Super User

Super User

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 832 оқу взводының студенті Берікбосын Ерасыл 2023 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық байқауында «6В08601- Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша қатысып, үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін дипломмен марапатталды.

Студент военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати  Берикбосын Ерасыл 832 учебного взвода участвовал в Республиканском конкурсе научно-исследовательских работ по образовательной программе «6В08601- Водные ресурсы и водопользование» Был награжден дипломом.

Среда, 27 сентября 2023 12:47

Бокстан халықаралық турнир

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасы 113 оқу взводының студенті А.Р. Өмірбеков 2023 жылғы 20-24 қыркүйек аралығында Қостанай қаласында КСРО мен ҚазССР еңбек сіңірген жаттықтырушыларын еске алуға арналған бокстан ерлер арасындағы халықаралық турнирге қатысты.

ІІІ орын иеленіп, дипломмен және медальмен марапатталды.

Среда, 27 сентября 2023 12:30

Международный турнир по боксу

Студент военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати  113 учебного взвода Омирбеков А.Р.  с 20 по 24 сентября 2023 года  участвовал в международном турнире по боксу среди мужчин в городе Кустанай, посвященный памяти заслуженных тренеров ССР и КазССР.

Занял ІІІ место, награжден дипломом и медалью.

2023 жылғы 11-15 қыркүйек аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында студенттермен Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Среда, 27 сентября 2023 12:06

День языков народов Казахстана

С 11 по 15 сентября 2023 года на военной кафедре Таразского регионального  университета имени М.Х. Дулати со студентами были проведены мероприятия, посвящённые  Дню языков народов Казахстана.

Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік конгресі аясында «Климаттың өзгеруі және экологиялық дағдарыс» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі Рае Квон Чунг қатысты.

Рае Квон Чунг - Инчхон ғылым конвергенциясы және технология институтының климаттың өзгеруі бойынша шешімдермен жұмыс істейтін құрметті профессоры. Ол Пан Ги Мун қорының климат және энергетика жөніндегі директорлар кеңесінің мүшесі, «Жаһандық энергетика» сыйлығының халықаралық комитетінің төрағасы.

Дулати университетінің бастамасымен ұйымдастырылған жиында су шарушылығы мәселелері, экологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты мәселелер талқыланды. Университет ректоры Мұхтар Байжұманов және "Қазфосфат" ЖШС-тің бас экологы Гүлжанат Ибадуллақызы баяндама жасады.

– Дулати университеті су саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі базалық ЖОО ретінде анықталды. Дулати университеті су шаруашылығы, су ресурстары, қайта өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, химия саласындағы зерттеулер бойынша Орталық Азиядағы жетекші ғылыми және білім беру орталығы болып табылады және өңір үшін кадрлардың «жеткізушісі» екені мәлім. Бүгінгі таңда Дулати университеті Су бағытындағы ұйымдармен консорциалдық келісімге қол қойды. Оның құрамына ҚР 6 ЖОО және 5 ғылыми ұйым кіреді, - деді университет ректоры.

Кездесуде жан-жақты пікірлер айтылып, түйткілді мәселелер бойынша ғалымдар арасында сұрақтар қойылып, шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг жиынның еркін форматта өтіп, қызықты әңгімелермен өрбігенін айтып, алғысын білдірді.

1

2

3

4

5

Четверг, 21 сентября 2023 10:47

Бос лауазымдық орындарға конкурс

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

бос лауазымдық орындарға  конкурс жариялайды:

 

«ҰСТАЗ» ИНСТИТУТЫ 

«Арнайы және әлеуметтік педагогика»  кафедрасы бойынша:           

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

«Педагогикалық психология»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

«СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТҚА ҮЙЛЕСІРУ» ИНСТИТУТЫ 

«Су ресурстары»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

«Биология»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

«Экология және өмір тіршілік қауіпсіздігі»  кафедрасы бойынша:

 Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ 

«Дене тәрбиесі»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

«Алғашқы әскери дайындық»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

«Спорттық пәндердің әдістемесі»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ 

«Практикалық шетел тілдері»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

«Филология және журналистика»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

«Әлеуметтік психология»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ 

«Қолданбалы математика және физика»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ 

