
Super User
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Сұрақ
Сұрақ: Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жас мамандардың жұмыспен өтеу міндеті қандай нормативтік құқықтық актілерде көзделген?
Жауап: «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмысты өтеу міндеті жүктелген, оның ішінде:
- квота шегінде педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқығандар ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында;
- білім беру гранты негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша оқығандар мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында;
- білім беру гранты негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алғандар меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (2017 жылдан бастап түскен жас мамандар);
- PhD философия докторлары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтейді.
Сұрақ: Оқу бітірушілерді жұмысқа бөлу қалай жүргізіледі және онымен кім айналысады?
Жауап: Жыл сайын педагогикалық және ветеринариялық мамандықтар үшін жас мамандар мен PhD философия докторлары оқу бітіретін ҚР-ның тиісті ЖОО-лары жанынан Дербес бөлу жөніндегі комиссиялар құрылады және медициналық мамандықтар үшін Комиссия денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда құрылады.
Комиссиялар жас мамандар мен PhD философия докторларын дербес бөлуді жүргізіледі, әрі бұл жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.
PhD философия докторларын дербес бөлу ұсынылған құжаттар бойынша және ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың кадрларға қажеттілік туралы өтінімдеріне сәйкес уәкілетті органдар ұсынған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларында айқындалған.
Сұрақ: Ауыл квотасы бойынша оқу бітірген түлектің қаладағы мемлекеттік білім беру ұйымында немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында жұмысын өтеуіне құқы бар ма?
Жауап: Жоқ, егер жас маман Заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша ауылдық квота бойынша оқу бітірген болса, ол ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру/денсаулық сақтау ұйымдарында жұмысты өтеуге міндетті.
Сұрақ: Егер оқу бітірушінің тұрғылықты жері бойынша бос жұмыс орны болмаса, не істеу керек?
Жауап: 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 ҚР ҮҚ-ның 17-1-тармағына сәйкес бос жұмыс орындары болмаған жағдайда, жас маман/философия докторлары (Phd) тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге тұруға және Жұмыспен қамту орталығында тіркеуге тұрғанын растайтын құжатты «Қаржы орталығы» АҚ-дағы жетекші ететін менеджерге ұсынуға тиісті. Айта кетер жайт, оның жұмысты өтеу мерзімінде жұмыссыз ретінде есепте болған уақыты жұмысты өтеу мерзіміне есептеледі.
Сұрақ: Оқу бітіруші жұмыс орнына қашан келуі керек?
Жауап: Ағымдағы жылы оқу бітірген жас мамандар мен PhD философия докторлары 1 қыркүйектен кешікпей жолдама бойынша жұмыс орнына келеді (Дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес).
Сұрақ: Жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттемелер орындалмаған жағдайда қандай шаралар қабылданады?
Жауап: «Қаржы орталығы» АҚ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде оқу бітірушілердің жұмыспен өтеу немесе жұмыс өтелмеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.
Жұмыспен өтеу бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда "Қаржы орталығы" АҚ жас маманмен және PhD философия докторларымен жұмыс жүргізеді: көрсетілген байланыс тетіктері бойынша міндетті түрде жұмыспен өтеу қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама дайындау, жас мамандарға қоңырау шалу, оларды әлеуметтік желілер бойынша іздеу. Анықталған бұзушылықтар жойылмаған және/немесе жұмысты өтеуден бас тартылған жағдайда бюджет қаражатын мемлекетке қайтару, оның ішінде сот тәртібімен қайтару бойынша жұмыс жүргізіледі.
Сұрақ: Кедитті өтеу мерзімін ұзартуға немесе кейінге шегеруге бола ма? Болса, қандай мерзімге дейін?
Жауап: Жас маман мерзімді әскери қызметке қабылданған немесе шақырылған кезде кредит мерзімі қызметті өткеру уақытына кейінге шегеріледі (Жас мамандарды және PhD философия докторларын дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен, жазбаша өтініш пен растайтын құжат негізінде қосымша хаттама ресімделеді), бірақ қызметті өткеру уақыты жұмысты өтеу мерзіміне есептелмейді.
