Бөлімде екі сектор:
• Программалық жабдықтауды енгізу және сүемелдеу секторы;
• Web-дизайн және желілік технологиялар секторы.
Секторалардың міндеттерімен мақсаты:
• университеттің корпоративтік желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін серверлерді орнату, баптау және одан әрі сүемелдеу, сонымен қатар Интернетке қосылуды қамтамасыз ету;
• мәліметтермен алмасу үшін арналған университеттің жалпыға ортақ "public" папкасының жұмыс жағдайына қолдау көрсету;
• Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Цифрлық университет моделіне көшу тұжырымдамасын іске асыру Жол картасын жүзеге асыруда көмек көрсету;
• ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім беру қызметін көрсетуді ұйымдастыруға арналған программалық жабдықтауды іздестіру, зерттеу және орнату, университеттің ресми сайтын құру және оперативті сүйемелдеу;
• операциялық және бағдарламалық деңгейде серверлерді рұқсатсыз кіруден қорғаудың нысандары мен әдістерін зерттеу және енгізу
• деректерді беру сапасы мен жылдамдығын арттыру үшін серверлік база мен серверлік технологияларды дамыту
• университеттегі бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, жөнге келтіру және сүйемелдеу;
• бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы жаңа бағыттарды анықтау және зерттеу;
• үдерісті автоматтандыруға арналған қолданыстағы платформаларды зерттеу және талаптарға сәйкес болса университетте енгізу;
• университеттің құрылымдық бөлімдерінің қолданыстағы бағдарламалық өнімдерінің және енгізетін мәліметтер базасын үйлесімділігіне арналған іс-шараларды және механизмдерді ұйымдастыруға жәрдемдесу.