
Super User
Оқу үрдісі
Оқыту жұмыстары кафедраның запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды даярлаудағы негізгі қызмет түрі болып табылады және бекітілген оқу бағдарламаларға сәйкес «әскери күн» әдісімен өткізіледі, оқу бағдарламалары студенттердің әскери дайындығының ұйымдастырылуын, ғылыми және тәжірибелік мазмұнын, сонымен қатар белгіленген әскери мамандықтар бойынша алатын тиісті теориялық білімін, тәжірибелік дағдыларын анықтайды.
Әскери дайындықтан теориялық және тәжірибелік сабақтар әскери кафедраның оқу материалдық базасын қолдана отырып және Тараз қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде өткізіледі.
Күн сайын жеке құрамды сабаққа тарату алдында студенттермен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы - Ректорымен бекітілген күн тәртібіне сәйкес саптық жаттығу уақыттарында атыс және дене дайындығынан, жаппай жою қаруынан қорғану, жалпы әскери жарғылардан жаттығулар өткізіледі.
|
||
ТАРИХИ АНЫҚТАМА
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты базасында 1963 жылы «Көлік жолдарын соғу және пайдалану бойынша инженер» мамандығы бойынша запастағы офицерлерді даярлау үшін әскери кафедрасы құрылды. Кафедраны ашқан бірінші бастық – полковник ШАМЕС Петр Яковлевич. Ол әскери кафедрада 1963 жылдан бастап 1971 жылға дейін қызмет етті.
Әскери кафедрасында одан әрі қызмет атқарған бастықтар:
полковник ИВАНОВ Рюрик Александрович – 03.04.71–24.06.74ж.
подполковник ПЕРЕРВА Николай Яковлевич – 08.05.75–31.12.77ж.
полковник ЯДРЕННИКОВ Геннадий Алексеевич – 08.09.77–21.05.82ж.
полковник НЕКЛЮДОВ Виктор Васильевич – 21.05.82–23.01.89ж.
полковник ВТЮРИН Геннадий Алексеевич – 04.02.89–26.09.90ж.
полковник ПОТАПОВ Анатолий Васильевич – 04.06.91–24.06.93ж.
полковник ИВЛЕВ Александр Александрович – 28.06.93–24.09.2003ж.
полковник САДЫКОВ Аскар Бегайдарович – 24.09.2003–20.12.2013ж.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты жанындағы әскери кафедра 1998 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы болып өзгертілді.
Қазіргі кезде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасын полковник МУКУШЕВ Сагат Амангельдиевич басқарады, лауазымға ҚР ҚК БШБ бұйрығымен 2014 жылы тағайындалған.
Жамбыл обылысы бойынша жалғыз әскери кафедра болып табылатын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасына 50 жылдан астам. Әскери кафедрасы құрылғанан бері Қарулы Күштері мен басқада құрылымдар үшін 20 мыңнан астам адам даярлады. Қазіргі кезде әскери кафедра бітірушілерінің көбісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарады, сонымен қатар ҰҚК, ІІБ, ТЖ, кеден басқармасы және т.б. орындарда. Әскери кафедрасы инженерлік профилдегі мамандарды даярлауға бағытталған, олар тек ғана Қарулы Күштерінде емес өзге саладада қажетті. Студенттермен сабақтар қазақ және орыс тілінде білікті профессорлық-оқытушы құрамымен жүргізіледі.
Оқу үрдісін сапалы өткізу мақсатында оқу материалдық-техникалық базасы құрылған: атыс тирі, тренажерлар, оқу-ұрыс машиналар паркі, оқу атыс қаруы, инженерлік техника мен мүліктер, спорт және қарауыл қалашықтары, кітапхана, акт залы, оқу сыныптары интерактивтік тақталар және заманауй стендтермен жабдықталған. Әскери кафедра оқу корпусының іргелі жөндеуі жүргізілді, жаңа жиһазбен қамтылды. Бұл жоғары әдістемелік және ұйымдастыру деңгейінде сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді.
