен конференцияны ашып берді. Өз сөзінде тарихқа шолу жасап, 1997 жылы университетке ғұлама ғалымның аты берілгенін, сол жылы алғашқы конференция өткенін айтты. 1998 жылы бас ғимараттың алдына Мұхаммед Хайдар Дулат бабаның ескерткіші орнатылып, 1999 «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының ашылғанын тілге тиек етті.
Конференция барысында университет басшысы мен «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Әбсаттар Дербісәлінің құрастыруымен жарыққа шыққан «М.Х. Дулати Қазақстан ғалымдарының зерттеулерінде» кітабының тұсауын кесті.
Сәмен Құлбарақ бүгінгі күні Үндістан мен Қазақстан арасында ғұлама ғалым, тарихшы, қолбасшы М.Х. Дулати туралы тарихи деректерді зерттеуде ортақ жұмыстар қолға алынғанын, әрі оны әлі де тереңдетіп, жалғастыру керектігін айтты. Бірігіп атқарған жұмыстарға да тоқталды.
Жиында Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мажитов ғалым өмірінің беймәлім тұстары мен артында қалған мұра жайлы сөз қозғады. Мұхаммед Хайдар Дулат бабаның қаза болуы хақында үш түрлі болжам барын, жерленген жері туралы тарихи деректердің де бірнеше нұсқада берілетінін айтты. – Ұлы ғалым туралы біз білетін мәлімет әлі де аз. Біздің қолымызда ғалымның «Тарих-и-Рашиди» және «Жаһаннаме» деген екі ғана еңбегі бар. Бұдан басқа да жазбалары, зерттеулері, хаттары болуы мүмкін. Әлі де Дели, Сринагар, Рампур, Алигархе, Хайдарабаде қалаларының архивтерін ақтарып, зерттеп, зерделей түсу керек,- деді Саттар Фазылұлы.
Келесі баяндамашы Үндістан ғалымы Иесви Аффан Қазақстан мен Үндістан арасындағы «алтын көпірге» айналған ғұламаның зиратын қайта жөндеп, жаңғыртуда Қазақстанның Үндістан еліндегі елшісі Болат Сәрсенбаевтың еңбегі ерен екеніне тоқталды.
«Тарих-и-Рашиди» шығармасының зерттеу методикасы жайында ой қозғаған ф.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей еңбекті зерттеу барысында текстологияға көп көңіл бөлу керегін жеткізді. – Адамзаттың басты артықшылығы - санасы. Ал сананың қуаттылығы сөз арқылы көрініс табады. Сол себепті бір шығарманы зерттеп, зерделеу үшін алдымен оның сөздік қорына зер салған жөн. Мәселен, «Тарих-и-Рашиди» шығармасында парсы тілімен бірге түркі және араб сөздері молынан кездеседі. Сол себепті аталған үш тілді игерудің деңгейіне қарай шығарманың жан сарайына жақындай түсуге мүмкіндігі туады. Өйткені, әр тілдің сөздік болмысында өзіне тән елдік сыр-сипаты бар. Сол себепті зерттеуге таңдап алған шығарманың тілін білу аздық етеді. Сөздердің ұғымдық ауқымына тереңдеп ену үшін түрлі түсіндірме сөздіктер қажет. Әрбір зерттеуші міндетті түрде сөздердің ұғымдарын ұғыну үшін сөздіктерге сүйеніп жұмыс істеуі керек. Өйткені әр ұлт пен ұлыстың сөздерінің мағнасы сан алуан болып келеді, - деді дулатитанушы ғалым.
Ғылыми конференция қырғыз елінің ғалымы, Жүсіп Баласағұн атындағы ҚҰУ-ның доценті Темірқұл Асановтың баяндамасымен жалғасты.
Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында «Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати танымындағы заман сипаты мен адам келбеті» тақырыбында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Жанғара Дәдебаев, Манас атындағы Қырғыз-түрік университетінің доценті Белек Қайрат, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Берекет Кәрібаев, дулатитанушы Мұхтар Қазыбек және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Асқар Абдуалы ғалымның өмірі мен шығармашылығы, еңбегі турасындағы баяндамаларын оқып, маңызды мәліметтерімен бөлісті.
