
Super User
О материальном поощрении ППС за публикации в Scopus и Web of Science.
Преподавателей университета Дулати, имеющих публикации в рецензируемых журналах базы данных Scopus и Web of Science квартиля Q1, Q2, Q3, просим предоставить до 19 декабря 2023 года в департамент науки и коммерциализации (410 кабинет, Толе би 62) оттиски публикаций за 2 полугодие 2023 года, для получения поощрительных выплат, согласно «Положения о моральном и материальном стимулировании работников (ППС, УВП и сотрудников)» от 25 мая 2023 года.
Положение о моральном материальном стимулировании работников(ППС, УВП, и сотрудников)
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бекітілген жоспарға сәйкес 2023 жылы 23 қараша күні университеттің комплаенс-қызметінің бастамасымен "Педагогика және әлеуметтік ғылымдар" факультетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Агенттік пен комплаенс-қызметтің қызметшілері ҚР қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы туралы түсініктеме берді, сондай-ақ бейнероликті көру ұйымдастырылды.
Формирование антикоррупционной культуры среди молодежи.
Согласно утвержденного плана по формированию антикоррупционной культуры среди молодежи заключенный между НАО «Таразский университет им.М.Х.Дулати» и Департаментом Агенства РК по противодействию коррупции Жамбылской области 23 ноября 2023 года по инициативе комплаенс-службы университета прошла встреча со студентами и преподавателями факультета «Педагогика и социальные науки». На встрече представителем Агенства и сотрудниками комплаенс-службы даны разъяснения действующего антикоррупционного законодательства РК, о проекте «антикоррупционное волонтерства», а также организован просмотр видеоролика.
БІЛІКТІ МАМАН БІЛГЕНІМЕН БӨЛІСТІ
Дулати университеті қабырғасында «Цифрлық дәуірдегі педагог-психолог тұлғасын трансформациялау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Педагогикалық психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар қатысты.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор м.а., Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директоры Сәуле Құрмантайқызы студенттер мен магистранттарға жиынның маңыздылығын түсіндірді. Технология қарқынды дамыған заманда бәрі өзгеріске ұшырайтынын, ал адам сол өзгеріске бейімделіп өсіп, дамитынын тілге тиек етті. Заман талабынан қалыс қалмас үшін бүгінгі педагог, психолог, саясаттанушы мамандар да үнемі ізденіп, даму керегін айтты.
PhD, профессор, «Психолог шеберлік мектебінің» директоры, ҚР Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттары қауымдастығының Кеңес мүшесі Күлмаш Елшібаева тақырып аясында ойымен бөлісті.
– Трансформация қарым-қатынастан пайда болады. Тұлға әрдайым өзін өзі дамытып отыру керек. Педагог-психолог басқаға көмек бермес бұрын, ең алдымен өзін дамыту керек. Бүгінгі педагогика, психология саласы қарқынды дамып келеді. Шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасамыз. Отандық ғалымдар мол тәжірибені өз саламызға тегіс енгізе салмаймыз, оны ұлттық болмысымызға сай келетіндей етіп бейімдейміз,-деді. Педагог-психолог мамандар ерекше таза жандар екенін айта отырып, білікті маман болып қалыптасу үшін оқу мен ізденістің маңыздылығын жан-жақты түсіндірді. Тәжірибелі маман бірнеше тренингтер арқылы, қатысушылардың жан дүниесін түсініп, маман ретінде кеңес те берді. «Тұлғаның өзін-өзі дамытуы және нәтижелі коммуникация» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Сондай-ақ, «Масканы шеш», «Жылы сөз», «Айт» деген тақырыптарда психологиялық жаттығулар жасалды.
«Педагогикалық психология» кафедрасының меңгерушісі Клара Сматова Күлмаш Ғалымжанқызына алғыс білдіріп, айтылған ақпараттар мен психологиялық жаттығулар қатысушылар үшін пайдалы әрі қызықты болғанына сенім білдірді. Алдағы уақытта студенттер үшін бөлек, ал педагог мамандар үшін бөлек іс-шара ұйымдастырылатынын хабарлады.
Дөңгелек үстел «Ой талқы» айдарымен жалғасты. Онда студенттер мен магистранттар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Маманның кеңесіне құлақ түрді.
