
Super User
Қазақстан халқының достығы мен бірлігі күні
Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап, мемлекеттік саясаттың өзекті мәселесіне айналған этносаралық қатынастарды жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі мен жұртшылығы маңызды қызметтерді атқарды.
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып отыр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні
2023 жылдың 24 сәуірінде Тараз өңірлік университетінің ақпараттық орталығында дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні атап өтілді.
Осы іс-шараның бас қонағы профессор Әбдіраманов Әбдіманап өзінің өмір жолы туралы айтып берді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
"Adalkitap", "Lantarbooks", "Эвро", "Дарын" кітап-баспа өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Всемирный день книги и авторского права
24 апреля 2023 года в информационном центре Таразского регионального университета отметили всемирный день книги и авторского права.
Главный гость этого мероприятия профессор АбдрамановАбдиманап, который рассказал о своем жизненном пути. Встреча прошла в формате вопрос-ответ.
Организована выставка-ярмарка книжно-издательской продукции «Adalkitap», «Lantarbooks»,«Эвро», «Дарын».
Еске алу дәрісі
2023 жылдың 21 сәуірінде оқытушы, отставкадағы майор Оңалбеков К.А. студенттерге «ҚР бірінші Қорғаныс министрі Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов» тақырыбында дәріс өткізді. Өз сөзінде оқытушы ел үшін қиын уақытта армияны басқарған Сағадат Қожахметұлының өмірінен жарқын эпизодтар туралы айтты.
Соңында қатысушыларға «Қазақстандықтар - Кеңес Одағының батырлары» фильмі көрсетілді.
Лекция памяти
21 апреля 2023 года преподаватель, майор в отставке Оналбеков К.А. провел лекцию для студентов на тему: «Первый Министр обороны РК Халык Қаһарманы С. Нурмагамбетов». В своих выступлениях преподаватель рассказал о ярких эпизодах из жизни Сагадата Кожахметовича, который возглавил армию в непростое для страны время.
В заключении присутствующим был продемонстрирован фильм «Казахстанцы – Герои Советского Союза».
Объявление
Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати 03-12 мая 2023 г. проводит второй тур XXV студенческой научно-практической конференции по естественным, техническим, социально-гуманитарным, педагогическим и экономическим наукам «Студент и наука: поиск, познание, прорыв».
03 мая 2023 года в 11-00 ч. – открытие и пленарное заседание конференции во Дворце молодежи имени М. Уркумбаева (красный зал), по адресу Сатпаева 28.
03-05 мая 2023 года с 14-30 ч. - секционные заседания конференции согласно графика работы секций.
12 мая 2023 года в 15-00 ч. – закрытие конференции и награждение победителей во Дворце молодежи имени М. Уркумбаева (красный зал), по адресу Сатпаева 28.
ОРГКОМИТЕТ
Хабарландыру
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2023 жылдың 03-12 мамырында жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық, педагогикалық және экономикалық ғылымдар бойынша «Студент және ғылым: ізденіс, білім, серпіліс» атты XXV студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының екінші туры өтеді».
2023 жылдың 03 мамыры сағат 11:00 – М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында (қызыл зал), Сәтбаев 28 мекенжайында конференцияның ашылуы және пленарлық отырысы.
2023 жылғы 03-05 мамыр, сағат 14-30 – секциялардың жұмыс кестесіне сәйкес конференцияның секциялық отырыстары.
2023 жылғы 12 мамыр, сағат 15:00 – конференцияның жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында (қызыл зал), Сәтбаев 28.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Жемқорлықсыз болашақ...
«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Д.Алтынбекованың ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын-алу мақсатында «Жемқорлықсыз болашақ...» тақырыбында сұхбат түріндегі іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шараға ГӘҒФ «Тарих мұғалімдерін даярлау» және АТФ мамандықтарының студенттері қатысты.
Қоғамда әртүрлі ортадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, саяси өмірдегі жеке тұлға қалыптастыру үшін қоғамда әрбір адамның өзіндік ой-пікірлерінің болуы, және оны тиісті жерде қолдана алуға бейімдеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның бастамасы ретінде студенттерге жемқорлық пен парақорлықтың салдары және онымен күресудің маңыздылығы жайында мәлімет берілді.
Әдебиеттану ғылымына арналған курс өтті
Университетіміз оқытушылардың білім-білігінің деңгейінің өсіп, кәсіби тұрғыдан дамуына әрдайым көңіл бөледі. 2022 жылдың желтоқсан, қаңтар айларында филология факультетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. Нүсіпова Әсима Жеңісбекқызы дүниежүзілік QS рейтингінде 165 орынды иеленген, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://www.kaznu.kz/ білім жетілдіру институтында "ХХІ ғасырдағы әдебиеттану ғылымының даму бағыттары" тақырыбындағы курсты тыңдады. Курста қазіргі әдебиеттанудағы жаңа бағыттар туралы көптеген мәліметтер алып, компаративисттік, психологиялық, антропологиялық, дискурстық, фреймдік, семиотикалық тұрғыдан талдау әдістері туралы қызықты зерттеулерді әріптестерімен талқылады. Курс жүргізушісі, ф.ғ.к., аға оқытушы Е.М.Солтанаеваға алғыс білдіреміз.
ҒЫЛЫМҒА КӨҢІЛ БЕЛСЕҢІЗ...
2023 жылдың 18 сәуір күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары Маханбеталиева К.Т., Рахманова Ж.С. ғылым күніне орай Тараз қаласындағы №39 И. Панфилов атындағы мектеп-гимназиясына және №30 Ш. Мұртаза атындағы мектеп-гимназияға университеттегі студенттердің қандай ғылыми жетістіктерге жету болатындығы туралы және кәсіби бағдар жұмысы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты.