
Super User
Ел абыройын асқақтатқан спортшылар ректормен кездесті
Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов Әлемдік додада бақ сынап, жүлделі ІІІ орынды иеленген спортшылармен кездесті. Грекия мемлекеті Халкида қаласында өткен Каратэ-до Шотоканнан Әлем чемпионатында Дулати университетінің студенттері Сұлтан Сметов, Нурлан Жұмамұратов, Ахат Маманов, Мейірім Сағындықова – ІІІ орынды иеленген.
Спортшылармен кездесу барысында М.Қазыбекұлы студенттерге алғысын білдіріп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
– Биылғы жылы университет спортшыларының халықаралық, республикалық, әлемдік додаларда жеткен жетістіктері өте көп. Біз үнемі айтатын Дулати университеті – «Спортшылар ұстаханасы» деген сөзіміз бүгін тағы бір рет айғақталды. Оған ешкімнің таласы жоқ деп ойлаймын. Өйткені қазір қаншама біздің түлектеріміз осы саланың бетке ұстарына айналған. Ендігі мәселе, студенттердің тек материалдық тұрғыда ғана емес, көңіл күйлерінің жайлы болуын қамтамасыз етуіміз керек. Жарыс барысында сабақтар мен басқада мәселелерді ойламауы қажет. Осы тұрғыда жаттықтырушылар мен жетекшілеріне үлкен жұмыс атқару тапсырылады. Біздің жастар бұл белдесулер арқылы еліміздің спорт саласының әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде,- деді университет ректоры Мұхтар Байжұманов.
Тартысты болған кездесуде спортшыларымыз дене жарақаттарына қарамай, жүлделі орынға ие болған. Әлем және Еуропа чемпиондарымен бәсекеге түскен жастар өздерінің нағыз шебер екендерін тағы бір дәлелдеді.
Аталған студенттерімізді Дулати университетінің Қауымдастырылған профессоры, ҚР Еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Махамбетов Ерік Оралбекұлы жаттықтырып даярлап келеді.
Айта кету керек, осыған дейін студенттеріміз Әлем чемпионы және Еуропа чемпионы атанған болатын.
Ректор жайдарманшылармен кездесті
Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Сүйікті қалам Таразым!" атты жайдарлы жастар арасында Жайдарман ойыны өтті. Шаһар басшысының кубогіне Қызылорда, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан, сондай-ақ жергілікті командаларды қосқанда 7 топ өнер көрсеткен болатын.
Дулати университетінің «Қарасаз» командасы да ойында бақ сынады. Қазылар алқасының көңілінен шыққан қағытпа қалжыңдары мен ұтымды ойларының нәтижесінде студенттер үздік үштіктен көрінді.
Дулати университенің ректоры Мұхтар Байжұмановтың қабылдауында болған студенттер жетістіктерін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
– Жайдарман ойындары қазіргі уақытта кеңінен таралған жоба. Университетте ұйымдастырылған факультет немесе қалалық ойындардың өзі бізге көп мүмкіндік сыйлайды. Қазіргі үлкен сахналарда еркін әрі ұтымды ой айта алуымыз өткен ойындардың жемісі деп білеміз. Алдағы уақытта Шымкент қаласында Республикалық Жайдарман ойындары өтеді. Сол жарыста бақ сынап көруді жоспарладық, дейді команда капитаны Данияр Қалышов.
Жастардың ой-өрісін кеңейтіп, көңіл-күйлерін көтеретін Жайдарман ойындары қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие. Осы жоба арқылы қаншама жас өзінің болашағын жарқын етуде. Саяси жаңалықтармен хабардар болуға осы көңілді тапқырлар алаңының тигізер әсері мол.
Университет ректоры М.Қазыбекұлы жастарды жеңісімен құттықтап, алдағы ойындарда бірінші орын иеленулеріне тілектес екенін жеткізді. Сонымен қатар, ізденімпаз жастарға әрдайым қолдау білдіретінін айтты.
Ұстаз ұлы тұлға
"Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды" демекші, ұстаз шәкіртінің білім алып, тәрбиелі де саналы азамат болу үшін еңбек етеді. Студентінің әрбір жетістігіне қуанып, биік белестерді бағындыруға бағыттап, білікті маман болып жетілуіне үлес қосатын ұлы тұлға.
"5 қазан - Ұстаздар күні" мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" дегендей ұстаздарына құрмет көрсету мақсатында кафедрамыздың студенттері керемет кеш өткізді. Кеш барысында тұла бойы өнерге толы студенттеріміз көрініс көрсетіп, қазақтың ұлы домбырасымен күй шертіп, мәнерлеп поэзия оқып, көңіл көтерер видеолар көрсетіп, хормен керемет ән айтып, өз ықыластарын білдірді. Әр оқытушының еңбегін бағалап, арнайы сертификаттар табысталды.
Кафедра ұжымы кең пейілді көңілдерін білдірген студенттерімізге мың алғыс айтады.
Әріптестерімізді мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасына амандық тілейміз.
ДАЛАЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының бекітілген сабақ кестесіне сәйкес бірінші оқу жылының студенттерімен «Жалпыәскери дайындық» пәні бойынша далалық жағдайда практикалық сабақтар басталды.
ПРАКТИЧЕСКИЕ ЗАНЯТИЯ В ПОЛЕВЫХ УСЛОВИЯХ
Согласно утвержденного расписания занятий военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати со студентами первого года обучения начались практические занятия в полевых условиях по дисциплине «Общевоенная подготовка».
«Әскерге бару - азаматтық борыш»
2023 жылдың 7 қазанында әскери кафедра студенттері «Әскерге бару - азаматтық борыш» деп аталатын өңір жастарының әскерге аттану рәсіміне қатысты.
«Отправка в армию-гражданский долг»
7 октября 2023 года студенты военной кафедры приняли участие в мероприятии «Отправка в армию-гражданский долг».
«Есімде... Мақтанамын!»
2023 жылғы 6 қазанда әскери кафедра студенттерімен Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен қызметіне арналған іс-шара өтті.
Іс-шара барысында «От кешкен тағдыры» атты деректі бейнематериал ұсынылды, сондай-ақ көрермендердің назарына Мәншүк Мәметованың ерлігі туралы баяндайтын «Үзілген моншақ» слайд-шоуы ұсынылды.
«Помню... Горжусь!»
6 октября 2023 года со студентами военной кафедры прошло мероприятие, посвященное жизни и деятельности участницы Великой Отечественной войны, Героя Советского союза Маншук Маметовой.
В ходе мероприятия был представлен документальный видеоматериал «От кешкен тағдыры» так же вниманию зрителей был представлен слайд-шоу «Үзілген моншақ», в котором рассказывается о героическом подвиге Маншук Маметовой.