Сұрақ: Қандай жағдайларда және оқу бітірушілердің қандай санаттары жұмысты өтеуден босатылады?
Жауап: Жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның немесе PhD философия докторларын дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен (Бөлу жөніндегі комиссия , яғни жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қосымша хаттама дайындайды, тиісті құжаттармен расталуы тиіс) мынадай санаттар Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылады:
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан елді мекенде бос жұмыс орны болмаған жағдайдағы адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер;
3) одан әрі оқуға магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдар (ақылы негізде, мемлекеттік тапсырыста оқу немесе шетелдік білім беру ұйымына түскен кезде);
4) жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ оны (оларды) жалғыз тәрбиелеп отырған адамдар.
Сұрақ: Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша оқыған жас маман ЖОО-ны бітіргеннен кейін өз мамандығынан басқа мамандық бойынша мемлекеттік ұйымға (әкімдік, салық комитеті, ХҚКО, банк және т. б.) өз бетінше жұмысқа тұрған болса, бұл жұмысты өтеу ретінде есепке алына ма?
Жауап: Жоқ, аталған ұйымдарда жұмыс істеу жұмысты өтеу есебіне саналмайды. Өйткені, Заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл сәйкесінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті. Заңда оқу бітірушілерді мемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін негіздер қарастырылмағандықтан, жоғарыда аталған ұйымдағы жұмысты жұмысты өтеу мерзіміне есепке алу мүмкін емес. Жас маман мемлекеттік білім беру ұйымына (мектеп, балабақша, бөбекжай-бақша, колледж, университет) және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына (ауруханалар, емханалар) жұмысқа орналасуы тиіс.
Сұрақ: Оқу бітірген соң мемлекеттік білім беру ұйымында жұмыс істеп, міндетін ішінара орындаған жас маман тұрмыс құруына байланысты жұмысынан шығып кеткен жағдайда оның жұмыспен өтеу міндеті тоқтай ма?
Жауап: Заңның 47-бабының 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу міндетін тиісінше орындау үшін жас маман жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымында жұмыс істеуге не тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуге міндетті. Жұмысты өтеу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда, жас маман оны оқытуға бюджет қаражаты есебінен кеткен шығындарды республикалық бюджетке қайтаруға міндетті.
Сұрақ: Жас маман мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуын бітіріп, сол жылы магистратураның ақылы бөліміне оқуға түскен болса, бұл жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуына себеп бола ма?
Жауап: Бұл жағдайда жас маман Заңда көзделген жұмыспен өтеу міндетінен босатылу үшін өзі білім алған тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанынан құрылатын Дербес бөлу жөніндегі комиссияға өтініш жасауы тиіс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларының 8-тармағына сәйкес комиссия жыл сайын құрылады. Өз кезегінде, Заңның 47-бабының 17-2-тармағында жұмыспен өтеу міндетінен босататын нормалар қарастырылған. Атап айтсақ: одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен; жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдар; І және ІІ топтағы мүгедектер; жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдар бұл міндеттен босатылады.
Сұрақ: Мемлекеттің үлесі бар (квазимемлекеттік секторға жататын) ұйымдарда (мысалы, акциясының 50-100% -ы мемлекетке тиесілі оқу орны – акционерлік қоғамы және басқалар) мамандығы бойынша жұмыс істеуді жұмысты өтеу ретінде есептеу мүмкіндігі.
Жауап: ҚР заңнамасында көзделген педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жұмысты өтеу жөніндегі міндетті тиісінше орындау үшін жас маман мемлекеттік білім беру ұйымы мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» заңда «мемлекеттік заңды тұлға – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер» деп көрсетілген. Сондықтан, бұл ұйымдардағы жұмысты жұмысты өтеу ретінде есептеу мүмкін емес.
Сұрақ: ЖОО-ны бітіргеннен кейін кейінгі жылдары магистратураға түскен азаматтар жұмыспен өтеу міндетінен босатылады ма?