Әскери кафедрасы әр жылдары әскери-есептік мамандықтар бойынша мамандар даярлады:
1963-1982 жылдары:
- көлік жолдарын соғу және қолдану бойынша инженерлерді;
- көлік жолдарында көпір соғу және қолдану бойынша инженерлерді.
1983 жылдан:
- жол-құрылыс бөлімше командирлері;
- көпір соғу бөлімше командирлері.
1991 жылдан:
- жол-құрылыс бөлімше командирлері;
- көпір соғу бөлімше командирлері;
- жол-құрылыс және көпір соғу механизация құралдары бөлімшесінің командирлері;
1999 жылдан:
- жаяу әскер ұрыс машиналарында мотоатқыш бөлімше командирлері;
- жол-құрылыс бөлімше командирлері;
- көпір соғу бөлімше командирлері;
- жол-құрылыс және көпір соғу механизация құралдары бөлімшесінің командирлері;
- жол-коменданттық бөлімше командирлері;
- азық-түлік қызметінің бастықтары;
- киім-кешек қызметінің бастықтары.
2003 жылдан бастап әскери кафедраға оқуға қабылдау ҚР Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік тапсырысына сәйкес жүргізіледі.
2006 жылдан бастап келесі мамандарды даярлайды:
- жаяу әскер ұрыс машиналарында мотоатқыш бөлімше командирлерін;
- жол-құрылыс және көпір соғу механизация құралдары бөлімшесінің командирлері;
- жол-коменданттық бөлімше командирлері;
- азық-түлік қызметінің бастықтары;
- киім-кешек қызметінің бастықтары;
- сумен қамтамасыз ету инженерлік бөлімше командирлері;
- инженерлік жол-құрылыс және көпір соғу бөлімше командирлері.
2011 жылдан:
- жаяу әскер ұрыс машиналарында мотоатқыш бөлімше командирлерін;
- сумен қамтамасыз ету инженерлік бөлімше командирлері;
- инженерлік жол-құрылыс және көпір соғу бөлімше командирлері;
- жол-құрылыс және көпір соғу механизация құралдары бөлімшесінің командирлері;
- азық-түлік қызметінің бастықтары.
2012 жылдан:
- сумен қамтамасыз ету инженерлік бөлімше командирлері;
- инженерлік, жол-құрылыс және көпір соғу бөлімше командирлері;
- инженерлік-саперлық (инженерлік) бөлімше командирлері;
- инженерлік бөгеттер және бөгеттерді алу бөлімше командирлері.
2015 жылдан және қазіргі кезге дейін:
- инженерлік-саперлық (инженерлік) бөлімше командирлері;
- инженерлік бөгеттер және бөгеттерді алу бөлімше командирлері;
- сумен қамтамасыз ету инженерлік бөлімше командирлері;
- инженерлік жол-құрылыс және көпір соғу бөлімше командирлері;
- телефонды байланыс құралдары бар бөлімше мамандары;
- қару-жарақ пен әскери техниканы метрологиялық қамтамасыз ету мамандары.
2018 жылдан
- автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу командирлері;
- инженерлік-саперлік бөлімшелер, бөлімдер мен құрамалардың командирлері;
- инженерлік жол-құрылыс және көпір салу бөлімшелері мен бөлімдерінің командирлері;
- көп мақсатты және арнайы мақсаттағы шынжыр табанды тартқыштар мен транспортерлерді пайдалану және жөндеу командирлері;
- қару-жарақ пен әскери техниканы метрологиялық қамтамасыз ету мамандары;
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін
- автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу командирлері;
- инженерлік-саперлік бөлімшелердің, бөлімдер мен құрамалардың командирлері;
- инженерлік жол-құрылыс және көпір салу бөлімшелері мен бөлімдерінің командирлері;
- телефон байланысы құралдары бар бөлімше мамандары;
- Инженерлік қару-жарақ құралдарын пайдалану және жөндеу командирлері
2021 жылдан запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша мамандар даярлау
- инженерлік-саперлік бөлімшелердің мамандары;
- өткел құралдары бөлімшелерінің мамандары;
- инженерлік барлау бөлімшелерінің мамандары;
- автомобиль қызметі бөлімшелерінің мамандары;
- автомобиль техникасын диагностикалау және жөндеу жұмыстары бөлімшелерінің мамандары;
ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА ОҚУҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕСІ
Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери қызметке әскери даярлау Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) офицерлер құрамының бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында алатын жоғары кәсіптік білім негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Азаматтарды запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери қызметке әскери даярлау Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ ҚР ҚК сержанттар құрамының лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық мемлекеттік білім тапсырысы және ақылы негіздерде жүзеге асырылады, ақылы негізде оқыту құны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту құнынан аспайды. Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери дайындық ақылы негізде жүзеге асырылады.
