Новая версия сайта

Super User

Super User

27 апреля 2023 года в 15-00 часов в корпусе 4.1- Актовом зале Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати состоялся  открытое заседание на тему «Темы любви к Родине, героического подвига ....» в формате литературного конкурса научных работ под руководством студенческого научного кружка (СНК) «Живое слово» действующий на кафедре «Русский язык и литература» Таразского регионального университета  им. М.Х. Дулати с участием школьников и студентов колледжей г.Тараз и Жамбылской области.

Конкурс исследовательских проектов и научных открытий для студентов и учащихся образовательных учреждений проводился по уровням обучения, направлениям и номинациям. Исследования студентов и учащихся в области литературы играют важную роль в развитии науки, связанных с изучением темы любви к Родине, героического подвига. Студенты, которые занимаются этой тематикой, могут внести свой вклад в изучение отечественной литературы, явлений и процессов, разработку новых идей и тем, а также в развитие исследовательских проектов. Кроме того, исследования молодого поколения могут способствовать повышению интереса общественности к литературе и привлечению новых талантливых исследователей в эту область. Они также могут привести к созданию новых рабочих мест и способствовать развитию духовных ценностей.

2023 жылғы 2 мамырда Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған іс-шараны мерекелеу қарсаңында әскери кафедрада «Әскери қызметке үздік даярлық конкурсы» өткізілді.

2 мая  2023 года в канун празднования мероприятия, посвященного  Дня защитника Отечества и 78-й годовщине победы в  Великой Отечественной  войне на военной кафедре проведен «Конкурс на лучшую подготовку  к воинской службе.

Вторник, 02 мая 2023 08:08

Военизированная эстафета

В честь 78-ой годовщины Победы в Великой Отечественной войне и 31-й годовщины образования Вооруженных Сил Республики Казахстан и в целях военно-патриотического воспитания студенческой молодежи на стадионе гидрокомплекса проведена военизированная эстафета с участием студентов Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати и Международного Таразского инновационного института, проходящих обучение на военной кафедре. Всего участвовало 12 команд по 10 человек в каждой команде.

Вторник, 02 мая 2023 08:05

Әскерилендірілген эстфета

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толуына орай және студенттік жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында гидрокешен стадионында әскери кафедрада оқитын М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Халықаралық Тараз Инновациялық институты студенттерінің қатысуымен әскерилендірілген эстафета өткізілді. Әр командаға барлығы 10 адамнан тұратын 12 команда қатысты.

27-28 апреля в Павлодарском педагогическом университете имени Әлкея Марғұлана состоялась XV Республиканская предметная олимпиада по русскому языку и литературе. В интеллектуальном первенстве принимали участие студенты из 17 вузов Казахстана.

Честь университета Дулати защищали студенты кафедры русского языка и литературы института «Ұстаз»: третьекурсники Байсултанова Анастасия, Литвинов Эдуард и студентка 2 курса Вавулиди Илария.
Интеллектуальный конкурс проходил в 3 этапа. На первом этапе студенты отвечали на основные вопросы, связанные с предметом русский язык и литература. В творческом туре было представлено домашнее задание. В письменном туре студенты написали сочинение на заданную тему.

Дулати университетінде студенттерді академиядық ұтқырлық бағдарламасымен шетелдік жоғары оқу орындарына жіберу  бүгінде тұрақты дәстүрге айналып, әр семестрде білім алушылар алыс және жақын шетелдік серіктестерге жіберіліп отыр.

Бұл студенттер үшін білім, ғылым саласындағы үздік жетістіктерге қол жеткізетін, әлемнің түрлі елдерінен қатысқан студенттермен қарым-қатынас жасау секілді ұмытылмас шетелде оқу тәжірибесі.

Бүгінде бағдарлама аясында шетелдік серіктестерде білім алып, тәжірибе алмасып жатқан студенттердің қатары бар. Атап айтар болсақ, «Туристік бизнес» мамандығының  студенттері Польшаның Лодз қаласында, Лодз университетінде, «Шетел тілдері» мамандығының студенттері Туркияның Стамбул қаласындағы Малтепе университетінде
Кастамону қаласындағы Кастамону университетінде өз мамандықтарымен білім алуда.

