
Super User
ҚОЙБАҚОВ СЕЙІТХАН МЕЛДЕБЕКҰЛЫ
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ–дың ғылыми жұмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры,техника ғылымдарының докторы, профессор,экология және өміртіршілік қауіпсіздігі халықаралық ғылым академиясының академигі,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы.
Жамбыл облысы, Жуалы ауданының қазіргі Шыңбұлақ ауылындағы көпбалалы қызметкер отбасында 1955 жылдың 27 желтоқсанында дүниеге келді.
Еңбек жолын 1973 жылы «Жамбылсельстрой-20» тресінің өндірісті техникалық жабдықтау басқармасында жұмысшы болып бастады. 1975 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына (ЖГМҚИ) түсіп, оны «Гидромелиорация» мамандығы бойынша 1980 жылы үздік дипломмен бітірді.
1980-1989 жылдар аралығында Павлодар қаласындағы Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Солтүстік Қазақстандық кешенді бөлімінде кіші ғылыми қызметкер, ал 1986 жылы аспирантураны бітіргеннен кейін аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
1987 жылы 05.23.07 «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша Новосибирск қаласындағы В.В.Куйбышев атындағы инженерлік құрылыс институтында кандидаттық диссертацияны ойдағыдай қорғады.
1990-2001 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының (қазіргі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) «Жерге орналастыру» кафедрасында ассистенті, аға оқытушы, доцент одан соң кафедра меңгерушісі болып қызметтер атқарды.
2001-2002 жылдары докторлық диссертацияны бітіру мақсатында ТарМУ-да аға ғылыми қызметкерлік қызметте болды.
2002-2004 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2004 жылдың қаңтар айында 05.23.07 «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша «Мелиоративтік және гидротехникалық нысандардағы үйінділермен күресудің технологиялық негіздері» тақырыбында техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны ойдағыдай қорғады.
2004 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін аталған университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор қызметінде. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің бақылау комитетінің шешімі бойынша 1997 жылдан доцент, ал 2011 жылдан профессор атағы берілген. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. «Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» деген төс белгімен марапатталған.
2014 ж. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» деген Құрмет аттаққа ие болды. «Ғылыми әдебиеттерге қосқан үлесі үшін» деген төс белгімен марапатталған. Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. «Құрметті құрылысшы» атағының иесі.
«2016 жылдың ЖОО Үздік оқытушысы» грантының иесі.
Қазіргі таңда білімгерлердің дипломдық жұмыстарына, магистранттар мен доктаранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етуде.
Ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша 200-ден астам ғылыми-әдістемелік жұмыстар жариялаған, оның ішінде 45 патент және алдын ала патенттері, 4 монография, өндіріске нұсқаулар бар.
Республикалық «Ғалымдар одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы;
Шу және Талас өзендерінің су шаруашылығы құрылымдарын мемлекет аралық пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасының мемлекет аралық комиссиясының мүшесі, докторлық диссертациялық кеңесінің төрағасы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Ғылыми Кеңесінің мүшесі, «Туған өлке» аймақтың тұрақты дамуына атсалысу» қоғамдық бірлестіктің төрағасы, Қазақстан геотехникалық қауымдастықтың мүшесі. «ТарМУ бітірушілерінің Ассоциациясы» қоғамдық қауымдастығының атқарушы директоры.
НАУРЫЗБЕКОВА АЛЬМАРА ЕРКІНҚЫЗЫ
Наурызбекова Альмара Еркінқызы 1970 жылы 20 сәуірде Жамбыл қаласында дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ технологиялық институтын 1991 жылы «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Жамбыл қаласының қаржы басқармасында экономист қызметінен бастады.
1996 жылдан қазіргі таңға дейін А.Наурызбекова үзбей еңбек етіп, оқытушы, аға оқытушы, кафедра доценті, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің магистратура секторы және Ph.D докторлық бағдарламалары бөлімінің меңгерушісі, «Тараз университеті» баспасөз директоры, тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметтерін атқарды.
А.Е.Наурызбекова 2003 жылы «Аймақтық жағдайда шағын кәсіпкерліктің дамуының ерекшелігі мен беталысы» тақырыбындағы экономикалық теория - 08.00.01. мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде кандидаттық диссертация қорғады. Халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми баспаларда оның 30-дан астам мақаласы жарияланды. 1 монография мен 3 оқу-әдістемелік құралдың авторы. 2006 жылы ЕЕRC экономикалық зерттеулер мен білім консорциумы (Москва қаласы) грантының иегері және ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар 2003-2010 жылдары Наурызбекова А.Е. «ТарМУ жаршысы» ғылыми журналының ғылыми-техникалық редакторы болып жұмыс атқарды. Ғылыми қызығушылық саласы – аймақтық деңгейдегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, жемқорлықтың экономикалық табиғаты және оның әлеуметтік-экономикалық зардаптары.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2010-2018 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор А.Е.Наурызбекованың жетекшілігімен кураторлық институттың рөлінің артуы, кураторлар мектебін құру, 12-ден астам студенттік-жастар бірлестіктері мен Студенттік құрылыс жасақтарының қызметін ұйымдастыру мен жаңғырту және жастар арасында құқықбұзушылық пен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары күшейтілді.
А.Е.Наурызбекованың патриоттық тәрбиеге және бірінші кезекте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың барлық бастамаларын жүзеге асыру, қолдау үшін бағытталған көптеген студенттердің қатысуын ұйымдастыруды қажет ететін қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды (флеш-мобтар, фестивальдер, митингтер, парадтар, кростар, концерттер, марафондар және т.б.) өткізу, үлестіру бойынша жұмыстары ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Абдықалықова, Ресейдегі Қазақстанның Елшісі И.Тасмағамбетов, Жамбыл облысы әкімі К.Көкрекбаев, Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстың құрметті азаматтары, ардагерлері және басшылары тарапынан жоғары бағаланып, студент жастардың да қолдауына ие болды.
Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметін атқару барысында А.Наурызбекованың бастамасымен қоғамдық мамандықтар факультетін Дулати университеті шығармашылық орталығы ретінде қайта қалыптастырып, 400-ден астам студенттер қатысатын өнердің әртүрлі жанрында көркем өнерпаздық шығармашылық студенттік ұжымдар - «Арай», «Асылай», «Гаухартас», «Карахан», «Асадаль», «Калинка», «Тұран» би ансамбльдері, «TarSU.kz» заманауи би тобы, «Универ» вокалды-инструменталдық ансамблі, халық аспаптар оркестрі, сән студиясы құрылды. Сонымен қатар университеттің киім қоймасының базасы толықтырылып, қазіргі таңда 2000 бірлікке жуық сахналық костюмдерді құрайды. Дулати университеті шығармашылық орталығының жоғары шеберлікпен, сапалы дайындаған сахналық үлгідегі киімдері бүкіл республикаға өзгешелігі, әдемілігімен танылып, сұранысқа ие болған костюмдер сахна төрінде көрермендердің эстетикалық талғамдарынан шығып, әрдайым қызығушылығын тудырады. Шығармашылық студияларда дәріс алатын студенттер көптеген байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жеңіске жетіп, жүлделі орындарды иеленуде.
Наурызбекова А.Е. Қазақ Хандығының 550-жылдығын мерекелеу, Азиаданың Эстафета Алауы, Қысқы Универсиада және де басқа іс-шараларды ұйымдастыруға қосқан қомақты үлесі мен тәрбие саласындағы ерең еңбегі ескеріліп, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, М.Х.Дулати медалі және т.б. алғыс хаттармен марапатталды.
