Super User
Бокстан халықаралық турнир
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 113 оқу взводының студенті А.Р. Өмірбеков 2024 жылғы 1 мен 5 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен Б.Б. Теміровке арналған ерлер арасындағы бокстан халықаралық турнирге қатысты. ІІ орын алып, дипломмен және медальмен марапатталды.
Международный турнир по боксу
Студент военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати 113 учебного взвода Омирбеков А.Р. с 1 по 5 марта 2024 года участвовал в международном турнире по боксу среди мужчин посвященный Темирову Б.Б. в городе Атырау. Занял ІІ место, награжден дипломом и медалью.
СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ
Университеттегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және патриотизм мен азаматтық жауапкершілік сезімі бар бәсекеге қабілетті, интеллектуалды дамыған жас мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттырудың тиімді құралы болып табылады.
Университетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі:
- оқу үдерісі шеңберінде - ғылыми зерттеу элементтері бар зертханалық жұмыстар мен курстық жобаларды орындау, ғылыми баяндамалар, рефераттар, дипломдық ҒЗЖ және т.б. дайындау;
- оқу үдерісінен тыс-студенттік ғылыми үйірмелер (СҒҮ) құрамында орындалатын жұмыстар, студенттердің (топтармен немесе жеке-жеке) іздестіру-бастамашыл және шаруашылық келісімшарттық ҒЗЖ-ға қатысуы;
- СҒЗЖ нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-бұқаралық іс-шараларда – бұл әртүрлі деңгейдегі конкурстар мен конференциялар.
Студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту бірінші курстан басталады және келесі курстарда үздіксіз жалғасады. Студенттерді СҒЗЖ-ға тарта отырып, ғылыми деректерді біртіндеп жинақтауға және ҒЗЖ нәтижелерін алуға мүдделі, ғылыми-зерттеу қызметіне неғұрлым бастамашыл және белсенді, қабілетті және ерекше қызығушылық танытатын тұлғалар анықталады.
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу және ғылыми-зерттеу қызметіне қабілетті дарынды жастарды анықтау біздің университеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Студенттік ғылымды дамытудың негізгі мақсаты ғылыми салада көшбасшылық позицияларға ие болу және әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлаудың жоғары деңгейі болып табылады.
СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ
ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСТАР
Университет ғалымдары сыйлықтар, гранттар, атаулы стипендиялар алуға арналған түрлі конкурстарға белсенді қатысады. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» ҒЖБМ байқауында соңғы 3 жылда Дулати университетінің 6 оқытушысы жеңімпаз атанды.
2023 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары химия магистрі «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Р.Құдайбергенова және т. ғ. к. «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының профессоры М.Ш. Джунисбеков ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландырудың ғылыми жобаларының жетекшілері болып табылады. "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағына ие болған екі оқытушысының жүлде қоры - 13 800 000 тенгені құрады. Жалпы алғанда 2018 жылдан бастап біздің университеттің 26 оқытушысы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"байқауының жеңімпаздары атанды.
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНАЛАР
«Спектрофотометрия зертханасы»
«Инфрақызыл спектроскопия зертханасы»
«Хроматографиялық зертхана»
«Атом-эмиссиялық спектрометрия зертханасы»
Гранттық қаржыландыру есебінен ашылған зертханалар
«Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу»
«Суды тазарту және материалдар»
«Оқытушы-зерттеуші» біліктілік санаты
ОҚЫТУШЫ-ЗЕРТТЕУШІ БІЛІКТІЛІК САНАТЫН БЕРУ БОЙЫНША КОНКУРС
Жыл сайын оқытушы-зерттеуші біліктілігін беру бойынша конкурс өткізілетің болады. 2024 жылы байқау сәуір айында өтеді. Ғылыми кеңестің 2023 жылғы 14 қарашадағы №5 хаттамасымен "оқытушы-зерттеуші" біліктілік санатын беру ережесі бекітілді. Конкурсқа қатысу үшін Ережеде көрсетілген талаптарға сай болу және қажетті құжаттарды ұсыну қажет.
- "Оқытушы-зерттеуші" біліктілік санатын алған оқытушылар
- Оқытушы-зерттеушілердің есептері
- "Оқытушы-зерттеуші" біліктілік санатын беру ережесі
- Өтініш берудегі құжаттар тізімі
Сараптамалық қызмет
Мақалалар жариялауды ынталандыру опциясы
ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ САЯСАТЫ
ЖАРИЯЛАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІ
2016 жылдан 2024 жылға дейін ЖОО ғалымдары 193 монография дайындады және жариялады, оның ішінде 40 - ы шетелдік ғылыми басылымдарда, 13265-і ғылыми мақалалар мен баяндамалар, оның ішінде 1067-і рейтингтік журналдарда.

Соңғы бес жылда Scopus (Elsevier) және Web of Science (Clarivate Analytics) дерекқорларына кіретін журналдардағы жарияланымдар саны 414 бірлікті құрады. 2024 жылдың желтоқсанында Scopus (Elsevier) дерекқорында 762 мақала бар. Web of Science - те (Clarivate Analytics) 268 мақала және 878 дәйексөз бар.
Scopus және WoS базасында 2021 жылы 67, 2022 жылы – 105, 2023 жылы – 75 және 2024 жылы – 103 басылым жарық көрді

Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институты 2022 жылы университет ғалымдарына 11 патент және 39 өнертабысқа авторлық куәлік берді. 2023 жылы 35 патент және 49 авторлық куәлік. 2024 жылы 7 патент және 31 авторлық куәлік. Жалпы, университеттің патенттік базасы 1998 жылдан бастап 850-ден астам қорғау құжаттарын қамтиды.
Scopus (Elsevier) және Web of Science мақалалары тізімі
Патенттер/Авторлық куәліктер тізімі
Жоғары рейтингті мақалаларды жариялау бойынша ақпарат
Монография шығару тәртібі туралы ереже
Ғылыми еңбектер тізімін рәсімдеу үлгісі
Дулати Университетінің Журналдары
