
Super User
Әскери кафедраның оқу жиындары
2022 жылғы 10 маусымда запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери кафедра студенттерімен оқу-жаттығу жиыны басталды. Оқу-жаттығу жиыны басталар алдында взводтар мен роталардың командалық құрамымен оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді.
Әскери кафедра оқу жиынының бастығы, запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков студенттерді оқу жиынының жетекшілерімен таныстырып, оқу жиынының өткізілу мерзімі мен негізгі іс-шараларды жеткізді.
Учебные сборы военной кафедры
10 июня 2022 года началось проведение учебного сбора со студентами военной кафедры по программе сержантов запаса. Перед началом учебного сбора с командным составом взводов и рот проведены учебно-методические занятия.
Начальник учебных сборов военной кафедры, подполковник запаса М.Ф. Алибеков ознакомил студентов с администрацией учебного сбора, доведены сроки проведения учебного сбора и основные мероприятия.
Состоялась встреча с работодателями
На кафедре «Химия и химическая технология» технологического факультета Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати была организована встреча с сотрудником ТОО «Казфосфат». Во встрече приняли участие заведующая кафедрой, к.х.н., профессор Бакытгуль Масалимова, профессорско-перподавательский состав кафедры, Главный менеджер по обучению и развитию ТОО «Казфосфат» Асель Тленчиева и студенты 3 и 4 курсов, обучающиеся по образовательным программам 6В05314 - Химия, 6В07115 - ХИП, а также приняли участие студенты 4 курса специальности 5В07200 - ХТНВ.
В ходе встречи Асель Габитовна представила текущий этап развития ТОО «Казфосфат» на основе специальных материалов о стратегическом партнерстве, цель программы, виды работ, которые необходимо провести от имени своих организаций по привлечению молодых специалистов и подробно объяснила, что этот вид окажет положительное влияние на профессиональное развитие будущих специалистов.
Жұмыс берушілермен кездесу өтті
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазфосфат» ЖШС қызметкерімен кездесу өтті. Кездесуге кафедра меңгерушісі х.ғ.к., профессор Бақытгүл Масалимова, кафедраның профессор оқытушылар қауымы, «Қазфосфат» ЖШС білім беру және даму бойынша Бас менеджері Әсел Тіленшиева және кафедраның 6В05314 Химия, 6В07115 ХИП білім беру бағдарламасының 3, 4 курс студенттері, 5В07200 – БЗХТ мамандығының 4 курс студенттері қатысты.
Кедесуде Әсел Ғабитқызы болашақ маман иелеріне стратегиялық серіктестік бойынша арнайы материалдарға сүйене отырып, «Қазфосфат» ЖШС қазіргі заманғы даму сатысымен, бағдарламаның мақсатымен, болашақтағы атқарылар жұмыс түрлерімен таныстырды. Кәсіпорынның инженерлік техникалық бағыттағы жас мамандарды қызметке тарту бойынша қандай жұмыс орындарын ұсына алатындарын түсіндірді. Берілетін жұмыс түрінің болашақтағы маман иелерінің кәсіби тұрғыдан шыңдалуына оң әсері болатындығын жан-жақты түсіндіріп берді.
Цифрлы-креативті құзіреттілікті қалыптастыратын гайд-нұсқаулық
ХХІ ғасырда білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру үшін оқыту бағдарламасын сыни ойлау, өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға, қашықтықтан да білім алуға бағыттау қажет. Ал халықаралық педагогикалық, кәсіби білім беру орталықтарының тәжірибелерін қазіргі жағдайдағы қазақстандық нарыққа бейімдеу арқылы жаһандық бәсекеге қабілетті цифрлы-креативті құзыреттіліктері жоғары болашақ педагогтер дайындауымыз керек.
Алайда бұл ретте тағы бір мәселе туындайды. Алдымен қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықталуы тиіс. Сондай-ақ оның нақты әдістемесін жасау қажеттілігі тағы бар.