А.Е.Наурызбекова «Нұр Отан» ХДП құрамында және 2008-2013 жылдар аралығында «Нұр Отан» ХДП Тараз қаласы филиалының Саяси кеңесінің және Жамбыл облысының саясаткер әйелдері клубы мүшесі, сонымен қатар «Айша» журналының бас редакторы болып қоғамдық жұмыс атқарды. Наурызбекова А.Е. 2010 жылы «Әйелдер ғылымда және саясатта» қоғамдық бірлестігін құрып, ҚР гендерлік саясатын түсіндіру, іске асыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға атсалысты. Гендерлік саясатты дамыту бағытындағы оның басшылығымен жүргізілген жұмыстары «Қанатты әйел-2011» республикалық фестивалінде бірінші орынды иеленді.
А.Е.Наурызбекованың атқарған белсенді қоғамдық жұмысы Жамбыл облысы әкімдігі, Жамбыл облысы жастар саясаты басқармасы, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Құрылыс басқармасы, «Жасыл Ел» облыстық штабы, Жамбыл облыстық соты, Ішкі істер департаменті және басқа көптеген ұйымдардың марапаттары, дипломдары, грамоталары және алғыс хаттарымен дәлелденеді.
ТОЛҚЫНБАЕВ ТЕМІРХАН ӘНӘПИЯҰЛЫ
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры міндетін атқарушы техника ғылымдарының докторы, профессор.
Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары Академиясының шетелдік мүшесі, Халықаралық Инженерлік Академия (Мәскеу қаласы), Ұлттық Инженерлік Академия және Ұлттық Жоғары Мектеп Академияларының Академигі.
1984 жылы Жамбыл гидромелиоративтік - құрылыс институтын (қазіргі - М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті) үздік белгімен бітірген. Мамандығы инженер –құрылысшы.
2005 жылы Қазақ – Америка еркін университетін бітірген. Мамандығы- заңгер.
Институтты бітіргең соң еңбек жолын Қызылорда облысындаы Түркістан совхозының құрылыс цехында жұмысшы болып бастады.
1985-2000 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік–құрылыс институтында (М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде) кіші ғылыми қызметкер,ассистент, аға оқытушы, доцент,деканның орынбасары, факультет деканы.,профессор болып қызмет атқарды.
1987-1991 жылдары В.В. Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының ізденуші – оқытушысы, күндізгі бөлім аспиранты болып саналды.
1992 жылғы наурызда В.В. Куйбышева атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының арнайы Кеңесінде техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.
1997-1999 жылдары Мәскеу Мемлекеттік Құрылыс Университетінің докторлық диссертациясын аяқтау үшін ғылыми тағылымдамадан ( докторантура) өтті.
1999 жылы 2 шілдеде мерзімінен бұрын (38 жасында) Томск Мемлекеттік Сәулет - Құрылыс Университетінде техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.
2000-2001 жылдары Қазақ Мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында профессор, кафедра меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2001-2004 жылдары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінің құрылыс-сәулет институты директоры лауазымын атқарды.
2004-2007 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Жетісу институты жанындағы білікті жетілдіру институтының директоры болып қызмет атқарды.
2008-2014 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде профессор, кафедра меңгерушісі, факультет деканы және қосымша Ректордың кеңесшісі болып қызмет атқарды.
2014-2016 жылдары «Астана» Университетнің проректоры,бірінші проректоры, Ректоры болып қызмет атқарды.
2016-2019 жылдары «Тұран-Астана» Университетінің ғылым жұмыстары және халықаралық байланыстар,стратегиялық даму, ғылым және инновация жөніндегі проректоры болып қызмет атқарды.
2019 жылғы 26 тамыздан бастап бүгінге дейін М.Х. Дулати« атындағы Тараз мемлекеттік университеті Ректорының кеңесшісі болып қызмет атқаруда.
2020 жылғы 01 ақпаннан бастап М.Х. Дулати« атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры міндетін атқарушы болып қызмет атқаруда.
Профессор Т.Ә. Толқынбаев құрылыс саласындағы белгілі ғалым. Оның тікелей қатысуымен қыскы жағдайдағы біртұтас ғимараттар тұрғызудағы бетон жұмыстарының сапасын бақылау және оның технологиясын жетілдірудің ғылыми бағдары құрастырылған. Тікелей жетекшілігімен 3 докторлық, 5 кандидаттық және 18 магистрлік диссертациялар даярланған.