Студенттерді запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша ақылы негізде оқыту үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖООКБ) басшысы ҚР ҚМ-мен келісу бойынша басқа ЖЖООКБ-лардың студенттерін әскери кафедрада оқытуға жібереді.
Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша оқыту үшін әскери кафедралары бар ЖЖООКБ басшылары басқа ЖЖООКБ-лардың студенттерін оқытуға жібереді.
Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан аспайтын студенттер жіберіледі.
Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуге конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:
- бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өту;
- екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
- үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
- төртінші кезең – ЖЖООКБ басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.
Іріктеу комиссиясының жұмыс істеу регламентін академиялық күнтізбеге сәйкес ЖЖООКБ басшылығы айқындайды.
Іріктеу комиссиясының жұмысы ЖЖООКБ-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес жазғы сессия аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей басталады.
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Әскери дайындық ЖЖООКБ-да оқу аяқталғанға дейін бір жыл бұрын оқу-жаттығу жиынымен (кәсіби практикамен) аяқталады.
Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент келесі құжаттарды қоса берумен өтінішті ресімдейді:
- Өтініш.
- Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі).
- Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі).
- Көлемі 3х4 см 2 фотосурет.
- Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
- Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.
- Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.
Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру карталары беріледі. Студенттерді медициналық куәландыру жергілікті әскери басқару органдарында қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап жүргізіледі. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін медициналық куәландыру нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей әскери кафедраға ұсынылады.
Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.
Студенттердің дене шынықтыру дайындығы дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерімен бағаланады. Үш нормативті тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.
Студент ер балалар үшін дене шынықтыру бойынша нормативтер
№ р/с |
Бақылау жаттығулары |
Балл |
||
«5» |
«4» |
«3» |
||
1. |
100 м (с) жүгіру |
14,2 |
14,5 |
15,0 |
2. |
3000 м (мин) жүгіру |
13,00 |
15,00 |
16,00 |
3. |
Биік белтемірде тартылу (саны) |
12 |
10 |
8 |
Студент қыздар үшін дене шынықтыру бойынша нормативтер
№ р/с |
Бақылау жаттығулары |
Балл |
||
«5» |
«4» |
«3» |
||
1. |
100 м (с) жүгіру |
16,0 |
16,5 |
17,0 |
2. |
2000 м (мин) жүгіру |
10,00 |
11,3 |
12,2 |
3. |
Шалқасынан жатқан күйде қолын желкесіне қоюмен денені көтеру (саны) |
25 |
20 |
15 |
Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ЖЖООКБ-ның компьютерлік сыныптарында жүргізіледі және ол ынталылық, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.
Іріктеу комиссиясының отырыстары іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және «әскери дайындыққа жіберілсін», «ақылы негізде оқу үшін ұсынылсын», «бас тартылсын» деген шешімдердің бірін қабылдаумен хаттама ресімдеумен сүйемелденеді.
Шешім қарапайым көпшілік дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда іріктеу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тегін негізде оқу үшін әскери кафедраға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін рейтингіде тұрған студенттер жіберіледі.
Конкурс нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.