Екі жылда бір рет өтетін бұл жиынның бұл жолғы реті әдеттегіден өзгеше болды. Карантин талабына сай қашықтан қатысқан ғалымдар интернет арқылы байланысуға мәжбүр болды. Дегенмен, конференцияда қамтылған кейбір баяндамалар «Университет тынысы» газетіне де шығып, электронды нұсқасы таратылып, университет сайтына да орналастырылды.
Ғылыми конференция басында тұсауы кесілген «М.Х. Дулати Қазақстан ғалымдарының зерттеулерінде» кітабы ұлттық, облыстық және жоғары оқу орындарының кітапханаларына таратылатын болады.
Гүлбақыт Берікқызы, Дулати университеті,
медиа-қызмет тілшісі
ОНЛАЙН ДӘРІС: ӘЛЕМ МУЗЫКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған Филип Больманның «Әлем музыкасының тарихы» 1,2 кітабының мазмұнын түсіндіру, жалпы әлемдік музыка тарихы туралы мәлімет беру мақсатында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен білім алушыларға арналған онлайн дәріс өтті. Дәрісте әлем музыкасы заманауи медианың дүниежүзіне жаһандануды тарататын өнімі емес, адамзат тарихындағы мәдениеттер мен тілдерді, діндер мен өркениеттерді байланыстыратын үлкен мұра екендігі айтылды. Сонымен қатар кітапта жинақталған мақалалар оқырманға Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы байланыстар мен назар аударуға тұрарлық елеулі сәттерді ұсынады. Авторлардың жинақта ұсынылған мақалаларында мәдени қақтығыстар мен кикілжіңдер, ежелгі өркениеттерден бастап, ғылымның өзегі болған орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдардың теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы жан-жақты қарастырылған. Жалпы, жинақ бүгінде танымал және классикалық музыка ретінде танылған түрлі халықтардың музыка тарихын егжей-тегжейлі баяндайды. Дәрісті жүргізген өнертану ғылымының кандидаты П.Шегебаев бұл кітаптың музыкатанушылар мен өнертанушыларға ғана емес, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналғандығын тілге тиек етті.
«Мәдениет және өнер» кафедрасы
ЖЫЛДАМ ӘРІ САУАТТЫ ОҚЫҒАНДАР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ...
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ҚР-ның тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда Дулати университетінде Кітапхана күніне орай профессор-оқытушылар арасында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, жаңа қазақ әліпбиі бойынша «Жылдам әрі қатесіз оқы!» атты мәтінді минутына оқудан жарыс өтті. Іс-шараның мақсаты - тіл мәдениетін көтеру және мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру.
Іс-шараға әр факультет бойынша 15 оқытушы қатысты. Жарысқа қатысушылар өткен оқу жылында «Латын графикасы: сауаттылық негіздері» атты 36 сағаттық курсқа қатысып, сертификат алған оқытушылар еді. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Жарысқа қатысушылар бірінші кезеңде мәтінді, ал екінші кезеңде Абай Құнанбайұлының поэзиясын минутқа оқыды. Жалпы байқаудың дұрыс, ашық және әділ өтуін қамтамасыз ету үшін сараптау комиссиясы құрылды. Төрайымы - Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Н.Молдабекова, комиссия мүшелері - Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Қ.Мырзалиева, Филология және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Ғ.Абдыханова.
Байқауда латыннегізді қазақ тілі әліпбиі бойынша берілген мәтін мен поэзияны жылдам және сауатты оқыған оқытушылар жеңіске жетті. Бірінші орынды Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультетінің доцент м.а., т.ғ.к. Ж.Тасжүрекова жеңіп алса, екінші орынды Технологиялық факультеттің аға оқытушысы Е.Кәрім мен Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультетінің аға оқытушысы Р.Тажиева бөліссе, үшінші орынды Педагогикалық жоғары мектептің аға оқытушысы А.Кебеева, Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің аға оқытушысы П.Оспанова мен Мұнай, газ және механика факультетінің аға оқытушысы Қ.Юсупова қанжығасына байлады. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
Мемлекеттік тілге қатысты байқауға мүмкіндігін мүлт жібермей қатысқан Дулати университетінің оқытушыларына алғысымызды айтамыз.
Алаш арысы С.Сейфуллин «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды...» деген еді, расын да, тілге қатысты реформада қоғам болып атсалысу – елдігіміздің белгісі.
«Рухани жаңғыру» жобалық офисі
КРЕАТИВНАЯ БИБЛИОТЕКА
«#ПрозрачностьКреативностьИнновации_2020» - под таким названием состоялся День библиотеки в Университете Дулати.
Цели - теплое общение и настоящий взрыв эмоций, использование современных новых технологий в информационном потоке, повышение квалификации библиотечных специалистов, обучение использованию приобретенных полнотекстовых электронных ресурсов, а также комплексное обсуждение проблем информационно-библиотечной деятельности в регионе.
Время проведения выбрано неслучайно - 15 октября сотрудники библиотечной системы отмечают свой профессиональный праздник - День библиотекаря. Настоящие профессионалы библиотечного дела вносят свой посильный вклад в сохранение культурного наследия народа Казахстана, продолжая вековые традиции библиотечного дела. И даже в условиях пандемии они стараются сделать так, чтобы читателям было интересно. Библиотеки, оказавшись в новых условиях, адаптируются к ним.
В Dulaty University сотрудники библиотечно-информационного центра постарались провести мероприятие креативно.
Присутствующий на мероприятии профессорско-преподавательский состав, сотрудников вуза и гостей ожидала обширная и интересная программа.
С праздником библиотекарей поздравили и.о. председателя правления – ректора Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати, доктор педагогических наук, профессор Махметгали Сарыбеков и гости мероприятия руководитель офиса «Рухани жангыру» Зарина Куатова, Генеральный директор ТОО «Казфосфат» Мукаш Искандиров.
Не обошлось и без чествования сотрудников нашего библиотечно-информационного центра - Махметгали Сарыбеков вручил им Почетные грамоты. Благодарственным письмом была отмечена директор Библиотечно-информационного центра Гульжан Иржанова. Оно было вручено ей Зариной Куатовой.
Беспрецедентные кризисы предоставляют возможности для преобразований. За небольшой срок на ограниченной площади Библиотечно-информационный центр создал комфортную и современную зону «CREATIVE ZONE». В ходе мероприятия состоялась торжественная церемония ее открытия. Здесь же прошел конкурс на чтение текста на казахском языке, написанного латиницей.
В «COWORКING ZONE» демонстрировались книги проекта «Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке», реализуемого в рамках государственной программы «Рухани жангыру».
В читальном зале состоялась презентация проекта «Bolashag Books», направленного на привлечение молодежи к культуре чтения, встреча с блогерами, обучающиеся тренинги и просмотр видеороликов.
Мероприятие завершилось участием в авторском вебинаре тренера Рабиги Кожамкул «Лайфаки для молодых ученых при написании научных статей», который был проведен в формате онлайн на платформе Zoom.
Медиа-служба
Dulaty University
КРЕАТИВТІ КІТАПХАНА
15-қазан – Кітапханашылар күні. Осыған орай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Кітапханалық ақпараттық орталықтың ұйымдастыруымен «Ашықтық. Креативтік. Жаңашылдық 2020» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Жиынға факультет декандары, кітапхана мамандары мен белсенді студенттер қатысты.
Бірнеше бөлім бойынша ұйымдастырылған шара «CREATIVE ZONE» залының салтанатты ашылуымен басталды. Әрмен қарай облыстық «Рухани жаңғыру» офисінің жетекшісі Зарина Қуатова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» кітапхана қорына келіп түскен 30 аталым оқулықпен таныстырып, Кітапханалық ақпараттық орталықтың директоры Гүлжан Жеңісбекқызын Алғыс хатпен марапаттады.
Университет ректоры Махметғали Сарыбеков құттықтау сөз алып, кітапхана қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен және қаржылай сыйақымен марапаттады. Келесі құттықтау сөз кезегін алған мерекелік шараның арнайы қонағы «Казфосфат» ЖШС-ның бас директоры Ескендір Мұқашев өз жылы лебізін білдіріп, бұл бағытта да бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс білдірді.
Салтанатты іс-шара блогерлердің кітапхана қызметінің маңыздылығы төңірегінде пікір алмасуымен жалғасты. Әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының ойы интернет, әлеуметтік желілердегі ақпарат кітап беретін білімді алмастыра алмайды деген пікірге тоғысты.