Профессор Т.Ә. Толқынбаев 300-ден астам ғылыми және оқу- әдістемелік еңбектердің авторы. Оның ішінде 2 монография Мәскеу қаласында жарық көрген. 3 монография, 2 оқулық және 22 оқу құралы жарияланған. 6 жаңалыққа алдын-ала патент алған.
Т.Ә.Толқынбаев Шығыс Қазақстан және Алматы областары әкімдігінің Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі, ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің сараптау кеңесініңмүшесі, Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰҮ докторлық диссертация қорғау кеңесініңмүшесі болып қызмет атқарды.
Т.Ә.Толқынбаев сәулет-құрылыс және дизайнлерлік мамандықтар бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің докторлық диссертация қорғау кеңесінің(Челябі қ.),«Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің хабаршысы» журналының редколлегия,ҚР БҒМ « Ізденіс» халықаралық ғылыми журналының мүшелері болып табылады.
ҚР БжҒ Министрлігі «Ғылымды дамытуда атқарған еңбегі үшін», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төс белгілерімен, Астана қаласы Әкімі және Сарыарқа ауданы «Нұр Отан» филиаалының Алғыс хаттарымен және Туризм индустриясы комитеті төрайымының және ЕҰҮ Ректорының Құрмет Грамоталарымен марапатталған.«2009 жылғы ЖОО- үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері. «Қазақстанның құрметті құрылысшы» төс белгісінің иегері. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Отбасылы.Зайыбы- Байхожаева Бахыткүл Ұзаққызы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰҮ кафедра меңгерушісі. Екі қыздың әкесі.
МҰСАЕВ САБЫРЖАН АЛТЫНБАЙҰЛЫ
М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі проректор, техника ғылымдарының кандидаты.
Мұсаев Сабыржан Алтынбайұлы 1967 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданының Құлан ауылында дүниеге келді. 1991 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын гидромелиорация жұмыстарын механикаландыру және 2010 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1983 жылы Луговой ауданының «Восток» колхозының ветеринарлық санитарынан бастады.
Ауғаныстан Республикасында 1985 жылдың қарашасынан 1987 жылдың желтоқсан айына дейін шектелген әскери контингент қызметі құрамында болған уақытта үш жауынгерлік төсбелгімен марапатталған. Ауған соғысының ардагері.
Жоғары жауапкершілігі, еңбекқорлығы мен іскерлігімен ерекшеленіп 1990-1995 жылдары Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының /қазіргі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті / студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.
Кәсіби шеберлігі мен тәжірибесі ескеріліп 1995-1998 жылдары Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарды. 1998-2000 жылдар аралығында аспирантурада оқыды. 25.00.36 - «Геоэкология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.
2001 жылы Дулати университеті күзет қызметінің бастығының орынбасары, 2008 жылы күзет қызметінің бастығы қызметтерінде жұмыс істеп, 19.08.2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі проректордың қызметін абыроймен атқаруда.
Мемлекетіміздің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «От благодарного афганского народа», «70 лет Вооруженным Силам», «Ветерану войны в Афганистане» медальдарымен, КСРО Жоғарғы Кеңес Президиуымының Грамотасымен, «За активную работу в студ.отряде» және «Участнику ликвидации последствий землетрясения в Восточно-Казахстанской области» ЦК ВЛКСМ белгілерімен марапатталды.
КОЙБАКОВ СЕЙТХАН МЕЛДЕБЕКОВИЧ
доктор технических наук, профессор, академик Международной академии наук экологии и безопасности жизнедеятельности родился 27 декабря 1955г. в с. Федоровка (ныне Шынбулак) Жуалынского района Жамбылской области в простой многодетной семье служащего. В 1963 г. пошел в 1-ый класс Братской 8-летней школы им. М. Горького и закончил среднюю школу в с. Казанка Жуалынского района в 1973 году.