Байланыс ақпараты
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ
ӘСКЕРИ КАФЕДРА
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62
Телефондар:
әскери кафедра бастығы – 8(7262) 45-33-23 (факс)
әскери кафедра бастығының орынбасары – 8(7262) 43-34-61
әскери кафедра кезекшісі – 8(7262) 45-66-19
БАСШЫЛЫҚ
|
МҰҚЫШЕВ САҒАТ АМАНКЕЛДІҰЛЫ, «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасының бастығы |
|
ӘЛІБЕКОВ МАРАТ ФАЙЗРАХМАНҰЛЫ, «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасы бастығының орынбасары
|
Факультет құрамы
![]() |
Наурызбаева Зауре Алтынбекқызы Байланыс телефоны: 8(7262) 45-66-60 |
|
Иманәлі Сая Байланыс телефоны: 8(7262) 45-66-60
|
|
Дуйсенбаева Самал Баққызы Байланыс телефоны: 8(7262) 45-66-60 |
|
Факультет құрамы
Бекмұратов Мұрат Мұсабекұлы | факультет деканы, т.ғ.к., ТарМУ профессоры |
Орынбаев Сейітжан Әуесжанұлы | декан орынбасары, PhD докторы, доцент |
Искакова Дана Қасымқызы | әдіскер |
Жекебаева Айгүл Базарбайқызы | әдіскер |
Ерлепесова Ардақ Қараманқызы | әдіскер, магистр |
Шатаева Гүлнар Ботбайқызы | әдіскер |
Тұрганова Назипа Ахметқызы | әдіскер, магистр |
Абдраимова Ғазиза Данышбайқызы |
әдіскер |
Жанысова Гүлжан Әбдікерімқызы | оператор |
Әдіскерлер
Әдіскердің аты-жөні | Әдіскерге бекітілген мамандықтар |
ИСКАКОВА ДАНА |
«Филология:», «Журналистика», «Экология», «География», «Құқықтану» 2016(ВО), 2014(ВО), 2015(ВО), «Халықаралық құқық», «Кеден ісі» |
ЖЕКЕБАЕВА АЙГҮЛ БАЗАРБАЙҚЫЗЫ |
«Құрылыс», «Сәулет», «Мұнай-газ ісі», «Құрылыс материалдарын, |
ТҰРҒАНОВА НАЗИПА |
«Көлік, көлік техникасы және технологиясы», |
ЕРЛЕПЕСОВА АРДАҚ |
«Дене шынықтыру және спорт», «Стандарттау, сертификаттау |
ШАТАЕВА ГҮЛНАР |
«Мәдени – тынығу жұмысы», «Шет тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі», |
АБДРАИМОВА ҒАЗИЗА ДАНЫШБАЙҚЫЗЫ |
«Қаржы», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және |
ССО- колледжден кейін түскен студенттер |
Мамандықтар
5В072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы
5В073300 - Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
5В042100 - Дизайн
5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау
5В091200 - Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
5В071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
5В072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы
5В070100 - Биотехнология
5В060200 - Информатика
5В070300 - Ақпараттық жүйелер
5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
5В060600 - Химия
5В060100 - Математика
5В072700 - Азық-түлік тағамдары технологиясы
5В050600 - Экономика
5В050700 - Менеджмент
5В050800 - Есеп және аудит
5В050900 - Қаржы
5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару
5В090200 - Туризм
5В090400 - Әлеуметтік-мәдени сервис
5В090800 - Бағалау
5В070800 - Мұнай-газ ісі;
5В071800 - Электрэнергетикасы;
5В070200 - «Автоматтандыру және басқару»;
5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»;
5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар;
5В071300 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
5В071200 - Машина жасау;
5В090100 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;
5В080600 - Аграрлық техника және технология;
5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыздандыру
5В060400 Физика
5В030100 - «Құқықтану»;
5В030200 - «Халықаралық құқық»;
5В030400 - «Кеден ісі»
5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт»
5В011900 - Шет тілі: екі шет тілі
5В020300 - Тарих
5В020500 - Филология: қазақ және орыс тілдері
5В020700 - Аударма ісі
5В021000 - Шетел филологиясы
5В050300 - Психология
5В050400 - Журналистика
5В090600 - Мәдени тынығу жұмысы
5В080500 - Су ресурстары және суды пайдалану;
5В081000 - Мелиорация, жерді баптау және қорғау;
5В080100 - Агрономия;
5В090300 - Жерге орналастыру;
5В090700 - Кадастр;
5В042000 - Архитектура;
5В072900 - Құрылыс;
5В074500 - Көлік құрылысы;
5В073000 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конст-рукцияларын өндіру;
5В073100 - Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
5В060800 - Экология;
5В060700 - Биология;
5В060900 - География.
