
Super User
ВОСПОМИНАНИЯ О ДЕКАБРЕ 1986 ГОДА
Кафедрой «История и география» Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати, было проведено мероприятие, посвященное 30-летию Независимости Казахстана. В мероприятии присутствовали студенты, преподаватели кафедры Мырзахмет Г.К., Сентаева Р.Т., Ахатова Г.А., Ибраимов Н.Л. В ходе встречи с воспоминаниями о прошлом выступил участник декабрьских событий 1986 г., ветеран труда Бердалиев Мурат Азимханулы.
Он рассказал о достижениях суверенного государства с момента обретения независимости – о подвиге мужества молодых и поделился воспоминаниями о тех суровых декабрьских днях 1986 года. Также выступил заведующий кафедрой к.и.н. доцент, ветеран декабрьских событий Серикбаев Е.К. - поделился воспоминаниями об одном историческом событии в студенческие годы с горькими реалиями, воспоминания которого в течение 35 лет хранились в сердцах многих людей.
Горькая тайна декабрьской истории памяти братьев не оставила равнодушными и обучающихся. Во время беседы он поделился новыми историческими данными, которые нигде ранее не упоминались.
По окончанию мероприятия участвующие возложили цветы к памятнику Халық қаһарманы Кайрата Рыскулбекова.
1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЫЗҒАРЛЫ КҮНДЕРІ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР АЙТЫЛДЫ
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Қайрат Рысқұлбековтың музейінде, «Тарих және география» кафедрасының менгерушісі т.ғ.к., доцент Е.Қ. Серікбев, «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті деканының Ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасары, тарих магистрі Ғ.К.Мырзахмет, аға оқытушы, тарих магистрі Р.Т.Сентаева, аға оқытушы, тарих магистрі Н.Л. Ибраимовтың ұйымдастыруымен «Алтын тұғырлы Азаттық» атты іс- шара өтті.
Іс-шараға №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, желтоқсан көтерілісінің ардагері Бердалиев Мұрат Әзімханұлы, тарих мамандығының білімгерлері мен мұражай қызметкерлері арнайы шақырылды. М. Ә. Бердалиев - Тәуелсіздік алғаннан бері ерліктің ұраны, елдіктің нышаны – Егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен алған асулары жайлы айтып, 1986 жылғы желтоқсанның сол бір ызғарлы күндері туралы естеліктерімен бөлісті.
Білімгерлер өте тың шынайы деректердің куәсі болды. «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент, Желтоқсан көтерілісінің ардагері Е.Қ. Серікбаев - студенттік шақтағы сол бір тарихи оқиғаның 35 жыл бойы жүрек түкпірлерінде сақтаған сол кезеңдердегі тарихи сәттен жүрек мұздатар ащы шындықтары мен естеліктерін айтып берді.
Ағалар естелігі желтоқсан тарихының ащы сыры білімгерлерді де бейжай қалдырмады. Сырлы сұхбат барысында бұған дейін еш жерде айтылмаған тың тарихи деректерге кеңінен қанықты.
Іс-шара соңында қонақтардың қатысуымен Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАРАПАТТАЛУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

«Үздік флипчарт» номинациясы 1-орын
Загира Кожабергенқызы Кашкынбаева
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті

«Пәннің инновациялық толықтырылуы» номинациясы 1-орын
Загипа Турарбекқызы Алтынбекова
«Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы

«Университеттің үздік кафедрасы» номинациясы 3-орын
«Тоқыма, материалтану және стандарттау» кафедрасы

«Университеттің үздік оқытушысы» номинациясы 1-орын
«Педагогика» кафедрасының профессоры Клара Джайдарбекқызы Бузаубакова

«Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша университеттің үздік оқытушысы» номинациясы 1-орын
«Дизайн және мода индустриясы» кафедрасының аға оқытушысы Гульнара Сабирқызы Байузакова
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАУ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Дулати университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Талғат Ешенқұлов, әскери кафедраның офицерлері мен студенттері қатысты.
Салтанатты іс-шарада полковник С. Мұқышев – білім беру жолындағы қажырлы еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясының құрмет грамотасымен, запастағы подполковник М. Әлібеков – Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаевтың алғыс хатымен, запастағы майор К. Оңалбеков – «Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі табыстары» үшін төсбелгімен, отставкадағы подполковник Ұ.Ж. Жұмабеков – М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың алғыс хатыменектордың марапатталды.
Сондай-ақ мерекеге әскери кафедра офицерлері қабырға газетін шығарды.
НАГРАЖДЕНИЕ КО ДНЮ НЕЗАВИСИМОСТИ.
В канун Дня Независимости Республики Казахстан в университете Дулати состоялось торжественное мероприятие, посвященное 30-летию Независимости РК, в котором принимали участие Первый заместитель председателя Жамбылского областного филиала партии «Нур Отан» Дауыл Бейсенкулов, Ректор Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати Талгат Ешенкулов, офицеры и студенты военной кафедры.
На торжественном мероприятии были поощрены: полковник С. Мукушев - почетной грамотой партии «Нур-Отан» за самоотверженный труд на пути к образованию; подполковник запаса М. Алибеков - почетной грамотой акима Жамбылской области Б. Сапарбаева; майор запаса К. Оналбеков - нагрудным знаком «За значительные успехи в обучении и воспитании подрастающего поколения»; подполковник в отставке У.Ж. Жумабеков - благодарственное письмо от Представителя Правления – Ректора Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати.
Так же к празднику офицерами военной кафедры была выпущена стенгазета.
ЦЕНТР ENACTUS СТАНЕТ ПЛОЩАДКОЙ ДЛЯ САМОРЕАЛИЗАЦИИ АКТИВНЫХ И ТАЛАНТЛИВЫХ РЕБЯТ
Об этом сообщили ректор Талгат Ешенкулов и президент ENACTUS KAZAKHSTAN Альбина Ержанова на пресс-конференции, который прошел в университете Дулати.
По словам Талгата Ешенкулова, на базе университета Дулати открылся Центр школьного и студенческого предпринимательства Enactus Kazakhstan. Совместная инициатива по развитию стартапов и социально-предпринимательских проектов реализовалась в рамках создания регионального центра на основе международной модели Enactus.
А также центр Еnactus при университете Дулати станет площадкой для самореализации активных и талантливых ребят и откроет возможности в сфере коммерциализации научных исследований.
Альбина Мейрбековна подчеркнула, что идею создания регионального центра поддержал бизнес-партнер и спонсор Enactus Kazakhstan Муслим Таирович Умирьяев - генеральный директор компании Global beverages с брендом природная вода Туран. Seed гранты на сумму 2 млн. тенге выделяются на запуск проектов и поддержку регионального офиса Enactus Kazakhstan. Гранты являются личным вкладом Муслима Таировича в поддержку предпринимательских и инновационных проектов талантливых ребят.
Enactus – международная программа студенческого предпринимательства. Студенты из 1800 университетов мира делают свои первые шаги в предпринимательстве, осуществляя командные бизнес-проекты и ежегодно соревнуясь за титул чемпиона мира Enactus. Более 1000 международных компаний поддерживают программу, рассматривая ее как уникальную площадку развития практических навыков молодежи. Enactus стал успешной практико-ориентированной платформой подготовки нового поколения лидеров бизнеса.
Напомним, что команда Enactus Dulaty дважды завоевала титул национального чемпиона, представляя интересы Казахстана на мировом кубке в городе Барселона (Испания, 2004) и г. Сан-Хосе (Калифорния, США, 2019). Команда Enactus NIS Taraz физико-математического направления дважды победитель Республиканского чемпионата школьного предпринимательства Enactus (2020, 2021).
В рамках мероприятия был подписан меморандум о сотрудничестве между университетом Дулати и Enactus Kazakhstan.