Трудовую деятельность начал в 1973 г. рабочим в УПТК «Джамбулсельстрой-20» в г. Джамбуле. В 1975 году поступил на первый курс Джамбулского гидромелиоративно-строительного института и с отличием закончил ее в 1980г. по специальности «Гидромелиорация».
С 1980 по 1989 гг. работал в Северо-Казахстанском комплексном отделе Казахского НИИ водного хозяйства в г. Павлодаре в начале младшим, затем после окончания аспирантуры в 1986г. старшим научным сотрудником.
В этот период был ответственным исполнителем научного проекта по вопросам переброски части стока сибирских рек в среднюю Азию и Казахстан на примере канала Иртыш – Караганда, принятого за модель Главного канала переброски части стока сибирских рек из Оби в Сырдарья и Амударья с последющим сбросом в Аральское море. Проект выполнялся по заданию ГКНТ СССР.
В 1987 году успешно защитил диссертацию на соискание ученой степени кандидата технических наук по специальности 05.23.07 «Гидротехническое строительство» в инженерно-строительном институте им. В.В.Куйбышева в г. Новосибирске на тему «Снегозаносимость каналов и меры по ее предупреждению». С 1990 г. по 1999 г. работал в г. Жамбыле (ныне г.Тараз) ассистентом, старшим преподавателем, доцентом, заведующим кафедрой «Землеустройство» в ДГМСИ (с 1998г. ТарГУ им. М.Х. Дулати).
В 2000-2001 годах перешел на должность старшего научного сотрудника ДГМСИ для завершения работы над докторской диссертацией. В январе 2004г. успешно защитил диссертацию на соискание ученой степени доктора технических наук по специальности 05.23.07 «Гидротехническое строительство» на тему «Технологические основы борьбы с заносами мелиоративных и гидротехнических объектов». С 2003 по 2004 годы работал заведующим кафедрой «Безопасность жизнедеятельности». С сентября 2004 г. проректор по научной работе и международным связям ТарГУ им. М.Х.. Дулати.
Койбаков С.М является специалистом в области гидротехнического строительства. Он являлся научным руководителем и ответственным исполнителем ряда научно-исследовательских тем, в том числе и по международным научным проектам, выполненных совместно с учеными Китайской Народной Республики и Великобритании. Им опубликовано более 200 научно-методических работ, в том числе 45 изобретений, 6 рекомендации и 4 монографии. Активно внедряет результаты своих исследований в производство и учебный процесс.
С.М. Койбаковым разработаны и внедрены в производство Методика расчета снегозаносимости различных объектов народного хозяйства на основе установления закономерностей формирования заносов. Впервые теоретически
обосновано и дано понятие снегонезаносимого профиля каналов и дорожных
выемок. На этой основе разработаны новые способы борьбы со снегозаносимостью, подтвержденные патентами СССР и Республики Казахстан. Разработаны и внедрены на примере канала Иртыш-Караганда принципиально новые способы предотвращения аварийных ситуации на крупных водных объектах от заносов плавающим мусором (перекати-поле), не имеющих аналогов в гидротехнической практике.
С 2005 по 2010 г.г. был членом Диссертационного совета по защите кандидатских и докторских диссертации ДО -14.14.01 по специальностям 05.23.07-Гидротехническое строительства и 06.01.02-Мелиорация, рекультивация и охрана земель.
Вс 2016г. по настоящее время является председателем диссертационного совета по присуждению степени доктора философии (PhD), доктора по профилю по специальностям 6D074400- Гидротехническое строительство и сооружения, 6D081000-Мелиорация, рекультивация и охрана земель.
Койбаков С.М. активно участвует в подготовке специалистов высшей квалификации для региона. Является научным руководителем ряда дипломников, магистрантов и докторантов PhD специальности «Гидротехническое строительство» и «Водные ресурсы».
За вклад в деле воспитания и подготовки специалистов с высшим образованием и достижения в научной работе награжден знаком «Почетный работник образования», «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан».
За активное внедрение результатов своих исследований в производство и достижения высоких показателей Койбакову С.М. в 2014 присвоено почетное звание «Заслуженный изобретатель Республики Казахстан».
