"ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ТІЛ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА" тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтеді

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Филология және журналистика” кафедрасының ұйымдастыруымен “ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ТІЛ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА” тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Мақсаты - ұлттық ономастиканың бағыттарын халықаралық дәрежеде қалыптастырудың нәтижелеріне талдау жасау; тіл білімінің өзекті мәселелерін талқылау; қазақ тілін оқытудың әдістері мен жолдарын талдау және т.б.

Конференцияға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан және Қазақстанның ЖОО ғалымдары, докторанттары қатысады. Кастомону университетінің профессоры Орхан Сөйлемез, Нөкіс мемлекеттік университетінің ғалымдары Ырысты Құттымұратова, Тұрсынай Торткүлбаева, Мұхтарбай Қурбанов, Нарын мемлекеттік университетінің доценті Нұржан Бийгелдиев, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры Қыздархан Рысберген, аталмыш институттың Лексикология бөлімінің меңгерушісі Айгүл Әмірбек, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Гүлмира Мадиева, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры Сәуле Иманбердиева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Бекжан Әбдуәлиұлы, Қуат Сапаров, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры Айгүл Әлімхан, Дулати университетінің ғалымдары Күлзинат Қарымбаева, Сәмен Құлбарақ, Меруерт Көпбаева, Гүлнар Алтаева, Феруза Сабирбаева және тағы басқа ғалымдар қатысады.

Күні: 28.03.2023
Уақыты: 10.00
Мекенжай: Төле би, 60. Тәуелсіздік залы (техкешен, 3-қабат)
Форматы: онлайн-офлайн
ZOOM: 7050044324
Құпия сөзі: 234567
Қатысамын деушілерге есік те, зум да ашық!

Прочитано 1241 раз
Top