Жетістіктер
Үстіміздегі жылдың 26-28 наурыз күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Журналистика» мамандығы бойыншы студенттер арасында республикалық VII пәндік олимпиада өтті. Болашақ журналистердің білімі мен білігі сыналатын бұл байқауға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Фемида» командасы қатысты. Команданың құрамында журналистика мамандығының студенттері Шынболат Күзекбаев, Ергали Картайган, Майра Илес болды. Командаға пән аға оқытушысы Зауреш Қойгелдиева жетекшілік етті. Еліміздің түпкір-түпкірінде болашақ журналистерді баптап жатқан оқу орындарының үмітін арқалап келген 12 команда өзара кім мықтыны анықтады. Сайыс қатысушылары байқаудың бірінші күні «Журналистика» мамандығының білімгерлері үшін міндетті түрде оқытылатын 4 профильдік (Қазақ журналистикасының тарихы, шетел журналистикасының тарихы, телерадиожурналистика, журналистика негіздері) пәннен тест тапсырып жоғарғы көрсеткішке жетіп, екінші турға өтті. Ал, екінші турда байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілетін танытты. ІІ тур байқау шарты бойынша 4 номинациядан («Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», «Ен үздік радиохабар», «Ең үздік онлайн жазба») тұрды. БАҚ-тың сан саласы бойынша жиған білім мен алған тәжірибе сыналар бұл байқауға «Егемен Қазақстан» шолушысы Айнаш Есали, «Айтуға оңай» бағдарламасының редакторы Жазира Исаева, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлы, радиожурналист Нұртай Лаханұлы, блогшы, SMM-маманы Дінмұхаммед Зиядин сынды журналистиканың түрлі жанрларының өкілдері төрелік етті.
Сонымен болашақ журналистердің қарымы мен қабілетін жан-жақты сынға алған байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Фемида» командасы жүлделі үшінші орынға ие болды.
«Мәдениет және өнер» кафедрасының оқытушыларының жетістіктері
А.Қ.Қабиева - ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- 2013 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының 18 жылдығына орай өткізілген іс-шараларға белсене қатысқаны, сондай-ақ, облыстағы түрлі этнос өкілдерінің ұйымдастыруымен өткізілген шараларға үлес қосқаны үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясының арнайы алғыс хатымен сондай-ақ, өзге де өңірдің мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін бірталай алғыс хаттармен марапатталды.
Л.И.Кудлай – кафедраның аға оқытушысы
- Бүгінгі таңда қоғамда шешімін таппай жүрген мәселелер төңірегінде жүйелі ой қозғай біліп, «Шындығын айтқанда» айдарымен конкурсқа белсене қатысқаны үшін арнайы ІІІ дәрежелі дипломмен, және мәдениет саласының дамуына өзіндік үлесін қоса білгені үшін біршама грамоталармен марапатталды.
А.Е.Молдазимова – кафедраның аға оқытушысы
- Облыстық «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» фестиваліне қатысып, өзге де шараларға белсене араласқаны үшін арнайы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Е.Т.Бимурзаев – профессор
2014 жылы өңірдегі мәдениет саласының дамуына өзіндік үлесін қосып, театр саласында жемісті еңбек еткені үшін Театр Қайраткерлер Одағының Құрмет грамотасымен қатар бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.
А.Т.Ермуратова – п.ғ.к., аға оқытушы
- 2014 жылы білімділігі мен біліктілігін арттыру мақсатында кандидаттық диссертациясын қорғады.
