Super User

Super User

Понедельник, 13 апреля 2020 06:28

Тухтаева Зарина, Өзбекстан

Мөн, ТУХТАЕВА ЗАРИНА, "Туризм” мамандығының 3 курс студентімін. Мен осы университетте оқығаныма өте куаныштымың себебі бұл оқу ордасы менің ғылыми және белсенді салада дамуыма зор мүмкіндік берді (Өзбекстан).

Понедельник, 13 апреля 2020 06:28

Пак Вадим, Ресей

Мен, ПАК ВАДИМ, «Психология» мамандығының 3 курс студентімін. 3 жыл бойы мен үшін ең үздік Дулати университетінде оқу - зор мәртебе. Менің университетім шексіз өмірді көруге, еркіндікпен дем алып, сонымен қатар күн сайын жаңа танымға ие болуға мүмкіндік берді! (Ресей)

Понедельник, 13 апреля 2020 06:28

Худайбергенова Тавус, Түрікменстан

Мен, ХҰДАЙБЕРГЕНОВА ТАВУС, «Химия» мамандығының 4 курс студентімін. Тараз өңірлік университетінде оқығаныма өте қуаныштымын. Бүл жоғары оқу орнында барлық үстаздар өзге елден келген студенттерге жақсы қарайды, олармен тығыз қарым-қатынастамыз. Атап өткім келетіні, оқу ордасында шетел студенттеріне магистратураның грантын жеңіп алуға мүмкіндік берілген. Бүл университетте мен өзім үшін көп мүмкіндіктерді аштым (Түрікменстан).

Понедельник, 13 апреля 2020 06:28

Язмырат Байжыков, Түрікменстан

Мен, ЯЗМЫРАТ БАЙЖЫКОВ, «Биология» мамандығының 4 курс студентімін. Маған Биология мамандығы өте ұнайды. Бала кезімнен мен жақсы биолог болуды армандадым. Мен кейбір университеттік конференцияларға қатысып, белсенді болдым. Осы ретте айта кету керек, біздің биология кафедрасында жаңа зертханалық аудиториялар, жаңа әдіспен өсірілетін жылыжайлар бар. Маған университетім өте қатты ұнайды және бүл жерден көп нәрсені үйрендім. Болашақта Dulaty University дипломы маған Түрікменстанда жүмыс істеуге және өз мансабымды дамытуға толық мүмкіндік береді. Мен осы университетте оқығаныма мақтанамын (Түрікменстан).

Понедельник, 13 апреля 2020 06:28

Абдул Хай Мохаммад Хашим, Ауғанстан

Мөн, АБДУЛ ХАЙ МОХАММАД ХАШИМ, «Су ресурстары» мамандығының 1 курс магистрантымын. Мен осы университетте оқып жүргеніме мақтанамың өйткені ғылыми және белсенді бағытта дамуға мүмкіндігім бар. Мен осы университетті таңдаған себебім “Су ресурстары” мамандығы білім алу жағынан өте жоғары мән береді. Менің университетім бұған көп көмектеседі! (Ауғанстан)

Понедельник, 13 апреля 2020 06:28

Фархад Гульбуд, Афганистан

Мен, ФАРЖАД ГҮЛБУД, «Су ресурстары» мамандығы бойынша бакалавриаттың бірінші курсында оқимын. Мен осы университетте оқып жатқанымды мақтан түтамын, себебі менің ғылыми және білімдік дайындықтан өтуіме зор мүмкіндік береді. Университетте практикалық жүмыс үшін зертханалармен жабдықталған көптеген кабинеттер бар. Мен университет ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тырысамын. Мен осы мамандықты таңдағаныма өте куаныштымын! (Ауғанстан)

- Мен Тараз өңірлік университетінің түлегімін,  қазіргі таңда жұмыс берушімін. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің түлегі екенімді мақтан тұтамын. Осы оқу орнының қабырғасында алған білімім менің өмірімдегі мансабымды құрудағы бағдарым болды. Алынған білім сапасы менің банк саласындағы жұмысымда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сіздердің қу орнына жұмыс беруші ретінде барсам деп отырмын. Себебі,  менің командамның 90 пайызы осы университеттің түлектерінен  тұрады. Бізге білікті мамандар ауадай қажет.  

Химия саласының мамандарына сұраныс әрдайым жоғары. Бұл сала тынымсыз ізденісті, зерттеуді қажет етеді. Заманымыз қарыштап дамыған сайын, күнде небір жаңалықтар ашылып, өндіріс өнімдері үздіксіз өсуде. Сұраныс артқан сайын, білікті маманға деген қажеттілік те арта түседі. Сондықтан да біз М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен берік байланыс орнаттық. Жыл сайын химия мамандығының студенттері арасында байқау, конкурстар ұйымдастырып үздіктерді анықтаймыз. Жеңімпаздарын жұмыспен қамтып, қатарымызға қуана қабылдаймыз. Университеттен сапалы білім алған жастар, біздің кәсіпорында біліктіліктерін арттыра түседі.

Фосфор зауыты – еліміздегі ең ірі зауыттың бірі. Білімді, ізденімпаз, мақсатшыл мамандар бізге әрдайым қажет. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ірі өңірлік білім-ғылым ордасы болғандықтан университеттің дарынды жастары жылда біздің зауыт қызметкерлерінің қатарынан табылып жүр. Студенттер тәжірибеден өтіп, бүгіннен мамандықтың қыр-сырымен танысуда. Жастарымыздың талабы, талпынысы көз қуантарлық. Елге игілігімізді тигізу жолында Dulaty University-мен біріге жұмыс істеуге біз әрдайым қуаныштымыз!

Бүгінде біздің фабрика мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университет арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Студенттер келіп, тәжірибеден өтіп, біліктілігін шыңдайды. Өндірістік-тәжірибелік сабақтарын өтеді. Өндіріс барысымен танысқан студенттер келешекте жақсы маман болады деп  ойлаймыз. Екі арадағы  байланыс біз үшін де аса маңызды әрі алдағы уақытта  да байланыс үзілмейтініне сенеміз. Білікті маманға қашанда сұраныс жоғары. Университет түлектері келешекте де біздің білікті мамандарымыздың қатарынан табылады деп ойлаймын.

Страница 388 из 453
Top