Super User
Атенов Ерлан Иманғалиұлы
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» ҚЕ АҚ жанында құрылған 8D074 – Су шаруашылығы мамандарын даярлау бағытының 8D07411 – «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес 8D07411 – «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылғанның «Тізбекті гидротехникалық құрылымдар іргетастарын орнату үшін діңгегінің кеңейтілген бөліктері бар қадалар жұмысын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы хабарлайды.
Диссертация қорғауға диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Қорғау орыс тілінде жүргізіледі.
Диссертация М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейінді ҒЗЗ орындалған.
Ғылыми кеңесшілері:
- Бекбасаров Исабай Исақұлы – т.ғ.д., профессор, ҚР ТҒҰА Академигі, «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейінді ҒЗЗ меңгерушісі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз;
- Никитенко Михаил Иванович – т.ғ.д., профессор, БМА корр.-мүшесі, УҚА Академигі, Беларусь ұлттық техникалық университеті, Минск,Беларусь.
Ресми рецензенттер:
- Аубакирова Фарида Хабиевна – т.ғ.к., «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының доценті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент.
- Жакулин Адил Султанович – т.ғ.д., «Құрылыс материалдары және технологиясы» кафедрасының профессоры, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Будикова Айгүл Молдашевна – т.ғ.к., «Архитектура және құрылыс өндірісі» кафедрасының доценті, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті», Қызылорда;
- Мамбетов Эрик Мунайтбасович – т.ғ.к., «Құрылыс механикасы және гидротехникалық құрылыс» кафедрасының доценті, И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Бішкек, Қырғызстан;
- Омаров Абдулла Рахметұлы – 6D072900 «Құрылыс» мамандығы бойынша PhD докторы, «Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау» кафедрасының аға оқытушысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана;
- Чуркин Алексей Андреевич – т.ғ.к., Қада негіздерінің жаңа түрлері зертханасының аға ғылыми қызметкері. Н.М. Герсеванов атындағы Негіздер және жер асты құрылымдары ҒЗИ (НИИОСП), «Строительство» ҒЗО АҚ, Мәскеу, РФ.
Қорғау 2023 жылы 15 желтоқсанда сағат 11:00-де М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жанындағы 8D07411 – «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 080000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 62, 2-қабат, мәжіліс залы. Қорғау on-line және offline режимдерінде (аралас форматта) өтеді.
Ғалым хатшы: Джолдасов Сапарбек Куракбаевич
Тел.: +7 707 427 6801, E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сайт мекен жайы: https://dulaty.kz.
Конференция идентификаторы: 705 004 4324,
Құпия код: 234564
Қосылу үшін сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/7050044324?pwd=YmhYL1ZoRi8xR2E2WEplb1dnMFU4QT09
8D07411 – «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар»
|
Диссертация |
Аңдатпа |
Жарияланымдар тізімі |
Ғылыми кеңесшілерінің пікірлері |
Ресми рецензенттерінің пікірлері |
Бейресми пікірлер |
Қосымша |
Қорғаудың бейнежазбасы |
|||
|
2023 |
||||||||||
|
1 |
Атенов Ерлан Иманғалиұлы(Хабарлама) |
|||||||||
|
Пікір 2 06.12.2023
|
||||||||||
| 2024 | ||||||||||
| 1 | Аманбаев Еркеғали Нұрғалиұлы (Хабарлама) | |||||||||
| Диссертация Аманбаев Е. (27.11.2024) |
Аңдатпа Аманбаев Е. (27.11.2024) |
Жарияланымдар тізімі Аманбаев Е. (27.11.2024) |
Әдеп кеңесінің қорытындысы (27.11.2024) |
|||||||
2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мерзімін ұзарту туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті 2023 жылдың 10 қазанында жарияланған «Жас ғалым» жобасы бойынша 2024-2026 жылдарға арналған жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мерзімі 2023 жылғы 17 қарашаға дейін (қоса алғанда) ұзартылғаны жөнінде хабарлайды.
Объявление о продлении конкурса на грантовое финансирование молодых ученых по проекту «Жас ғалым» на 2024-2026 годы
Комитет науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан сообщает о продлении конкурса на грантовое финансирование молодых ученых по проекту «Жас ғалым» на 2024-2026 годы, объявленного 10 октября 2023 года до 17 ноября 2023 года (включительно).
Дулати студенттері Назарбаев қоры стипендиаты атанды
Нұрсұлтан Назарбаев қоры республикалық студенттік стипендиялар байқауын қорытындылады. Нәтижесінде 80 студент аталмыш шәкірақыны иеленіп отыр. Озық студенттер қатарында Дулати университетінің төрт студенті бар.
«Сән дизайны» БББ 4-курс студенті Шырайлым Бектұрғанова, «Жалпы биология» БББ 3-курс студенті Захра Байрамова, «Архитектура» БББ 5-курс студенті Люфт Даниил және «Қолданбалы математика және статистика» БББ 4-курс студенті Назгүл Мамыралы Қордың стипендиалық бағдарламасының жүлдегері атанып, жыл бойына шәкіртақы алады.