В 2014 г. присвоено Почетное звание «Заслуженный автор» за монографию «Безопасность гидротехнических сооружений в условиях сурового климата» и награжден нагрудным знаком «За вклад в научную литературу».
За заслуги в государственной общественной деятельности, значительный вклад в социально – экономическое и культурное развитие страны, укрепление дружбы и сотрудничества между народами Указом Президента в 2014 году награжден «Почетной грамотой Республики Казахстан»
В 2015 присвоено звание «Почетный гражданин Жуалынского района Жамбылской области». За вклад в развитие родного края, в частности за внедрение результатов своих научных разработок в проекте строительства автомобильной дороги «Западня Европа – Западный Китай» в борьбе со снежными заносами.
За высокие показатели в науке в 2015 году награжден орденом им. М.В. Ломоносова Международной академии наук экологии и безопасности. В 2016 г. за вклад в подготовке специалистов высшей квалификации для строительной отрасли, в том числе для Гидротехнического строительства награжден нагрудным знаком «Құрметті құрыласшы».
По результатам конкурса Министерства образования и науки республики Казахстан стал обладателем гранта «Лучший преподаватель ВУЗа 2016 года», за высокие показатели в воспитании и подготовке специалистов и вклад в науку.
САРЫБЕКОВ МАХМЕТҒАЛИ НҰРҒАЛИҰЛЫ
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, 1956 жылы 22 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер (қазір – Төле би) ауданы, Қазығұрт ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. 1978 жылы Жамбыл педагогикалық институтының физика-математика факультетін «Физика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. Студенттік жылдары «Қазақстан мектебі», «Студенческий меридиан» журналдарында табиғатты қорғау және оны тиімді пайдалану, экология проблемаларының педагогикалық аспектілері жайында мақалалары жарық көрді. Педагогика және психология проблемалары жөніндегі студенттік жұмыстардың Бүкілодақтық /Махачкала, 1974ж./ және жас ғалымдардың Республикалық байқауларына /1978ж./ қатысып, жеңімпаз атанды. Ұстаздық еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка ауылының М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастады.
1978-1981ж.ж. ауылдық жалпы білім беру мектебінде жұмыс істеп, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді: шәкірттері бірнеше рет физика пәні бойынша өткізілген республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. «Менің Отаным – КСРО» пионерлер мен оқушылардың Бүкілодақтық экспедициясы шеңберінде жұмыс істейтін оқушылардың туристік-өлкетану тобының жетекшісі болды.
1981 жылы Мәскеу қаласында КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясының Оқытудың мазмұны мен әдістемесі ғылыми зерттеу институты аспирантурасының күндізгі бөліміне түсіп, «Методика экологического воспитания младших школьников при обучении курсу природоведения во 2-4 классах» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын қорғап шықты.
1984-1996 ж.ж. Жамбыл педагогикалық институтында аға оқытушы, «Педагогика» кафедрасының доценті, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика факультетінің деканы, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.
1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің докторантурасына түсіп, «Теория и практика экологической подготовки будущих учителей» тақырыбында мерзімінен бұрын докторлық диссертациясын қорғап шықты.
1998-2001ж.ж. Л.М.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.
2001-2004ж.ж. – Еуразия гуманитарлық институтының ректоры /Астана қ./. 2004 жылдың наурыз айынан бастап 2009 жылдың қараша айына дейін – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.
2009 жылдың 16 қарашасынан 2012 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасының Білім жіне ғылым вице-министрі болып қызмет атқарды. Министрлікте мектепке дейінгі және орта білім, жастар саясаты және тәрбие жұмысы, балалардың құқықтарын қорғау салаларын басқарды. Заңшығармашылық тәжірибесі бар: Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы», «Білім туралы», «Назарбаев университет, Назарбаев зияткерлік мектептері, Назарбаев Қоры» туралы заңдарын дайындаған Министрліктің жұмыс тобын басқарды.