WhatsApp Image 2023 04 28 at 16.47.07

Бағдарламаға қатысқан студенттердің барлығы өздерінің мамандығы аясында өмірлік, ұмытылмас тәжірибе алғанын, бағдарламаға қатысып, өзінің шексіз мүмкіндіктеріне жол ашылғанын, осындай мүмкіндік берген Мемлекет басшысына, Ғылым және жоғары білім министіріне сонымен қатар, Университет басшылығына алғыстарын айтуда.

Халықаралық ынтымақтастық орталығы Дулати университетінде 1 және 2 курста білім алатын барлық білім алушыларды әлемнің білім беру кеңістігіне апаратын халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға шақырады.

WhatsApp Image 2023 04 28 at 16.47.08 2

WhatsApp Image 2023 04 28 at 16.47.08

Халықаралық  ынтымақтастық орталығы

12 сәуір – Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күніне орай  Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті "Қазақ және орыс тілдері" кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен  сәуірдің 18-і күні аталмыш факультет кешенінің 1.3 404 дәрісханасында «Латын таңбасында ұлттық әліпбиге көшудің маңыздылығы» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырған аға оқытушы Букенова Ж.С.

Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады. Халықаралық деңгейде ойлайтын ойшылдарымыз бен ұлттың нағыз жанашырлары латынға көшуді дәріптесе, кейбір зиялылар қауымы тарихтың бұл үрдісіне әліге дейін қарсы болып келеді. Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым мен жазылым талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Экология» кафедрасы және кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен 27 сәуір күні «Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 165 жыл толуына орай поэзиялық кеш» өтті. Іс-шараға 1-4 курс студенттері қатысты.

Мақсаты: студенттердің Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру.
Кеште кітапхана библиографы Аленова Рысты Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірін баяндады.

Пятница, 28 апреля 2023 04:58

Хабарландыру

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Факультет деканы және кафедра меңгерушілерінің бос  лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ  бойынша:

Декан

1 бірл.

«Текстиль, материалтану және стандартизация»  кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Қолданбалы биология» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ҰСТАЗ» ИНСТИТУТЫ бойынша:

 «Білім берудегі математика» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Орыс тілі және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТҚА ҮЙЛЕСТІРУ» ИНСТИТУТЫ бойынша:

«Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Электр энергетикасы» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ» ФАКУЛЬТЕТІ бойынша:

«Спорттық пәндердің әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ГУМАНИТАРЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ бойынша:

«Шетел филологиясы мен аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ бойынша:

«Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ФАКУЛЬТЕТІ бойынша:

«Қолданбалы математика және статистика» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы - Ректор атына жазылған өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- жеке куәлік көшірмесі;

- өмірбаян;

- резюме;

- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі  туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

- біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

- денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) кітапша;

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі                           № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы; 

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі                              № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- Қызмет нәтижелері туралы презентация (қағаз және электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

            Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі (кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшысы) кемінде 5 жыл;

- ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жылдан астам;

- мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесінің болуы;

- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- соңғы 5 жылда білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.

Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- Кафедраның Білім бағдарламаларына сәйкес келетін жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- Ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша өндірістік өтілі 5 жылдан кем емес;

- Мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесі;

- Шығармашылық сипаттағы  Білім бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедраларда (Дене шынықтыру және спорт, Мәдени-бос уақыт жұмысы, Дизайн, Көркем еңбек және сызу, Бастапқы әскери дайындық, Хореография) «Еңбек сіңірген», «Құрметті» және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік наградалары бар, подполковниктен төмен емес әскери атағы, спорт шебері, спорт және өнер бойынша континентальдық және әлемдік ресми біріншіліктердің жеңімпаздары және т.б. Қазақстан Республикасы ресми танылған атақтары бар маман басқара алады. Жоғарыда аталған атақтардың иегерлері «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағына теңестіріледі;

- Университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- Соңғы 5 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы бойынша нәтижелер 7,0-ден астам болуы;

- Оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.   

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz. сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен  кешіктірілмеуі тиіс, 2023 жылғы 28-сәуірден бастап 7-мамырға дейін.

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 7,  101 бөлме (1.1 корпус)  (Персоналды басқару қызметі), тел. 8-(7262)-43-27-77, 8-(7262)-43-26-38, e.mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Страница 92 из 458
Top