Super User

Super User

Четверг, 02 июня 2022 09:11

Технический осмотр

В период с 1 по 2 июня 2022 года отделом военной полиции Таразского гарнизона был проведен технический осмотр транспортных средств военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати. Замечаний нет.

Арманы бір, үні бір,
Аға ардақты, іні гүл.
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл!

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты  және биылғы «Балалар жылына» арналған жаздық лагерьдің ашылу салтанатында «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы дәріс беретін студенттері ән-жырдан шашу шашып, би билеп, балаларға арнап өлеңдер оқыды.

Мақсаты: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түзете-дамыту және әлеуметтендіру, студенттердің бойында адамгершілік қасиетті насихаттау мен білім, біліктерін жетілдіру» болып табылады.

Мерекелік іс-шара барысында Л.И. Бекембетова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық процестері мен ұсақ моторикасын дамыту» тақырыбында  құм терапиясын шебер жүргізсе, Э.Ж. Амиркенова «Игры для развития речевого дыхания у детей» - логопедиялық сабақты жоғары деңгейде өткізе білді. А.Т. Жумагулова «Сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалардың ұсақ моторикасын дамыту» - саз терапиясын, А.Асанқызы «Тіл асты бұлшық етіне арналған логомассажын», С.Б. Абдрахман «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін ароматерапиясын» тамаша жүргізе білді, сонымен қатар Э.Б.Өтегенова әлеуметтік педагогтың жұмысын «Арттерапия» арқылы тиімді көрсете білді.

2

«Ұстаз» институтының директоры э.ғ.к., доценті О.К.Джолдасова: 1-маусым 1950 жылдан бастап – Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді. Бізде бүгін екі мереке, балалар күнімен қатар келген сауықтыру лагердің ашылу салтанаты құтты болсын! Сонымен қатар елімізде алғаш рет университет қабырғасында жазғы сауықтыру лагерін «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы ұйымдастырып отыр. Бұл лагердің тағы бір ерекшелігі балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытып, сөйлеу тілі бұзылысы бар балалардың артикуляциялық аппаратын  тексеріп, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін анықтап және түзете-дамыту жұмыстарын кафедраның білікті логопед мамандарымен қатар осы мамандықта оқитын студенттер де жүргізеді. Әрі бұл болашақ логопед мамандарына практика ретінде өз пайдасын тигізері сөзсіз. Балалар – біздің болашағымыз, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына олардың бүгінгі таңда алатын тәлім-тәрбиесі мен біліміне байланысты. Сондықтан да биылғы жылды Президентіміз Қ.К.Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялауы бекер емес. Олай болса бүгінгі балалар мерекесі құтты болсын! Оларға тек мықты денсаулық, уайымсыз өмір, тәтті балалық шақ және болашақтарының жарқын болуын тілеймін!» - деп құттықтау сөзімен бүгінге мерекелік концертті аяқтады.

Алдағы уақытта ата-аналар бүлдіршін балаларын университет қабырғасында ашылған жазғы сауықтыру лагеріне әкеліп, олардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ат салыспақ.

3

4

5

6

«Арнайы және әлеуметтік педагогика»

кафедрасының аға оқытушысы Е.Б.Дуйсенбеков

Мамыр айының 19 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығының ұйымдастыруымен «Өмірге құштармын!» атты әлеуметтік жобасының негізінде өткізілген облыстық байқауға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультетінің студенттері Айнұр Орақбаева мен Жасұлан Дүйсени қатысқан болатын. 5 мамырда өткен бірінші кезеңнен сүрінбей өткен қос студентіміз де екінші кезеңге жолдама алған болатын.
Бұл жоба - мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылықты дамыту мақсатындағы студенттердің жетекшілігімен жүзеге асады.
Жобаның демеушісі – Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Байұзақұлы Саурықов.
Байқаудың бірінші кезеңіне барлығы 19 студент өз «кейіпкерлерімен», яғни мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Байқау талаптарын орындап, үздік деп танылған 10 жұмыс екінші кезеңге жолдама алған болатын. Айнұр мен Жасұлан да топ жарып, екінші кезеңнен де сүрінбей өтті.

Мамыр айының 19 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығының ұйымдастыруымен «Өмірге құштармын!» атты әлеуметтік жобасының негізінде өткізілген облыстық байқауға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультетінің студенттері Айнұр Орақбаева мен Жасұлан Дүйсени қатысқан болатын. 5 мамырда өткен бірінші кезеңнен сүрінбей өткен қос студентіміз де екінші кезеңге жолдама алған болатын.
Бұл жоба - мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылықты дамыту мақсатындағы студенттердің жетекшілігімен жүзеге асады.
Жобаның демеушісі – Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Байұзақұлы Саурықов.
Байқаудың бірінші кезеңіне барлығы 19 студент өз «кейіпкерлерімен», яғни мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Байқау талаптарын орындап, үздік деп танылған 10 жұмыс екінші кезеңге жолдама алған болатын. Айнұр мен Жасұлан да топ жарып, екінші кезеңнен де сүрінбей өтті.

