
Super User
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2021 жылы 9 желтоқсанда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде 6D060600 – Химия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ұсыну бойынша диссертациялық кеңесте Шораева Камшат Абитхановнаның «Этанды этиленге тотықтыра дегидрлеу үшін бағаналы сазбалшық негізінде молибденқұрамды катализаторлар дайындау» тақырыбында докторлық диссертациясы сәтті қорғалды.
Ғылыми кеңесшілері: химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна; Г.К.Боресков атындағы катализ институтының профессоры, х.ғ.д. «Толық тотығу катализаторлары» зертханасының меңгерушісі, Садыков Владислав Александрович.
Келешекте шығармашылық табыс, жаңа бастамаларыңыздың, жоспарларыңыздың одан әрі жүзеге асырылуына тілектеспіз!
Дулати университетінің ұжымы
В ЦЕНТРЕ ОБСЛУЖИВАНИЯ ПРОШЕЛ ДЕНЬ ОТКРЫТЫХ ДВЕРЕЙ
9 декабря 2021 г. проведено День открытых дверей Центра обслуживания студентов при Таразском региональном университете имени М.Х. Дулати «применение и пропаганда системы eGov mobile». На мероприятие участвовала омбудсмен ГК «Правительство для граждан» Майра Айсина.
В ходе мероприятия в Центре обслуживания «Демеу» университета Дулати сотрудникам и обучающимся была презентована работа по пропаганде применения системы eGov mobile. А также цифровые проекты, подготовленные в рамках программы "Рухани жаңғыру", Qazalipbi.kz онлайн программа «создание интерактивной исторической карты этнических групп Жамбылской области», мобильное приложение «7QYR», интеллектуальная игра «Казах шаңырағы», интерактивно-познавательные игры для дошкольников «Балакай», интерактивная карта «средневековые города Жамбылской области», «колодец знаний» и библиотечно-информационные ресурсы, направленные на поддержку учебного процесса.
В целях не отставать в век развития новых технологий, стать конкурентоспособным и сформировать цифровое общество, надежно, эффективно использовать цифровые технологии, университет Дулати принял челлендж студентов и волонтеров «Отдыхай дома, Получи услугу через еGov» от Кызылординского университета имени Коркыт Ата и направил в Казахский национальный университет имени Абая о преобразовании в исторический и смарт город Тараз («Taraz — history & smart city»).
Далее, в рамках мероприятия в университете состоялся семинар с профессорско-преподавательским составом по обучению сотрудников получению услуг через eGov и eGov mobile с обзором видеолекций, подготовленных для развития критического мышления будущих специалистов, организации учебной и самообразования.
В завершении мероприятия Майра Айсина посетила музей уиверситета.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жанынан ашылған «eGov mobile жүйесін қолдану және насихаттау» бойынша студенттерге қызмет көрсету орталығының ашық есік күні өтті. Шараға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның омбудсмені Майра Айсина арнайы қатысты.
Іс-шара барысында Дулати университетінің «Демеу» қызмет көрсету орталығында қызметкерлер мен білім алушыларға eGov mobile жүйесін қолдануды насихаттау жұмыстары таныстырылды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында даярланған цифрлы жобалармен Qazalipbi.kz онлайн бағдарламасы, «Жамбыл облысының этникалық топтарының интерактивті тарихи картасын құру» жобасы, «7QYR» мобильді қосымшасы, «Қазақ шаңырағы» интеллектуалды ойыны, «Балақай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған интерактивті-танымдық ойындар, «Жамбыл облысындағы ортағасырлық қалалар» интерактивті картасы, «Білім құдығы» және оқу үрдісін қолдауға бағытталған кітапханалық-ақпараттық ресурстармен танысты.
Жаңа технологиялардың дамыған заманында көштен қалмай, бәсекеге қабілетті болу және цифрлы қоғам қалыптастыру, цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдану мақсатында өткен іс-шарада Дулати университеті Тараз тарихи және смарт қаласына («Taraz — history & smart city») айналуы туралы, студенттер мен волонтерлардың челленджі «Үйде отырып демал, еGov арқылы қызмет ал» челленджін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен қабыл алып, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіне жолдады.
