

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 10 мен 28 маусым аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының запастағы сержант бағдарламасымен оқитын студенттерімен оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған.
Оқу жиынының бастығы запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков әскери кафедра офицерлеріне оқу-жаттығу жиындарын өткізу ережелері туралы нұсқау берді.