Елдегі саяси жүйесінің өзгеруі – ең алдымен халыққа қажет. Сарапшылар референдумда Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер мемлекеттік жүйеге оң әсер етеді деген пікір білдіруде. Сондықтан 27 жылдан кейін өткізілгелі жатқан референдум ел өміріндегі елеулі оқиға болмақ. Ал осындай тарихи әрі маңызды кезеңде азаматтық белсенділік танытып, таңдау жасау – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушыларымен кездесу өткізген Парламент Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев осыған тоқталды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов халық елде өзгеріс болғанын күтетінін айта келе саяси реформалар сол өзгерістерге бастайтынын қозғады. Референдумға қатысудың маңыздылығы да осында екенін атап өтті.

Абдалы Тоқбергенұлы кездесуде ел алдында тұрған маңызды іс-шара – референдум туралы кең көлемде түсініктер берді. Мемлекет басшысы ұсынып отырған Конституцияға енгізілетін өзгерістер елді демократияландыруға жасалған батыл қадам екенін атап өтті. Өзгеріске түсетін 33 бапқа кеңінен тоқталып, әрқайсының маңызын жеткізді.

Кездесуде  профессор-оқытушы құрамдар мен  белсенді жастардың басын қосқан бұл жиында қатысушылар көптеген мәліметтерге қанық болды.

Өздерінің көкейінде жүрген сан сауалдарын ашық микрафон арқылы сенат депутатына жолдап толық жауап ала алды.

Жиын соңында оқытушылармен еркін пікір алмасқан Абдалы Нұралиев өзінің Дулати университетінің түлегі екенін айтып өтті. Жоғары оқу орнының қайбір жетістігін көргенде марқайып, кеудені қуаныш билейтінін жеткізді. Қатысушылардың барлығын ел тарихындағы атаулы күнге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

2

3

4

5

Медиа-қызмет.

Вторник, 28 сентября 2021 15:58

Тіл жаңғыруының негізі - жаңа әліпби

Қазір ғылым мен техниканың дамып, адами құндылықтар мен дүниедегі заманауи заттардың бәсекеге түсіп отырған шағы. Десек те, адам санасының даму деңгейінің жоғары сатысына көтеріліп, адами құндылықтарды сараптайтын – уақыт. Бүгінгі посткеңістіктегі өзіндік діні мен ділі, салт-дәстүрі, жалпы табиғи болмысы толық адами құндылықтарға негізделген қазақ халқының ХХІ ғасырдағы басты орны айқын. Себебі мақсатымыз анық. Ол – «Мәңгілік ел» құрып, оны сақтау. Осы мақсатта нақты қадамдар жасалуда. Соның бірі әрі бірегейі  - қазақ тілін дамыту, ғылым мен техниканың тіліне айналдыру.

Қазіргі кезде жазба коммуникацияның, жалпы ақпарат алмасудың басты құралы – әлеуметтік желілер. Ватсап – жылдам хат-хабар алмасудың тиімді желісі болса, фейсбук, твиттер, инстаграмм – оған қарағанда, қысқаша мақала, пост жазып, ой бөлісіп, пікір алмасудың ең ыңғайлы желілері.  Жазба мәдениет - ауызша мәдениеттің биік шыңы десек, жазу мәдениетінің негізі – сауаттылық. Бірақ, өкінішке орай, әлеуметтік желілердегі мемлекеттік тілдегі жазбалардың қатесіне көз сүрінеді. Осы қателіктермен күресіп жүрген бірден бір ағамыз – Қайнар Олжай. Десек те, кейде Қайнар Олжай сабақтарын көзге ілмейтіндер де табылады. Қазақ тілінің қамын ойлаған тілжанашырлары «Әлеуметтік желілердегі сауатсыздық», «Әлеуметтік желілердегі қателіктер» деген тақырыпта түрліше мақалалар жариялап, өз ойларын ашық жазып, бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп жүр. Әлеуметтік желілердегі қазақша сөздерді қазақ әріптерімен жазбау, қазақ сөздерін ықшамдап жазамын деп, қате жазу және т.б. қателіктер. Бұл үрдіс осылай жалғасса,  жастар арасында  қате жазу – дұрыс жазу нормасы болып қалыптасу қаупі де тұр. Әлеуметтік желілердегі мұндай сауатсыздық үрдісі тек біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде екенін байқауға болады. Көрші Ресей мемлекеті де осындай сауатсыздықпен күресуде. Оны Ресейлік БАҚ-тан байқауға болады.