Сонымен қатар, іс-шара аясында университетте болашақ мамандардың сыни ойлауын дамыту, оқу және өздігінен білім алу қызметін ұйымдастыру үшін дайындалған бейнедәрістерге шолу жасап, профессорлар-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге слаид арқылы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен eGov және eGov mobile арқылы қызмет алуды үйрету семинары өтті.
Іс-шара соңында Майра Айсина университет музейіне келді.
ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ!
Қазақстанның тәуелсіздік күні - Республиканың ең жоғарғы мемлекеттік мерекесі болып табылады. Бұл күнді жай ғана еске алу күні емес, алаңға ешбір жаман оймен шықпай, әділеттілікті талап еткен жастарымыздың қаны судай ағылған, шығынға ұшыратқан, естен кетпес қасірет болған күн!
Біле білген кісіге қайда жүрсек те, қандай қызметте болсақ та жүрегімізден кетпейтін шүкіршілік ететін күн! Барымызды бағалап, халқымызды сабырлыққа шақырайық, әрбір қазақстандық тәуелсіздігіміз үшін, ел үшін шынайы еңбегіміз бен үлесімізді аямайық!
Біздің «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының ұжымы, әр жылда бұл күнді құр қалдырмай құрбандарға құран бағыштап, кем-кетік міскіндерге сыйлық таратуды қолға алдық, басшымыз қолдап әдетке айналдырдық. Жақсылықты айту үшін емес, Алла разылығы үшін! Берері көп жаратушы иеміз бақылаушы, титтей де болса көмегімізді көбейтуші, еліміздің тыныштығына қосқан үлесіміз болсын деп кафедраның атына сай болайық деген амалдар үшін!
Жақсылықтан құр қалмайтын «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының әрбір сөздеріне, жалпы мамандыққа тоқтала кетейін:
- Өмір - адамзатқа берілген сыйлық әрі сынақ, еркімізге келгенін жасап әрі ойнап-күлу емес. Өміріміздің әр күнін құр өткізбей ақиқаттың алаңында тұрғанымызды естен шығармайық. Алған білімді келешек ұрпаққа таза етіп қалдыру. Мемлекеттің бар байлығын сақтау, көз қарашығындай қорғау, көмек қолын созу, пайдалы іспен айналысу.
- Тіршілік - әр бір пендеге берілген бақыт. Тапқан табысымыз таза, ішкен асымыз адал, сөйлеген сөзіміз өтімді, халқымызға адалдық! Татулық пен ынтымаққа бастар жол. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу, шашылғанды жинау, суды үнемдеу, тазалық сақтау, тіршілік иелеріне құрметпен қарау және бағалау.
- Қауіпсіздік - зардап шеккендерге алғашқы көмек қолын созу, сақтық, өзіңді өзің тәрбиелеу, қиындықты бірге жеңу, өмір ережесін сақтау, басшыға бағыну, заңды сыйлау. Әке-шешеге адал қызметте болу, мүмкіндік болса батасын алу.
Осы ережелерді сақтасақ еш уақытта қазақ елінде жаманшылық болмайды, желтоқсандағыдай оқиғалар қайталанбайды. Ол үшін тілімізге құрмет көрсетіп, кең байтақ жерімізге ие болып, пайдалы іспен айналысайық. Егін егіп, мал жайып, заманға ағымынан қалыс қалмай білімімізді шыңдайық. Өндіріс орындарын ашайық, шағын кәсіпкерлерді қолдайық, бір-бірімізге кедергі болмай, мүмкіндігінше қолдаушы болайық. Тәуелсіздігіміз мәңгілік, тұғыры биік, байрағымыз аспандап тұрсын!
Мен, Тойлыбай Маханов, 1986 жылдан бері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде қызмет атқарамын. Атқаратын қызметім – «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының зертхана меңгерушісі. Осындай жоғарғы оқу саласында жұмыс істегеніме қуанамын және мақтаныш етемін! Қолымнан келгенше тәрбие беріп, өзгелерге үлгі көрсетуге тырысамын. Біздің ұжымда тамаша үлгі тұтар ұстаздар көп. Еліміздің түкпір-түкпірінде қаншама түлектеріміз әр салада қызмет етуде. Әр уақытта жастарға сенім мен қолдау қажет.
