Super User

Super User

Кәсіби бағдар беру жұмысы және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу шеңберінде 2022 жылғы 4 мен 20 мамыр аралығында Тараз қаласының орта мектеп оқушылары М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасына болды.

Әскери кафедра оқытушылары әскери кафедра аумағы бойынша экскурсия жүргізіп, әскери дайындық бағыттары мен оқуға түсу ережелері, оқушыларды оқу материалдық базасымен, оқу қару-жарағымен және техникаларымен таныстырды.

В рамках профориентационной работы и военно-патриотического воспитания молодежи, с 4 по 20 мая 2022 года учащиеся средних школ города Тараза посетили военную кафедру  Таразского  регионального  университета имени М.Х. Дулати.

Преподаватели военной кафедры провели экскурсии по территории военной кафедры, рассказали о направлениях военной подготовки и правилах поступления, ознакомили учащихся с учебной материальной  базой, учебным вооружением и техникой.

Дулати университеті ұйымдастыруымен «Балалар жылына» орай «Дулати – деп жырлаймын» атты алғашқы облыстық жас ақындар айтысы өтті. Ақындар аламанына Тараз қаласы және аудандардан 10 оқушы қатысты.

Айтысқа ақын Үміт Битенова, «Жамбыл Дарын» орталығы директорының орынбасары Ақмарал Естемісова және айтыскер ақын Есет Досалы төрелік етті.

Сайыс қорытындысы:
1 орын - Жуалылық Санжар Даярбек
2 орын -Таластық Айсұлу Жүнісбек
3 орын - Жамбыл ауданынан келген Алина Айдаралы
3 орын - Қордайлық Санжар Тынышбек

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

2

3

4

5

6

7

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға жаңа өзгерістер енгізу туралы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Өзгерістер кезеңі  мемлекеттің жаңа даму бағдарын айқындайтын болғандықтан,елдегі жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңызы зор.Ал референдум – саяси реформаларға құқықтық негізі болмақ.

Референдумда халыққа үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Арнайы жұмысшы тобы ұсынған өзгерістерді саралап, таңдау жасау – елдің саяси белсенділігіне байланысты. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институтында «Мен жаңа реформаларды қолдаймын» тақырыбында өткен студенттермен кездесуде осы мәселелер қозғалды.

Мемлекетіміз таңдаған жаңа даму жолындағы оң өзгерістер білім саласын айналып өткен жоқ. Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр. Саяси реформалардың сан саланы қамтыйтыны түсінікті. Жалпы басқару жүйесіндегі өзгеріс, барлық салаға серпін беретіні анық. Жастармен өткен кездесуде профессор-оқытушылар қозғаған ойдың өзегі – осы.

– Ел алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу. Оны жүзеге асыру үшін әр білімгер өзіне жауапкершілікті алып, қарапайым сессияға адалдық пен әділдікпен қатысып, өзгерісті өзінен бастағаны дұрыс. Адалдық – жеке адамның қоғамға деген таза ниетінен бастау алады, - деді «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Көпбосынова.

Жиындаспикерлер педагогикалық бағытта білім алып жатқан болашақ ұстаздарға5 маусым күні өтетін референдумның мәні мен маңызын түсіндірді. Әрбірінің сайлау кезіндегі саналы таңдауел мүдде үшін жасалатыны айтылды. Кездесуде«Заң» факультетінің меңгерушісі Асқар Жақсылықұлы сөз сөйлеп, жастардың –  білім алып, тұлға ретінде дамыған кезінде Жаңа Қазақстан жаңарумен, жаңғыруды өткере алатынын жеткізді.

2

3

Медиа-қызмет.

Бразилияда өтіп жатқан 24-жазғы Сурдлимпия ойындарында жүлде қоржынына еркін және грек-рим күресінен Дулати университетінің студенттері Ғасыр Тұрғынбай мен Нұржан Асан 2 медаль салды.
Спортшыларды Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков және ел азаматтары, достары мен жақындары «Тараз арена» спорт сарайының алдына салтанатты түрде қарсы алды.

Жиында Нұрбол Жүнісбеков спортшыларды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта биік белестерді бағындыруна тілектес екенін жеткізді.