Жауап: Заңның 47-бабының 17-тармағының 5-бөлігіне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық, медициналық, ветеринарлық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау және ветеринарлық ұйымдарда жұмыспен өтеуге міндетті.
Заңның 47-бабының 17-2-тармағының 3) тармақшасында одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарды жұмыспен өтеу міндетінен босату көзделген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 6-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық заң оларда айтылған сөздердiң дәлме-дәл мәнiне сәйкес түсiнiлуге тиiс.
Заңның көрсетілген нормаларының мәнінен түсінетініміз – Комиссия жас мамандар мен философия докторларын (РhD) олар оқу бітірген жылдан кейінгі жылдары емес, сол оқу бітірген жылы магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен жағдайда ғана жұмысты өтеуден босатуға құқылы, яғни жұмысты өтеу міндетінен босату мәселесін қарау кезінде міндетті түрде уақыт факторы, соның ішінде міндеттеменің уақытында орындалуы ескерілу керек.
Сұрақ: Жұмыс ішінара өтелген (толық 3 жыл емес) жағдайда қалған кезеңге берешек сомасын төлеуге бола ма? Оқуға берешек сомасын бөліп төлеуге бола ма?
Жауап: Заңның 47-бабының 17-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларының 4-тармағына сәйкес педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтейді. Жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті (Заңның 47-бабының 17-4-тармағы).
ҚР АК-нің 272 және 273-баптарына сәйкес міндеттеме мiндеттеменің шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуы тиiс, мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.
ҚР АК 349-бабының 1-тармағына сәйкес мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi.
Заңда және Қағидаларда жұмысты жарым-жартылай өтеу немесе оқумен байланысты бюджет қаражатын бөліп төлеу жағдайында шығындалған бюджет қаражатын қайта есептеуді айқындайтын нормалар (қалыптар) қарастырылмаған.
Бұл ретте, оқу ақысының сомасы жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығындардан құралады.
Вопрос:
Вопрос: Какими нормативными правовыми актами предусмотрена обязанность по отработке молодых специалистов, обучившихся на государственном образовательном заказе?
Ответ: В соответствии с пунктом 17 статьи 47 Закона «Об образовании» РК обязательная трехлетняя отработка после завершения организации высшего и (или) послевузовского образования возложена на граждан, обучившиеся на основе государственного образовательного заказа в:
- пределах квоты по педагогическим, медицинским и ветеринарным специальностям обязаны отработать в государственных организациях образования, государственных медицинских организациях, государственных ветеринарных организациях, расположенных в сельской местности;
- образовательного гранта по педагогическим и медицинским специальностям в государственных организациях образования и государственных организациях здравоохранения;
- образовательного гранта по всем другим специальностям отрабатывают в организациях, независимо от формы собственности (с 2017 года поступления, молодые специалисты);
- доктора философии PhD отрабатывают в организациях высшего и (или) послевузовского образования или научных организациях
Вопрос: Как проводится распределение на работу выпускников и кто этим занимается?
Ответ: Комиссии по персональному распределению, создаются ежегодно для педагогических и ветеринарных специальностей при соответствующих вузах РК, в которых завершают обучение молодые специалисты и доктора философии PhD и для медицинских специальностей Комиссия создается в уполномоченном органе в области здравоохранения.
Комиссиями, производится персональное распределение молодых специалистов и докторов философии PhD и осуществляется на основе ходатайства работодателя.
Персональное распределение докторов философии PhD осуществляется по представленным документам и на основе информации, представленной уполномоченными органами, согласно заявкам вузов и научных организаций о потребности в кадрах.
Данный порядок определен Правилами направления специалиста на работу, предоставления права самостоятельного трудоустройства, освобождения от обязанности или прекращения обязанности по отработке гражданами, обучавшимися на основе государственного образовательного заказа, утвержденных ПП РК от 30 марта 2012 года № 390.
Вопрос: Выпускник который закончил обучение по сельской квоте имеет ли право отработать в городе в государственной организации образования или в государственной организации здравоохранения?