Бұл Тараздан желтоқсан батыры Қайрат Рысқұлбеков, олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, Қазақстан барысы Бейбіт Ыстыбаев және т.б. шыққан. Қаншама өнер адамдары бар, атап айтсақ Мейрамбек Бесбаев, Құрмаш Махан, Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров бұлардың барлығы Тараз университетінің түлектері. Артқа шегінсек, бір туар ұстаз Мекемтас Мырзахмет, ақын-жазушы Шерхан Мұртаза, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы, кино актерлары Тұңғышбай Жаманқұлов, Асанәлі Әшімов, спорт саңылақтары Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев тағысын тағылар. Бұл аңыз адамдар, тегеуірінді тұлғалар универсисеттің көрсеткіші, әрі мақтаныштары. Әлі талай батырлар мен жазушы өнер тарландары шығары анық.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын! Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік, молшылық болсын! Құдайдың кешірімі түскен үлкен мемлекетке айналсын! Ел басқарған азаматтарымызға ынсап берсін, ұрпағымыз салиқалы, шынайы білім иелеріне айналсын! Ашық аспан, кең пейіл, жомарттық пен сабыр берсін! Біздің Тараз өңірлік университеттен әлемді таң қалдыратын әлі талай білімгерлер шығатыны анық. Мамандықты таңдай білейік, өйткені «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» мамандығы қай заман болмаса да керекті, әрі маңызды. Тәуелсіздік күні жарқырай берсін, Жамбыл облысы көркейіп Тараз Өңірлік университеті мәңгілік білім ошағына айналсын!
«Өмір тіршілік қауіпсіздігі»
кафедрасының зертхана меңгерушісі
Маханов Тойлыбай Жарқынбайұлы
НАШАСЫЗ ӨМІР ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ.
Қазақстанда жиырма төрт мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Арнайы орталықта тіркеуде тұр. Бұл ресми дерек. Ал бейресми дерек көрсеткіші одан да жоғары. Қоғамдық ұйымдардың есебінше жүз жиырма мыңнан асып кеткен. Статистикалық мәліметтер бойынша соңғы бес жылда есірткіге тәуелділер саны 35 пайызға төмендеген. Бірақ он тоғыз мың қылмыс соңғы бес жылда осы есірткімен байланысты болған екен.
Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында есірткі заттарын дайындау, тарату, саудалау, насихаттаудың жолдары барынша кеңейіп жатыр. Бірақ биыл жыл басында есірткілерді насихаттайтын сайттарды жабу туралы заң шыққан.
НАРКОМАНИЯ – ДОРОГА В НИКУДА
В Казахстане по данным спеццентра на учете стоят около двадцати четырех тысяч человек. Это официальный факт. А неофициальный показатель данных еще выше. По подсчетам общественных организаций свыше ста двадцати тысяч. По статистическим данным, за последние пять лет количество наркозависимых снизилось на 35%. Но девятнадцать тысяч преступлений были связаны с этими наркотиками за последние пять лет.
В век развития информационных технологий все шире расширяются пути изготовления, распространения, торговли, пропаганды наркотических средств. Но в начале этого года вышел закон о закрытии сайтов, пропагандирующих наркотики.
«КАЗАХСТАН – АГРАРНАЯ СТРАНА»
Красоту природы Казахстана трудно описать словами. Покрытые ледниками горные цепи Тянь-Шаня, Тарбагатая и Алтая на юге, юго-востоке и западе страны сверкают белоснежными вершинами. На западе берега страны омывает Каспийское море, самое большое море-озеро в мире, а в степях Сарыарки расположилось озеро Балхаш, в одной части которого вода соленая, а в другой — пресная. Множество живописнейших мест и в Северном Казахстане. Здесь расположены сотни ледниковых озер, окруженных сосновыми борами Кокшетау. Невозможно рассказать обо всех живописных уголках страны на нескольких страницах. Незабываемы наскальные рисунки и скульптуры национального парка Баянаул, природный заповедник Кургалжин, где можно увидеть более чем 300 видов растений и самую северную в мире колонию фламинго. Сохранению природных заповедников и национальных парков, их уникальных ландшафтов, охране животного и растительного мира уделяется огромное значение. С экологической точки зрения Казахстан — страна с нетронутой, разнообразной и красивейшей природой.