ENACTUS ОРТАЛЫҒЫ БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫТУ АЛАҢЫНА АЙНАЛАДЫ
Бұл туралы ректор Талғат Ешенқұлов пен ENACTUS KAZAKHSTAN президенті Альбина Ержанованың қатысуымен Дулати университетінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Талғат Ешенқұловтың сөзінше, Дулати университетінің негізінде Enactus Kazakhstan мектеп және студенттік кәсіпкерлік орталығы ашылды. Стартаптарды және әлеуметтік-кәсіпкерлік жобаларды дамытудың бірлескен бастамасы халықаралық Enactus моделі негізінде аймақтық орталық құру аясында жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Дулати университетіндегі Еnactus орталығы белсенді және дарынды балалардың өзін-өзі таныту алаңына айналады. Орталық ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруға мүмкіндік береді.
Альбина Мейірбекқызының айтуынша, аймақтық орталық құру идеясын Enactus Kazakhstan компаниясының іскер серіктесі және демеушісі – Тұран табиғи су бренді Global beverages компаниясының бас директоры Мүсілім Өміряев қолдады. Enactus Kazakhstan аймақтық кеңсесін қолдауға және жобаларды іске қосуға 2 млн. теңге көлемінде гранттар бөлінді. Гранттар Мүсілім Тайырұлының дарынды балалардың кәсіпкерлік және инновациялық жобаларын қолдауға қосқан жеке үлесі.
Enactus – студенттер кәсіпкерлігінің халықаралық бағдарламасы. Дүние жүзіндегі 1800 университеттің студенттері кәсіпкерліктегі алғашқы қадамдарын жасай отырып, командалық бизнес жобаларын жүзеге асырады. Сондай-ақ, жыл сайын Еnactus әлем чемпионы атағы үшін жарысады. 1000-нан астам халықаралық компаниялар бағдарламаны жастардың практикалық дағдыларын дамытудың бірегей алаңы ретінде қарастырып, қолдау көрсетуде. Enactus бизнес көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға арналған табысты тәжірибеге бағытталған платформаға айналды.
Айта кетейік, Enactus Dulaty командасы Барселонада (Испания, 2004) және Сан-Хоседе (Калифорния, АҚШ, 2019) өткен әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғап, екі рет ел чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Ал, физика және математика пәндері бойынша Enactus NIS Taraz командасы Enactus Республикалық мектеп кәсіпкерлігі чемпионатының екі рет жеңімпазы (2020, 2021).
Іс-шара аясында Дулати университеті мен Enactus Kazakhstan арасында серіктестікті нығайту бойынша меморандумға қол қойылды.
ПОЗДРАВЛЯЕМ!
Министерством информации и общественного развития РК высоко оценена грантовая работа к.п.н., доцента кафедры «Социальная психология» факультета гуманитарных и социальных наук Керимбаевой Рысты Калдыхановны «Создание игровых макетов для детей дошкольного возраста». Работа автора выполнена по государственному заказу в рамках идеологической платформы «Ұлттық тәрбие» Казахстанского института общественного развития «Рухани жаңғыру», посвященной 30-летию независимости.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің, «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Керімбаева Рысты Қалдыхановнаның «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын макеттерін жасау» гранттық жұмысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде жоғары бағаланды. Автордың жұмысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, мемлекеттік тапсырыспен жасалып, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты «Ұлттық тәрбие» идеологиялық платформасы аясында орындалды.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ-ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАТЫРЫ!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында орта мектеп, колледж оқушылары мен университет студенттерін әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.
Әскери қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы Бауыржан Момышұлының туған күніне орай, 2021 жылдың 9 желтоқсанында аға оқытушы, запастағы полковник К.Ш. Сағымбаев әскери кафедраның студенттерімен «Отан үшін отқа түс – күйейсің»тақырыбында әңгіме өткізді.
Әңгіменің мақсаты: қазақ халқының көрнекті қайраткері Бауыржан Момышұлының өмір жолын қазіргі заман тұрғысынан жан-жақты және терең қарастыру, халық батырының адамгершілік мұрасы арқылы Қазақстан Республикасының жастарын патриоттық тәрбиелеу.