Ответ: Нет, если молодой специалист закончил обучение по сельской квоте по педагогическим и медицинским специальностям согласно пункту 17 статьи 47 Закона «Об образовании», молодой специалист обязан отработать в государственных организациях образования/здравоохранения, расположенных в сельской местности.
Вопрос: Что делать если отсутствует вакансия по месту проживания выпускника?
Ответ: Согласно пункта 17-1 ПП РК от 30 марта 2012 года №390, в случае отсутствия вакантных рабочих мест молодой специалист /доктор философии (Phd) должен встать на регистрацию в качестве лица, ищущего работу, непосредственно в центре занятости населения по месту жительства либо через веб-портал "электронного правительства" или Государственную корпорацию "Правительство для граждан", с зачетом времени нахождения на учете в качестве безработного в срок отработки, предоставить документ, подтверждающий регистрацию в Центре занятости в АО «Финансовый центр» курирующему менеджеру.
Вопрос: Когда должен прибыть выпускник на место работы?
Ответ: Молодые специалисты и доктора философии PhD, завершившие обучение в текущем году, не позднее 1 сентября прибывают на место работы по направлению (в соответствии с решением Комиссией по персональному распределению).
Вопрос: Какие меры предпринимаются в случае не выполнения обязательств по отработке?
Ответ: АО «Финансовый центр» как оператор уполномоченного органа в области образования обеспечивает мониторинг и контроль за соблюдением выпускников, своих обязанностей по отработке или возмещению расходов бюджетных средств в случае неотработки.
В случае выявленных нарушений по отработке АО «Финансовый центр» ведет работу с молодым специалистом и докторами философии PhD: подготовка письменного уведомления об обязательной отработке, обзвон молодым специалистам по указанным им контактам, поиск по социальным сетям. И в случае не устранения действующих нарушений и/или отказа от отработки ведется работа по возврату бюджетных средств государству, в том числе и в судебном порядке.
Вопрос: Предоставляется ли отсрочка выпускнику, и на какой срок?
Ответ: При поступлении или призыве на срочную воинскую службу молодому специалисту предоставляется отсрочка (решением Комиссии по персональному распределению молодых специалистов и докторов философии PhD, оформляется дополнительный протокол на основании письменного заявления и подтверждающего документа) и на время прохождения службы, без зачета времени прохождения службы в срок отработки.
Вопрос: В каких случаях, и какие категории выпускников освобождаются от отработки?
Ответ: Освобождение от обязанности по отработке, предусмотренной Законом, предоставляется решением Комиссии по персональному распределению молодых специалистов или Комиссии по персональному распределению докторов философии PhD (Комиссией по распределению т.е. организацией высшего и (или) послевузовского образования или уполномоченным органом в области здравоохранения готовится дополнительный протокол, должны быть подтверждены соответствующими документами) следующим категориям:
1) лицам в случае отсутствия вакансий в населенном пункте по месту проживания, работы или прохождения службы супруга (супруги);
2) инвалидам I и II группы;
3) лицам, поступившим для дальнейшего обучения в магистратуру, резидентуру, докторантуру (на платной основе, госзаказе или при поступлении в зарубежную организацию образования);
4) беременным женщинам, лицам, имеющим, а также самостоятельно воспитывающим ребенка (детей) в возрасте до трех лет.
Вопрос: Молодой специалист, обучившийся на основе государственного образовательного заказа по пед и мед. специальностям после окончания вуза был самостоятельно трудоустроен в государственную организацию не по специальности (для примера: акимат, налоговый комитет, ЦОН, и т.д.), засчитается ли данная отработка?
Ответ: Нет, засчитать отработку в вышеуказанных организациях, а именно в акиматах, налоговых комитетах, ЦОНах и т.д. не представляется возможным. Согласно п.17 ст. 47 Закона Республики Казахстан «Об образовании», граждане, поступившие на обучение на основе государственного образовательного заказа по педагогическим, медицинским специальностям, отрабатывают соответственно в государственных организациях образования, государственных организациях здравоохранения, не менее трех лет после окончания организации высшего и (или) послевузовского образования. Молодой специалист должен трудоустроиться в государственную организацию образования (школа, детский сад, ясли-сад, колледж, университет) и государственную организацию здравоохранения (больницы, поликлиники).