А.А.Сәулебаева-аға оқытушы
- Республикалық магистранттар, докторанттар және жас ғалымдарға арналған «Ғылым және жаңашылдық - 2014» конференциясында ІІІ орын, Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүлде, бір болашақ» Жолдауы
А.К.Утепова – оқытушы
- 2014 жылы өткізілген ЖОО-ның үздік оқытушыларын анықтау мақсатында «2014 жылы ЖОО-ның Үздік мультимедиялық өнім» конкурсының «Үздік ашық сабақ» номинациясында ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, мәдениет саласындағы жемісті еңбегі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
«Шет тілдері» кафедрасының жетістіктері
Кафедра ПОҚ-ының барлық міндетті пәндерге: «Ағылшын тілі-1», «Ағылшын тілі-2», «Ағылшын тілі-3», «Магистранттарға арналған ағылшын тілі» және Туризм, РДиГБ мамандықтарына арнап электронды оқу кешенін құрастырып, жасағаны басты жетістіктерінің бірі болып табылады. Бұған қоса кафедраның ғылыми-әдістемелік қорында көптеген электронды дидактикалық нұсқаулықтар, елтанымдық бағытта біраз аудио және видео бейне қоры, мультимедиялық оқу құралдары және электронды жаттығулар бар. Қазіргі уақытта кафедра оқытушылары барлық мамандықтар бойынша «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәніне арналған мультимедиялық жинақтар дайындауда.
Кафедра ПОҚ құрамы жыл сайын 100%-ға жоғарғы деңгейде ашық сабақтар өткізуде.
Жыл сайын оқытушылар мектеп мұғалімдеріне, ЖОО және колледж оқытушыларына «Шет тілін оқытуда инновациялық технологиялардың практикалық қолданысы» тақырыбында теориялық және практикалық семинар-тренингтер жүргізуде. Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтар айында қаламыздың №7, 32, 35 мектептерінде және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да 4 практикалық семинар өткізілді.
Көптеген пікірлер мен алғыс хаттар берілді. Ал, №32 орта мектепте жоғарғы деңгейде өткізілген семинар- тренинг ұйымдастырған оқытушылар алғыс хатпен марапатталды. Ағымдағы оқу жылының 27 қаңтарда кафедрамыздың меңгерушісі М.В.Новожилова, аға оқытушы И.Г.Лошкова мен оқытушы М.А.Грибенюк «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасымен бірлесе отырып «Инновационный подход в обучении иностранному языку и литературы в контексте культуры» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өткізді. Семинарға облыс қала мектептерінен, колледж, гимназиялардан мұғалімдер қатысты.
2011-2014 ж.ж бері кафедра ПОҚ-ы «Интерактивті тақтаның Active board, Active Inspire, PPT қолданылуы» курсын аяқтап, ОЗТ және ИС-і өз ашық сабақтарында жоғарғы деңгейде пайдалануда.
Кафедра оқытушылары жыл сайын университетіміздің «Ең үздік мультимедиялық өнім» атты байқауына белсенді атсалысады: 2011-2012 ж. аға оқытушылар О.Н.Антимонова, Ш.И.Қазбекова, Г.Г.Қантаева «Үздік инновациялық толықтыру («Ағылшын тілі-3» пәнінен ЭОК)» номинациясынан III орынға, аға оқытушы Н.Т.Дүйсенова «Ең үздік менеджер» номинациясына, ал оқытушы З.А.Токтогулова «Ең үздік флипчарт» номинациясын иеленді. 2013-2014ж. каферда меңгерушісі п.ғ.к., доц. М.В.Новожилова кафедра және бөлім басшылары арасында «Үздік ашық сабақ» номинациясынан I орынға ие болды. Және де бірнеше оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Кафедра ПОҚ құрамы ғылыми жұмыстарға белсенді атсалысуда. Оқытушылар Отандық және шетелдік (Чехия, Болгария, Польша, Қырғызстан, Ресей, Украина, Испания) басылымдарында орташа алғанда жыл сайын кемінде 30-дан аса ғылыми жұмыс жариялайды, оның ішінде мақалалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар бар. Кафедраның профессор-оқытушы құрамы республикалық және алыс-жақын шетелдік халықаралық конференцияларға да қатысуда. Оқытушылар мен атқарған ғылым-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде барлық оқытушылар жыл сайын білімгерлермен бірлесіп орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын Республикалық конкурстар, семинарлар мен конференциядарға жіберіп, жариялауда.
Халықаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында кафедра ПОҚ-ы республикалық және халықаралық білім бағдарламалары және ұйымдарымен: Қазақстандағы Британдық Кеңеспен, Америка Елшілігімен, Гете институтымен, Германиядағы ДААД қызметімен, «Білім–Орталық Азия» білім бағдарламасымен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бағдарламасымен, CATEC және KazTEA Ассоциацияларымен, ELT Educational Leadership Institute, Еуропалық Одақпен, «Macmillan» және «Inter Press» баспаларымен тығыз қарым-қатынас жасайды. 2013-2014 оқу жылында Фулбрайт бағдарламасы грантының иегері ағылшын тілінің ассистенті Mark Jackson (Мичиган, АҚШ) кафедрада жұмыс атқарды. Mark «Полиглот» елтанымдық үйірмесіне және көптілді топтардың «Биология», «Биотехнология» мамандықтарының бірінші курс білімгерлеріне арналған «Биолог» үйірмесіне жетекшілік етті. Кафедраның оқытушылары Қазақстанның ағылшын тілі оқытушыларының Ұлттық Ассоциациясының және Орталық Азия ағылшын тілі оқытушыларының Консорциумының мүшесі болып табылады. Бұл кафедра ПОҚ-тың халықаралық симпозиумдарға, конференцияларға, семинарларға, курстарға, вебинарларға, тренигтерге, форумдар мен онлайн-бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін береді. Кафедра ПОҚ-ы кәсіби тұрғыда өсу мен педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында келесі жеке білім гранттарының иегерлері атанады: 2012-2013 оқу жылында аға оқытушылар Г.Г.Қантаева, О.Н.Антимонова және Ш.И.Қазбекова Шымкент қаласында өткізілген жаңашыл мұғалімдердің «Жаһандық бәсекелестік ортада қазіргі заманғы білім беру» атты Республикалық форумға қатысты. Сол жылы кафедрамыздың аға оқытушысы Г.Г.Қантаева «Ағылшын тілін оқытудың тиімді тәсілдері мен әдістері» атты облыстық практикалық семинарға қатысты. Ағымдағы жылдың қаңтар айында аға оқытуушылар И.А.Ким, О.Н.Атнимонова және Ю.С.Рахимова «Best Practices with English File, 3rd edition. Competition held by InterPress» атты ашық сабақтар байқауына қатысып 1-ші орын және сертификатқа ие болды.
Халықаралық деңгейдегі семинарларға, вебинарларға, онлайн курстарға қатысуға және тілдік тағылымдамалардан өтуге жекеленген білім гранттарын жеңіп алу кафедра ПОҚ-ының кәсіби тұрғыда өсуі мен педагогикалық шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты кафедра оқытушылары халықаралық, білім бағдарламаларына белсенді түрде қатысуда:
1. Аға оқытушы И.Г. Лошкова “English for Specific Purposes (ESP) course with American English Institute in the Linguistic Department at the university of Oregon” online курсына қатысты. (Университет Орегона, 07.04-13.06.2014)
2. каф.мең., п.ғ.к., доц. М.В. Новожилова «ELT Educational Leadership Institute» атты халықаралық байқауына қатыстып грантын иеленіп сертификат алды. Қырғызстан (03.11-07.11.2013 ж.)
3. Аға оқытушы И.А. Ким «Critical thinking in English Language Learning and teaching» атты конференциясыға қатысты және сертификатқа ие болды. Қырғызстан (26.06-27.06.2013 ж.)
4. 2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының Конституциясының 19 жылдығына орай білім беру саласына белсене атсалысқаны үшін каф.мең., п.ғ.к., доц. М.В. Новожилова Құрмет Грамотасымен марапатталды.
5. каф.мең., п.ғ.к., доц. М.В. Новожилованың суреті Құрмет тақтасына ілінді.
