ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫ

ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ

«Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығы 1999 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуіне орай, универсиетте 1999 жылғы 18 қаңтарда шыққан «О создании центра по изучению творчества М.Х.Дулати» атты №10 бұйрығына байланысты құрылды.

Орталықтың негізгі мақсаты – Ұлы баба мұраларын жан-жақты зерттеу арқылы Орта, Оңтүстік, Шығыс Азия елдерінің орта ғасырлық тарихын ғылыми тұрғыда бізге жеткізуші ғұлама ғалым, ірі қоғам қайраткері, тарихшы, колбасшы, ақын, әрі дипломат Мұхаммед Хайдар Дулати екендігін ұғындыру, әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде қазақ халқының өсу тарихы мен мәдениетін көрсету.
Ғылыми-зерттеу орталығының басты міндеттері:
- ғалымның өмірі мен атқарған қызметтері туралы зерттеу жұмыстарын жасау;
- ғалымның шығармашылығын зерделеу;
- ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған тарихи жазба түпдеректер мен ғылыми зерттеу еңбектерін саралау;
- ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциялар, насихаттық-танымдық, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу. 
Орталықта әр жылдары еңбек еткен ғалымдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығына арналған төмендегідей ғылыми-зерттеу еңбектері мен монографияларды жарыққа шығарды: 
- «Тарих-и Рашиди энциклопедиялық туынды» (авторы – Жеменей И., Жеменей А., 2014 жыл);
- «Тарих-и Рашиди парсы тіліндегі текстологиясы» (авторы – Жеменей И., Жеменей А., 2014 жыл);
- «М.Х.Дулати және қазақтың алғашқы хандары» («Тарих-и Рашиди» негізінде) (оқу құралы, авторлары – Абдуалы А.Б., Сейітқұлова Ж.М., 2015 жыл);
- «Мұхаммед Хайдар Дулати» тұлғалық энциклопедиясының сөзтізбе жобасы (ДҒЗО, 2016 жыл);
- «Қожа Ахмет Ясауи және Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы рухани үндестік» ( жинақ, ДҒЗО, 2017 жыл).

dulaty ortalygy foto1

dulaty ortalygy foto2

«ДУЛАТИТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫ

KULBARAK SAMEN

ҚҰЛБАРАҚ СӘМЕН ОРАЗҒАЛИҰЛЫ,
орталық директоры,филология ғылымдарының докторы, профессор.


Байланыс телефоны: тел.: 56-85-78,
e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

ҚҰЛБАРАҚ Сәмен Оразғалиұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор. 1956 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1973-1977 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогика институты филология факультетінде оқыды. 1977-1991 жылдар аралығында Қызылорда облысы Арал ауданы мектептерінде, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі болды. 1991 жылдың қыркүйек айынан осы кезге дейін Жамбыл педагогика институтында, Тараз мемлекеттік университетінде, Қайнар университеті Тараз филиалында, А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор, проректор, ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметтерін атқарды. Қазір М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің филология және журналистика кафедрасының профессоры және «Дулатитану» ҒЗО-ның қосымша негіздегі аға ғылыми қызметкері.
1994 жылы ҚР ҰҒА М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесінде профессор М. Атымовтың ғылыми жетекшілігімен «Т. Ахтановтың драматургиясы» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін, 2006 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінде академик Р. Нұрғалидың ғылыми кеңесшілігімен филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Т. Ахтановтың жазушылық шеберлігі (прозасы бойынша)» тақырыбында диссертация қорғады. 2011 жылдың мамыр айындағы ҚР БжҒМ Бақылау комитеті Президиумы шешімімен профессор ғылыми атағын алды. 2 филология ғылымдары кандидатын дайындады. «Шығарма көркемдігі» (2000), «Тахауи Ахтанов шығармашылығы» (2004), «Әдеби бейне және оның жасалу жолдары» (2009), «Тахауи Ахтановтың жазушылық шеберлігі» (2010), «Тахауи Ахтановтың көркемдік әлемі: прозасы мен драматургиясы» (2013), «Әдеби шығармашылық» (2014), «Ұлттық рух және поэзия» (2016) кітаптарының және көптеген ғылыми мақалалардың авторы.

 

БАЕШОВА БАЛЗИЯ ШЕГЕТАЙҚЫЗЫ,

ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент

Мекен жайы: Сулейманова, 7 (1.№10)
Байланыс телефон: 8 (777) 94484448
E-mail: bЭтот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

Баешова Балзия Шегетайқызы 1977 жылы 1 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. 
1996-2000 жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған. 
Еңбек жолын 2000 жылдан бастап «Кентау шұғыласы» газетінде әдеби тілші қызметінен бастайды. 
2003 жылдан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің журналистика мамандығы бойынша оқытушы болып қызмет атқарды. 2010 жылы «Қазақ әдебиетіндегі төрттаған (рубаи) жанры» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 2013-2015 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент қызметін атқарды. 
Б.Ш.Баешованың 40-тан астам ғылыми мақалалары, оқу құралы мен монографиясы жарық көрген. Мыңға жуық публицистикалық мақалалардың, бірнеше көркем әңгімелердің авторы, үш жинақтың құрастырушысы.

IMANBEKOVA GULWAT

ИМАНБЕКОВА ГҮЛШАТ МЕДЕТБЕКҚЫЗЫ,

ғылыми зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі

Мекен жайы: Сулейманова, 7 (1.№10)
Байланыс телефон: 8 (702)3273399
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

Иманбекова Гүлшат Медетбекқызы 1968 жылы 4 наурызда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келді.
1985 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп,1990 жылы «тарих және педагогика» мамандығы бойынша бітірді.
1990-2007 жылдар аралығында Жуалы ауданына қарасты, Д.А. Қонаев атындағы №19 орта гимназия мектебінде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі қызметін атқарып, 2007 жылы 21 мамырдағы № 267 / Т2 бұйрығымен жоғары біліктілік санаты берілді.
2008-2010 жылдары Тараз инновациалық гуманитарлық университетінде оқып, тарих магистрі академиялық ғылыми дәрежесін алды.
2010 жылдан бүгінге дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ғылыми қызметкер. Г.М.Иманбекованың 10-нан астам мақалалары жарық көрген.

Top