2022 жылдың 29 сәуірінде "Қолданбалы биология" кафедрасы Жуалы ауданында жалпы білім беретін мектептердегі бітіруші сыныптар үшін "Биоалуантүрлілікті сақтау" тақырыбында өте танымдық кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Д. Қонаев атындағы орта мектеп";" №30 орта мектеп"; "№ 6 орта мектеп А. Пушкин атындағы». Сондай - ақ 6В05112-"Жалпы биология" мамандығының 3 курс студенттеріне әзірленген экотехнологиялар жобалары бойынша қызықты экскурсия өткізді.

Осындай танымдық форматта кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырумен және жүргізумен б.ғ. к., доцент Байтелиева Анар Мұратқызы айналысты, сондай-ақ экотехнологиялар бойынша экскурсияға басты жолсерік болды. Кездесуге "Қолданбалы биология" кафедрасының аға оқытушысы Г. Т.Куандыкова, аға оқытушы А. Т. Жанилова, оқытушы К. Н. Голикова қатысты.

29 апреля 2022 года кафедра «Прикладная биология» провела очень познавательную профориентационную работу в Жуалынском районе на тему: «Сохранение биоразнообразия» для выпускных классов в общеобразовательных школах: «Школа-гимназия №19 им. Д. Кунаева»; «Средняя школа №30»; «Средняя школа № 6 им. А. Пушкина», а также провели интересную экскурсию студентам 3- го курса специальности 6В05112-«Общая биология» по разработанным проектам экотехнологий.

Организацией и проведением профориентационной работы в таком познавательном формате занималась к.б.н., доцент Байтелиева Анар Муратовна, а также была главным проводником на экскурсию по экотехнологиям. На встрече также приняли участие и другие преподаватели кафедры «Прикладная биология» старший преподаватель Куандыкова Г.Т., старший преподаватель Жанилова А.Т., преподаватель Голикова К.Н., где выступили с презентацией и продемонстрировали видеоролик о преимуществах выбора профессии.

Теориялық білімді тәжірибемен ұштастырудың маңызы зор. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері облыстағы ең үлкен электр стансасына барып, кәсіби мамандардың жұмысымен танысты.

Т.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аймақтық электр стансасы Тараз қаласының шет жағында орналасқан. Бүкіл мекемелер мен тұрғын үйлерді, кәсіпорындарды электр жарығымен қамтамасыз етіп, барлық саладағы жұмыстың үздіксіз жүруіне септігін тигізіп отырған стансаның өзіндік жұмыс жүйесі бар. Талап-міндеттері нақтыланған. Алға қойған жоспар-жобалары көп. Жыл санап қолданыстағы аппараттар да жаңғыртылып жатыр. Қазіргі таңда электр стансасында 6 энергоблок жұмыс жасап тұр. Жамбыл ГРЭС-і – Қазақстанның оңтүстігіндегі энергетикалық базаның негізгі көзі. Бұл республикадағы блоктық типтегі алғашқы әрі аймақтағы ең қуатты электр стансалардың бірі.

Студенттер экскурция сабақта осы мәліметтерге қанықты. Дулати университетінің автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасының меңгерушісі М.Жүнісбеков, аға оқытушы Ж.Исакулова, оқытушы И.Амировтың 2 және 3 курс студенттері үшін ұйымдастырған практикалық сабақтың көздеген мақсаты да осы. Теориялық білімдерін тәжірибелік түрде ұштастырып, жалпы өндіріс туралы көзқарастарын кеңейту.

Кәсіпорынға кірер алдында әр адамның барлық құжаттары және денсаулық жағдайы тексерілді. Одан кейін студенттерге де, мұғалімдерге де техника қауіпсіздігі түсіндірілді. Кәсіпорында электрстанса құрылғыларымен «Жылу автоматикасы» цехының директоры, автоматика және телекоммуникация кафедрасының түлегі Юрий Салдатов таныстырып, әр энергоблок туралы ақпарат берді.

Мұндай практикалық сабақтардың студенттер үшін маңызы зор. Себебі өндірістік экскурсиялар балаларға кәсіби маман болып қалыптасуына, кәсіби қызметке деген қызығушылығын дамытуға, өз мүмкіндіктері мен кәсіби өсу перспективаларын түсінуге және бағалауға, оқуды аяқтаған соң мамандығының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тек қана студенттер ғана емес  мұғалімдік құрамда өзі үшін керекті мағлұмат алуына көмектеседі.

2

3

4

5

6

Страница 152 из 452
Top