Вопрос: Молодой специалист после окончания обучения, частично отработавший в государственной организации образования, увольняется в связи с замужеством, прекращается ли обязанность по отработке?
Ответ: Для надлежащего исполнения обязанности по отработке, предусмотренной п.17 ст. 47 Закона Республики Казахстан «Об образовании», молодой специалист обязан отработать в государственной организации образования не менее трех лет после окончания высшего и/или послевузовского образования, либо зарегистрироваться в качестве безработного в центре занятости населения по месту жительства. В случае неисполнения обязанности по отработке молодой специалист обязан возместить расходы, понесенные за счет бюджетных средств в связи с его обучением, в республиканский бюджет.
Вопрос: Молодой специалист, после завершения обучения по государственному образовательному заказу в тот же год поступил в магистратуру на платное отделение, прекращается ли обязанность по отработке по данной причине?
Ответ: В данном случае молодой специалист должен обратиться в Комиссию по персональному распределению, которая создается при соответствующих организаций высшего и (или) послевузовского образования, где обучался молодой специалист, для получения освобождения от отработки предусмотренной Законом РК. В соответствии с п. 8 Правил направления молодых специалистов на работу, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 390, комиссия создается ежегодно. В свою очередь, согласно п. 17-2 ст. 47 Закона Республики Казахстан «Об образовании» предусмотрены нормы, освобождающие от обязательной отработки: при поступлении для дальнейшего обучения в магистратуру, резидентуру, докторантуру; беременным женщинам и лицам имеющим, самостоятельно воспитывающих детей до 3-х лет, инвалидам 1 и 2 группы и в случае отсутствия вакансий по месту проживания, работы или прохождения службы супруга или супруги.
Вопрос: Возможность засчитывать отработку по их специальности в организациях (из квазигосударственного сектора) с долевой частью государства (например, учебное заведение – акционерное общество, где 50-100% акций принадлежат государству и др.)
Ответ: Для надлежащего исполнения обязанности по отработке по пед. и мед. специальностям, предусмотренной законодательством РК, молодой специалист обязан отработать в государственной организации образования и государственной организации здравоохранения. Так же в Законе «О государственном имуществе» указано, что государственное юридическое лицо – государственные учреждения и государственные предприятия. Засчитать отработку в данных организациях не представляется возможным.
Вопрос: Освобождаются ли лица, поступившие в магистратуру в последующие годы после окончания вуза от отработки?
Ответ: Согласно части 2 пункта 17 статьи 47 Закона Республики Казахстан «Об образовании» (далее - Закон) граждане Республики Казахстан, поступившие на педагогические, медицинские, ветеринарные специальности на основе государственного образовательного заказа, обязаны отработать в государственных, медицинских и ветеринарных организациях образования не менее трех лет после окончания организации высшего и (или) послевузовского образования.
Подпунктом 3) пункта 17-2 статьи 47 Закона предусмотрено освобождение от обязанности по отработке лиц, поступивших для дальнейшего обучения в магистратуру, резидентуру, докторантуру.
В соответствии с частью 1 статьи 6 Гражданского кодекса Республики Казахстан нормы гражданского законодательства должны толковаться в соответствии с буквальным значением их словесного выражения.
Из смысла указанных норм Закона следует, что Комиссии имеют право освобождать молодых специалистов и докторов философии (PhD) от отработки только в случае поступления в магистратуру, резидентуру, докторантуру в год завершения обучения, но не в последующие годы, то есть при рассмотрении вопроса об освобождении от отработки в обязательном порядке должен учитываться фактор времени, а именно своевременности исполнения обязательств.
Вопрос: В случае частичной отработки (не полные 3 года), можно ли выплатить сумму задолженности за оставшийся период? Можно ли выплачивать сумму задолженности за обучение в по частям (в рассрочку)?