Нұрсұлтан Назарбаев қорының негізгі мақсаты - белсенді, дарынды жастарды анықтау және талапты жастардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарын қолдап, көтермелеу.
Байқауға еліміздің барлық өңірінен жалпы 299 студент қатысты. Жеңімпаз студенттерді марапаттау салтанаты желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді.
Бұл төрт студент те өз мамандықтары бойынша ғылыми жұмыс жүргізіп, мақала жазып, көптеген конференцияларға қатысып жетістікке жеткен жастар.
Шырайлым Бектұрғанова «Былғарыдан жасалған кәдесый өнімдерін дайындау», «Заманауи дайындау технологияларын пайдалана отырып кәдесый өнімдерін жасау», «Былғарыдан жасалған кәдесый өнімдерін дайындау» тақырыбында баяндама, мақала жазып жариялаған. «Жас ғалым» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына, «Тараз-Қолөнершілер қаласы» Халықаралық қолөнершілер көрмесі аясында «Көне Тараз» атты жас қолөнершілер байқауына, «ART FASHION» халықаралық костюм дизайнының байқауына қатысып жүлделі орындарды иеленді.
Захра Байрамова «Жамбыл облысы флоралық өңірліктерінде кездесетін medicago түрлерінің идентификациясы мен тіршілік формасы», «Экологияны сақтай отырып, табиғи Косметологияның заманауи трендтері», "Жамбыл облысы флорасы мен биокорлары» тақырыбында ғылыми мақалалардың авторы. «Жылдың үздік студенті» атты халыкаралық байқауының жеңімпазы.
Люфт Даниил «Сәулеттегі окулустың эволюциясы», Инженерлік кестеде «AutoCAD» және «Компас» графикалық бағдарламаларын пайдалану, «Сызу геометриясы», «Қолданыстағы қалалық ортада желілер мен коммуникацияларды орналастыру проблемасы» тақырыбы бойынша ғылыми мақалар жазып, баяндама жасаған. Сондай-ақ, Даниил спортты серік еткен студент. Қол күресінен жарыстарға қатысып жүлделі орын иеленді.
Назгүл Мамыралы «Экцентриситетке тәуелді графтың метрикалық сипаттамаларын бағалаудың жалпы әдісі», «Комплекс сандарға амалдар қолдану және оларды Maple жүйесінде зерттеу» тақырыбында ғылыми мақалала жазып, Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан. Жұмыстары жоғары бағаланып, сертификат, дипломдармен марапатталды.
Ғылым жолы – қиын жол. Әйтсе де қызыққа, жаңалыққа толы. Бір биікке жетсең, алдыңда тағы бір шың тұрады. Солайша, биікке жетелейді. Дулати жастары ғылым жолында өз биігін бағындырып жүр. Студенттерімізді жеңісімен құттықтаймыз! Дулати ұжымы өздеріңізді мақтан тұтады!
Орта Азия мен Қазақстандағы Терроризм мен экстремизм
2023 жылғы 10 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен «Орта Азия мен Қазақстандағы терроризм және экстремизм» тақырыбында дәріс өтті.
Терроризм и экстремизм в Средней Азии и Казахстане
10 ноября 2023 года на военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати со студентами прошла лекция на тему «Терроризм и экстремизм в Средней Азии и Казахстане».
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткізу
2023 жылғы 9 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы подполковник С.Ж. Әуелбековпен «Сыбайлас жемқорлыққа, қарсы күрес» және «Алкоголизм, нашақорлық және құмар ойындар» тақырыбында қызметкерлер мен студенттерге профилактикалық іс-шара өткізілді.
Проведение встреч с сотрудниками правоохранительных органов
9 ноября 2023 года на военной кафедре Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати с начальником отдела по противодействию коррупции Управления военной полиции Таразского регионального гарнизона подполковником Ауельбеков С.Ж. проведено профилактическое мероприятие с сотрудниками и студентами на тему: «Борьба с коррупцией, алкоголизмом наркоманией и игроманией».
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктері, заңнамадағы өзгерістер және академиялық адалдық қағидалары
2023 жылдың 10 қарашасында «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасы Жамбыл облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі өкілдерімен «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктері, заңнамадағы өзгерістер және академиялық адалдық қағидалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара екі бағыт бойынша жүргізілді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл» және «Терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл».
Кездесуге Жамбыл облысы, Тараз қаласы Полиция басқармасы, 1 полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі, Ювенальдық полиция тобы, учаскелік полиция инспекторлары - аға УПИ полиция майоры Халматов Фарух Абдимуталович, полиция майоры Неметов Али, полиция аға лейтенанты Аманова Мадина Бахытовна, полиция лейтенанты Баймамыров Нұрәлі Манатович және де «6В07511-Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару», «6В07116-Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», «6В07211-Инновациялық текстиль», «6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттері қатысты.