Марапаттау
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының құрылғанына 60 жыл толуына орай әскери кафедра ұжымы ректордың атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Награждения
В честь 60-ти летия со дня образования военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати коллектив военной кафедры был награжден благодарственными письмами от имени ректора.
Әскери кафедраға 60 жыл
2023 жылғы 24 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында кафедраның құрылғанына 60 жыл толуына арналған әскерилендірілген эстафета өтті.
Қонақтар қатарында Басқарма мүшесі - әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор А.Е. Тұрлыбек және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің тәрбие жұмысы департаментінің дін жөніндегі бас маманы Б.К. Алпысбай болды.
Іс-шара соңында жарыс жеңімпаздарын грамоталармен салтанатты марапаттау өтті.
60 лет военной кафедре
24 ноября 2023 года на военной кафедре Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати прошла военизированная эстафета, посвященная 60-ти летию образования военной кафедры.
Гостями были Член Правления проректор по социально-культурному развитию Турлыбек А.Е. и главный специалист по религии Департамента воспитательной работы Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати Алпысбай Б. К.
По окончанию мероприятия прошло торжественное награждение грамотами победителей соревнований.
ӨЛЕҢ ОҚЫП, ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Журналистика және филология» кафедрасының студенттері “Махаббаттың көгіндегі шоқ жұлдыз...” атты байқауында поэзия оқып, бақ сынады. Жарысқа төрт жұп қатысты: Пернебек Айзат пен Еңсебек Ақниет, Абиров Алмат пен Керімбаева Альмира, Қуанышбекұлы Әкімжан пен Мырзахметова Ақмарал, Көпен Санжар мен Мелис Ұлбике.
Бұл жарыстың ерекшелігі – тек ФЖГҒ факультеті ғана емес, Технологиялық, Экономика және құқық факультеті студенттерінің басын қосты. Байқау үш кезеннен тұрды, әр кезең белгілі балдармен бағаланды. Поэзиядан бөлек, өлең, көріністер қойылды. Ең сонында қорытынды шығарылып, “Бас жүлдені” Қуанышбекұлы Әкімжан пен Мырзахметова Ақмарал жеңіп алды. Қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.
ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 60 ЖЫЛ
Дулати университетінің әскери кафедрасы оқу орнының айнымас бөлшегі, айбынды бет бейнесі. Ондағы әскери тәртіп, студенттерге қойылатын талап, жауынгерлік даярлық бәрі де күнделікті оқу үрдісінен өзгеше. Онда жауынгерлер өмірі өзгеше өрбиді, жастарды елінің патриоты, ұлтжанды азаматы етіп тәрбиелейді. Ел іргесін жаудан қорғайтын, Отанымыздың қауіпсіздігін сақтауды мақсат еткен жастарды тәрбиелейтін кафедраның құрылғанына 60 жыл толды. Осыған орай кафедраның саптық алаңында әскери эстафета өтті.
Жиында алдымен Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек сөз алып, мерейлі датамен құттықтады. 60 жыл аз уақыт емесін айтып, осы уақытқа дейін тәрбиеленген мамандардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қосқан үлесінің аз емесін атап өтті.
Әскери кафедраның бастығы, полковник Сағат Мұқышев кафедра ұжымын, студенттерді құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Атаулы датаны атап өту аясында жас ұрпақты тәрбиелеуде сіңірген еңбегі, қорғаныс саласына әскери мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін кафедраның бірқатар қызметкері алғысхатпен марапатталды.
Әрмен қарай іс-шара әскерилендірілген эстафетамен жалғасын тапты. Студенттер Калашников автоматын бөлшектеп, жинау, газтұмылдырықты жылдам кию, белтемірге тартылу, тир ату бойынша өзара сынға түсіп, мықтыларды анықтады. Үздік қатысушылар грамоталармен марапатталды.
Осы орайда тарихқа үңілер болсақ, әскери кафедра 1963 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының негізінде құрылған. 1998 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты мен Жамбыл педагогикалық институты біріккен соң М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы болып өзгерді. Ал 2020 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасы деп аталды. Әскери кафедра құрылғаннан бері қарулы күштер мен басқа да құрылымдар үшін 20 мыңнан астам жоғары білікті мамандарды, запастағы офицерлерді даярлады. Түлектеріміз Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында, ҰҚК, ІІБ, ТЖ, кеден басқармасында қызмет атқарады. 2003 жылдан бастап әскери кафедраға оқуға қабылдау ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес жүргізіледі.