Ответ: Согласно пункту 17 статьи 47 Закона Республики Казахстан «Об образовании» (далее – Закон) и пункту 4 Правил направления молодых специалистов на работу, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 390 (далее – Правила), граждане, поступившие на обучение по педагогическим и медицинским специальностям на основе государственного образовательного заказа, отрабатывают в государственных организациях образования и государственных организациях здравоохранения не менее трех лет после окончания организации высшего и (или) послевузовского образования. За неисполнение обязанности по отработке молодой специалист обязан возместить расходы, понесенные за счет бюджетных средств в связи с его обучением, в республиканский бюджет (п. 17-4 ст. 47 Закона).
В соответствии со ст.ст. 272 и 273 Гражданского кодекса Республики Казахстан (далее - ГК РК), обязательство должно исполняться надлежащим образом в соответствии с условиями обязательства, односторонний отказ от исполнения обязательства и одностороннее изменение его условий не допускаются.
В соответствии с п. 1 ст. 349 ГК РК, под нарушением обязательства понимается его неисполнение, либо исполнение ненадлежащим образом.
Согласно Закону и Правилам не предусмотрены нормы, определяющие перерасчет затраченных бюджетных средств в случае частичной отработки или рассрочки по возмещению бюджетных средств, связанных с обучением. При этом, сумма за обучение складывается ежегодно постановлением Правительства Республики Казахстан средними расходами на обучение 1 студента за учебный год.
Обязательная отработка 02.04.2020
ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫ
ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ
«Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығы 1999 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуіне орай, универсиетте 1999 жылғы 18 қаңтарда шыққан «О создании центра по изучению творчества М.Х.Дулати» атты №10 бұйрығына байланысты құрылды.
Орталықтың негізгі мақсаты – Ұлы баба мұраларын жан-жақты зерттеу арқылы Орта, Оңтүстік, Шығыс Азия елдерінің орта ғасырлық тарихын ғылыми тұрғыда бізге жеткізуші ғұлама ғалым, ірі қоғам қайраткері, тарихшы, колбасшы, ақын, әрі дипломат Мұхаммед Хайдар Дулати екендігін ұғындыру, әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде қазақ халқының өсу тарихы мен мәдениетін көрсету.
Ғылыми-зерттеу орталығының басты міндеттері:
- ғалымның өмірі мен атқарған қызметтері туралы зерттеу жұмыстарын жасау;
- ғалымның шығармашылығын зерделеу;
- ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған тарихи жазба түпдеректер мен ғылыми зерттеу еңбектерін саралау;
- ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциялар, насихаттық-танымдық, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу.
Орталықта әр жылдары еңбек еткен ғалымдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығына арналған төмендегідей ғылыми-зерттеу еңбектері мен монографияларды жарыққа шығарды:
- «Тарих-и Рашиди энциклопедиялық туынды» (авторы – Жеменей И., Жеменей А., 2014 жыл);
- «Тарих-и Рашиди парсы тіліндегі текстологиясы» (авторы – Жеменей И., Жеменей А., 2014 жыл);
- «М.Х.Дулати және қазақтың алғашқы хандары» («Тарих-и Рашиди» негізінде) (оқу құралы, авторлары – Абдуалы А.Б., Сейітқұлова Ж.М., 2015 жыл);
- «Мұхаммед Хайдар Дулати» тұлғалық энциклопедиясының сөзтізбе жобасы (ДҒЗО, 2016 жыл);
- «Қожа Ахмет Ясауи және Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы рухани үндестік» ( жинақ, ДҒЗО, 2017 жыл).
«ДУЛАТИТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫ
|
ҚҰЛБАРАҚ СӘМЕН ОРАЗҒАЛИҰЛЫ,
|
ҚҰЛБАРАҚ Сәмен Оразғалиұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор. 1956 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1973-1977 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогика институты филология факультетінде оқыды. 1977-1991 жылдар аралығында Қызылорда облысы Арал ауданы мектептерінде, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі болды. 1991 жылдың қыркүйек айынан осы кезге дейін Жамбыл педагогика институтында, Тараз мемлекеттік университетінде, Қайнар университеті Тараз филиалында, А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор, проректор, ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметтерін атқарды. Қазір М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің филология және журналистика кафедрасының профессоры және «Дулатитану» ҒЗО-ның қосымша негіздегі аға ғылыми қызметкері.
