
Super User
Расписание экзаменов
Электронная почта апелляционной комиссии - Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
ҚАЗАҚТЫҢ ТӨБЕ БИІ – ТӨЛЕ БИ
«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Төле би тұсындағы Қазақ елі: Тәуелсіздік үшін үзіліссіз күрес» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға ғалымдармен қатар мектеп оқушылары да қатысты. Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев кіріспе сөз сөйледі. Тәуке хан тұсында Қазақ елінің дамуы, мемлекеттік қуаты турасында ой қозғады. Тәуке хан ел басқаруда билерге арқа сүйегенін тарихи деректер келтіре отырып жеткізді. «Мемлекеттің ішкі-сыртқы маңызды істерін хан осы билер кеңесі арқылы шешкен. Елді басқарудың жеті сала әдет заңы – «Жеті жарғыны» да Әз Тәуке хан Төле би бастаған билермен бірлесе отырып дайындаған» деп тарихтан деректер келтірді.
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының профессоры, т.ғ.д. Ахмет Уалханұлы Тоқтабай қазақ халқының тарихы жайлы, халқымыздың алмағайып заманда бастан кешкен тағдыры турасында сөз қозғады. Қиын кезеңдерде халыққа демеу, ханға кеңес берген билер мен шешендердің батыл шешімдерін тілге тиек етті.
Ардагер журналист Елен Әлімжан «Тәуке хан дәуірінен кейінгі билердің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасында билердің хан билігіне ықпалы, ел бірлігіне қосқан үлесі туралы айтты.
т.ғ.к.,профессор Жанна Сейітқұлова «Төле би мен Қойгелді батырдың қазақ елінің тұтастығы үшін күресі» тақырыбында баяндама жасады. Ғалым баяндамасында батырлардың ерлігін, билердің әділ шешімдері туралы сөз қозғап, тарихи деректерден мысалдар келтірді. Сондай-ақ, аға оқытушы Ғалия Абдыханова «Төле бидің тәмсілдері» баяндамасында би сөзінің астарына үңіліп, философиялық түйіні турасында сөз қозғады.
Конференция барысында Тараз қаласының Төле би атындағы №8 гимназияның мұғалімдері мен оқушылары, «Қазақтың Төбе биі-Төле би», «Туралықты тұғыр еткен Төле би», «Төле би – тура би, сөз сардары» тақырыптарында баяндама жасады. Сондай-ақ, Шу ауданы Төле би ауылының оқушылары аталмыш конференцияға онлайн қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияны қорытындылаған «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к., профессор Сейдехан Бақторазов Төле бидің қазақ тарихында алар орны ерекше екенін айтып, қазақтың төбе биі – Төле бидің артына қалдырған мұрасы, асыл сөзі ұрпақ үшін мол қазына екенін жеткізді. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға алғысын білдірді.
Іс-шара соңында баяндамашылар мен оқушылар алғысхаттармен марапатталып, ұйымдастырушылар жетекшілерге С.У.Бахторазовтың «Әулиеата өңіріндегі кәмпескелеу және ұжымдастыру науқандары кезіндегі дүрбелең» монографиясын тарту етті.
Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім!
Су ресурстарын басқару ББ 3-курс студенттері "Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім!" тақырыбында ашық куратор сағатын өткізді.
Ашық куратор сабақтың мақсаты: - Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Тәуелсіздік тарихы 1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира сынды көп қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9 – желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, ата-анасына «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрдық. Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат асылымыздай құрметтеп, келер ұрпақ қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпаннан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.
КОМАНДА «ДУЛАТИ» ЧЕМПИОНЫ КУБКА АКИМА ГОРОДА ТАРАЗ
Состоялась церемония награждения первенства города среди студентов «Кубок акима города Тараз». Этот чемпионат длился более 1 месяца. Всего было зарегистрировано около 30 команд и около 250 студентов. Общий призовой фонд чемпионата составил 750 000 тенге. По итогам чемпионата лучшие были награждены специальными дипломами и денежной премией – директора КММ «Молодежный ресурсный центр» А. Есиркепова.
По футболу:
1 место - Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати.
2 место - колледж «Парасат»
3 место - Жамбылский высший медицинский колледж
Лучший игрок - Бердиев Азизжон, (колледж «Парасат»)
По волейболу:
1 место - Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати.
2 место - Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати. (Тех)
3 место - Международный Таразский инновационный институт имени Шерхана Муртазы.
Лучший игрок - Берік Асем (Жамбылский высший медицинский колледж )
По баскетболу:
1 место - Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати.
2 место - Жамбылский политехнический высший колледж
3 место - колледж «Парасат»
Лучший игрок - Пешков Виктор (Жамбылский политехнический высший колледж)
Наталия Сиротина, старший преподаватель
кафедры «НВП и физическое воспитание»
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН МАРМАРА УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА КОЛЛАБОРАТИВТІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР БАСТАУ АЛДЫ
ХХІ ғасырдың басынан цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы адамзат дамуының жаһандық трендіне айналды.
Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жаңғыртуаясында жоғары оқу орындарының коллаборативтіцифрлы білім беру ортасын қалыптастыру, құру, жетілдіру қажеттілігі туындауда.
AP19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» гранттық қаржыландыру жобасы аясында Жоба жетекшісі К.Д.Бузаубакова және жоба мүшесі А.Е.Беделбаева 28.11.23 - 09.12.23 ж. аралығында Түркия мемлекетінің Стамбул қаласындағы Мармара университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Түркиялық ғалымдармен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастық орнатылды.
1883 жылы құрылған Мармара университеті Стамбул қаласында орналасқан, 2800-ге жуық оқытушы мен 80000-ға жуық студенті бар Түркиядағы ең көне және ірі университеттердің бірі. Мармара университеті Түркиядағы көптілді университет ретінде әлемге танымал: 18 факультет, 12 институт, 4 колледж, 8 мектеп және 3 кафедра, 28 ғылыми орталық бар. Жалпы оқыту бойынша жоғары білімнің 104, орта арнаулы білімнің 44 бағыты бойынша оқыту төрт тілде жүргізіледі: түрік, ағылшын, неміс және француз тілдерінде.Мармара университетінің профессорлары Nuri Tinaz және Erol Suzukпен жоба аясында ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша келісімшарт жасалды.
Жобаның мақсаты – жаңа жағдайдағы Қазақстанда инновациялық ғылыми-зерттеулер жасай алатын, цифрлы-креативті құзыреттіліктері қалыптасқан, жаһандық бәсекеге қабілетті болашақ педагогтерді даярлау үшін педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында қазақстандық ЖОО-ның шетелдік ЖОО-мен өзара ықпалдастығы негізінде коллаборативті цифрлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Осындай өзекті мәселені шешу үшін Жоба аясында ЖОО-ның педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті арасында коллаборативті педагогикалық консорциум құру туралы келісімшарт жасалды.
Консорциумды құрудың негізгі мақсаты – бірнеше ұйымдардың ресурстары мен құзыреттерін біріктіруді талап ететін ауқымды жобаларды жүзеге асыру.
Мармара университетінің инновациялық іс-тәжірибесі зерделеу нәтижесінде Қазақстанда коллаборативті педагогикалық білім беру ортасын қалыптастыру, құру және педагогтердің цифрлы сауаттылық деңгейін, ақпараттық-коммуникативті құзыреттерін арттыру бойынша ЖОО-ны арасында бірыңғай ортақ бірлескен желілік-әдістемелік байланыс орнатылды, цифрлы педагогикалық хаб (цифрлы педагогикалық кампус) жасақталды: https://edu-collaboration.kz/kk/ педагогикалық портал ашылды.
Аталмыш Жоба аясында Дулати университеті мен Мармара университеті ғалымдарының арасында коллаборативті ғылыми зерттеулер бастау алды: қазақстандық ЖОО-ның зияткерлік ресурстарын бір арнаға шоғырландыру және шетелдік ЖОО-ы белді ғалымдары, әдіскерлері бірлесе, қолда бар пәндердің цифрлы оқыту контенттерін бірлесе, сапалы дайындауға күш біріктіреді.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында педагог кадрларды кәсіби тұрғыдан даярлау жүйесін жетілдіру және болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруда шетелдік ЖОО-мен коллаборативтік ынтымақтастық орнатудың маңызы зор.
Клара БУЗАУБАКОВА
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Жоба жетекшісі
Обсуждены вопросы экстремизма и терроризма
8 декабря 2023 года состоялся открытый кураторский час (круглый стол) на тему «Действия против проявлений религиозной безопасности экстремизма и терроризма», организованный студентами 1 курса кафедры «Химия и химическая технология» ОП 6В07115- «Химическая технология и процессы».
Цель данного мероприятия – проинформировать молодежь о религиозном экстремизме и терроризме, показать влияние религиозных течений на общество, поразмышлять о террористической деятельности, происходящей в мире, направить религиозное мышление молодежи в нужное русло т.е. направление.
Экстремизм мен терроризм мәселелері талқыланды
2023 жылы 8-ші желтоқсанда «Химия және химиялық технология» кафедрасының ббб 6В07115-«Химиялық инженерия және процестер» 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Діни қауіпсіздік экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл» тақырыбында ашық кураторлық сағаты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты: жастар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру, діни ағымдардың қоғамға әсерін көрсету, әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ой түю және жастардың діни ой-санасын дұрыс бағытқа бұру.
Тарих төріндегі Тараз!
Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты «Экология және ТӘҚ» кафедрасы 2023 ж. 8 желтоқсанда жастарға тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Тарих төріндегі Тараз!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын жүргізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлерін шақырды. Музей қызметкерлері жылжымалы көрме ұйымдастырып, Тараз қаласының даму тарихы, мәдениеті, ескерткіштері жайлы әңгіме баяндап, қорық-мұражай қорынан әкелген ерекше тарихи жәдігерлер мен ежелгі қыш ыдыстары және презентация көрсетілді.