 «Экономика және менеджмент»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

«Философия және саясаттану»  кафедрасы бойынша:

Кафедра меңгеруші – 1 бірлік

 

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

«Дизайн және сән индустриясы»  кафедрасы бойынша:

 Кафедра меңгеруші – 1 бірлік 

 

Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар: 

Негізгі талаптар

- Кафедраның Білім бағдарламаларына сәйкес келетін жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- Ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша өндірістік өтілі 5 жылдан кем емес;

- Мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесі;

- Шығармашылық сипаттағы  Білім бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедраларда (Дене шынықтыру және спорт, Мәдени-бос уақыт жұмысы, Дизайн, Көркем еңбек және сызу, Бастапқы әскери дайындық, Хореография) «Еңбек сіңірген», «Құрметті» және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік наградалары бар, подполковниктен төмен емес әскери атағы, спорт шебері, спорт және өнер бойынша континентальдық және әлемдік ресми біріншіліктердің жеңімпаздары және т.б. Қазақстан Республикасы ресми танылған атақтары бар маман басқара алады. Жоғарыда аталған атақтардың иегерлері «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағына теңестіріледі;

- Университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы. 

Қосымша талаптар

- Соңғы 5 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы бойынша нәтижелер 7,0-ден астам болуы;

- Оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.   

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы - Ректор атына жазылған өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- жеке куәлік көшірмесі;

- өмірбаян;

- резюме;

- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі  туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

- біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

- денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) кітапша;

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы; 

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- Қызмет нәтижелері туралы презентация (қағаз және электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz. сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен  кешіктірілмеуі тиіс, 2023 жылғы қыркүйектің 21 мен 30 күндері аралығында. 

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 7,  101 бөлме (1.1 корпус)  (Персоналды басқару қызметі), тел. 8-(7262)-43-27-77, 8-(7262)-43-26-38, e.mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Кафедрой "Химия и химическая технология" было организовано праздничное мероприятие на тему "Возможности и преимущества Двудипломной программы". Открытие торжественного мероприятия состоялось приветственными словами ректора Таразского регионального университета им.М. Х. Дулати Байжуманова Мухтара Казыбековича и ректора Российского химико - технологического университета им. Д. И. Менделеева Воротынцева Ильи Владимировича.   В мероприятии приняли участие заместитель проректора по развитию учебных программ и международной деятельности университета РХТУ - Шахгильдян Георгий Юрьевич, представитель АО «Уралхим» – Богданова Ольга Викторовна, директор департамента управления персоналом ТОО «Казфосфат» - Айтматов Абдинадир Абдисадырович. Стороны доложили о дальнейшей работе по  укреплению тесного сотрудничества. Заведующая кафедрой "Химия и химическая технология" Маржан Сейітқызы рассказала о проводимой работе по обеспечению комфортного обучения студентов в рамках международного образовательного проекта и отметила возможности и преимущества двудипломной программы. Мероприятие продолжилось выступлениями активных студентов кафедры "Химия и химическая технология".

«Химия және химиялық технология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қос дипломды бағдарламаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты жиын   М.Х. Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Байжуманова Мухтар Қазыбекұлының және Д. И. Менделеев атындағы  Ресей химия - технологиялық университетінің ректоры Воротынцев Илья Владимировичтің құттықтау сөзімен ашылды.Іс-шараға РХТУ университеті тарапынан  «Оқу бағдарламаларын дамыту және халықаралық қызмет жөніндегі» проректор орынбасары  - Шахгильдян Георгий Юрьевич, АҚ  «Уралхим» өкілі – Богданова Ольга Викторовна, ЖШС «Қазфосфат» персоналдарды басқару департаментінің директоры - Айтматов Абдинадир Абдисадырович қатысты.Тараптар ынтымақтастық аясында алдағы уақытта бірлесе атқаратын әріптестікті одан әрі нығайту жұмыстары туралы баяндады.

«Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Маржан Сейітқызы, халықаралық білім беру жобасы аясында студенттердің қолайлы білім алуын қамтамассыз ету үшін атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қос дипломды бағдарламаның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын атап өтті. Іс –шара «Химия және химиялық технология» кафедрасының  белсенді студенттерінің өнерлерімен жалғасты.

Страница 54 из 447
Top