
Super User
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗМ
2021 жылдың 8 ақпанында әскери кафедра студенттерімен қашықтықтан жүргізу форматында цикл бастығы запастағы подполковник Д.Ж. Калилаев «Орталық Азия мен Қазақстандағы терроризм және экстремизм» тақырыбында сабақ өткізді.
Іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Тәрбие жұмысы департаменті дін орталығының» басшысы Б.К. Алпысбай қатысты.
Сабақ барысында бейнеролик көрсетіліп, экстремизм және терроризмнің көріністері Орта Азия мен Қазақстанда таралу себептері мен салдары талқыланды.
«ТЕРРОРИЗМ И ЭКСТРЕМИЗМ В СРЕДНЕЙ АЗИИ И КАЗАХСТАНЕ»
8 февраля 2021 года со студентами военной кафедры в дистанционном формате
начальник цикла подполковник запаса Калилаев Д.Ж. провел занятие на тему «Терроризм и экстремизм в Средней Азии и Казахстане».
В беседе принял участие руководитель центра религии Департамента воспитательной работы Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати Алпысбай Б. К.
В ходе проведение занятия был показан видеоролик и рассмотрены вопросы проявления экстремизма и терроризма, причины и последствия распространения в Средней Азии и Казахстане.
НАПРАВЛЕНИЕ НА ЗАСЕЛЕНИЕ В ОБЩЕЖИТИЕ
Уважаемые обучающиеся, для получения направления (ордера) на заселение в общежитие Вы обязаны явиться в отдел обслуживания обучающихся в трехдневный срок (за исключением выходных дней).Только по прибытии обучающегося в Отдел обслуживания обучающегося, на него формируют приказ и выдается направление (ордер). В случае неявки обучающегося в трехдневный срок заявка будет отклонена.
ӘСКЕРИ САЛАСЫНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ
2021 жылдың 08-қантарында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының ұйымдастыруымен әскери оқу-жаттығу құрамында жүрген студенттерге ZOOM платформасы арқылы дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесуге Дінтану орталығының жетекшісі, дінтанушы-магистр Б.Қ.Алпысбаев қатысып, өз баяндамасында: «...еліміздің егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты халықтың рухани, адамгершілік, имандылық көзқарасы, жастар арасындағы білім мен тəрбиеге байланысты болады. Ата-бабаларымыздың болашақ ұрпақтың өмірлік бет-бағдарын қалыптастыруға, яғни олардың бойында ерік, жігер, табандылық, тұрақтылық қасиеттерінің болуына үлкен мəн берген...» дей келе, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында діни экстремизмнің алдын-алу жолдардың бірі - өз уақытында шынайы мәлімет беру. Діни ағымдардың қаупі және олардың белгілері туралы жастарға көбірек ақпараттар берілсе, радикалдық діни топтардың қатарына кете қоймайды. Іс-шараның соңында бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап ретінде жалғасты.
ОФИЦЕРЛЕРДІҢ ЖОСПАРЛЫ ОҚУ АТЫСТАРЫ
2021 жылдың 5 және 9 ақпан күндері «Айша-Бибі» оқу полигонының әскери атыс алаңында кәсіби дайындық жоспары мен оқу атыстарын өткізу кестесіне сәйкес әскери кафедра офицерлерінің Калашников АК-74 автоматынан және Макаров ПМ тапаншасынан жоспарлы атыстары өтті. Атыс жетекшісі қауіпсіздік шараларының талаптары және оқу атыстарының жаттығуларын орындау тәртібі туралы нұсқау өткізді.
Оқу атыстары әскери кафедра офицерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.
ПЛАНОВЫЕ УЧЕБНЫЕ СТРЕЛЬБЫ ОФИЦЕРОВ
5 и 9 февраля 2021 года в соответствии с планом профессиональной подготовки и графиком проведения учебных стрельб на войсковом стрельбище учебного полигона «Айша-биби» состоялись плановые стрельбы офицеров военной кафедры из автомата Калашникова АК-74 и пистолета Макарова ПМ. Руководителем стрельб был проведен инструктаж о требовании мер безопасности и порядку выполнения упражнения учебных стрельб.
Учебные стрельбы проводятся в целях повышения уровня профессиональной подготовки офицеров военной кафедры.
ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУҒА ЖОЛДАМА
Құрметті білім алушылар, жатақханаға орналасуға жолдама (ордер) алу үшін сіз білм алушыларға қызмет көрсету бөліміне өтініш берген күннен бастап үш күндік мерзімде (демалыс күндерін қоспағанда) келуге міндеттісіз. Білім алушы бөлімге келген соң ғана бұйрыққа қосылып, жолдама (ордер) беріледі. Білім алушы келмеген жағдайда өтініш қабылданбайды.
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
2021 жылдың 5 ақпанында тәжірибе алмасу мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасына Алматы қаласы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті әскери кафедрасының меңгерушісі, полковник Строков Евгений Николаевич келді.
Әскери кафедра басқарушысы полковник С.А. Мұқышев және әскери кафедра офицерлері кафедраның оқу материалдық базасымен, қару-жарақтарымен және әскери техникаларымен таныстырды.
Өз сапарының соңында полковник Е.Н. Строков барлық ұжымға Қарулы Күштер үшін запастағы офицерлерді даярлауда табыс тіледі.
ВИЗИТ ПО ОБМЕНУ ОПЫТОМ
5 февраля 2021 года на военную кафедру Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати с целью обмена опытом прибыл заведующий военной кафедры Международного университета информационных технологий города Алматы, полковник Строков Евгений Николаевич.
Руководитель военной кафедры полковник Мукушев С.А. и офицеры военной кафедры ознакомили его с учебной материальной базой, вооружением и военной техникой.
В заключение своего визита полковник Строков Е.Н. пожелал всему коллективу дальнейших успехов в подготовке офицеров запаса для Вооруженных Сил.
«ТӘУЕЛСІЗ АКТЕРЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯ» АШЫЛДЫ
Театр көрінгеннің ермегі емес, еңбек. Еңбектің көркемі. Театр – көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. «Мәдениет және өнер» кафедрасы студенттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз актерлық лабаратория» театры ашылды. Театрдың ашылуына себепкер болған «Мәдениет және өнер» мамандығының студенттері Нұрасыл Шегетай, Әбілхайыр Құдыретәлі, Айткүл Тауманова, Дильназ Алтай, Алдияр Жазылбек, Дәулет Орынбеков сынды білімгерлеріміздің бастамасы.
«Біздің мақсатымыз жастар арасындағы мәдениет пен өнер ордасын қалыптастыру. Театр деген рухани ортаның бар екенін көрсету сонымен қатар, әр көрерменге тура жолды нұсқай отырып жақсы бағытта өзгеруіне себепкер болу. Аты айтып тұрғандай театрымыздың ерекшелігі тәуелсіз, яғни белгілі бір шектеу жоқ. Өнерге берілген өзіміз сияқты студенттердің шығармашылығын бірге шыңдау. Театрға келген адамның, қойылымнан кейін өзгеріп шығуына себепкер болсақ, төккен тер мен еңбектің ақталғаны»,- дейді жас актерлар.
Жаңалыққа жаны құмар жастар Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен «Толғауы тоқсан қызыл тіл» тақырыбында инсценировка қойып көрермен қошеметіне бөленді. Қоюшы режиссер Шолпан Айтибаева Абайды жаңа қырынан таныту мақсатында қойылымға заманауи элементтерді енгізген. ХХІ ғасыр қоғамындағы белең алып жатқан оқиғаларды көрсетіп, оның шешімін Абай ХІХ ғасырда айтып кеткен дегендей, көп реквезитті қолданбай-ақ қойылым ішіндегі өмірді жастар көзімен шебер жеткізе білді. Абайдың өнеріне терең бойлап 1, 3, 4, 7, 10, 15 қара сөздерін жинақтай келіп, дүние есігін ашқан сәттен о дүниелік болғанға дейінгі жанның тәнмен арпалысын көрсете алды.
Өнерге қадам басқан жас шаңырақтың керегесі кең, шаңырағы биік болып қалыптасу үшін жан-жақты қолдау қажет. Сонда ғана өнер өміршең болмақ. «Тәуелсіз актерлық лабаратория» театры ұжымына жаңа қойылымдарды бұданда керемет деңгейде жеткізе алатынына, талантты жастардың талпыныстары биік белестерді бағындырарына сеніміміз мол!
Медиа-қызмет