2012 жылдың қараша айынан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректорының міндетін атқарушы.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры.
2013 жылдың сәуір айынан бастап Оңтүстік аймақтық ректорлар кеңесінің төрағасы.
100-ден аса экологиялық білім және тәрбие, педагогикалық қадрларды кәсіби даярлау мәселелеріне арналған ғылыми еңбектердің авторы. Соның ішінде «Теория и практика экологической подготовки будущего учителя начальных классов», «Система экологической подготовки учителей», «Экология и Я» монографиялары, «Словарь науки» сөздігі бар. Ғылыми жетекшілігімен 3 доктор және 20 ғылым кандидаттары қорғап шықты.
САРЫБЕКОВ МАХМЕТГАЛИ НУРГАЛИЕВИЧ
ДОРОГОЙ АБИТУРИЕНТ!
В твоей жизни наступил очень важный этап – время выбора своего дальнейшего пути, возможно, определяющего всю твою судьбу. Кем быть? Какую профессию выбрать? Кто-то из вас уже твердо знает, чего хочет, кто-то все еще не определился со своими желаниями. В любом случае, от ответа на этот вопрос зависит очень многое. Добьетесь ли вы успеха в профессиональном плане, станете ли востребованным специалистом, сможете ли реализовать свои цели и устремления – все это в очень большой степени зависит от того, какое решение сейчас вы примете .
Безусловно, лучшим стартом для твоего профессионального успеха является качественное образование, полученное в престижном учебном заведении. Что может служить надежными критериями для выбора вуза? Богатые традиции и современные технологии, квалифицированные преподаватели и востребованные выпускники, мощная материально-техническая база и внимание к социальным вопросам. Всем этим критериям отвечает Таразский региональный университет им.М.Х.Дулати, имеющий полувековой опыт существования.
Наш университет – яркий образец современного вуза, где реализовываются самые смелые, передовые идеи, важные новшества в области науки, техники, культуры. Человек, получивший хорошее образование, сможет реализовать себя и в науке, и в бизнесе, и на государственной службе.
Наш вуз не стоит на месте, а постоянно развивается, открывает перспективные и востребованные образовательный программы, наращивает учебно-лабораторные площади, внедряет новые технологии и направления. Выпускники нашего вуза успешно работают не только в нашей республике, но и во многих зарубежных странах. Для большинства работодателей диплом Таразского регионального университета им. М.Х. Дулати является серьезным доводом при приеме специалиста на работу и это лучшее подтверждение высокого качества образования в вузе. Заслуга в этом принадлежит, прежде всего, преподавателям университета – за долгие годы в вузе сложился коллектив профессионалов, с энтузиазмом делящихся своими знаниями со студентами.
Юный друг! Желаю успешно сделать свой первый шаг в новую жизнь! В добрый путь!
С уважением Е.ӘМІРБЕКҰЛЫ,
и.о. Председателя Правления-Ректор Таразского регионального университета им. М.Х.Дулати, д.э.н., профессор
НАУРЫЗБЕКОВА АЛЬМАРА ЕРКИНОВНА
Наурызбекова Альмара Еркиновна родилась 20 апреля 1970 года в г. Джамбул. В 1991 году после окончания учетно-экономического факультета Жамбылского технологического института легкой и пищевой промышленности по специальности «Бухгалтерский учет и анализ хозяйственной деятельности» Наурызбекова А.Е. работала старшим специалистом отдела финансирования отраслей народного хозяйства Жамбылского городского финансового управления.
С 1996 г. по настоящее время А.Е. Наурызбекова непрерывно работала на различных должностях в нашем вузе, начиная с должности преподавателя, старшего преподавателя, доцента кафедры, заведующего сектором магистратуры и Ph.D докторских программ отдела послевузовского образования, директора издательства «Тараз университеті» и проректора по воспитательной работе, связям с общественностью и социальным вопросам.