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел намысын еркін күрестен 74 келі салмақта Дулати университетінің 3-курс студенті Ғасыр Тұрғынбай қорғаған болатын. Финалдық белдесуде ғана қарсыласына жол берген жамбылдық балуан күміс жүлдені еншіледі. Балуанның жеке бапкері – Ерназар Қонысбаев.
Былтыр Ғасыр Тұрғынбай былтыр ел чемпионатында алтынды олжалап, спорттық бабында екенін дәлелдеген.
Сондай-ақ, бұған дейін еркін күрестен 57 келіде бақ сынаған Ғабит Есжанов күміске қол жеткізіп, ел мәртебесін асқақтатты.

Осы бәсі биік бәсекеде грек-рим күресінен 77 келі салмақта ел намысын қорғап, қола жүлдені жеңіп алған балуан Нұржан Асан – Дулати университетінің «Дене тәрбиесі» мамандығының 3-курс студенті екені мәлім. Асан Нұржанның сурдлимпиадалық ойындардағы қола жүлдеге қол жеткізгенге дейін жүріп өткен жолы оңай болған жоқ. Түрлі деңгейдегі жарыстарда шеберлігін шыңдап, былтыр ел біріншілігінде 77 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, өзінің мықтылығын дәлелдеген еді.
2

3

4

5

6

7

8

9

 

Медиа-қызмет.

Республикада «Amanat» партиясының жанынан «TALQYLAY» қоғамдық диалог алаңы құрылғаны белгілі. Көптің көкейіндегі көкейкесті мәселелерді талқыға салып, шешімін табуды көздейтін әлеуметтік жобаны өңірлер арасында Жамбыл облысы ең бірінші болып қолға алып отыр.

«TALQYLAY»-да талқыланған алғашқы тақырып  «Жастар және жұмыссыздық» мәселесі болды. Ашық алаңда ашық әңгімеге шақырылған спикерлер – «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан түйткілді әлеуметтік мәселе төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті.

2

Дауыл Ынтықбайұлы партия жанынан ашылған қоғамдық мәселелер талқыға түсетін ашық диалог алаңының мән-маңызына тоқталды. Ал Дулати университетінің ректоры жұмыссыз жастар арасында дипломы бар мамандар да кездесетінін ашып айтып, еңбекпен қамту мәселесінде – еңбек нарығындағы сұранысты ескеру аса маңызды екенін жеткізді. Сондықтан жастарға берілетін керекті кеңестің бірі – мамандық таңдауға неге баса мән берілуі қажет, қай салада бәсекелік қабілетіңді көрсетуге мүмкіндік көптігін түсіндіру.

– Қазір білімге деген сұраныс басқаша. Бүгінде жастар бір ғана дипломмен шектеліп қалғысы келмейді. Қазіргі кезең – өмір бойы білім алу қағидасының керек кезі. Уақыттың ағымын дәл болжай білетін жандар еңбек нарығындағы сұранысты жыл сайын саралап көріп, соған қарай екінші және үшінші мамандықты игеріп, бәсекелік қабілетін арттыруға ұмтылуда. ХХІ ғасыр – өңірде жоғары білім алып, сол өлкеде қызмет етуің керек деген ұстанымға бағынбайды. Жаңа заманның қағидаты – қай жерге сұраныс бар, сонда еңбек ет, - деді Талғат Ілиясұлы.

Үш блокта өткен ашық алаңдағы әңгіме барысында сұрақ-жауапқа кезек беріліп, азаматтар тақырыпқа орай өз пікір-ұсыныстарын жеткізді.

WhatsApp Image 2022 05 19 at 11.33.01

3

4

5

Четверг, 19 мая 2022 04:54

Марапаттау

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай әскери кафедра офицерлері ҚР Қорғаныс министрінің, «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының және Жамбыл облысы бойынша ардагерлер қоғамы төрағасының атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Четверг, 19 мая 2022 04:50

Награждение

В честь 30-летия образования Вооруженных Сил Республики Казахстан  офицеры военной  кафедры были поощрены почетными грамотами  от имени министра обороны РК, командующего  войсками РгК «Юг» и председателя общества ветеранов по Жамбылской области.

Вторник, 17 мая 2022 06:33

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫМЕН САБАҚ

2022 жылғы 11 және 17 мамырда Жамбыл инновациялық колледжінің  студенттері М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында болды.

Әскери кафедра офицерлері әскери кафедра аумағында сабақ өткізді.

Вторник, 17 мая 2022 06:29

ЗАНЯТИЕ С УЧАЩИМИСЯ КОЛЛЕДЖА

11 и 17 мая 2022 года студенты Жамбылского инновационного колледжа посетили военную кафедру Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати.

Офицеры военной кафедры провели занятия  на территории военной кафедры.

Страница 156 из 452
Top