«ҚАЗАҚСТАН – АГРАРЛЫ МЕМЛЕКЕТ»
Алтай мен Атыраудың арасындағы ұланғайыр алқап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасына созылған қазақ даласы дүние жүзі картасында жер көлемі жөнінен тоғызыншы орынды иеленеді. Біздің ата-бабаларымыз бағзы заманнан мал шаруашылығымен айналысып келеді. Осынау кең жерімізде егін шаруашылығы да жақсы дамыған. Сондықтан ауыл шаруашылығы біздің халық үшін жат нәрсе емес. Біздің ел тек өзінің ішкі нарығын ғана қамтамасыз етіп қана қоймай шет елдерге экспортқа да жібереді. Мысалға алсақ, 2019 жылы біздің елден 12,5 миллион долларға қой еті экспортталса, 2020 жылы 5,6 миллион долларға, сиыр еті 2019 жылы 23,3 млн долларға, 2020 жылы 31,4 млн долларға ет экспортталды. Ал бидай өндірісі 2019 жылы 3271,8 мың тонна болса, 2020 жылы 3555,3 мың тоннаға дейін жетті. Қазақстан – аграрлы мемлекет деп айтуымызға толық негіз бар. Осыған орай, 2021 жылдың қараша айының 27 жұлдызында «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Мелиорация және агрономия» кафедрасының «Агромелиорация» үйірмесінің жетекшісі оқытушы Қоңыр Сандуғаш Бауыржанқызының ұйымдастыруымен осы салаға қызығушылық танытқан колледж және мектептердің бітіруші түлектеріне арналған «Қазақстан – аграрлы мемлекет» атты семинары өтті. Семинарда аграрлы сектордың әртүрлі бағыттары қарастырылды. Атап өтетін болсақ, Қазақстан республикасының аграрлық саласының даму мәселелері бойынша, аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары жайында, еліміздегі өсірілетін жылқы түрлері мен оның өнімдерін экспорттау жөнінде, астық тұқымдас дақылдардың республикамызда өсірілуі мен еліміздің нарығын қамтамасыз етуі мен сыртқы нарыққа шығарылуы жайында тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды. Семинарға №49 мектеп-гимназиядан, №1 гимназиядан, №28 орта мектептен оқушылар қатысты. Семинар нәтижесі бойынша №49 мектеп-гимназияның оқушысы Амантөре Аяулым Аділханқызы «І дәрежелі», №28 орта мектептің оқушысы Бердіғали Ұлдана Асылханқызы «ІІ дәрежелі», №1 гимназияның оқушысы Попова София Витальевна «ІІІ дәрежелі» дипломдармен, орын алмаған оқушылар «қатысқаны үшін» дипломдармен, ғылыми жетекшілері «жетекшілік еткені үшін» деген дипломдармен және қосымша сыйлықтармен марапатталды.
ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ НОРМАТИВТЕРІН ҮЗДІК ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ
2021 жылдың 29 қарашасы 3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университет» КЕАҚ әскери кафедрасында әскери кафедра студенттері арасында «Жауынгерлік даярлық нормативтерін үздік орындау бойынша байқау» өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер мадақтамалармен марапатталды:
№ 1 оқу орны - АК - 74 Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру.
1 орын - Шермаханбетов М.Г. (811 оқу взводы, куратор запастағы полковник С.В. Насекин.)
№ 2 оқу орны - жалпы әскери қорғаныс жиынтығын ОЗК және газтұмылдырықты кию.
КОНКУРС НА ЛУЧШЕЕ ВЫПОЛНЕНИЕ НОРМАТИВОВ БОЕВОЙ ПОДГОТОВКИ
С 29 ноября по 3 декабря 2021 года в канун празднования 30-летия Независимости Республики Казахстан на военной кафедре НАО «Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати» проведен «Конкурс на лучшее выполнение нормативов боевой подготовки» среди студентов военной кафедры.
По итогам конкурса были награждены грамотами студенты показавшие лучшие результат:
Учебное место № 1 – неполная разборка и сборка автомата Калашникова АК- 74.
1 место – Шермаханбетов М.Г. (811 уч. взвод, куратор полковник запаса Насекин С.В.)
Учебное место № 2 – надевание общевойскового защитного комплекта ОЗК и противогаза. 1 место – Молданов Е.Д. (611 уч. взвод, куратор полковник запаса Ориненко Д.Н.)
Учебное место № 3 – подтягивание на перекладине.