А.Е. Наурызбекова в 2003 году защитила кандидатскую диссертацию в КазНУ им. аль-Фараби по специальности 08.00.01 – Экономическая теория на тему "Тенденции и особенности развития малого предпринимательства в региональных условиях". Ею опубликовано более 30 статей в международных, республиканских и региональных научных изданиях. Является автором 3-х учебно-методических пособий и 1 монографии, осуществляет научное руководство магистерских диссертаций по специальности "Экономика". В 2006 году - победитель конкурса научных проектов и обладатель гранта Консорциума экономических исследований и образования EERC (г. Москва). С 2003-2010гг. Наурызбекова А.Е. являлась научно-техническим редактором научного журнала «Вестник ТарГУ». Область научных интересов – развитие малого и среднего предпринимательства на региональном уровне, экономическая природа коррупции и ее социально-экономические последствия.
На должности проректора по воспитательной работе и социальным вопросам с 2010-2018гг. Наурызбекова А.Е. курирует работу по реализации государственной молодежной политики в нашем университете. За время ее работы была возобновлена и усилена роль института кураторства, создана Школа кураторов, организована работа более 12 студенческих молодежных объединений, возобновлена работа Студенческих строительных отрядов, усилена работа по профилактике правонарушений и религиозного экстремизма среди молодежи, а также работа по формированию антикоррупционной культуры среди студенческой молодежи. Координируемая Наурызбековой А.Е. работа по проведению общественно-массовых мероприятий, направленых на патриотическое воспитание студентов и прежде всего на поддержку и реализацию всех инициатив Главы Государства Н.А. Назарбаева, была неоднократно высоко оценена Государственным секретарем РК Г.Н.Абдыкаликовой, послом Казахстана в РФ И.Тасмагамбетовым, акимом области К.Кокрекбаевым, ректорами вузов Казахстана и почетными гражданами, ветеранами, руководителями области и поддержана студенческой молодежью.
По инициативе Наурызбековой А.Е. факультет общественных профессий был преобразован в Творческий центр, в котором созданы самодеятельные творческие студенческие коллективы в различных жанрах искусства, как танцевальные ансамбли «Арай», «Асылай», «Гаухартас», «Карахан», «TarSU.kz», вокально-инструментальный ансамбль «Универ», студенческий хор, оркестр народных инструментов, студия моделей, в которых ежегодно занимаются более 400 студентов. Кроме того была значительно пополнена костюмерная база, которая в настоящее время составляет около 2000 единиц. Концертные костюмы Творческого центра, изготовленные на высоком дизайнерском уровне, славятся далеко за пределами области. Студенты, занятые в Творческом центре, являются постоянными участниками и победителями различных творческих фестивалей и конкурсов.
Организованная Наурызбековой А.Е. воспитательная работа была отмечена медалями к 20-летию Независимости РК, медалью имени М.Х.Дулати, а также грамотами к празднованию 550-летия Казахского Ханства, за проведение Эстафеты Огня Азиады, Зимней Универсиады, различными благодарственными письмами и др.
Наурызбекова А.Е. состоит в НДП «Нұр Отан», с 2008 по 2013 была членом Политического совета Таразского филиала НДП «Нұр Отан», а также членом Общественного Совета по борьбе с коррупцией. В 2010 году создала и возглавляет Общественное объединение «Женщины в науке и политике» и является главным редактором журнала «Айша», а также членом женского клуба политиков при Управлении по делам женщин Жамбылской области. Общественное объединение "Женщины в науке и политике" участвовало в реализации проектов по разъяснению гендерной политики РК. Проведенная работа под руководством Наурызбековой А.Е. в области развития гендерной политики была отмечена первым местом в конкурсе республиканского фестиваля «Қанатты әйел-2011».
Активная общественная работа подтверждается многочисленными наградами, дипломами, грамотами, благодарственными письмами акимата Жамбылской области, Управления молодежной политики Жамбылской области, управления внутренней политики Жамбылской области, Республиканского учебно-методического центра дополнительного образования, Жамбылского филиала Ассамблеи народа Казахстана, Управления строительства, областного штаба «Жасыл Ел», Жамбылского областного суда, Департамента внутренних дел и др.