Новая версия сайта

Super User

Super User

Пятница, 21 апреля 2023 08:08

Жемқорлықсыз болашақ...

«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Д.Алтынбекованың ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын-алу мақсатында «Жемқорлықсыз болашақ...» тақырыбында сұхбат түріндегі іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шараға ГӘҒФ «Тарих мұғалімдерін даярлау» және АТФ мамандықтарының студенттері қатысты.

Қоғамда әртүрлі ортадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, саяси өмірдегі жеке тұлға қалыптастыру үшін қоғамда әрбір адамның өзіндік ой-пікірлерінің болуы, және оны тиісті жерде қолдана алуға бейімдеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның бастамасы ретінде студенттерге жемқорлық пен парақорлықтың салдары және онымен күресудің маңыздылығы жайында мәлімет берілді.

Университетіміз оқытушылардың білім-білігінің деңгейінің өсіп, кәсіби тұрғыдан дамуына әрдайым көңіл бөледі. 2022 жылдың желтоқсан, қаңтар айларында филология факультетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. Нүсіпова Әсима Жеңісбекқызы дүниежүзілік QS рейтингінде 165 орынды иеленген, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://www.kaznu.kz/ білім жетілдіру институтында "ХХІ ғасырдағы әдебиеттану ғылымының даму бағыттары" тақырыбындағы курсты тыңдады. Курста қазіргі әдебиеттанудағы жаңа бағыттар туралы көптеген мәліметтер алып, компаративисттік, психологиялық, антропологиялық, дискурстық, фреймдік, семиотикалық тұрғыдан талдау әдістері туралы қызықты зерттеулерді әріптестерімен талқылады. Курс жүргізушісі, ф.ғ.к., аға оқытушы Е.М.Солтанаеваға алғыс білдіреміз.

Вторник, 18 апреля 2023 11:03

ҒЫЛЫМҒА КӨҢІЛ БЕЛСЕҢІЗ...

2023 жылдың  18 сәуір күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары Маханбеталиева К.Т., Рахманова Ж.С. ғылым күніне орай Тараз қаласындағы №39 И. Панфилов атындағы мектеп-гимназиясына және №30 Ш. Мұртаза атындағы мектеп-гимназияға университеттегі студенттердің қандай ғылыми жетістіктерге жету болатындығы туралы және кәсіби бағдар жұмысы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Вторник, 18 апреля 2023 11:00

Қазақ даласының даңқты ұлы

2023 жылдың 14 сәуірінде әскери кафедрада Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Қасым Қайсеновті еске алуға арналған іс-шара өтті. Өз сөзінде оқытушы, отставкадағы майор К. А. Оңалбеков студенттерді Қасым Қайсеновтың кітаптарымен таныстырып, оның батырлық өмірі туралы айтып берді.

Қорытындыда қатысушыларға «Қасым Қайсеновтің ерлігі» атты электронды презентация көрсетілді.

14 апреля 2023 года на военной кафедре прошло мероприятие, посвященное памяти Касыма Кайсенова народного героя Республики Казахстан. В своих выступлениях преподаватель, майор в отставке  Оналбеков К.А. ознакомил студентов с книгами Касыма Кайсенова рассказал о его героическом прошлом.

В заключении присутствующим была показана электронная презентация «Подвиг Касыма Кайсенова». 

2023 жылғы 17 сәуірде әскери кафедрада Жамбыл инновациялық колледжінің (52 студент) оқушыларымен әскери кафедраның өмірімен және қызметімен таныстыру өткізілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында оқушылары әскери кафедраға түсу тәртібімен және оқу материалдық базасымен танысты.

17 апреля 2023 года на военной кафедре проведено ознакомление учащимися Жамбылского инновационного колледжа (52 человека) с жизнью и деятельностью военной кафедры.

В ходе профориентационной работы учащиеся ознакомились с учебной материальной базой и порядком поступления на военную кафедру.

Вторник, 18 апреля 2023 10:48

Сәуір болмай, тәуір болмас

«Өнер және спорт» факультеті,«Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының 6В01403-«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері ХТЧ-22-1 3/5 топтарының «Сәуір болмай, тәуір болмас» атты ашық тәрбие сағаты 14.04.2023 ж.куратор п.ғ.м.,аға оқытушы Таттибаева Гулжан Берликовнаның жетекшілігімен өтті. Ашық куратор сағаттарында студенттеріміз рухани адамгершілік тұрғысынан, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ұлттық салт-дәстүр, наным, сенім құндылықтарымызды өз бойларынан өткізіп, келешекте педагог қызметін атқарғанда тәрбие іс-шараларын шебер,сауатты ұйымдастыру мақсатында әр студент шығармашылық қабілеттерін көрсетіп машықтанып шыңдылады.

Қазіргі заманда жастар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, нұрландыруға, ізгі іс жасауға және жүректен жүрекке адам жанына әсер ету үрдісі кең ауқымда талқыланып келеді.

Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар  қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді.

2023 жылдың 17-ші сәуірде «Экология» кафедрасының В05212-«Өндірістік мекеменің экологиясы» БББ, 2-ші курс студенттерімен кураторлардың ұйымдастыруымен қайырымдылық өтті. 2-ші курс студенттері, соның ішінде қазақ тобы бойынша 13 студент және 1-студент орыс тобынан жақсы іс атқарып, Тараз қаласының түрғыны мүмкіндігі шектеулі мүгедек жанға арналған қайырымдылық көмек көрсетілді.

13 апреля 2023 года по инициативе кафедры «Философия и политология» в Доме студентов №1 была проведена информационно-разъяснительная работа, связанная с религиозной сферой. На эту встречу был приглашен главный специалист департамента по воспитательным работы и социальным вопросам, религиовед-магистр Алпысбаев Б.К., который разъяснил студентам общежития опасные признаки деструктивных религиозных течений в обществе и пути их предупреждения. Кроме того, студентами были даны религиоведческие, научные ответы на волнующие их религиозные вопросы. Количество участвующих студентов- 50.

Страница 95 из 458
Top