1994 жылы ҚР ҰҒА М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесінде профессор М. Атымовтың ғылыми жетекшілігімен «Т. Ахтановтың драматургиясы» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін, 2006 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінде академик Р. Нұрғалидың ғылыми кеңесшілігімен филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Т. Ахтановтың жазушылық шеберлігі (прозасы бойынша)» тақырыбында диссертация қорғады. 2011 жылдың мамыр айындағы ҚР БжҒМ Бақылау комитеті Президиумы шешімімен профессор ғылыми атағын алды. 2 филология ғылымдары кандидатын дайындады. «Шығарма көркемдігі» (2000), «Тахауи Ахтанов шығармашылығы» (2004), «Әдеби бейне және оның жасалу жолдары» (2009), «Тахауи Ахтановтың жазушылық шеберлігі» (2010), «Тахауи Ахтановтың көркемдік әлемі: прозасы мен драматургиясы» (2013), «Әдеби шығармашылық» (2014), «Ұлттық рух және поэзия» (2016) кітаптарының және көптеген ғылыми мақалалардың авторы.
БАЕШОВА БАЛЗИЯ ШЕГЕТАЙҚЫЗЫ, ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент Мекен жайы: Сулейманова, 7 (1.№10) |
Баешова Балзия Шегетайқызы 1977 жылы 1 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген.
1996-2000 жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2000 жылдан бастап «Кентау шұғыласы» газетінде әдеби тілші қызметінен бастайды.
2003 жылдан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің журналистика мамандығы бойынша оқытушы болып қызмет атқарды. 2010 жылы «Қазақ әдебиетіндегі төрттаған (рубаи) жанры» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 2013-2015 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент қызметін атқарды.
Б.Ш.Баешованың 40-тан астам ғылыми мақалалары, оқу құралы мен монографиясы жарық көрген. Мыңға жуық публицистикалық мақалалардың, бірнеше көркем әңгімелердің авторы, үш жинақтың құрастырушысы.
|
ИМАНБЕКОВА ГҮЛШАТ МЕДЕТБЕКҚЫЗЫ, ғылыми зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі Мекен жайы: Сулейманова, 7 (1.№10) |
Иманбекова Гүлшат Медетбекқызы 1968 жылы 4 наурызда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келді.
1985 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп,1990 жылы «тарих және педагогика» мамандығы бойынша бітірді.
1990-2007 жылдар аралығында Жуалы ауданына қарасты, Д.А. Қонаев атындағы №19 орта гимназия мектебінде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі қызметін атқарып, 2007 жылы 21 мамырдағы № 267 / Т2 бұйрығымен жоғары біліктілік санаты берілді.
2008-2010 жылдары Тараз инновациалық гуманитарлық университетінде оқып, тарих магистрі академиялық ғылыми дәрежесін алды.
2010 жылдан бүгінге дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ғылыми қызметкер. Г.М.Иманбекованың 10-нан астам мақалалары жарық көрген.
ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӘДЕБИ САЗДЫ КЕШ ӨТТІ
Мәдениет және өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Өлмейтұғын артында із қалдырған» атты тақырыпта Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған онлайн форматта ән сазды композиция өтті.
Ән- сазды кешке мәдениет және өнер кафедрасының оқытушылары мен аталған факультеттің студенттері қатысты. Компазиция барысында «Көзімнің қарасы» әнін Жаңабай Нұраділ фортепианомен орындаса, Абай мен Тоғжанның сахналық қойылымынан үзіндіні 2 курс студенті Шегетай Нұрасыл мен Жансая Орынбай сомдап шықты. Аталмыш кафедраның вокалисі Заман Бегімбет «Айттым сәлем Қаламқас» әнін орындады. Мәдениет және өнер кафедрасының оқытушысы Қажыбай Айтибаев пен Анель Козайрь Татьяна мен Онегиннің хаттарынан үзінді оқыды. Сонымен қатар, «Желсіз түнде жарық ай» әніне студенттер хор орындады.