6. 2013-2014 оқу жылының қорытындысын кешенді бағалау нәтижесінде кафедрамыздың аға оқытушысы И.Г.Лошкова «Шет тілдері кафедрасының үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпазы ретінде марапатталды.
7. 2014-2015 оқу жылының ақпан айында каф.мең., п.ғ.к., доц. М.В. Новожиловаға «Best Practices with English File, 3rd edition. Competition held by InterPress» атты байқауына қатысқаны үшін алғыс жарияланды.
10. Ағымдағы жылы кафедрамыздың бірқатар оқытушылары «Teach Step» атты online вебинарына қатысып, сертификат алды.
11. Каф.мең. п.ғ.к., доц. М.В.Новожилова, аға оқытушы И.Г.Лошкова, оқытушы М.А. Грибенюк2015ж, 28-29 сәуірде Костанай қаласында өткізілетін «KazTea» бағдарламасы бойынша грантын жеңіп алу үшін құжаттар жіберді.
Кафедра ПОҚ-ы үш ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жұмыс жүргізуде:
1. Тілдік емес мамандықтар білімгерлеріне шет тілін үйретуде интерактивтік тілдік лабораторияны жасаудың педагогикалық негіздері.
2.Техникалық мамандықтардағы кәсіби ағылшын тілін оқытуға арналған оқу әдістемесін құрастыру принциптері.
3. Жаңа саяси терминологиялық ағылшынша- орысша-қазақша сөздік дайындау және шығару.
Кейбір мамандықтардың жүргізілетін пәндерінің ағылшын тілінде оқытылуына байланысты кафедрамыз болашақ көптілді оқытушыларға тілдік курстарын (ағылшын тілін меңгеру деңгейіне байланысты) жүргізумен айналысуда. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент М.В. Новожилова «Биология», аға оқытушы И.А. Ким «Биотехнология», аға оқытушы И.Г. Лошкова «Заң», аға оқытушы О.Н. Антимонова «Туризм» мамандықтарының көптілді топтарына сабақ беруде.
Кафедрамыздың ПОҚ құрамы жыл сайын оқытушылық шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында отандық, шетелдік, халықаралық, университет аясында курстарға қатысып, сертификаттар алуда. Соңғы үш жылда кафедрамызда барлығы 148 сертификат тіркелген (оның 28 халықаралық), ал бес оқытушы магистрлік диссертацияларын қорғап, магистр атағына ие болды. Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доц. М.В.Новожилова мен аға оқытушы И.Г.Лошкова Астана қаласындағы магистратура мен доктарантураға түсу емтиханының тест маманы құрамында болды. Ағымдағы жылы кафедра оқытушылары бірнеше оқу-әдістемелік құралдары мен нұсқаулықтарын УҒӘС бекітуге ұсынылып, бекітілді: п.ғ.к., доц. М.В.Новожилова мен И.Г.Лошкова- «Ағылшын тілі пәні бойынша пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін әдістемелік нұсқаулық», И.Г.Лошкова- «Академиялық ұтқырлық тарапынан студенттерді IELTS-қа дайындау мақсатында оқу-жұмыс бағдарламалары», О.Н.Антимонова, Л.М.Ким, П.А.Оспанова- «Student’s workbook-1» (Pre-Intermediate Level)» атты оқу-әдістемелік құралы, Л.М.Ким және О.Н.Антимонова- «Student’s workbook. Grammar-1» (Pre-Intermediate Level атты оқу-әдістемелік құралы, И.А.Ким - «Student’s workbook-2» (Pre-Intermediate Level) тақырыбында оқу-әдістемелік құралы, М.В.Новожилова мен И.Г.Лошкова - “Student’s Grammar Workbook -2. Pre- Intermediate Level” атты оқу-әдістемелік құралы, Ю.С.Рахимова, А.М.Наурызбаева және Л.Р.Қапалбекова «Ағылшын тілі-1,2 пәндері бойынша СӨЖ жүргізуге арналған» оқу-әдістемелік нұсқаулығы.