2022 жылғы оқу жиынына дайындық
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 10 мен 28 маусым аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының запастағы сержант бағдарламасымен оқитын студенттерімен оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған.
Оқу жиынының бастығы запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков әскери кафедра офицерлеріне оқу-жаттығу жиындарын өткізу ережелері туралы нұсқау берді.
Подготовка к учебному сбору 2022 года
В соответствии с приказом Министра обороны Республики Казахстан в период с 10 по 28 июня 2022 года спланировано проведение учебного сбора со студентами военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати по программе сержантов запаса.
Начальником учебного сбора подполковником запаса Алибековым М.Ф. был проведен инструктаж с офицерами военной кафедры по правилам проведения учебных сборов.
Түркістан шаһарына жазғы саяхат
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректорыТ.Ешенқұловтың қолдауымен және университет кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Хұсайыновтың ұйымдастыруымен, университеттің әкімшілік шаруашылық, басқару және кітапханалық ақпараттық бөлімдерден 50 қызметкер Түркістан қаласына бір күндік саяхатқа барды.
Саяхатта алғашқы ат басын тіреген орын Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған – «Арыстан баб» кесенесі. Баба сүйегі жатқан ерекше бөлмеде арнайы тілек тілеп, құдығының қасиетті суынан іштік. Ел аузында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз қалған. Бабалар рухына Құран бағыштап, содан кейін Түркістан шаһарына бет алдық.
Түркістан күллі түркі халықтарына ортақ әлемге әйгілі қасиетті мекен ғой. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушылардың бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушығұлама Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген жер. Шаһарды аралау да осы кесенеден басталып, жаңадан салынған Керуен сарай орталығында жалғасты.
Мұндағы әсерді бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сарай шығыстық стильде салынғанымен, құдды бір Венецияда жүргендей боласың. Ұжым мүшелерін қаланың аз уақыттың ішінде күллі түркінің көз тіккен жауһары атанып, әр пенде барып көруді армандайтын тарихи туристік орталыққа айналғаны таң қалдырды.
Үздіктердің үздігі марапатталды
Білім беру үздіксіз жүретін процесс болған соң, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жағымды жаңалықтар жыл бойы толастамайды. Ғалымдар ғылым жолында толағай табысқа жетіп, білім ордасының мәртебесін көтерсе, ұстаздар қауымы «Үздік педагог» дәрежесін жыл сайын иеленуде.
Университет ректоры Талғат Ешенқұловтың қатысуымен өткен ғылыми кеңес осындай жағымды жаңалықпен басталды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жалпы жиналысы шешімімен Алдаберген Мәлібеков академияның корреспондент-мүшесі болып сайланды. Алдаберген Қадырбекұлы университет тарихында тағы бір асқаралы биік белесті бағындырды.
Сондай ақ, Рабига Әлімбетова ТМД ғылыми, білім беру мекемелері арасында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог – 2022» конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік педагогы – 2022» байқауының бірінші дәрежелі дипломымен университетіміздің 3 қызметкері марапатталып, үздіктердің үздігі деген атаққа ие болды. Атап айтар болсақ, «Философия және саясаттану» кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Расилхан Жуншеев, «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Асқар Иманбаев, «Мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасының аға оқытушысы Заида Махитова бірінші дәрежелі дипломдары мен куәліктері және медальдері табысталады.
Жиын соңында университетіміздің ректоры – Ғылыми кеңесте айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере келіп, атқарылған жұмыстарға өз бағасын берді. Алдағы уақытта орындалатын игі істердің сапалы болуы басты міндет болып қала беретіндігін жеткізді.
Медиа-қызмет.
Түркиядағы әлем чемпионаты
2022 жылдың 12 мен 15 мамыры аралығында әскери кафедраның 911 оқу взводының студенті Уралбаев Талант Стамбул қаласында кикбоксингтен әлем чемпионатына қатысты. 3 орынға ие болып, медаль және дипломмен марапатталды.