МЕДИА-ҚЫЗМЕТ
Академиялық саясат
Университеттің академиялық саясаты
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің академиялық саясаты
2022 – 2023 оқу жылына арналған академиялық күнтізбе
2021 – 2022 оқу жылына арналған академиялық күнтізбе
Положение об организации работы эдвайзера
2020-Положение о текущем, рубежном контроле и промежуточной аттестации обучающихся
Перечень пререквизитов 2021-2022 уч.год
Положение о планировании, контроле и отчетности в учебном процессе
Положение о разработке учебно-методического комплекса образовательной программы и дисциплины
Қашықтықтан оқыту режимінде оқыту кезінде сабақ кестесін құру ерекшеліктерінің ЖАДНАМАСЫ
Академиялық саясаттағы өзгерістер
АЭжБУ «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша Республикалық Олимпиаданың қорытындысын шығарды
«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада заманауи IT құралдарының көмегімен өткізіліп, алдыңғы қатарлы цифрлық технологиялар мүмкіндіктерінің жарқын көрінісі болды. Олимпиада Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының "Автоматтандыру және басқару" кафедрасының базасында өтті.
В АУЭС подвели итоги республиканской Олимпиады по специальности «Автоматизация и Управление»
Республиканская предметная Олимпиада по специальности «Автоматизация и управление» состоялась с использованием современных IT-инструментов и стала яркой демонстрацией возможностей передовых цифровых технологий. Олимпиада прошла на базе кафедры «Автоматизации и управление» института Систем управления и информационных технологий Алматинскогоуниверситета энергетики и связи имени ГумарбекаДаукеева.
Технологический факультет
ОП 6B11112_Гостиничное дело
ОП 6B11113_Ресторанный бизнес
ОП 6В05113_Пищевая биотехнология
ОП 6В07211_Инновационный текстиль
ОП 6В07214_Технология и инженеринг пищевых и перерабатывающих производств
ОП 6В07215_Технология продовольственных продуктов
ОП 6В07512_Метрология и метрологическое обеспечение в промышленности
ОП 6В11111_Туристский бизнес
ОП 7М07113_Материаловедение и технология материалов, 2 года
ОП 7М07119_Материаловедение и технология материалов, 1 год
ОП 7М07211-Инновационный текстиль, 2 года
ОП 7М07216-Инновационный текстиль, 1 год
ОП 7М07512_Метрология и метрологическое обеспечение в промышленности, 1 год
ОП 7М07514_Метрология и метрологическое обеспечение в промышленности, 2 года
ОП_6B02111_Дизайн моды
ОП_6В02112_Дизайн рекламы
ОП_6В02113_Дизайн интерьера
ОП_6В05314_ Химия
ОП_6В07115_Химическая инженерия и процессы
ОП_6В07116_Материаловедение и технология материалов легкой промышленности
ОП_6В07212_Индустрия одежды
ОП_6В07220_Индустрия обуви
ОП_6В07511_Стандартизация и управления качеством в промышленности
ОП_7М02111_Дизайн
ОП_7М05311_Химия
ОП_7М07111_Наноматериалы и нанотехнологии
ОП_7М07112_Химическая инженерия и процессы
ОП_7М07130_Химическая инженерия и процессы, 1 год
ОП_7М07212_Индустрия швейных изделий
ОП_7М07215_Индустрия изделий из кожи
ОП_7М07217_Технология и инженеринг пищевого и перерабатывающего производства, 1 год
ОП_7М07218_Технология продовольственных продуктов, 1 год
ОП_7М07312_Химия, 1 год
ОП_7М07511_Стандартизация и управления качеством в промышленности, 1 год
ОП_7М07513_Стандартизация и управления качеством в промышленности, 2 года
ОП_8D05311_Химия
ОП_8D07211_Индустрия изделий из кожи
ОП_8D07212_Инновационный текстиль