Іс-шара онлайн қызметте электронды кітапхананы тиімді пайдалану бойынша оқыту-тренингімен жалғасты. Кітапханада көптеген жаңа түскен әдебиеттерді QR код арқылы оқуға болады және сайт арқылы кітаптың электронды нұсқасымен де танысуға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, Кітапханалық-ақпараттық орталық студенттер үшін шағын әрі ыңғайлы «CREATIVE ZONE», «COWORКING ZONE» аймақтарын құрды. Аталған аймақтарда белсенді жастар өздерінің кез-келген жобаларын жүзеге асырып, емін-еркін пікір алмаса алады. «CREATIVE ZONE» олар үшін кәсіби және іскерлік қызметтегі жоғары бастамаларына трамплинге айналады деп болжануда.
Кітапханашылардың кәсіби мерекесі күні ұйымдастырылған іс-шара «Ғылыми мақалалар жазу бойынша жас ғалымдарға арналған лайфхак» атты авторлық вебинар-тренинге ұласты. Вебинар-тренинг ZOOM интернет платформасы арқылы өтті.
Дулати университетінің
медиа-қызметі
ОТЧЕТЫ СПОРТИВНОГО КЛУБА "СҰҢҚАР"
Условия формирования здорового образа жизни и физического воспитания в университете
ПРОТОКОЛ О ПРОВЕДЁННОМ МЕРОПРИЯТИИ №14
ПРОТОКОЛ О ПРОВЕДЁННОМ МЕРОПРИЯТИИ №13
ПРОТОКОЛ О ПРОВЕДЁННОМ МЕРОПРИЯТИИ №10
ПРОТОКОЛ О ПРОВЕДЁННОМ МЕРОПРИЯТИИ №9
ПРОТОКОЛ О ПРОВЕДЁННОМ МЕРОПРИЯТИИ №8
ПРОТОКОЛ О ПРОВЕДЁННОМ МЕРОПРИЯТИИ №7 (Соревнования среди студентов, проживающих в общежитии)
ПРОТОКОЛ О ПРОВЕДЁННОМ МЕРОПРИЯТИИ №4 (Соревнования по шекемтасу)
ПРОТОКОЛ О ПРОВЕДЁННОМ МЕРОПРИЯТИИ №3 (Соревнования по тогызкумалак)
КІТАПХАНА КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!
«15 қазан - Кітапхана күніне» орай сағат 10:00 де өтетін #АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2020 атты университеттегі кітапхана күніне шақырамыз!
Өтетін орны: Төле би,60. 2.1-Технологиялық кешені.
Профессорлық-оқытушылар құрамының назарына! 15 қазан күні сағ.15:00 де «Ғылыми мақалалар жазу бойынша жас ғалымдарға арналған лайфхактар» авторлық вебинар өткізіледі.
Вебинарға тіркелу:
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_5amgnFuySm6bZFmaWM8F1w
ПРИГЛАШАЕМ ВАС НА ДЕНЬ БИБЛИОТЕКИ В УНИВЕРСИТЕТЕ
Уважаемые профессорско-преподавательский состав, молодые ученые и студенты!
15 октября 2020 года в 10.00ч. приглашаем Вас на день библиотеки в университете #АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2020. Место проведения: Толе би,60. 2.1-Технологический корпус.
Вниманию профессорско-преподавательского состава! 15 октября в 15.00 проводится вебинар на тему «Лайфхаки для молодых ученных по написанию научных статей».
Регистрация на вебинар:
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_5amgnFuySm6bZFmaWM8F1w
БЕСЕДА СО СТУДЕНТАМИ НА ТЕМУ: «СУИЦИД, КАК СОЦИАЛЬНО-ПСИХОЛОГИЧЕСКОЕ ЯВЛЕНИЕ»
Со студентами военной кафедры с соблюдением санитарно-эпидемиологических требований была проведена беседа на тему: «Суицид, как социально-психологическое явление, причины и условия совершения поступков».
Старший преподаватель военной кафедры подполковник в отставке Жумабеков У.Ж. довел до студентов эффективные стратегии поведения, повышающие стрессоустойчивость, поддерживающие и укрепляющие психическое здоровье, технику саморегуляции.
«СУИЦИД, ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН ӘҢГІМЕЛЕСУ»
Әскери кафедра студенттерімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Суицид әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, іс-әрекеттің себептері мен шарттары» тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Әскери кафедраның аға оқытушысы отставкадағы подполковник У.Ж. Жұмабеков студенттерге күйзеліске төзімділікті арттыратын, психикалық денсаулықты нығайтатын және қолдайтын тиімді мінез-құлық стратегияларын, өзін-өзі реттеу техникасын ұсынды.